Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 399 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 тамыз N 1115

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесi мен өкiлдiк шығыстардың нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 399 P010399_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесiнде:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен көзделген жағдайларда, iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылған тұлғалардың тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығыстарына ақы төлеуге";
      7-тармақтағы "калькуляциялары" деген сөз "қызметтерiнiң құны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Астана қаласының Қазынашылық басқармасының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң Орталық филиалы шетел валютасын айырбастауды жүзеге асырады және оның корреспонденттiк (валюталық) шотына аударады.
      Астана қаласының Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Орталық филиалының үзiндi көшiрмесiнiң негiзiнде шетелдiк валютаны Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық есеп шотына аударады.";
      12-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) осы Ереженiң 10-тармағымен анықталған тәртiппен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беретiн тұлға үш банктiк күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған Қазақстан Республикасы Президентiнiң шетелге шығуы кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары бекiткен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шетелге шығуы кезiнде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары бекiткен, елтаңбалық мөрмен расталған өкiлдiк мақсаттарға арналған шығыстар жөнiндегi актiнi, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбiртектi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Орталық филиалының кiрiс ордерiн тапсырады.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Өкiлдiк шығыстардың нормаларында:
      "Шығыстардың атауы" бағанында, реттiк нөмiрi 4-жолда "Көлiктiк

шығыстарға ақы төлеу" деген сөздер "Автокөлiктiк қызмет көрсету" деген 
сөздермен ауыстырылсын.
     2. Қосымшада көрсетiлген халықаралық iс-шараларға қатысу үшiн 
Қазақстан Республикасына шақырылған тұлғалардың тұру шығыстарына 2001 
жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы 
бойынша көзделген қаражат есебiнен ақы төлеуге рұқсат етiлсiн.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2001 жылғы 28 тамыздағы
                                                N 1115 қаулысына
                                                    қосымша
---------------------------------------------------------------------------
 N !                Іс-шара                ! Смета бойынша ! Оның ішінде, 
р/с!                                       ! барлық сомасы ! смета бойынша
   !                                       !               !    тұру
---------------------------------------------------------------------------
1   Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын       476480          476480
    делимитациялау жөнiндегi Қазақстан 
    Республикасы мен Ресей Федерациясы
    үкiметтiк делегацияларының алтыншы 
    мәжiлiсiн өткiзу
     
2   Қазақстан Республикасының Күнiн             167600           34600
    мерекелеудi өткiзу
     
3   "Соттар және олардың мемлекеттiк           9826785         2898365
    тәуелсiздiктi нығайтудағы рөлi" 
    халықаралық ғылыми-практикалық 
    конференция
     
4   Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық            425100          198450
    Азия экономикасына арналған 
    арнаулы бағдарламасы (СПЕКООН) 
    шеңберiнде Аймақтық консультативтiк 
    комитеттiң бiрiншi сессиясын өткiзу
     
5   Қазақстан Республикасы, Қырғыз              590300          108000
    Республикасы, Ресей Федерациясы, 
    Тәжiк Республикасы және Қытай Халық
    Республикасы арасында әскери саладағы 
    сенiм бiлдiрудi нығайту және шекара 
    ауданындағы қарулы күштердi қысқарту
    туралы келiсiмдi орындау жөнiндегi 
    Бiрлескен тараптар делегацияларының 
    алдын ала кеңесiн және Бiрлескен 
    бақылау тобының (ББТ) төртiншi 
    сессиясын өткiзу
     
6   Түрiк Республикасы Бас штабының Тыл         217820          170820
    жөнiндегi басқарма бастығы 
    генерал-лейтенант Унал Онсипахиоглу 
    бастаған делегация сапарын өткiзу

7   Қазақстан Республикасы мен Ресей           1019368          296880
    Федерациясы арасындағы ынтымақтастық 
    жөнiндегi үкiметаралық комиссияның 
    бесiншi мәжiлiсiн өткiзу
     
8   Қазақстан Республикасының Көлiк және        236200          150000
    коммуникациялар министрлiгi мен Қытай 
    Халық Республикасының Шыңжан Ұйғыр 
    автономиялық ауданының Коммуникациялар
    департаментiнiң арасындағы екi жақты 
    келiссөздер
     
9   Қазақстан-Өзбек мемлекеттiк шекарасын       252500          180000
    делимитациялау жөнiндегi топографиялық 
    жұмыс топтарының кездесуiн өткiзу
     
10  Салықтық зерттеулер органдары              3407424         2921184
    басшыларының үйлестiру кеңесiнiң 
    мәжiлiсiн өткiзу (СОБҮК)
     
    ЖИЫНЫ                                     16619577         7434779
---------------------------------------------------------------------------
    
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады