Таратылған Жол қорының кредиторлық берешегін өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 маусым N 779

      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Z000131_ Заңын орындау үшін және "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Таратылған Жол қорының кредиторлық берешегін

өтеу ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2001 жылғы 8 маусымдағы
                                               N 779 қаулысымен
                                                  бекітілген
     
           Таратылған Жол қорының кредиторлық берешегін өтеу 
                               Ережесі
     
                         1. Жалпы ережелер
     


      1. Осы Ереже таратылған Жол қорының тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) жеткізушілер немесе олардың құқықтарын иеленушілер (бұдан әрі - Жеткізуші) алдында 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2001 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өтелмеген "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - "Қазақавтожол" РМК) теңгерімінде есепте тұрған кредиторлық берешегін (бұдан әрі - кредиторлық берешек) өтеу тәртібін реттейді.
      2. Кредиторлық берешекті өтеу "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Z000131_ Заңымен осы мақсатқа көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.

       2. Кредиторлық берешекті өтеу үшін құжаттарды дайындау және ұсыну

      3. Жеткізуші 2001 жылғы 25 шілдеден кешіктірмей "Қазақавтожол" РМК облыстық филиалдарына (бұдан әрі - Филиалдар) нотариалды расталған 5 данада мыналарды ұсынады:
      1) 1998-2000 жылдарғы бухгалтерлік теңгерімдердің қосымшалармен бірге көшірмесі, тапсыру кесімі не Жеткізуші қайта ұйымдастырылған жағдайда бөлу теңгерімі, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік. Бұл ретте бухгалтерлік теңгерімдер көшірмелерінде олардың бұрын ұсынылған теңгерімдерге сәйкестігін қуаттайтын салық органдарының белгісі болуы тиіс;
      2) 1998-2000 жылдарғы N 6 "Ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақ ведомосы" ордерлер журналының көшірмесі;
      3) 1998-2000 жылдарғы бас кітаптан дебиторлық берешек және 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша кредиторлық берешек сомасын қуаттайтын үзінді.
      Көрсетілген құжаттарды Алматы қаласы бойынша "Қазақавтожол" РМК таратылған филиалына қойылған талаптар бойынша "Қазақавтожол" РМК ұсынады.
      4. Филиалдар әрбір Жеткізушімен кредиторлық берешектің салыстыру кесімін (Ережеге 1-қосымша) жасайды. Тиісті Филиалдың Жеткізуші алдындағы кредиторлық берешегінің жалпы сомасы тиісті Филиалдың таратылған Жол қорының осы Филиал бойынша 1999-2000 жылдары өтелген берешегін алып тастап. 1998 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жылдық бухгалтерлік теңгерімде көрсетілген кредиторлық берешек сомасынан асып түспеуі керек.
      5. Филиалдар "Қазақавтожол" РМК-сына 5 данада (барлық құжатқа мөр басылуы, тиісті Филиалдың басшысы мен бас бухгалтер қол қою тиіс) мыналарды ұсынады: <*>
      1) жеткізушілермен шарттар көшірмесі;
      2) салыстыру кесімдерінің түпнұсқалары;
      3) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Кредиторлық берешекті өтеуге қатысатын жеткізушілердің тізілімі;
      4) Филиалдың Жеткізушілер бойынша кредиторлық берешекті бөліп көрсеткен 1998-2000 жылдарғы бухгалтерлік теңгерімінің көшірмесі;
      5) Жеткізушінің және Филиалдың 1998-2000 жылдарғы N 6 "Ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақ ведомосы" ордерлер журналының көшірмесі;
      6) Жеткізушінің 1998-2000 жылдарғы бухгалтерлік теңгерімінің қосымшалармен бірге көшірмесі, тапсыру кесімі не Жеткізуші қайта ұйымдастырылған жағдайда бөлу теңгерімі, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік. Бұл ретте бухгалтерлік теңгерімдердің көшірмелерінде олардың бұрын ұсынылған теңгерімдерге сәйкестігін қуаттайтын салық органдарының белгісі болуы тиіс;
      7) Филиалдың 1998-2000 жылдарғы бас кітабынан кредиторлық берешекті қуаттайтын нотариалды расталған үзінді және Жеткізушінің бас кітабынан дебиторлық берешектің сомасын қуаттайтын үзінді; <*>
      8) "Қазақавтожол" РМК мен Филиалдардың есеп шоттарынан таратылған Жол қорының міндеттемелері бойынша кредиторлық берешекті өндіру туралы 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген орындалмаған сот шешімдері.
      Бұл ретте басшы мен бас бухгалтер ұсынылған құжаттардың анықтығы үшін жеке жауапты болады.
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1741
               қаулысымен. P011741_
      6. "Қазақавтожол" РМК Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне (бұдан әрі - Автомобиль жолдары комитеті) 4 данада (барлық көшірмеге мөр басылуы, "Қазақавтожол" РМК тиісті Филиалының басшысы мен бас бухгалтері қол қоюы тиіс) мыналарды ұсынады: <*>
      1) жеткізушілермен шарттар көшірмесі;
      2) салыстыру кесімдерінің түпнұсқалары;
      3) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Кредиторлық берешекті өтеуге қатысатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) жеткізушілердің тізілімі;
      4) мыналардың көшірмелері: Жеткізушінің бухгалтерлік теңгерімі қосымшаларымен бірге, жеткізушілер бойынша 1998-2000 жылдарғы кредиторлық берешекті бөліп көрсеткен "Қазақавтожол" РМК жиынтық бухгалтерлік теңгерімі, Филиалдардың бухгалтерлік теңгерімі, сондай-ақ тапсыру кесімі не Жеткізуші қайта ұйымдастырылған жағдайда бөлу теңгерімі, оның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, тікелей "Қазақавтожол" РМК-ның және құрылған және қайта ұйымдастырылған ретте оның Филиалдарының тапсыру кесімдері;
      5) Филиалдардың N 6 "Ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақ ведомосы" ордерлер журналының және Жеткізушінің 1998-2000 жылдарғы N 6 "Ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақ ведомосы"Ғордерлер журналының көшірмелері;
      6) кредиторлық берешектің сомасын қуаттайтын Филиалдардың 1998-2000 жылдарғы бас кітабынан нотариалды расталған үзінді мен дебиторлық берешектің сомасын қуаттайтын Жеткізушінің бас кітабынан үзінді; <*>
      7) "Қазақавтожол" РМК мен Филиалдардың есеп шоттарынан таратылған Жол қорының міндеттемелері бойынша кредиторлық берешекті өндіру туралы 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген орындалмаған сот шешімдері.
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1741
               қаулысымен. P011741_
      7. Автомобиль жолдары комитеті "Қазақавтожол" РМК ұсынған құжаттарды тексергеннен кейін осы Ереже 6-тармағының 1)-7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің бекітуіне Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Кредиторлық берешекті өтеуге қатысатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) жеткізушілердің тізілімін 4 данада жібереді. <*>
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1741
               қаулысымен. P011741_

          3. Кредиторлық берешекті өтеу бойынша есеп жүргізу тәртібі

      8. Кредиторлық берешекті өтеу тек негізгі қарыз бөлігінде жүзеге асырылады.
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне "Өткен жылдардың міндеттемелерін орындау" республикалық бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қаражат бөледі, ол өзіне бөлінген бюджет қаражатын Автомобиль жолдары комитетіне қайта бөледі.
      10. Автомобиль жолдары комитеті "Қазақавтожол" РМК, оның Филиалдарының және Автомобиль жолдары комитетінің басшылары және бас бухгалтерлері қол қойған. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі бекіткен Кредиторлық берешекті өтеуге қатысатын тауарлар (жұмыстар және қызметтер көрсету) жеткізушілерінің

тізіліміне сәйкес өз бюджеттік шотынан, Қазынашылықтың аумақтық 
органдарында қалатын (осы Ереженің 7-тармағы) төлем тапсырмасына 
бекітілген Тізілімдерді қоса отырып, "Қазақавтожол" РМК есеп айырысу 
шотына ақша аударады.
     11. "Қазақавтожол" РМК Жеткізуші алдындағы кредиторлық берешекті өз 
есеп шотынан тиісті Жеткізушінің есеп шотына ақша аудару жолымен өтейді.
     
                       4. Есеп және есеп беру
     
     12. Кредиторлық берешекті өтеу "Қазақавтожол" РМК бухгалтерлік есебі 
мен есеп беруінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп беру туралы 
 

Z952732_

 ,  

V960239_

  заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 
<*>

     Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1741         
              қаулысымен.  

P011741_

  
     
                      5. Дауларды қарау тәртібі
     
     13. Кредиторлық берешекті өтеу үдерісінде туындайтын даулар 
заңнамалық кесімдермен көзделген тәртіпте қарастырылады.
     
                    6. Жауапкершілік және бақылау
     


      14. Автомобиль жолдары комитеті, "Қазақавтожол" РМК, Филиалдар,

Жеткізуші анық емес және көрнеу жалған мәліметтер бергені үшін заңнамалық 
кесімдерге сәйкес жауапты болады.
     15. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
     қойылған инкассалық өкімдер болмаған ретте кредиторлық берешекті өтеу 
үшін осы Ережемен белгіленген тәртіптен "Қазақавтожол" РМК есеп шотына 
ақша аударады:
     "Қазақавтожол" РМК есеп шотына ақша есептеу де, кредиторлық берешекті 
өтеуге қатысушы жеткізушілердің шотына бір мезгілде аудару да бойынша 
аудару операцияларын өткізуге бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
     
                                                          Ережеге 
                                                          1-қосымша 
                    
                          Салыстыру кесімі
 
2001 жылғы "__"_____________                       ____________ қаласы
     Біз, төмендегі қол қоюшылар ________________________________________  
              (РМК обл. филиалы басшысының және бас бухгалтерінің Т.А.Ә.) 
_______________________________________________________ бір жағынан және
______________________________________________________ екінші жағынан,
  (жеткізушінің басшысы мен бас бухгалтерінің Т.А.Ә.) 
1998 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша орындалған жұмыстарға өзара
есеп айырысуды және 2001 жылдың 1 қаңтарына дейін өтелмеген қарыздарды   
салыстыру кесімін жасадық.        
                   
                           Берешек құрамы:
                                                                     теңге
__________________________________________________________________________
                            ! "Қазақавтожол" РМК      !                 
    Жазбаның мазмұны        !  _________________      !    Жеткізуші
                            !  облыстық филиалы       !
                            !_________________________!___________________
                            !   Дебет   !   Кредит    !  Дебет  !  Кредит
____________________________!___________!_____________!_________!_________ 
Негізгі қарыз
01.01.2001 ж.   
барлық сальдо
__________________________________________________________________________
     Өзара есеп айырысуды салыстыру нәтижесінде "Қазақавтожол" РМК        
__________________________________  облыстық филиалының кредиторлық 
берешегі
(сомасы цифрмен және жазбаша көрсетіледі) 
соманы құрайтыны анықталды.
 
     Тараптардың заңды мекен-жайы: 
          Атауы                                  Атауы       
          СТН                                    СТН  
       Банк дерегі                            Банк дерегі         
_____________________________        ________________________________  
   (басшының Т.А.Ә., қолы)                 (басшының Т.А.Ә., қолы) 
_____________________________        ________________________________
(бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)       (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы) 
          М.О.                                     М.О.
                                                   
                                                             Ережеге       
                                                             2-қосымша 
     
              _________________________ сомасындағы тізілімді бекітемін
              _________________________________________________________
             (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар
             министрі/Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар
             вице-министрі) (қолы)
                                            2001 жылғы"___" ___________
                    Кредиторлық берешекті өтеуге қатысатын
           тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) жеткізушілердің
                                   Тізілімі
2001 жылғы "___"___________
___________________________________________________________________________
р/с!  Жеткізушінің атауы   ! Орналасқан жері ! Негізгі қарыз сомасы (теңге)
 N !                       !                 !
___!_______________________!_________________!_____________________________
 1 !            2          !        3        !               4
___!_______________________!_________________!_____________________________
___!_______________________!_________________!_____________________________
___!_______________________!_________________!_____________________________
___!Барлығы:_______________!_________________!_____________________________
     Осы тізілімге қоса беріліп отыр: 
     1. ________________________________
     2. ________________________________
     3. ________________________________
        "Қазақавтожол" РМК филиалы            Автомобиль жолдары комитеті
     _________________________________     ________________________________
         (басшының Т.А.Ә., қолы)                (басшының Т.А.Ә., қолы) 
     _________________________________       ____________________________
      (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)      (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы) 
          М.О.                                     М.О.
        "Қазақавтожол" РМК     
     _________________________________     
         (басшының Т.А.Ә., қолы)           
     _________________________________     
      (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)      
          М.О.                             
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады