Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
Елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн сақтау және iшкi рынокты мұнай өнiмдерiмен толықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулердi енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 457
P010457_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 159-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтағы "2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiн" деген сөздер "2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"2710 00 150 2710 00 110 кiшi субпозицияда 2000 тонна
көрсетiлгеннен басқа, процестердегi
химиялық түрлендірулер үшiн "
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"2710 00 150 2710 00 110 кiшi субпозицияда 200 000 тонна
көрсетілгеннен басқа, процестердегi
химиялық түрлендiрулер үшiн ".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес өзгерiстер енгiзiлгендiгi туралы хабардар етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі