Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.18. N 29 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. "Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 қыркүйектегi N 1154
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 31, 409-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесiн бекiту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесi бекiтiлсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесi";
кiрiспеде "қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру" деген сөздер "Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтiнде "қоршаған ортаны ластауға рұқсаттар", "қоршаған ортаны ластауға рұқсат" деген сөздер тиiсiнше "табиғат пайдалануға рұқсаттар", "табиғат пайдалануға рұқсат" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Табиғат пайдалануға рұқсат бepу, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесi (бұдан әрi - Ереже) табиғат пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрi - рұқсат) беру жөнiндегi, беруден бас тарту, тоқтата тұру және жою тәртiбiн анықтайды және арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен табиғат пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын жалпы талаптарды қамтиды.";
2-тармақтың бiрiншi абзацында:
"қоршаған ортаны ластауға" деген сөздер "табиғат пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Рұқсат" деген сөздiң алдынан "Табиғат пайдаланудың нақты мерзiмi және көлемi, нормалары, шарттары көрсетiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Келесi жылға рұқсаттар алуға өтiнiмдердi заңды және жеке тұлғалар жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар үшiн ағымдағы жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiн бередi.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
"5-1. Табиғат пайдалануға рұқсатты беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру тәртiбi
27-1. Рұқсат беретiн органдар табиғат пайдалануға рұқсатты беруден рұқсат алу үшiн ұсынылған материалдар толық емес және күмәндi болған жағдайда бас тартуы мүмкiн.
27-2. Табиғат пайдалануға берiлген рұқсаттың қолданылуын оны берген орган үш айға дейiнгi мерзiмге табиғат пайдаланушының рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдалану шарттарын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларды бұзған жағдайда тоқтата тұруы мүмкiн.
Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру табиғат пайдаланушыға қабылданған шешiмнiң себептерi мен табиғат пайдаланушының ластаушы заттардың қоршаған ортаға шығарындылары мен төгiндiлерiне, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығын тоқтата тұруға әкелетiн, оны жою мерзiмi туралы жазбаша түрде табиғат пайдаланушыға хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады.
Табиғат пайдаланушы хабарламада көрсетiлген бұзушылықтарды жойған жағдайда рұқсатты тоқтата тұру жөнiнде шешiм қабылдаған органның жазбаша түрдегi растауы негiзiнде рұқсаттың қолданылуы жаңартылады.";
көрсетiлген Ережеге қосымшада:
3-тармақта:
"Шығарындылар*", "Төгiндiлер*", "Қалдықтар*" деген кестелердегi 3-бағандардағы "өткен жылғы" деген сөздер "өткен жылғы**" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"(**) Ластаушы заттардың шығарындыларының, төгiндiлерiнiң көлемi және қалдықтарды орналастыру жөнiндегi нақты деректердi 9 айға, ал күтiлетiн деректердi 4-тоқсанға беру қажет.";