1. "Таратылған Жол қорының кредиторлық берешегін өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 маусымдағы N 779 P010779_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 264-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Таратылған Жол қорының кредиторлық берешегін өтеу ережесінде: 5-тармақта: бірінші абзацта "2001 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей" деген сөздер алынып тасталсын; 7) тармақшада "және 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша кредиторлық берешектің" деген сөздер алынып тасталсын; 6-тармақта: бірінші абзацта "2001 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей" деген сөздер алынып тасталсын; 6) тармақшада "және 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша кредиторлық берешектің" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта: "2001 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей" деген сөздер алынып тасталсын; 12-тармақта: "және оның Филиалдарының деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.