"IDЕХ-2001" бесiншi Қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмесiне қатысу үшiн Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы N 9-1 Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес әрі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында үкіметаралық байланыстарды нығайту мақсатындаҚазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.06. N 1158
қаулысымен. P011158_
1. "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына "IDЕХ-2001" бесiншi Қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмесiне қою үшiн Қазақстан Республикасынан Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне қосымшаның 1, 2-тармақтарында көрсетiлген қару-жарақты уақытша әкетуге, аталған көрме аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Қазспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосымшаның 3-тармағында көрсетілген оқ-дәрілерді және арнаулы бұйымдарды Қазақстан Республикасынан Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттауға рұқсат берілсін.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.09.06. N 1158
қаулысымен. P011158_
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына қосымшаның 3-тармағында көрсетілген оқ-дәрiлердiң және арнаулы бұйымдардың экспортына лицензия берсiн.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.06. N 1158
қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес осы қаулының
1, 2-тармақтарында көрсетілген әкетiлетiн және әкелiнетiн тауарларды
кедендiк ресiмдеудi және кедендiк бақылауды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 1 наурыздағы
N 310 қаулысына
қосымша
"IDЕХ-2001" бесiншi Қару-жарақ пен әскери
техниканың халықаралық көрмесiне (Абу-Даби қаласы, БАӘ)
қатысу үшiн әкетiлетiн қару мен оқ-дәрiлердiң тiзбесi
1. Стендке қою үшiн:
- НСВ құрамындағы НСВП - 12,7 х 99 бұйымдары, зауыттық N 010А,
UРМ-170, зауыттық N Г224, зауыттық N 00006 көздеу тетiктерi;
- 6Ч15 электр шаппа, зауыттық N Н59;
- 6Ю14 құр.70 лентаны жарақтауға арналған машинка;
- ПКД бұйымдары, зауыттық N Г3980;
- ПП-90 бұйымдары, зауыттық N А467;
- ТКБ-0216 бұйымдары, зауыттық N Г393;
- МЦ-22-02 бұйымдары, зауыттық N 970438.
Ескерту: санамаланған бұйымдар шаппасыз бұйымдар, жеке ЗМҚ
жинақтауыштарымен.
2. Полигонға қою үшiн:
- НСВ құрамындағы НСВП - 12,7 х 99 бұйымдары, зауыттық N 012А,
UРМ-170, зауыттық N Г130, зауыттық N 00009 көздеу тетiгi;
- НСВ құрамындағы НСВП - 12,7 х 108 бұйымдары, зауыттық N ГЯ452,
UРМ-170, зауыттық N Г140, зауыттық N 00001 көздеу тетiгi;
Ескерту: санамаланған бұйымдар жұмыс iстеу күйiнде, жеке ЗМҚ
оқ-дәрiлерiмен және жинақтауыштарымен.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.06. N 1158
қаулысымен.
3. Оқ-дәрілер және арнаулы бұйымдар:
- пулеметтік ленталарда 12,7 х 99 200 (екі жүз) дана мөлшерінде;
- пулеметтік ленталарда 12,7 х 108 200 (екі жүз) дана мөлшерінде;
- ПМ 9 х 18 192 (бір жүз тоқсан екі) дана мөлшерінде;
- ПП-90 бұйымы, зауыттық N А471;
- ТКБ-0216 бұйымы, зауыттық N Г353.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.09.06. N 1158
қаулысымен.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.