"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) 2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі; 2) өкілдік шығыстардың нормалары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 399 қаулысымен бекітілген 2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже 2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2. Өкілдік шығыстар - тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджетте көзделген және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне шетелдік делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ мемлекеттің ресми делегацияларының шет елдердегі өкілдік мақсаттарына бөлінетін қаражат. Өкілдік шығыстарға: 1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен көзделген жағдайларда, iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылған тұлғалардың тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығыстарына ақы төлеуге; <*> 2) ресми түстіктерге, кешкі астарға, кофе-брейктерге, фуршеттерге; 3) музыкалық сүйемелдеуге; 4) кәдесыйлар, ескерткіш сыйлықтар сатып алуға; 5) автокөліктік қызмет көрсетуге; 6) аудармашылардың қызметіне ақы төлеуге; 7) залды жалға алуға; 8) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі рұқсат еткен өзге шығыстар жатады. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1115 қаулысымен. P011115_ 2. Республикалық бюджеттің өкілдік шығыстарға бөлінетін қаражатын пайдаланудың тәртібі
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде және 2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражат көлемде өкілдік шығыстарды талап ететін Іс-шаралардың жылдық жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге ұсынады.
4. Жоспардың негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша осы қаулымен бекітілген нормаларға сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстарға қаражат бөлуді жүзеге асырады.
5. Өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы шешім Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен ресімделеді.
6. Республикалық бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджеттен өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы өтінімдерін:
1) іс-шараны өткізу қажеттілігінің негіздемесі;
2) ресми делегацияның болу бағдарламасы;
3) іс-шараларға дайындалудың және оларды өткізудің жұмыс жоспары;
4) қатысушылардың күтілетін саны;
5) шығыстардың әрбір бабының негіздемесімен бірге шығыстар сметасы;
6) осы Ереженің 3-тармағына сәйкес Жоспарда тиісті іс-шара болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қарайды.
7. Осы Ереженің 2-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында белгіленген өкілдік шығыстар бойынша республикалық бағдарламалардың әкімшілері көрсетілген қызметтерді ұсынатын ұйымдардың қызметтерiнiң құны мен деректемелерін көрсете отырып, растайтын құжаттарды ұсынады. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1115
қаулысымен. P011115_
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұйрығының негізінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің жазбасына өзгерістер енгізеді:
Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік шығыстарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 42 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды азайтуды және республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің 23 "Өкілдік шығыстарға арналған қаражаттың есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды ұлғайтуды жүргізеді;
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өкілдік шығыстарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің 42 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды азайтуды және 23 "Өкілдік шығыстарға арналған қаражаттың есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды ұлғайтуды жүргізеді.
9. Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
10. Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрі шетелге шыққан кезде өкілдік шығыстарға қолма-қол шетелдік валюта бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бөлінген қаражатты айырбастау үшін Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Қазынашылық басқармасында валюталық есепшот ашады.
Астана қаласының Қазынашылық басқармасының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң Орталық филиалы шетел валютасын айырбастауды жүзеге асырады және оның корреспонденттiк (валюталық) шотына аударады.
Астана қаласының Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Орталық филиалының үзiндi көшiрмесiнiң негiзiнде шетелдiк валютаны Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық есеп шотына аударады. <*>
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ай сайын айдың 10-шы күніне дейін тиісті айға жоспарлы арналуларға бара-бар сомада келесі күнтізбелік айда қолма-қол шетелдік валютасын алуға Астана қаласының Қазынашылық басқармасына өтінім жолдайды;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдік шығыстарға қаражатты бөлу туралы қабылданған шешімнің негізінде шетелдік қолма-қол валютаны алуға арналған сенімхатты беру үшін ресми делегацияның құрамына кіретін адамды көрсете отырып, Астана қаласындағы Қазынашылық басқармасына хат жолдайды. Астана қаласындағы Қазынашылық басқармасы Сыртқы істер министрлігінің хатында көрсетілген адамға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалынан қолма-қол шетелдік валюта алуға арналған сенімхат береді.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1115
қаулысымен. P011115_
3. Есеп беру және бақылау жасау
11. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдік шығыстарға бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
12. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен өкілдік шығыстарға арналған қаражатты алған адамдар, іс-шаралар өткізілгеннен кейін 5 күннің ішінде бірінші басшының (оны алмастыратын адамның) қолы қойылған:
1) өткізілген іс-шараға қатысушылардың іс жүзіндегі санын растайтын құжатты;
2) осы Ереженің 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өзге де шығыстар жөніндегі шешімі;
3) сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің тиісті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатқан ұйымның мөрімен расталған құны мен көлемін көрсету арқылы растайтын құжаттарды (түбіртектерді, есеп-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды);
4) <*>
5) осы Ереженiң 10-тармағымен анықталған тәртiппен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беретiн тұлға үш банктiк күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған Қазақстан Республикасы Президентiнiң шетелге шығуы кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары бекiткен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шетелге шығуы кезiнде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары бекiткен, елтаңбалық мөрмен расталған өкiлдiк
мақсаттарға арналған шығыстар жөнiндегi актiнi, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбiртектi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Орталық филиалының кiрiс ордерiн тапсырады. <*> ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1115 қаулысымен. P011115_ 13. Өкілдік шығыстарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуы үшін жауаптылық қаражатты алушыға жүктеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 399 қаулысымен бекітілген Өкілдік шығыстардың Нормалары ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1115 қаулысымен. P011115_ _______________________________________________________________________ Шығыстардың атауы ! Құны теңгемен _______________________________________________________________________ 1. Ресми түстіктерді, кешкі астарды беруге арналған шығыстар делегация үшін күнінен бір адамға арналған есеппен жүргізіледі 6 500-ге дейін 2. Аудармашыны және бірге жүрген адамдарды қоса алғанда, келіссөздер, мәдени бағдарлама. лар іс-шаралары кезіндегі күніне бір адамға 1 040-қа дейін арналған буфеттік қызмет көрсету 3. Делегацияны қабылдайтын мемлекеттік органның штатында тұрмайтын аудармашының 700-ге дейін еңбегіне ақы төлеу (сағатына) 4. Автокөліктік қызмет көрсету <*> 700-ге дейін ______________________________________________________________________ Ескерту:
1. Шетелдік делегацияларға автокөлікпен қызмет көрсетуге арналған
шығыстар, сағаттық төлеу есебімен шығыстардың сметасында көзделеді. 2. Түстік, кешкі ас немесе шетелдік делегацияларды ресми қабылдауға байланысты басқа да осы секілді іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялардың тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс. 3. Делегацияның құрамы 5 адамнан артық болған кезде делегацияға қызмет көрсететін ілесіп жүретін адамдар мен аудармашылардың саны делегацияның 5 мүшесіне 1 аудармашы немесе ілесіп жүруші есебімен айқындалуы тиіс. Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.