Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 маусымдағы N 779 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1741

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Таратылған Жол қорының кредиторлық берешегін өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 маусымдағы N 779 P010779_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 264-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Таратылған Жол қорының кредиторлық 
берешегін өтеу ережесінде:
     5-тармақта:
     бірінші абзацта "2001 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей" деген сөздер 
алынып тасталсын;
     7) тармақшада "және 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша 
кредиторлық берешектің" деген сөздер алынып тасталсын;
     6-тармақта:
     бірінші абзацта "2001 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей" деген сөздер 
алынып тасталсын;
     6) тармақшада "және 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша 
кредиторлық берешектің" деген сөздер алынып тасталсын;
     7-тармақта:
     "2001 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей" деген сөздер алынып тасталсын;
     12-тармақта:
     "және оның Филиалдарының деген сөздер алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады