Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі N 1154 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 29 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.18.  N 29  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.27. N  928  қаулысымен.

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі  Заңының  7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.27. N  928  қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің             
2001 жылғы 6 қыркүйектегі     
N 1154 қаулысымен         
бекітілген         

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.27. N  928  қаулысымен.                               

  Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесi

       Ескерту. мәтiнде "қоршаған ортаны ластауға рұқсаттар", "қоршаған ортаны ластауға рұқсат" деген сөздер тиiсiнше "табиғат пайдалануға рұқсаттар", "табиғат пайдалануға рұқсат" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.27. N  928  қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

       Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi  Заңының  ережелерiне сәйкес әзiрлендi. 
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.27. N  928  қаулысымен.
      1. Табиғат пайдалануға рұқсат бepу, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесi (бұдан әрi - Ереже) табиғат пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрi - рұқсат) беру жөнiндегi, беруден бас тарту, тоқтата тұру және жою тәртiбiн анықтайды және арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен табиғат пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын жалпы талаптарды қамтиды. <*> 
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.27. N  928  қаулысымен.
      2. Табиғат пайдаланудың нақты мерзiмi және көлемi, нормалары, шарттары көрсетiлген рұқсат бастапқы құжат болып табылады және табиғат пайдаланушылар тегiн алатын табиғат пайдалануға уақытша құқықтар берудi көздейдi.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.27. N  928  қаулысымен.
      Рұқсатта табиғат пайдалану шарттары тек ластағыш заттар көлемiн нормалау және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер бөлiгiнде көрсетiледi. 
      3. Рұқсат табиғат пайдаланушылардың ластағыш заттарды атмосфераға тұрақты және жылжымалы көздерден шығару, ластағыш заттарды ағын сумен төгу, уақытша сақталатын өнiмдер мен материалдарды қоса алғанда өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
      Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыларға рұқсат беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган берген шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруға лицензия болған кезде беріледі. <*>
        Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1104  қаулысымен.
      4. Уақытша сақталатын өнiмдер мен материалдар қалдықтар тәрiздi қоршаған ортаға әсер ету көздерi ретiнде қаралады. Бұл ретте табиғи ортада ашық күйiнде бiр жылда 3 айдан аса орналасқан аршылған және сiңiмдi кен жыныстары, мұнай өнiмдерi, көмiр, күкiрт, улы химикаттар, асфальтбитумды қоспа және металл сынықтары сияқты өнiмдер мен материалдар ғана қаралады. 
      5. Рұқсат мемлекеттік ресми құжат болып табылады, белгiленген үлгiде толтырылған бланк пен қосымшалардан тұрады. Белгiленген үлгiде толтырылған бланкте ластау түрлерiнiң (ластағыш заттардың шығарындылары, төгiндiлерi және қалдықтар) жалпы көлемi, қолдану мерзiмi және табиғат пайдалану шарттары көрсетiледi. Қосымшалар рұқсаттың ажырағысыз бөлiгi болып табылады. Қосымшаларда табиғат пайдаланушылар мәлiмдеген ластаудың барлық түрi, олардың мөлшері және ластағыш заттардың ингредиенттерінің шоғырлануы көрсетіледі.<*> 
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1104  қаулысымен.
      6. Рұқсатты Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы (бұдан әрі - орталық орган) береді. 
      Рұқсатты ресімдеу орталық органда да, қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстық, Алматы және Астана қалалық, сондай-ақ басқа да аумақтық басқармаларда (бұдан әрi - аумақтық басқарма) жүргiзiледi. 
      7. Рұқсат табиғат пайдаланушыда ластану түрлерiнiң бiрi орын алып және ол мынадай мөлшерден жоғары болғанда орталық органда ресімделеді: 
      1) ластағыш заттардың шығарындылары 1000 т/жыл (мұнай-газ өнеркәсiбi үшiн 100 т/жыл) немесе қауiптiлiгі бiрiншi және екiншi санаттағы барлық кәсiпорын ластағыш заттардың массасы мен түрлерiнiң құрамына қарай; 
      2) ластағыш заттардың төгіндiлерi 1000 т/жыл; 
      3) орналастырылатын қалдықтар 10000 т/жыл (3 және 4-сыныпты уыттылық) немесе 1000 т/жыл (1 және 2 сыныпты уыттылық). 
      Орталық орган қызметi "Байқоңыр" ғарыш айлағы, Каспий теңiзi, Ертіс, Жайық, Iле, Тобыл және Сырдария шекарааралық өзендерi аймақтарын тiкелей ластауымен байланысты табиғат пайдаланушыларға да рұқсатты ресiмдейдi. 
      8. Қалған барлық жағдайда рұқсатты аумақтық басқарма ресiмдейдi. 
      9. Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштер берген табиғат пайдаланушылар үшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат сұралатын жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсаны аралығына белгiленеді.
      Табиғат пайдаланушы өтiнiш материалдарын Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген мерзімдерден кешiктiрiп берген жағдайда рұқсаттың қолданылу мерзiмi берiлген күннен бастап сұралатын жылдың 31 желтоқсанына дейiн белгiленедi. <*>
       Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1104  қаулысымен.  
      10. Өтiнiштер мен рұқсаттарда көрсетiлетiн ластағыш заттар шығарындыларының (төгіндiлерiнiң) және орналастырылатын қалдықтардың көлемi туралы ақпараттар көпшiлiкке мәлiм болуы тиiс. 
      11. Орталық орган қолда бар рұқсаттар бойынша деректер қорын жасайды және үнемi толықтырып отырады. 
      12. Рұқсаттың күшi мынадай жағдайларда жойылуы мүмкін: 
      табиғат пайдалану тәртiбiнiң, табиғат пайдаланушы кәсiпорын қызметі бағытының өзгеруi, технологияның алмастырылуы; 
      қолданыстағы табиғат пайдалану нормативтерiнiң ластағыш заттар шығарындылары мен төгіндiлерiне шектеулердi төмендетудi көздейтiн өзгеруi; 
      экологиялық сараптама қорытындысының жарамсыз деп танылуы; 
      табиғат пайдаланушылардың анық емес деректер беруi; 
      ластағыш заттар шығарындылары, төгінділері және орналастырылатын қалдықтар көлемін нормалау кезіндегі есептермен байланысты табиғат пайдаланушылардың қателіктері;
      экологиялық талаптар мен нормаларды табиғат пайдаланушылардың жүйелi түрде бұзуы (2 реттен астам). <*>
       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1104  қаулысымен.  
      13. Рұқсаттың күшін жою туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада және рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды табиғат пайдаланушы орындамағанын мемлекеттік бақылау органдары анықтаған жағдайларда рұқсат берген орган шығарады. <*> 
      Рұқсаттың өзінің күшін жоймай-ақ рұқсатқа ластану түрлері (ластағыш заттар шығарындылары, төгінділері және қалдықтар) бойынша қосымшалар бұл қосымшаны (қосымшаларды) тиісінше алмастыру арқылы кері қайтарып алынуы мүмкін. 
      Рұқсаттың күшін жою туралы хабарламада күшін тоқтатудың себептері мен күні көрсетілуі тиіс. 
      Рұқсаттың күшін жою табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға ластағыш заттар шығару мен төгу, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығынан айырылуына, сондай-ақ арнайы табиғат пайдалану шартын бұзуына әкеп соғады.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1104  қаулысымен.   
      14. Рұқсат мөрқағазы нөмiрi және берілу күнi көрсетілген қатаң есептегi құжат болып табылады. Рұқсаттың бiр данасы кәсiпорында, екiншi данасы оны ресiмдеген органда сақталады. 

  2. Өтінiш материалдарын ресiмдеудiң жалпы
мәселелерi 

       15. Барлық табиғат пайдаланушы рұқсат алу үшiн аумақтық басқармаға жазбаша өтiнішті, сондай-ақ қосымшаға сәйкес оған керектi құжаттарды қосып тапсырады. 
      16. Келесi жылға рұқсаттар алуға өтiнiмдердi заңды және жеке тұлғалар жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар үшiн ағымдағы жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiн бередi. <*>
       Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.27. N  928  қаулысымен.   
      17. Жаңадан ашылатын кәсiпорындар үшiн заңды және жеке тұлғалар аумақтық орган анықтайтын ластану туындаған кезге дейiн өтiнішті ресiмдеуi тиiс. 
      18. Барлық табиғат пайдаланушы өтiніштерiнiң материалдары олардың нормативтік және экологиялық талаптарға сәйкестігін тексеру үшiн алдын ала аумақтық басқармаларда 15 күн мерзiм ішiнде қаралады. Материалдар толық емес көлемде және ластағыш заттар көлемін нормалауда қателiктерiмен тапсырылған жағдайда өтінiш қарауға қабылданбайды. 
      19. Ластағыш заттар көлемiне және осы Ереже 1-бөлiмiнiң 7-тармағына сәйкес өтiнiш материалдары аумақтық басқарманың қорытындысымен бiрге орталық органға жiберiледi.
      20. Орталық органға жiберiлетiн өтінiштер материалдары өтiнiш кестелерiнiң және ластағыш заттар шығарындыларының, төгiндiлерiнiң,  орналастырылатын қалдықтар көлемінің және табиғат пайдалану шарттарының электрондық нұсқасының жазбасын қамтуы тиiс. <*>
       Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1104  қаулысымен.

  3. Рұқсатты орталық органда ресiмдеу тәртiбi

     21. Рұқсат алу үшiн материалдар орталық органда өтiнiш тiркелген күннен бастап 30 күн мерзiм ішiнде қаралады. Бұл мерзiмге аумақтық басқармалардың өтiнiштер материалдарын алдын ала қарау уақыты кiрмейдi.
     21-1. Егер орталық органға ұсынылатын өтiнiштер материалдары Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген кезде материалдар ескертулерді 30 күн мерзiмде жою үшiн табиғат пайдаланушыға қайтарылады.
      Табиғат пайдаланушы өтiнiш материалдарын осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетілген мерзiмнен кешіктіріп қайта ұсынған жағдайда рұқсаттың қолданылу мерзiмi берiлген күннен бастап рұқсат сұралатын жылдың 31 желтоқсанына дейiн белгiленеді. 
      Ескерту. 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1104  қаулысымен.  
     22. Рұқсат орталық орган белгiлеген нысан бойынша міндетті түрде реттiк нөмір берiле отырып, ресiмделедi.

  4. Рұқсатты аумақтық басқармада ресімдеу
тәртібі 

      23. Аумақтық басқармада ресімделетін рұқсатты алу үшін материалдар өтініш тіркелген күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзімде қаралады.
     24. Рұқсат орталық орган белгiлеген нысан бойынша аумақтық органда ресімделеді және орталық орган нөмір берген кезден бастап берілген болып есептеледі.

  5. Тараптардың жауапкершілігі 

      25. Табиғат пайдаланушы өтініш материалдарында көрсетілген мәлiметтердiң шынайылығы үшін жауап бередi.
     26. Аумақтық басқармалар орталық органға жiберiлетін өтінiш  материалдарының жинақылығы, ластаудың сұралатын көлемi есебiнiң дұрыстығы әрi барлық талапқа сәйкес келуi және аумақтық басқармаларда рұқсаттардың уақтылы ресiмделуi үшiн жауапты. <*>
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1104  қаулысымен.  
     27. Орталық орган осы Ереже 1-бөлімінiң 7-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттың уақтылы берiлуi үшiн жауап бередi.  P981213_    V990925_   

5-1. Табиғат пайдалануға рұқсатты беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру тәртiбi

       Ескерту. 5-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.27. N  928  қаулысымен.

      27-1. Рұқсат беретiн органдар табиғат пайдалануға рұқсатты беруден рұқсат алу үшiн ұсынылған материалдар толық емес және күмәндi болған жағдайда бас тартуы мүмкiн.
      27-2. Табиғат пайдалануға берiлген рұқсаттың қолданылуын оны берген орган үш айға дейiнгi мерзiмге табиғат пайдаланушының рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдалану шарттарын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларды бұзған жағдайда тоқтата тұруы мүмкiн.
      Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру табиғат пайдаланушыға қабылданған шешiмнiң себептерi мен табиғат пайдаланушының ластаушы заттардың қоршаған ортаға шығарындылары мен төгiндiлерiне, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығын тоқтата тұруға әкелетiн, оны жою мерзiмi туралы жазбаша түрде табиғат пайдаланушыға хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады.
      Табиғат пайдаланушы хабарламада көрсетiлген бұзушылықтарды жойған жағдайда рұқсатты тоқтата тұру жөнiнде шешiм қабылдаған органның жазбаша түрдегi растауы негiзiнде рұқсаттың қолданылуы жаңартылады.      

  6. Рұқсаттың күшiн жою тәртібi 

       28. Рұқсаттың күшін жоюды рұқсат берген орган жүргізедi. Өзге мемлекеттік органдардың рұқсаттың күшiн жоюы жарамсыз деп есептеледi. 
      29. Мемлекеттік органдар орталық органға немесе аумақтық басқармаға рұқсаттың күшiн жою туралы себептерiн мiндеттi түрде көрсете отырып, өтінiш бередi. Орталық орган күшiн жою туралы өтiнiштi қарағаннан кейiн бұзушылықтарды жою немесе жаңа талаптарды орындау үшiн табиғат пайдаланушыға ұзақтығы 2 айға дейiн мерзiм белгiлейдi. 
      30. Аумақтық басқарма ресiмдеген рұқсаттың күшi жойылған ретте рұқсат орталық органдағы тіркеуден шығарылуы қажет. Орталық органнан рұқсаттың есептен шығарылғаны туралы растама алғаннан кейiн, рұқсатты ресiмдеген тұлға табиғат пайдаланушыны рұқсаттың күшi жойылғаны туралы хабарландырады. Орталық органнан есептен шығарылғаны туралы растама алмай тұрып рұқсаттың күшiн жоюға тыйым салынады.
      31. Аумақтық басқарма ресiмдеген рұқсаттан өрескел қателер табылған жағдайда, орталық орган міндетті түрде күшiн жою себептерi мен фактісi туралы аумақтық басқармаға хабарлай отырып, ол рұқсаттың күшiн жоя алады. Қателер аумақтық басқармалардың кiнәсiнен болған жағдайларда табиғат пайдаланушыларға айыппұл салу жазалары қолданылмайды.     

  7. Бақылау

      32. Аумақтық басқармалар кәсіпорындардың рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асырады.
     33. Орталық орган аумақтық басқармалардың рұқсаттарды дұрыс
ресімдеуін бақылауды жүзеге асырады.

  Табиғат пайдалануға рұқсат беру     
  ережесіне қосымша              

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.27. N  928  қаулысымен.

           Табиғат пайдалануға рұқсат алу үшін қажетті 
                материалдар құрылымы (мазмұны)

     1. Табиғат пайдаланушы туралы деректердi көрсете отырып, арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаның қолы қойылған өтініш мынадай нысан бойынша:
     1) ұйым атауы;
     2) СТН - салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi;
     3) заңды мекен-жайы: почта индексi, ел, облыс, аудан, елдi мекен, көше (мөлтек аудан), үй нөмiрi, пәтер (бөлме);
     4) өнеркәсiп немесе ауыл шаруашылығы саласы (тiркеу куәлiгi бойынша негізгі қызметi);
     5) меншік нысаны (мемлекеттік, жеке меншiк, қоғамдық ұйым және т.б.).
     2. Ластау көздерiнiң орналасқан жерi туралы деректер мынадай нысан бойынша:
--------------------------------------------------------------------
Өнеркәсiп ! Облыс !  Аудан,  !   Координаттар,     ! Алып жатқан
алаңының  !       !елдi мекен!   град., мин., сек. ! ауданы, га.
атауы     !       !          !---------------------!
          !       !          ! ендік  !  бойлық    !
--------------------------------------------------------------------
   1      !   2   !      3   !   4*   !      5*    !      6
--------------------------------------------------------------------
    * - 4 және 5-бағандар деректер болған жағдайда толтырылады.

    3. Ластағыш заттар шығарындыларының (төгіндiлерiнiң) және 
орналастырылатын қалдықтардың сұралған көлемi мынадай нысан бойынша:

                       Шығарындылар*
--------------------------------------------------------------------
 Заттардың атауы   !     Ластағыш заттар   !Өткен жылғы**
                   !    шығарындыларының   !iс жүзiндегі шығарынды
                   !   нормативтік көлемi  !
--------------------------------------------------------------------
                         т/жыл                    т/жыл
Барлығы, оның ішінде:
1-алаң
2-алаң және т.б.
--------------------------------------------------------------------
                     Төгiндiлер*
--------------------------------------------------------------------
 Заттардың атауы     !     Ластағыш заттар     !Өткен жылғы**
                     !     төгінділерінің      !iс жүзiндегі төгінді
                     !   нормативтік көлемi    !
--------------------------------------------------------------------
                           т/жыл                    т/жыл
Барлығы, оның ішінде:
1-төгінді
2-төгінді және т.б.
--------------------------------------------------------------------

                       Қалдықтар*
--------------------------------------------------------------------
                     !  Орналастырылатын  ! Өткен жылғы**
Қалдықтардың атауы   !  қалдықтардың      ! iс жүзiндегі қалдықтар
                     !  нормативтік көлемі!
---------------------!---------------------
                     !     т/жыл          !      т/жыл
--------------------------------------------------------------------
Барлығы, оның ішінде:
Өнеркәсіп қалдықтары
Мұнай
Қатты тұрмыстық
қалдықтар және т.б.
--------------------------------------------------------------------        * - кестелер бүкiл кәсiпорынның орынның жиынтық деректерi түрiнде толтырылып, оның құрамында шығарындыларға арналған әрбiр өнеркәсiптік алаң және шығарындылар көздерi, ағын су төгіндiлерiне арналған су шығарғыштар және қалдықтарға арналған жинақтауыштар көрсетiледi. 
      (**) Ластаушы заттардың шығарындыларының, төгiндiлерiнiң көлемi және қалдықтарды орналастыру жөнiндегi нақты деректердi 9 айға, ал күтiлетiн деректердi 4-тоқсанға беру қажет.
      4. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ластағыш заттар шығарындыларының (төгіндiлерiнiң) және орналастырылатын қалдықтардың қоршаған ортаға әсерлерiне өндiрiстiк мониторинг бойынша жылдық есептер. Шығарындылардың, төгiндiлердiң және орналастырылатын қалдықтардың нормативтік мөлшерiнiң есептерi. Есептердiң ресiмделуi қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сай болуы тиiс. 
      5. Сұралып отырған ластағыш заттар нормативтiк көлемiн өткен жылғы iс жүзiндегiге қарағанда көбейтудi негіздеу жөнiндегі түсiндiрме жазба. 
      6. Рұқсат алуға өтiнiштiң (қосымшаның 1 - 3-тармақтары), сондай-ақ шығындыларға, төгiндiлерге және орналастыратын қалдықтарға лимиттердiң (рұқсатқа қосымшалар) магниттік жазылған дискеттерi. 
      7. Апат болу жағдайларының туындау қауіпінен сақтандыру. 
      8. Шығарындылар бойынша өтiнiштердiң қосымша материалдары: 
      Пайдалануға алғаш рет енгізіліп отырған немесе технологиялық жағдайлары өзгерген кәсiпорындар үшiн шектеулi рауалды шығарындыларға (ШРШ) берiлген ластағыш заттардың жылдар мен негiзгi ингредиенттер бойынша нормативтік көлемi көрсетiлген мемлекеттік экологиялық сараптама. 
      9. Төгiндi бойынша өтініштердің қосымша материалдары: 
      1) мыналар көрсетiлген ағын су қабылдағышының көрсеткіштерi: 
      қабылдағыш атауы (өзен, су қоймасы, тоған, сүзгi алаңы және басқалар); 
      қабылдағыштың сипаттамасы (орналасқан жерi, көлемi, карталар саны және т.б.); 
      2) бөлiнетiн ағын су санаты (нормативтi-тазартылған, өнеркәсiптiк, шаруашылық-тұрмыстық, тоспа-қашыртқылық, шахталық және басқалар); 
      3) ағын суды төгу режимi; 
      4) ағын су мөлшерiн бақылау (қабылданған есепке алу және жабдықтар); 
      5) төгiлетін ағын су сапасын бақылау (талдау зертханасын аттестаттау немесе лицензиялау); 
      6) басқа да су пайдаланушылардан қабылданатын ағын су көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл) және алдын ала тазартылуы; 
      7) 2 ТП - су шаруашылығы есебi бойынша өткен жылдағы ағын су төгiндiлерiнiң нақты көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл); 
      8) белгiленген шектеулi рауалды төгіндi (ШРТ) үшiн ағын судың бекітiлген жұмсалу көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл); 
      9) ағын су төгіндiсiнiң мәлiмделген көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл); 
      10) әрбiр су жiберу бойынша ағын судың сапалық сипаттамасы. 
      10. Қалдықтарды орналастыруға өтiнiштердiң қосымша материалдары: 
      1) қалдықтардың мыналар көрсетiлген сипаттамасы: 
      қалдықтар пайда болатын технологиялық процесс немесе өндiрiс атауы; 
      қалдықтардың жылдық пайда болу, пайдалану, зарарсыздандыру және сақталу көлемi (жиналуға және орналастыруға рауалды көлем есебiн келтіру);
      қалдықтарды жинау, тасымалдау және сақтау жүйесiнiң
сипаттамасы;
      қалдықтың толық химиялық құрамы, қауiптiлiк сыныбы көрсетілген уытты қосындыларының құрамы.
      2) қалдықтардың, сақталу орнының мыналар көрсетiлген сипаттамасы:
      сақталу орнының атауы, оның ведомстволық тиiстiлігі;
      нормалау жылының басындағы жағдай бойынша жиналған қалдықтардың толық көлемi, объектiні пайдалану мерзiмi (басы-соңы);
      қалдықтардың қоршаған табиғи орта мен халықтың денсаулығына зиянды әсерiн болдырмау шарттары (қарсысүзгiлiк экран, шаңбасу жүйесi, суды жинау мен тазалау және т.б.).

Об утверждении Правил выдачи, отказа в выдаче, приостановки и аннулирования действия разрешений на природопользование

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 сентября 2001 года N 1154. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18 января 2008 года N 29

       Сноска. Постановление Правительства РК от 6 сентября 2001 года N 1154 утратило силу постановлением Правительства РК от 18 января 2008 года  N 29  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня первого официального опубликования).

       
      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 27 сентября 2006 года N  928  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
 
      В соответствии со статьей 7 Закона Республики Казахстан от 15 июля 1997 года  Z970160_  "Об охране окружающей среды" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи, отказа в выдаче, приостановки и аннулирования действия разрешений на природопользование.  <*>
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 27 сентября 2006 года N   928  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

 

      Премьер-Министр
     Республики Казахстан

 

                                         Утверждены
                                 постановлением Правительства
                                     Республики Казахстан
                                 от 6 сентября 2001 года N 1154

 

         Правила выдачи, отказа в выдаче, приостановки 
   и аннулирования действия разрешений на природопользование   <*>

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 27 сентября 2006 года N  928  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      

      Сноска. В тексте слова "разрешений на загрязнение окружающей среды", "разрешения на загрязнение окружающей среды" заменены словами "разрешений на природопользование", "разрешения на природопользование" - постановления Правительства РК от 27 сентября 2006 года N  928  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
 
 

                              1. Общие положения  

      Правила выдачи, отказа в выдаче, приостановки и аннулирования действия разрешений на природопользование подготовлены в соответствии с положениями Закона Республики Казахстан от 15 июля 1997 года  Z970160_  "Об охране окружающей среды".  <*>
      Сноска. В преамбулу внесены изменения постановлением Правительства РК от 27 сентября 2006 года N  928  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      1. Правила выдачи, отказа в выдаче, приостановки и аннулирования действия разрешений на природопользование (далее - Правила) определяют порядок по выдаче, отказа в выдаче, приостановки и аннулирования разрешений на природопользование (далее - разрешение) и содержат общие требования к юридическим и физическим лицам, осуществляющим природопользование в порядке специального природопользования.  <*>
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 27 сентября 2006 года N   928 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      2. Разрешение является первичным документом и предусматривает выдачу природопользователям временных прав на природопользование, которые приобретаются безвозмездно, с указанием конкретных сроков и объемов, норм, условий природопользования. 
      В разрешении указываются условия природопользования только в части нормирования объемов загрязняющих веществ и платежей за загрязнение окружающей среды.  <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения постановлением Правительства РК от 27 сентября 2006 года N  928  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      3. Разрешение является документом, удостоверяющим право природопользователя на выбросы в атмосферу загрязняющих веществ от стационарных и передвижных источников, сбросы загрязняющих веществ со сточными водами, право размещения отходов производства и потребления, включая продукты и материалы временного хранения, с указанием конкретных сроков и объемов, норм, условий природопользования.
      Разрешение природопользователям, осуществляющим экологически опасные виды хозяйственной деятельности, выдается при наличии лицензии на осуществление экологически опасных видов хозяйственной деятельности, выданной центральным исполнительным органом в области охраны окружающей среды.  <*>
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства  РК от 28 октября 2004 г.  N 1104  .
      4. Продукты и материалы временного хранения, как источники воздействия на окружающую среду, рассматриваются аналогично отходам. При этом рассматриваются лишь продукты и материалы, размещаемые в природной среде в открытом виде более 3 месяцев в году, такие как вскрышные и вмещающие породы, нефтепродукты, уголь, сера, ядохимикаты, асфальтобитумная смесь и металлоломы. 
      5. Разрешение является официальным государственным документом, состоит из заполненного бланка установленного образца и приложений. В заполненном бланке установленного образца указываются общие объемы видов загрязнения (выбросы, сбросы загрязняющих веществ и отходы), сроки действия и условия природопользования. Приложения являются неотъемлемой частью разрешения. В приложениях указываются все виды загрязнений, заявленные природопользователем, их количество и концентрация ингредиентов загрязняющих веществ.  <*>
      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства  РК от 28 октября 2004 г.  N 1104  .
      6. Разрешение выдается центральным исполнительным органом Республики Казахстан в области охраны окружающей среды (далее - центральный орган). 
      Оформление разрешения осуществляется как в центральном органе, так и в областных, городов Алматы и Астаны, а также в других территориальных управлениях охраны окружающей среды (далее - территориальное управление). 
      7. Разрешение оформляется в центральном органе, когда у природопользователя один из видов загрязнения имеет место и превышает: 
      1) выбросы загрязняющих веществ 1000 т/год (для нефтегазовой промышленности 100 т/год) или все предприятия первой и второй категорий опасности в зависимости от массы и видового состава загрязняющих веществ; 
      2) сбросы загрязняющих веществ 1000 т/год; 
      3) размещаемые отходы 10000 т/год (3 и 4 класса токсичности) или 1000 т/год (1 и 2 класса токсичности). 
      Разрешение оформляется центральным органом также природопользователям, деятельность которых связана с прямым загрязнением регионов: космодрома "Байконур", Каспийского моря, трансграничных рек: Иртыш, Урал, Или, Тобол и Сыр-Дарья. 
      8. Во всех остальных случаях разрешение оформляется территориальным управлением. 
      9. Срок действия разрешения для природопользователей, представивших заявки в сроки, указанные в пункте 16 Правил, устанавливается с 1 января по 31 декабря года, на который запрашивается разрешение.
      В случае представления природопользователем материалов заявки позднее сроков, указанных в пункте 16 Правил, срок действия разрешения устанавливается со дня выдачи до 31 декабря года, на который запрашивается разрешение.  <*>
      Сноска. В пункт 9 внесены изменения - постановлением Правительства  РК от 28 октября 2004 г.  N 1104  .
      10. Информация об объемах выбросов (сбросов) загрязняющих веществ и размещаемых отходов, указанных в заявках и разрешениях должна быть общедоступной. 
      11. Центральный орган создает и постоянно пополняет банк данных по имеющимся разрешениям. 
      12. Разрешение может быть аннулировано в случаях: 
      изменения режима природопользования, профиля деятельности предприятия-природопользователя, смены технологии; 
      изменения действующих нормативов природопользования, предусматривающих снижение лимитов на выбросы и сбросы загрязняющих веществ; 
      признания заключения экологической экспертизы недействительным; 
      представления недостоверных данных природопользователями; 
      ошибок, связанных с расчетами природопользователя, при нормировании объемов выбросов, сбросов загрязняющих веществ и размещаемых отходов;
      систематического нарушения (более 2 раз) природопользованием экологических требований и норм.  <*>
      Сноска. В пункт 12 внесены изменения - постановлением Правительства  РК от 28 октября 2004 г.  N 1104  .
      13. Решение об аннулировании разрешения выносится органом, выдавшим разрешение, в случаях выявления органами государственного контроля невыполнения природопользователем условий и требований,установленных законодательством в области охраны окружающей среды и в разрешениях . 
      Возможен отзыв приложений к разрешению по видам загрязнения (выбросы, сбросы загрязняющих веществ и отходы) без аннулирования самого разрешения с соответствующей заменой этого (этих) приложения. 
      В уведомлении об аннулировании разрешения должны указываться причины и дата прекращения действия. 
      Аннулирование разрешения ведет к потере права природопользователя на выбросы и сбросы загрязняющих веществ в окружающую среду, размещение отходов производства и потребления, а также к расторжению договора на специальное природопользование.  <*>
      Сноска. В пункт 13 внесены изменения - постановлением Правительства  РК от 28 октября 2004 г.  N 1104  .
      14. Бланк разрешения является документом строгой отчетности с номером и датой выдачи. Один экземпляр разрешения хранится на предприятии, второй экземпляр хранится в органе, оформившем его. 

               2. Общие вопросы оформления материалов заявки 

      15. Bce природопользователи для получения разрешения, обращаются в территориальное управление с письменной заявкой, а также прилагаемыми к ней необходимыми документами согласно приложению. 
      16. Заявки на получение разрешений на следующий год подаются юридическими и физическими лицами для действующих предприятий с 1 октября по 31 декабря текущего года.  <*>
      Сноска. Пункт 16 в редакции постановления Правительства РК от 27 сентября 2006 года N  928  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      17. Для вновь открываемых предприятий юридические и физические лица должны оформлять заявку до момента возникновения загрязнения, определяемого территориальными управлениями. 
      18. Материалы заявок всех природопользователей предварительно рассматриваются территориальными управлениями в течение 15-дневного срока для проверки соответствия их нормативным и экологическим требованиям. В случаях представления материалов в неполном объеме и с ошибками нормирования объемов загрязняющих веществ рассмотрение заявки отклоняется.
      19. В соответствии с объемами загрязняющих веществ и пунктами 7 раздела 1 настоящих Правил материалы заявки вместе с заключением территориального управления направляются в центральный орган.
      20. Материалы заявок, направляемые в центральный орган, должны содержать запись электронной версии заявочных таблиц и нормируемых объемов выбросов, сбросов загрязняющих веществ, размещаемых отходов и условий природопользования.  <*>
      Сноска. В пункт 20 внесены изменения - постановлением Правительства  РК от 28 октября 2004 г.  N 1104  .

             3. Порядок оформления разрешений в центральном органе 

      21. Материалы для получения разрешения рассматриваются в центральном органе не более 30-дневного срока со дня регистрации заявки. В этот срок не входит время предварительного рассмотрения материалов заявок территориальными управлениями.
      21-1. При несоответствии требованиям Правил материалов заявок, представляемых в центральный орган, материалы возвращаются природопользователю для устранения замечаний в 30-дневный срок.
      В случае повторного представления природопользователем материалов заявки позднее срока, указанного в абзаце первом настоящего пункта, срок действия разрешения устанавливается со дня выдачи до 31 декабря года, на который запрашивается разрешение.  <*>
      Сноска. Дополнены пунктом 21-1 - постановлением Правительства  РК от 28 октября 2004 г.  N 1104  .
      22. Разрешение оформляется по установленной центральным органом форме с обязательным присвоением порядкового номера. 

         4. Порядок оформления разрешений в территориальном управлении      

      23. Материалы для получения разрешения, оформляемого в территориальном управлении, рассматриваются не более 30-дневного срока со дня регистрации заявки.
      24. Разрешение оформляется в территориальном управлении по форме, установленной центральным органом, и считается выданным с момента присвоения центральным органом порядкового номера. 

                          5. Ответственность сторон      

      25. Природопользователь несет ответственность за достоверность сведений, указанных в материалах заявки.
      26. Территориальные управления ответственны за укомплектованность, правильность расчетов запрашиваемых объемов загрязнения и соответствие материалов заявки, направляемых в центральный орган, всем требованиям и за своевременность оформления разрешений в территориальных управлениях.  <*>
      Сноска. В пункт 26 внесены изменения - постановлением Правительства  РК от 28 октября 2004 г.  N 1104  .
      27. Центральный орган несет ответственность за своевременную выдачу разрешения по пунктам 7 раздела 1 настоящих Правил в соответствии с законодательством Республики Казахстан.  
 

       5-1. Порядок отказа в выдаче и приостановки действия
              разрешения на природопользование  <*>

      Сноска. Постановление дополнено главой 5-1 - постановлением Правительства РК от 27 сентября 2006 года N  928  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
 
      27-1. Органы, выдающие разрешение, могут отказать в выдаче разрешения на природопользование в случае неполноты и недостоверности материалов, представленных для получения разрешения.
      27-2. Действие разрешения на природопользование может быть приостановлено органом, выдавшим его, на срок до трех месяцев в случае нарушения природопользователем условий природопользования, указанных в разрешении, экологических требований и норм, установленных законодательством в области охраны окружающей среды.
      Приостановление разрешения осуществляется путем выдачи природопользователю уведомления о причинах принятого решения и сроках устранения нарушений в письменной форме, которое ведет к приостановлению права природопользователя на выбросы и сбросы загрязняющих веществ в окружающую среду, размещение отходов производства и потребления.
      В случае устранения природопользователем нарушений, указанных в уведомлении, действие разрешения возобновляется на основании письменного подтверждения органа, принявшего решение по приостановлению разрешения.

                          6. Порядок аннулирования

       
      28. Аннулирование разрешения производится органом, выдавшим разрешение. Аннулирование разрешения иными государственными органами считается недействительным. 
      29. Государственные органы ходатайствуют перед центральным органом или территориальным управлением об аннулировании разрешения с обязательным указанием причин. Центральный орган после рассмотрения ходатайства об аннулировании устанавливает для природопользователя срок продолжительностью до 2-х месяцев на устранение нарушений или выполнение новых требований. 
      30. При аннулировании разрешения, оформленного территориальным управлением, необходимо снять разрешение с учета в центральном органе. После получения от центрального органа подтверждения о снятии разрешения с учета лицо, оформившее разрешение, уведомляет природопользователя об аннулировании разрешения. Аннулирование разрешения без получения подтверждения от центрального органа о снятии с учета запрещается. 
      31. В случае нахождения грубых ошибок в разрешении, оформленном территориальным управлением, центральный орган может аннулировать данное разрешение с обязательным уведомлением территориального управления о причинах и факте аннулирования. В случаях ошибок по вине территориальных управлений к природопользователю не применяются штрафные санкции. 

                                7. Контроль 

      32. Территориальные управления осуществляют контроль выполнения предприятиями условий и требований, установленных в разрешениях. 
      33. Центральный орган осуществляет контроль за правильностью оформления разрешений территориальными управлениями. 

 

                                   Приложение
                                   к Правилам выдачи, 
                                   отказа в выдаче, приостановки 
                                   и аннулирования действия 
                                   разрешений на природопользование  <*>

      Сноска. В приложение внесены изменения постановлением Правительства РК от 27 сентября 2006 года N  928  (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
 

              Структура (содержание) необходимых материалов для 
            получения разрешения на природопользование

      1. Заявка за подписью юридического и физического лица, осуществляющего специальное природопользование с указанием данных о природопользователе по форме: 
      1) наименование организации; 
      2) РНН; 
      3) юридический адрес: почтовый индекс, номер дома, страна, область, район, населенный пункт, улица (микрорайон), квартира (комната); 
      4) отрасль промышленности или сельского хозяйства (основная деятельность по регистрационному свидетельству); 
      5) форма собственности (государственное, частное, общественная организация и т.д.). 
      2. Данные о месторасположении источников загрязнения и мощности производства по форме:      

  

___________________________________________________________________________
Наименование! Область !    Район,   !   Координаты,      !   Занимаемая   !
промышленной!         !  населенный !  град. мин. сек.   !   территория,  !
  площадки  !         !    пункт    !____________________!       га       !
            !         !             !  широта !  долгота !                !
____________!_________!_____________!_________!__________!________________!
     1      !    2    !      3      !    4*   !     5*   !       6        !
____________!_________!_____________!_________!__________!________________!
     * - графы 4 и 5 заполняются при наличии данных 

     3. Запрашиваемые объемы выбросов (сбросов) загрязняющих веществ и размещаемых отходов по формам: 

                                 Выбросы* 
___________________________________________________________________________
 Наименование вещества ! Нормативные объемы  !    Фактический выброс за   !
                       !выбросов загрязняющих!        предыдущий год**    !
                       !       веществ       !                            !
_______________________!_____________________!____________________________!

                                 т/год                   т/год

Всего, из них:
Площадка 1
Площадка 2 и т.д.
___________________________________________________________________________

                                  Сбросы*
__________________________________________________________________________
 Наименование вещества ! Нормативные объемы  !    Фактический сброс за    !
                       !сбросов загрязняющих !        предыдущий год**    !
                       !       веществ       !                            !
                       !_____________________!____________________________!
                       !       т/год         !            т/год           !
_______________________!_____________________!____________________________!
Всего, из них:
По сбросу 1
По сбросу 2 и т.д.
___________________________________________________________________________

                                  Отходы*
__________________________________________________________________________
 Наименование отхода        !   Нормативные объемы  ! Фактический за      !
                            !  размещаемых отходов  ! предыдущий год**    !
                            !_______________________!_____________________!
                            !       т/год           !       т/год         !
____________________________!_______________________!_____________________!
Всего, из них:
Промышленные отходы
Нефть
Твердые бытовые отходы и т.д.
__________________________________________________________________________
 
      * таблицы заполняются в виде итоговых данных всего предприятия, в составе которого указывается каждая промышленная площадка для выбросов и источники выбросов, водовыпуски для сброса сточных вод и накопители для отходов. 
      (**) Фактические данные по объемам выбросов, сбросов загрязняющих веществ и о размещении отходов необходимо представлять за 9 месяцев, а за 4-й квартал - ожидаемые данные.

      4. Годовые отчеты по производственному мониторингу окружающей среды от воздействия выбросов (сбросов) загрязняющих веществ и размещаемых отходов в соответствии с действующим законодательством. Расчеты нормативных объемов выбросов, сбросов и размещаемых отходов в соответствии с действующим законодательством. Оформления отчетов должны соответствовать требованиям действующих нормативных документов. 
      5. Пояснительная записка по обоснованию увеличения запрашиваемых нормативных объемов загрязняющих веществ против фактического за прошлый год. 
      6. Дискеты с магнитной записью заявки на получение разрешения (пункты 1-3 приложения), а также лимитов на выбросы, сбросы и размещаемых отходов (приложения к разрешению). 
      7. Страхование риска возникновения аварийных ситуаций. 
      8. Дополнительные материалы заявки по выбросам: 
      Заключение государственной экологической экспертизы к проекту нормативов предельно допустимых выбросов (ПДВ) для предприятий, вводимых в эксплуатацию впервые, или изменения технологических условий с указанием нормативных объемов загрязняющих веществ по годам и основным ингредиентам. 
      9. Дополнительные материалы заявки по сбросу: 
      1) приемник сточных вод с указанием: 
      наименования приемника (река, водохранилище, пруд-накопитель, поля фильтрации и др.); 
      характеристики приемника (месторасположение, объем, количество карт и другие); 
      2) категория отводимых сточных вод (нормативно-очищенные, промышленные, хозяйственно-бытовые, коллекторно-дренажные, ливневые, шахтные и другие); 
      3) режим сброса сточных вод;
      4) контроль количества сточных вод (принятый учет и оборудование); 
      5) контроль качества сбрасываемых сточных вод (аттестация или лицензия аналитической лаборатории);
      6) объем сточных вод, принимаемых от других водопользователей (м3/час, тыс. м3/год), и наличие предварительной очистки; 
      7) фактический объем сброса сточных вод за предыдущий год по отчету 2 ТП - водхоз (м3/час, тыс. м3/год); 
      8) утвержденный расход сточных вод для установленного предельно допустимого сброса (ПДС) (м3/час, тыс. м3/год); 
      9) заявленный объем сброса сточных вод (м3/час, тыс. м3/год); 
      10) качественная характеристика сточных вод по каждому водовыпуску.  

      10. Дополнительные материалы заявки на размещение отходов: 
      1) характеристика отходов с указанием: 
      наименования, технологического процесса или производства, где образуются отходы;  
      годового объема образования, использования, обезвреживания и хранения отхода (привести расчеты объемов образования и допустимых к размещению); 
      характеристики системы сбора, транспортировки и хранения отхода; 
      полного химического состава отхода, содержания токсичных компонентов с указанием класса опасности; 
      2) характеристика хранилища отходов с указанием: 
      наименования хранилища, его ведомственной принадлежности; 
      полного объема накопленных отходов по состоянию на начало года нормирования, сроков эксплуатации объекта (начало-окончание); 
      условий предотвращения вредного влияния отходов на окружающую природную среду и здоровье населения (противофильтрационный экран, система обеспыливания, сбор и очистка вод и др.).