Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "IDEX-2001" бесінші Қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмесіне (Абу-Даби қаласы, Біріккен Араб Әмірліктері) қатысу үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешені зауыттарының өнімдерін уақытша әкетуге рұқсат беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 310 P010310_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып "уақытша әкетуге" деген сөздерден кейін "және экспорттауға" деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспе "үшін" деген сөзден кейін "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы N 9-1 Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес әрі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында үкіметаралық байланыстарды нығайту мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт
(Қазспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосымшаның
3-тармағында көрсетілген оқ-дәрілерді және арнаулы бұйымдарды Қазақстан
Республикасынан Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттауға рұқсат берілсін.";
3-тармақ "оқ-дәрілердің" деген сөздерден кейін "және арнаулы
бұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
2-тармағында "ПП-90 бұйымы, зауыттық N А471" және "ТКБ-0216 бұйымы,
зауыттық N Г353" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Оқ-дәрілер және арнаулы бұйымдар:
- пулеметтік ленталарда 12,7 х 99 200 (екі жүз) дана мөлшерінде;
- пулеметтік ленталарда 12,7 х 108 200 (екі жүз) дана мөлшерінде;
- ПМ 9 х 18 192 (бір жүз тоқсан екі) дана мөлшерінде;
- ПП-90 бұйымы, зауыттық N А471;
- ТКБ-0216 бұйымы, зауыттық N Г353.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.