Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз N 1124. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен. ~P020594

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      1) шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамына мыналар енгізілсін:
      Қазақстан-молдова экономикалық ынтымақтастық жөніндегі аралас комиссиясы, Қазақстан-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы;
      Қазақстан-поляк сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Вадим Павлович Зверьков - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі;
      Қазақстан-герман мәдени ынтымақтастық мәселелері жөніндегі аралас комиссиясы, Қазақстан-египет сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы - Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі;
      Қазақстан-венгр сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Асқар Исабекұлы Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
      "Қазақстан-палестина сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Арман Ғалиасқарұлы Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы

 

вице-министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2) көрсетілген құрамнан Шалбай Құлмаханұлы Құлмаханов, Сауат

Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев шығарылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады