1. "2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесi мен өкiлдiк шығыстардың нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 399 P010399_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесiнде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен көзделген жағдайларда, iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылған тұлғалардың тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығыстарына ақы төлеуге";
7-тармақтағы "калькуляциялары" деген сөз "қызметтерiнiң құны" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының Қазынашылық басқармасының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң Орталық филиалы шетел валютасын айырбастауды жүзеге асырады және оның корреспонденттiк (валюталық) шотына аударады.
Астана қаласының Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Орталық филиалының үзiндi көшiрмесiнiң негiзiнде шетелдiк валютаны Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық есеп шотына аударады.";
12-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) осы Ереженiң 10-тармағымен анықталған тәртiппен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беретiн тұлға үш банктiк күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған Қазақстан Республикасы Президентiнiң шетелге шығуы кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары бекiткен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шетелге шығуы кезiнде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары бекiткен, елтаңбалық мөрмен расталған өкiлдiк мақсаттарға арналған шығыстар жөнiндегi актiнi, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбiртектi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Орталық филиалының кiрiс ордерiн тапсырады.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Өкiлдiк шығыстардың нормаларында:
"Шығыстардың атауы" бағанында, реттiк нөмiрi 4-жолда "Көлiктiк
шығыстарға ақы төлеу" деген сөздер "Автокөлiктiк қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Қосымшада көрсетiлген халықаралық iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылған тұлғалардың тұру шығыстарына 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен ақы төлеуге рұқсат етiлсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 тамыздағы N 1115 қаулысына қосымша --------------------------------------------------------------------------- N ! Іс-шара ! Смета бойынша ! Оның ішінде, р/с! ! барлық сомасы ! смета бойынша ! ! ! тұру --------------------------------------------------------------------------- 1 Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын 476480 476480 делимитациялау жөнiндегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкiметтiк делегацияларының алтыншы мәжiлiсiн өткiзу 2 Қазақстан Республикасының Күнiн 167600 34600 мерекелеудi өткiзу 3 "Соттар және олардың мемлекеттiк 9826785 2898365 тәуелсiздiктi нығайтудағы рөлi" халықаралық ғылыми-практикалық конференция 4 Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық 425100 198450 Азия экономикасына арналған арнаулы бағдарламасы (СПЕКООН) шеңберiнде Аймақтық консультативтiк комитеттiң бiрiншi сессиясын өткiзу 5 Қазақстан Республикасы, Қырғыз 590300 108000 Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiк Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасында әскери саладағы сенiм бiлдiрудi нығайту және шекара ауданындағы қарулы күштердi қысқарту туралы келiсiмдi орындау жөнiндегi Бiрлескен тараптар делегацияларының алдын ала кеңесiн және Бiрлескен бақылау тобының (ББТ) төртiншi сессиясын өткiзу 6 Түрiк Республикасы Бас штабының Тыл 217820 170820 жөнiндегi басқарма бастығы генерал-лейтенант Унал Онсипахиоглу бастаған делегация сапарын өткiзу 7 Қазақстан Республикасы мен Ресей 1019368 296880 Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияның бесiншi мәжiлiсiн өткiзу 8 Қазақстан Республикасының Көлiк және 236200 150000 коммуникациялар министрлiгi мен Қытай Халық Республикасының Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданының Коммуникациялар департаментiнiң арасындағы екi жақты келiссөздер 9 Қазақстан-Өзбек мемлекеттiк шекарасын 252500 180000 делимитациялау жөнiндегi топографиялық жұмыс топтарының кездесуiн өткiзу 10 Салықтық зерттеулер органдары 3407424 2921184 басшыларының үйлестiру кеңесiнiң мәжiлiсiн өткiзу (СОБҮК) ЖИЫНЫ 16619577 7434779 --------------------------------------------------------------------------- Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.