Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы алудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 1213 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 29 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.18.  N 29  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес мемлекеттің бірыңғай экономикалық саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 
      1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы алудың тәртібі бекітілсін. 
      2. Қоршаған ортаны ластағаны үшін және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төлемдер белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне 03 "Қоршаған ортаны қорғау қорына түсімдер" ерекшелігінің 2 санатының 05 сыныбының 1 кіші сыныбына есептеледі деп белгіленсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісім бойынша қаражаттарды есептеудің және мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорларына енгізудің тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлесін және бір айлық мерзім ішінде бекітсін. 
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1998 жылғы 
1 желтоқсандағы    
N 1213 қаулысымен   
бекітілген      

Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы алудың
Тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп қоршаған ортаны ластағаны және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін мынадай төлемдер: 
      1) ластайтын заттарды шығарып тастағаны (тастағаны), өндіріс қалдықтарын орналастырғаны және белгіленген лимиттердің шегінде тұтынғаны үшін (нормативтік ақы); 
      2) ластайтын заттарды шығарып тастағаны (тастағаны), өндіріс қалдықтарын орналастырғаны және белгіленген лимиттердің шегінен тыс тұтынғаны үшін (нормативтен тыс ақы); 
      3) табиғат қорғау заңдары бұзылуының нәтижесінде қоршаған орта мен табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеу қаражатын; 
      4) табиғат қорғау заңдарының бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғалар мен азаматтардан әкімшілік тәртіппен өндіріліп алынатын айыппұлдар қаражатын алуды көздейді. 
      2. Кәсіпорындардың - табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаны ластағаны үшін нормативтік төлемдерді өнімдердің (қызмет көрсетулердің) құнына жатқызылады. 
      3. Қоршаған ортаны лимиттен тыс және бетімен ластағаны үшін төлемдер, табиғат қорғау заңдары бұзылуының негізінде табиғи ресурстарға келтірілген зияндарды өтеу қаражаттары тәртіп бұзушы кәсіпорынның таза пайдасынан өндіріліп алынады. 

2. Төлемдерді енгізудің шарттары

      4. Ластайтын заттарды шығарып тастағаны (тастағаны), қалдықтарды орналастырғаны үшін ақы арнайы табиғат пайдалану тәртібімен шаруашылық қызметін жүргізуші заңды және жеке тұлғалардан меншік нысандарына қарамастан алынады. 
      5. Өндірістік есеп пен мемлекеттік статистикалық есептілікте көрініс тапқан қоршаған ортаны лимиттен тыс ластағаны үшін нормативтен тыс ақыны табиғатты пайдаланушылар дербес есептейді және облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қорларымен келісіледі. 
      6. Төлемдерінің көлемі аз (жылдық жиынтық көлемде 100 ең төменгі есепті көрсеткіштерге дейін) кәсіпорындар үшін, төлемдерді есепті жыл үшін алдын ала ақы төлеу арқылы, қоршаған ортаны ластағаны үшін лимитті сатып алу нысанында облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қорларының жүргізуіне рұқсат етіледі. 
      7. Мемлекеттік бақылаудың барысында анықталған және өндірістік есеп пен мемлекеттік статистикалық есептіліктің деректерінде көрініс таппаған қоршаған ортаны лимиттен тыс ластау, сондай-ақ қоршаған ортаны өз бетінше (рұқсатсыз) ластаудың барлық түрлері қарсылық - талап арыздық тәртіппен залалды (зиянды) өндіріп алуға әкеп соқтыратын, табиғат қорғау заңдарын бұзу болып табылады. 
      8. Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеудің ставкаларын, жыл сайын қолданылып жүрген нормативтік-әдістемелік құжаттардың негізінде мемлекеттік облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қорлары есептейді, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісім бойынша облыстардың (қалалардың) әкімдері бекітеді және белгіленген тәртіппен есепті жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей табиғатты пайдаланушыларға жеткізіледі. 

3. Жауаптылық

      9. Төлемдерді уақтылы енгізбегені үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкаларының негізінде, есепті кезең аяқталғаннан кейінгі келесі күннен бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімақы есептеледі. 
      10. Төлемдерді келесі есепті кезеңнен артық мерзімге кешіктіру - салық қызметі органдарының берешектер мен өсім ақыны қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алуы үшін негіз беретін, төлемнен жалтару болып табылады.
      11. Табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаның ластануының көлемдері туралы ақпараттарды жасыруы немесе бұрмалауы қолданылып жүрген қылмыстық, әкімшілік және салық заңдарына сәйкес тәртіп бұзушылардың жауаптылығына әкеп соқтырады.

4. Бақылау

      12. Есептеудің дұрыстығы мен аударымдардың уақтылығына бақылау жасауды мемлекеттік салық қызметі органдары мен облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қорлары жүзеге асырады.
      13. Қоршаған ортаның ластануына арналған лимиттер мен табиғат қорғау заңдары талаптарының сақталуына бақылау жасауды облыстық (қалалық) экология басқармалары жүзеге асырады, айыппұлдарды өндіріп алуды жергілікті қоршаған ортаны қорғау қорларына ақпарат ұсыну арқылы облыстық (қалалық) экология басқармасы жүзеге асырады.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады