"Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 мамыр N 659.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның Даму банкі туралы" 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 531  Жарлығын , Қазақстан Республикасының " 2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2000 жылғы 22 желтоқсандағы және " Қазақстанның Даму банкі туралы " 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) құрылсын. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1201  қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Банктің құрылтай құжаттарына қол қойылуын және әділет органдарында тіркелуін;
      2) Банктің құрылтай шартында анықталған мерзімде Банктің жарияланған жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері: 
      1) үш күн мерзімде Банктің лауазымды тұлғаларын анықтасын және оларға құрылтай құжаттарына қол қоюға өкілеттік берсін;
      2) Банктің жарияланған жарғылық капиталындағы өздерінің үлестеріне тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін.

      4.  күші жойылды
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N  885   қаулысымен .

      5.  алынып тасталды

      6.  алынып тасталды
       Ескерту. 5-6-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1343  қаулысымен.

          7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2001 жылғы 18 мамырдағы       
N 659 қаулысына          
қосымша            

"Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының директорлар кеңесі мүшелерінің және президентінің кандидатуралары

      Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;
      Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы;
      Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi; <*> 
      Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамының президенті.
       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.12.19. N 1662  қаулысымен , 2002.12.23. N 1343  қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады