Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 қыркүйек N 1158

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "IDEX-2001" бесінші Қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмесіне (Абу-Даби қаласы, Біріккен Араб Әмірліктері) қатысу үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешені зауыттарының өнімдерін уақытша әкетуге рұқсат беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 310 P010310_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырып "уақытша әкетуге" деген сөздерден кейін "және экспорттауға" деген сөздермен толықтырылсын;
      кіріспе "үшін" деген сөзден кейін "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы N 9-1 Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес әрі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында үкіметаралық байланыстарды нығайту мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;
      қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт

 

(Қазспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосымшаның

3-тармағында көрсетілген оқ-дәрілерді және арнаулы бұйымдарды Қазақстан

Республикасынан Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттауға рұқсат берілсін.";

     3-тармақ "оқ-дәрілердің" деген сөздерден кейін "және арнаулы

бұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     2-тармағында "ПП-90 бұйымы, зауыттық N А471" және "ТКБ-0216 бұйымы,

зауыттық N Г353" деген сөздер алынып тасталсын;

     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "3. Оқ-дәрілер және арнаулы бұйымдар:

     - пулеметтік ленталарда 12,7 х 99  200 (екі жүз) дана мөлшерінде;

     - пулеметтік ленталарда 12,7 х 108  200 (екі жүз) дана мөлшерінде;

     - ПМ 9 х 18  192 (бір жүз тоқсан екі) дана мөлшерінде;

     - ПП-90 бұйымы, зауыттық N А471;

     - ТКБ-0216 бұйымы, зауыттық N Г353.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады