"Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 желтоқсан N 1662. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N 885 қаулысымен.

      "Қазақстанның Даму Банкі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына:
      1) Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамына:
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаевты сайлау;
      2) Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамынан Мұрат Ермұқанұлы Аманбаевты шығару ұсынылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1343  қаулысымен .

        2. "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 659  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О некоторых вопросах состава Совета директоров закрытого акционерного общества "Банк Развития Казахстана"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2001 года N 1662. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20 сентября 2006 года N 885


        Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2001 года N 1662 утратило силу постановлением Правительства РК от 20 сентября 2006 года N  885 .
 
        В соответствии со статьей 24 Закона Республики Казахстан  Z010178_  "О Банке Развития Казахстана" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Рекомендовать общему собранию акционеров закрытого акционерного общества "Банк Развития Казахстана" (далее - Банк Развития): 
      1) избрать в состав Совета директоров Банка Развития: 
      Дунаева Армана Галиаскаровича - вице-Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан; 
      2) вывести из состава Совета директоров Банка Развития Аманбаева Мурата Ермухановича.  <*>

     Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 23 декабря 2002 г.  N 1343  .
      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 мая 2001 года N 659  P010659_  "О создании закрытого акционерного общества "Банк Развития Казахстана" следующее изменение: 
      в приложении к указанному постановлению: 
      в строке "Досаев Ерболат Аскарбекович - вице-Министр финансов Республики Казахстан" слова "вице-Министр финансов Республики Казахстан" заменить словами "Председатель Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и поддержке малого бизнеса". 
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

      Премьер-Министр
  Республики Казахстан