Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
1) шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамына мыналар енгізілсін:
Қазақстан-молдова экономикалық ынтымақтастық жөніндегі аралас комиссиясы, Қазақстан-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы;
Қазақстан-поляк сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Вадим Павлович Зверьков - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі;
Қазақстан-герман мәдени ынтымақтастық мәселелері жөніндегі аралас комиссиясы, Қазақстан-египет сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы - Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі;
Қазақстан-венгр сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Асқар Исабекұлы Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
"Қазақстан-палестина сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Арман Ғалиасқарұлы Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген құрамнан Шалбай Құлмаханұлы Құлмаханов, Сауат
Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.