Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 14 сәуір N 585

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Алматы облысының әкімшілік орталығы Алматы қаласынан Талдықорған қаласына көшірілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының әкімімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады