Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық Бiрлестiк арасында Көмiр және Болат бойынша болаттың белгiлi бiр бұйымдарымен сауда жөнiндегi келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Мәжит
Төлеубекұлы Есенбаевқа Келiсiмнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң атынан келiссөздер жүргiзуге және Келiсiм жасасуға өкiлеттiк
берiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002
жылғы 10 маусымдағы N 619 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002
жылғы 16 шілдедегі N 790 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Еуропа Көмiр және
Болат Бiрлестiгi арасындағы болаттан алынатын белгiлi бiр
бұйымдар жөнiндегi сауда
КЕЛIСІМІ
ЕСКЕРТУ. Келісім жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі N 790 қаулысымен.
Бiрiншi Жақтан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI және
екiншi Жақтан
ЕУРОПА КӨМIР ЖӘНЕ БОЛАТ БIРЛЕСТIГІ
Аталған фактiлердi назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi "Қазақстан" деп аталатын) және Еуропа Көмiр және Болат Бiрлестiгi (бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын) Қазақстан мен Еуропа Көмiр және Болат Бiрлестiгi арасындағы болат саудасын ұйымдасқан түрде және әдiлеттi дамуына ықпал етедi;
Аталған фактiлердi назарға ала отырып, 1995 жылғы 23 қаңтарда қол қойылған, Қазақстан Республикасы бiрiншi жақтан Еуропа Қоғамдастықтары
1 екiншi жақтан және оларға мүше-мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы Келiсiм Z970113_ келешекте Әрiптестiк ынтымақтастық деп аталатын 1999 жылғы 1 шiлдеде күшiне ендi;
Аталған фактiлердi назарға ала отырып, екi Жақ Келiсiмнiң күшiн сақтау қажеттiлiгiн ескертедi; болаттан жасалатын бұйымдар саудасына қатысты тұрақтылықты қамтамасыз етедi;
Аталған фактiлердi назарға ала отырып, ӘЫК-нiң 17(1) бабында қарастырылған, Келiсiмнiң ЕКББ-нiң Әрiптестiк жайлы саудасы IIІ бөлiмiнде реттеледi; тек оның 11-бабын қоспағанда; _________________________ 1 Ресми журнал, L 196, 28.07.1999, 3-шi бет.
Аталған фактiлердi назарға ала отырып, Еуропа Көмiр және Болат Бiрлестiгi бекiткен 2000 және 2001 жылдары Келiсiмде қамтылған белгiлi бiр болаттан жасалған сауда бұйымдар, екі Жақты Келiсiмнiң негiзгi тақырыбы болды; Болашақта болатын 2-Жақ арасындағы қарым-қатынастың дамуын ескеретiн келiсiммен ауыстырылуы қажет;
Аталған фактiлердi назарға ала отырып, белгiлi бiр шарттар сақталған жағдайда, атап айтқанда, осы Келiсiмдi қамтитын болат бұйымдарына қатысты тиiстi бәсекелестiк жағдайлар жасалған жағдайда, осы Келiсiмнiң ЕКББ құратын Шартты қамтитын, белгiлi бiр бұйымдар саудасына сандық шектеулердi жою мүмкiндiгi осы Келiсiмнiң негiзiн құрайды;
Аталған фактiлердi назарға ала отырып, бұл Келiсiм Әрiптестiк және
Ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң 17(2) бабында қарастырылғандай, ЕКББ-ның
Байланыс Тобы шеңберiнде тиiстi ақпарат алысуды қоса алғанда, 2-Жақта
болат құю өнеркәсiбiне қатысты ынтымақтастығымен қатар жүруi тиiс.
Осы келiсiмдi жасауға ШЕШIМ ҚАБЫЛДАНДЫ және осы мақсатта өздерiне
уәкiлеттi тұлғалар ретiнде:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТIН ЖӘНЕ
ЕУРОПА ҚОҒАМДАСТЫҒЫ КОМИССИЯСЫН
тағайындады;
ОЛАР МЫНАЛАР ТУРАЛЫ КЕЛIСТI:
1-бап
1. Осы Келiсiм мына жағдайларда қолданылады:
а) 1-қосымшада келтiрiлген, ЕКББ бекiткен Шартта қамтылған; 2-Жақта
өндiрiлетiн болат бұйымдардың саудасы.
б) Еуропалық Қоғамдастықтың Құрамалы номенклатурасына сай 7204 позициясында классификацияланатын қара металл қалдықтары мен металл сынықтарына қолданылады.
2. ЕКББ жасайтын Шартта көрсетiлген, бiрақ 1-қосымшаға енгiзiлмеген болат бұйымдарымен сауда, сауда және онымен байланысты мәселелер бойынша 2-Жақ арасындағы қолданыстағы демпингке қарсы рәсiмдерге және қорғау шараларына жататын ережелердi Әрiптестiк Ынтымақтастық Келiсiм қолдану үшiн нұқсан келтiрместен сандық шектеулерге ұшырамауы тиiстi.
3. Осы Келiсiммен қамтылмаған талқылау нысаны туындаған жағдайда, Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң тиiстi шарттары қолданылуы тиiстi.
2-бап
1. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан өзiнiң болаттан жасалынатын бұйымдарын Қоғамдастық елдерi экспортына әрбiр сандық шектеулер белгiлеуге және сақтауға келiседi. Мұндай экспорт А Хаттамасына сәйкес қосарлы бақылауға жатады.
2. 2-Жақ бәсекелестiк талаптары белгiленген жағдайда, 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдарына қатысты сауданы толық ырықтандыруға қол жеткiзген соң өз мiндеттемелерiн қуаттайды.
3. 2-Жақ арасындағы Құрамалы номенклатурасына сай, 7204 позициясында сыныпталатын қара металдар қалдықтары мен металл сынықтарына қатысты бiрдей әсерi бар сандық шектеулерге, кеден баждарына, алымдарға және басқа да шараларға тыйым салынған.
4. 2-Жақ 1-қосымшада ескертiлген, 2002 жылғы 1 қаңтардан Қазақстаннан ЕО елдерiне шығатын импорт бұйымдарын, осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн, 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулерден шегерiлуге тиiстi деп келiстi.
5. Импорттың толық көлемде жүзеге асуы, 2-шi қосымшада көрсетiлген көлемнен асып кеткен жағдайда, ЕҚ өнеркәсiбi iшкi сұранысты қанағаттандыра алмаған жағдайда жiберiледi, ол 1-шi қосымшада көрсетiлген, қандай болса да бiр немесе бiрнеше бұйымдардың тасымалық жеткілiксiз дәрежеде жүзеге асуына әкеледi. 2-Жақтың кез-келгенiнiң өтiнiшi бойынша жетiспеушілiк деңгейiн анықтау мақсатымен дереу консультациялар өткiзiлуге тиiстi. Консультациялар нәтижелерiнен кейiн, сондай-ақ объективтi деректерге негiзделе отырып, ЕО 2-қосымшада көрсетiлген сандарды арттыру үшiн өзiнің iшкі рәсiмдерiн енгiзедi.
6. Егер ЕО-на мүшелiкке үмiткер елдер осы Келiсiмнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн қосылса, 2-Жақ 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулердi арттыру мүмкiндiгiн қарауға келiседi.
7. 2-Жақтың әрқайсысы кез-келген уақытта: мына мәселелерге байланысты консультациялануына болады:
- 1-қосымшада көрсетiлген болаттан жасалынатын бұйымдар едәуiр нашарлаған немесе Жақсарған жағдайда, 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулер деңгейi;
- сандардың толық пайдаланылмаған бұйымдар топтарына және басқа топтарға ауысу мүмкiндiгi.
3-бап
1. 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдарының еркiн айналысы үшiн Қоғамдастықтың кеден аумағына әкелiнуi Қазақстанның құзырлы органдары берген экспорттық лицензиясы және А Хаттамасының ережелерiне сәйкес сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылуға тиiстi.
2. 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдары "Қоғамдастықтың" кеден аумағына әкелiнуi, олар сол күйiнде немесе Қоғамдастықтағы әкiмшiлiк бақылау жүйесi шеңберiнде қайта өңдеуден кейiн Қоғамдастықтан тысқары жерлерге қайта экспортқа арналған мағлұматтамада көрсетiлген жағдайда, 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулерге ұшырамауға тиiстi.
3. 2-қосымшада көрсетiлген қандай да бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде жұмсалмаған сандық шектеулер көлемiнiң күнтiзбелiк жылға тиiстi сандық шектеулерiнен өтетiн қоры олардың пайдаланылмаған жыл iшiндегi тиiстi сандық шектеуiнiң 10%-не дейiн құрауы мүмкiн. Қазақстан өзiнiң осы ереженi пайдалану ниетi туралы келесi жылдың 1 наурызынан кешiктiрместен Қоғамдастықты хабардар етуге тиiстi.
4. Бұйымдардың белгiлi бiр тобының сандық шектеуi екi Жақтың келiсуiмен күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр рет қайта қаралуы мүмкiн. Ауыстырумен байланысты сандық шектеулерге кез-келген түзетулер тек ағымдағы күнтiзбелiк жылға қатысты болады. Келесi күнтiзбелiк жылдың басында сандық шектеулер осы Баптың 3-тармағының ережелерiне нұқсан келтiрместен, 2-қосымшада көрсетiлген шектеулерге сәйкес болуға тиiстi. Қазақстан осы ереженi қолдану ниетi туралы 30 маусымнан кешiктiрместен Қоғамдастықты хабардар етуге тиiстi.
4-бап
1. Қосарлы бақылау жүйесiн неғұрлым тиiмдi жүргiзу үшiн қиянат жасау мен заңсыздықты болдырмау мақсатында:
- Қазақстан өкiмет органдары алдыңғы айда берілген, экспортқа арналған лицензиялар туралы әр айдың 28-не дейiн Қоғамдастықтың тиiстi құзырлы органдарын хабардар етуге тиiстi;
- Қоғамдастықтың үкiмет органдары алдыңғы айда берген, импортқа арналған рұқсаты туралы әр айдың 28 күнi Қазақстанның құзырлы органдарын хабардар етуге тиiстi.
Мұндай ақпаратқа тартылған уақытша факторларды ескере отырып, қандай да бiр едәуiр үйлеспеушiлiк жағдайында 2-Жақтың әрқайсысы консультация алуды сұрауы мүмкiн, ол кiдiрiссiз ұсынылуға тиiстi.
2. Екi Жақ Осы Баптың 1-тармағына нұқсан келтiрместен, осы Келiсiмнiң тиiмдi қолданысын қамтамасыз ету мақсатымен тасымалдау кезiндегi заңсыздыққа қарсы маршрут өзгерген жағдайда, елi немесе шыққан жерi туралы жалған мәлiмдеуге, құжаттарды бұрмалауға, тауарлардың санына немесе сыныпталуына қатысты жалған мәлiмдеуге немесе қандай да бiр өзге жағдайларға қарсы, оларды болдырмау, тергеу жөнiнде барлық қажеттi шаралар қабылдау және барлық қажеттi құқықтық және/әкiмшiлiк шаралар қолдану жөнiнде келiседi. 2-Жақ, тиiстi экспорттаушыларға және/немесе импорттаушыларға мiндеттi жауапкершiлiк шараларын қабылдау, заңсыздықтарға қарсы осындай тиiмдi iс-қимылдар қолдануға рұқсат ететiн қажеттi құқықтық ережелер және әкiмшiлiк рәсiмдер белгiлеуге келiседi.
3. Егер 2-Жақтың бiрi өзiндегi ақпарат негiзiнде осы Келiсiм бұзылған деп санаса, басқа бiр Жақтан консультация талап етуi мүмкiн, ол еш кiдірiссiз жүргiзiлуге тиiстi.
4. Осы Баптың 3-тармағында аталған консультациялардың нәтижелерiн күте отырып және Қоғамдастықтың талап етуi бойынша, сондай-ақ жеткiлiктi дәлел берiлген кезде, Қазақстан осы консультациялар нәтижесiнде туындауы мүмкiн сандық шектеулердiң кез-келген өзгерiстерiн осы Баптың 3-тармағына сәйкес консультацияға сәйкес сауал жасалған күнтiзбелiк жылға немесе осы күнтiзбелiк жылға лимит таусылғанда, келесi жылға енгiзiлуiн қамтамасыз етедi.
5. Егер, 2-Жақ, осы Баптың 3-тармағына сәйкес жүргiзiлген консультациялар барысында өзара шешiмге келе алмаса, 1-қосымшада көрсетiлген, Қазақстанда өндiрiлетiн бұйымдар осы Келiсiмнiң бұзылуымен импортталғандығының жеткiлiктi дәлелi болған жағдайда, Қоғамдастықтың тиiстi сандарды 2-қосымшадағы көрсетiлген бойынша сандық шектеулер есебiне есептеуге құқы бар.
6. Егер, 2-Жақ, осы Баптың 3-тармағына сәйкес консультациялар барысында өзара шешiмге келе алмаса, санға байланысты немесе жiктелуi жалған мәлiмдеу болғандығын көрсететiн жеткiлiктi дәлел болған жағдайда, Қоғамдастықтың осы бұйымдар импортынан бас тартуға құқығы бар.
7. 2-Жақ осы Келiсiмнiң бұзылуынан туындайтын барлық мәселелерiн болдырмау және тиiмдi шешу үшiн тығыз ынтымақтастыққа келiседi.
5-бап
1. Болаттан жасалынатын бұйымдарын ЕКББ Қоғамдастық импортына, 2-қосымшадағы көрсетiлген сандық шектеулердi Қоғамдастық аймақтық квоталарға бөлмеуге тиiстi.
2. 2-Жақ дәстүрлi толассыз саудада Қоғамдастықтағы күтпеген және зиян келтiретiн өзгерiстердi болдырмау үшiн ынтымақтасуға тиiстi. Дәстүрлi толассыз саудада күтпеген және зиян келтiретiн өзгерiстер болған жағдайда (аймақтық шоғырлануды немесе дәстүрлi жеткiзiлiмдердi жоғалтуды қоса алғанда), Қоғамдастық туындаған проблеманы қанағаттандыратындай етiп шешу үшiн консультация талап етуге құқығы бар. Мұндай консультациялар кiдiрiссiз өткiзiлуi тиiс.
3. 1-қосымшадағы көрсетiлген Қазақстан болат бұйымдарының Қоғамдастыққа 1 жыл iшiнде мейлiнше қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз етiлуiне ықпал етедi. Импорт күтпеген және қолайсыз тез өскен жағдайда, Қоғамдастық туындаған проблеманы шешу үшін консультация талап етуге құқығы бар. Мұндай консультациялар еш кiдiріссiз жүргiзiледi.
4. Осы Баптың 3-тармағындағы мiндеттемеге қосымша егер, қазақстандық өкiмет органдары берген лицензиялар бойынша болат бұйымдарының сол жылда қаралатын сандық шектеулердiң 90%-ын құраса, 2-Жақ кез-келгенi осы жылға сандық шектеулер туралы консультация сұрауы мүмкiн. Мұндай консультациялар еш кiдiрiссiз жүргiзiлуге тиiстi. Мұндай консультациялардың нәтижелерiн күтуде, осы лицензиялар бойынша бұйымдар саны 2-қосымшада көрсетiлген мөлшерден аспаған жағдайда, Қазақстанның құзырлы органдары осы Келiсiммен қамтылған бұйымдар экспортына лицензиялар берудi жалғастыруы мүмкiн.
6-бап
1. Егер осы Келiсiммен қамтылған өнiмнiң қандай да бiр түрi Қоғамдастық елдерiндегi осындай өнiмдер өндiрушiлер үшiн едәуiр нұқсан әкелетiн немесе әкелуi мүмкiн жағдайлар Қазақстаннан Қоғамдастыққа импортталса, Қоғамдастық Қазақстанға екi Жақ үшiн қонымды шешiм табуға тырысу үшін толық көлемде тиiстi ақпарат беруге тиiстi. 2-Жақ еш кiдірiссiз консультациялар бастауға тиiстi.
2. Егер, осы баптың 1-тармағында аталған консультациялар кезiнде Қоғамдастықтың консультациялар бастау өтiнiшiмен жүгiнген күнiнен 30 күн iшiнде келiсiмге қол жеткiзуге сәтi келмесе, Қоғамдастық ӘЫҚ ережесiне сай, қорғау шараларына қатысты құқығын пайдалануға белгiлi бiр қадамдар жасауы мүмкiн.
3. Осы Келiсiмнiң ережесiне қарамастан 13-баптың 6-тармағы ӘЫҚ қолданылатын болады.
7-бап
1. Осы Келiсiммен қамтылған бұйымдардың жiктелуi Қоғамдастықтың тарифтiк және статистикалық номенклатурасына (бұдан әрi "Құрамалы номенклатура" немесе қысқаша нысанда "ҚН" деп аталатын) және оған кез-келген түзетулерге негiзделедi. 2-қосымшадағы көрсетiлген немесе тауарлардың сыныпталуы туралы кез-келген шешiммен қамтылған бұйымдарға қатысты, Қоғамдастықта қолданылатын ережелерге сәйкес ҚН-ға жасалған кез-келген түзетудiң 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулердi өзгертуге мүмкiндiк беретiн күшi болмауға тиiстi.
2. Келiсiммен қамтылған бұйымдардың шыққан жерi Қоғамдастықтағы ережелерге сәйкес айқындалуға тиiстi. Шыққан жерi туралы осы ережелерге енгiзілген кез-келген түзету туралы "Қазақстанға" хабарлануға тиiстi және 2-қосымшадағы көрсетiлген сандық шектеулерiн өзгертуге мүмкіндiк беретiн күшi болмауға тиiстi. Жоғарыда көрсетiлген бұйымдардың шыққан жерiн бақылау тәртiбi А Хаттамасында баян етiлген.
8-бап
1. 2-Жақ осы Келiсiмнiң 4-бабына (1) сай экспортқа лицензиялар мен импортқа рұқсаттар туралы кезеңімен ақпарат алысуға нұқсансыз, осы Келiсiмнiң 3-бабына сай берiлген, экспортқа лицензиялар және импортқа рұқсаттар және осындай бұйымдарға қатысты импорт пен экспорт туралы статистикалық деректерге кiретiн, осы ақпарат дайындалуға тиiстi ең қысқа уақыттар ескерiле отырып, сәйкес арақашықтықта 1-қосымшаға жататын бұйымдарға қатысы бар барлық статистикалық ақпарат алысып отыруға келiседi.
2. 2-Жақтың әрқайсысы ақпарат берудегi қандай да бiр едәуiр алшақтық жағдайында консультация алуға жүгiнуi мүмкiн.
9-бап
1. Осы Келiсiмнiң алдындағы баптарында көрсетiлген белгiлi бiр мiндеттемелерге қатысты көзделген консультациялар туралы ережелерге нұқсансыз, 2-Жақтың кез-келгенiнiң сауалы бойынша осы Келiсiмдi қолдану барысында туындайтын кез-келген мәселе бойынша консультациялар жүргiзiлуге тиiстi. Кез-келген консультация ынтымақтастық рухында және 2-Жақтар арасындағы айырмашылықтарды реттеу ниетiмен жүргiзiледi.
2. Егер осы Келiсiм консультациялардың еш кiдiрiссiз жүргiзiлуiн көздесе, уағдаласушы Жақтар оларды жүргiзу үшiн барлық парасатты iс-қимылды қолданады.
3. Барлық басқа консультациялар мына ережелермен реттеледi:
- 2-Жақтың кез-келгенi консультацияға сұрау салуды 2-Жақты жазбаша түрде хабардар етуге тиiстi;
- тиiстi жағдайларда, ақылға қонымды мерзiмдерде, сауалдан кейiн мұндай консультациялардың себептерiн негiздейтiн есеп болуға тиiстi;
- сауал берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде консультациялар басталуға тиiстi;
- егер 2-Жақтардың келiсуi бойынша мерзiм ұзартылмаса, консультациялар басталған күннен бiр ай iшiнде өзара қолайлы шешiм қабылдануға тиiстi.
4. Сондай-ақ, осы Келiсiм Жақтардың келiсiмi бойынша арнайы қосымша консультациялар жүргiзiлуi мүмкiн.
10-бап
1. Екi Жақта болаттан жасалынатын бұйымдармен сауданы толық ырықтандыруға қол жеткiзудi мақсат тұтады және мұның өз араларында сауданы жылжытудың маңызды шарты болып табылатындығын, Жақтардың әрқайсының өз iшiнде қолданатын бәсекелестiктiң және мемлекеттiк көмектiң және қоршаған ортаны қорғау келiсiмдi болуға тиiстi деп таниды. Осы мақсатпен Қазақстан тарапынан сауал негiзiнде, Қоғамдастық Қазақстан Республикасының Қоғамдастық қабылдаған және қабылдайтындарымен үйлесiмдi заңнама ережелерiн қабылдауға және iске асыруға көмектесуi үшiн техникалық көмек көрсетуге тиiстi. Мұндай көмек екi Жақ келiсуге тиiстi жобаларда дәл айқындалатын болады және олардың мақсатын, күнтiзбелiк мерзiмдерiн дәл айқындайды.
2. Егер, осындай келессөздер ұйымдастырылса Жақтар болат құю саласында мемлекеттiк көмек және субсидиялар туралы халықаралық келiсiмдер бойынша келiссөздерге қатысуға келiседi.
11-бап
1. 2002 жылғы 23 шiлдеде, ЕКББ жасаған Шарттың күшiнде болатын мерзiмi өтiсiмен, Еуропалық Қоғамдастық осы Келiсiмге сәйкес осы қатысушы қабылдаған барлық құқықтар мен мiндеттердi өзiне қабылдауға тиiстi.
2. Осы Келiсiмдi ұзарту туралы, ал Жақтардың осы Келiсiм шеңберiнде жасасқан құқықтары және мiндеттемелерi оның күшiнде болатын мерзiмi аяқталғаннан кейiн сақталатындығымен келiстi.
3. Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 17-бабында Еуропа Көмiр және Болат бiрлестiгi жасаған Шарт қамтыйтын бұйымдарға сiлтеме көрсетiлген Шарттың күшiнде болатын мерзiмi өткен бойда, 3-қосымшаға енгiзiлген бұйымдарға жүгiну мақсатымен оқылады.
12-бап
1. Осы Келiсiм оның қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Егер осы Баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес бұзылмаса, ол 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылуға тиiстi.
2. 2-Жақтың кез-келгенi, кез-келген уақытта осы Келiсiмге 2-Жақтардың әрқайсысының сауалы бойынша консультацияларда талқылаудың өзегi болатын өзгерiстер енгiзудi ұсынады.
3. 2-Жақтың кез-келгенi бұл туралы ең кемi алты ай бұрын хабарланған жағдайда ғана осы келiсiмдi бұзуы мүмкiн. Егер 2-Жақтар өзге уағдаластыққа қол жеткiзбесе, бұл жағдайда, Келiсiм хабар мерзiмi өтiсiмен аяқталуға тиiстi, ал Қоғамдастықтың 2-қосымшада осы Келiсiмге белгiлеген сандық шектеулерi бұзу күнiне қатарлас кемiтiлуге тиiстi.
4. Егер, Қазақстан осы Келiсiмнiң күшiнде болатын мерзiмi өткенге дейiн ДСҰ-на қосылса, ережелер ДСҰ ережелерiне сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатымен, осы Келiсiм оның күшiне ену мерзiмiне дейiн қайта қаралатын болады. Сонымен катар, 1-қосымшадағы көрсетiлген болат бұйымдарына қатысты Қоғамдастық пен Қазақстан қабылдаған жаңа көп Жақты мiндеттемелер туындаған жағдайда Келiсiмнiң күшi де қайта қаралатын болады.
5. Егер 2-Жақтың осының алдындағы баптарда көзделген консультациялар кезiнде өзара тиiмдi шешiмге келе алмағандығын немесе Жақтардың бiрi осы Келiсiмдi бұзғанда, осы Келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген, Қазақстан өнiмдерiнiң экспортына қатысты дербес квоталар жүйесiнің қайта енгiзiлуiн қоса алғанда, Қоғамдастық кез-келген уақытта барлық, қажеттi шаралар
қолдану құқығын сақтайды.
6. Қосымша мен А Хаттамасы осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып
табылады.
13-бап
Осы Келiсiм қазақ, орыс, дат, голланд, ағылшын, фин, француз, немiс,
грек, итальян, португал, испан және швед тiлдерiнде жасалды, осы
мәтiндердiң бәрiнiң күшi бiрдей.
Қол қойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн
Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы үшiн
1-ҚОСЫМША
ҚАЗАҚСТАН
SA Қаңылтыр прокат SA 3 Басқа қаңылтыр
SA 1 Орамдар прокат
7208 10 00
7208 25 00 7209 18 99
7208 26 00 7209 25 00
7208 27 00 7209 26 10
7208 36 00 7209 26 90
7208 37 90 7209 27 10
7208 38 90 7209 27 90
7208 39 90 7209 28 10
7209 28 90
7211 14 10 7209 90 10
7211 19 20
7210 11 10
7219 11 00 7210 12 11
7219 12 10 7210 12 19
7219 12 90 7210 20 10
7219 13 10 7210 30 10
7219 13 90 7210 41 10
7219 14 10 7210 49 10
7219 14 90 7210 50 10
7210 61 10
7225 20 20 7210 69 10
7225 30 00 7210 70 31
7210 70 39
SA 1а Қайталама 7210 90 31
прокаттау үшін 7210 90 33
арналған орамдар 7210 90 38
7208 37 10
7208 38 10 7211 14 90
7208 39 10 7211 19 90
7211 23 10
SA 2 Қалың қаңылтырлы 7211 23 51
болат 7211 29 20
7208 40 10 7211 90 11
7208 51 10
7208 51 30 7212 10 10
7208 51 50 7212 10 91
7208 51 91 7212 20 11
7208 51 99 7212 30 11
7208 52 10 7212 40 10
7208 52 91 7212 40 91
7208 52 99 7212 50 31
7208 53 10 7212 50 51
7212 60 11
7211 13 00 7212 60 91
SA 3 Басқа қаңылтыр 7219 21 10
прокат 7219 21 90
7208 40 90 7219 22 10
7208 53 90 7219 22 90
7208 54 10 7219 23 00
7208 54 90 7219 24 00
7208 90 10 7219 31 00
7219 32 10
7209 15 00 7219 32 90
7209 16 10 7219 33 10
7209 16 90 7219 33 90
7209 17 10 7219 34 10
7209 17 90 7219 34 90
7209 18 10 7219 35 10
7209 18 91 7219 35 90
7225 40 80
2-ҚОСЫМША
САНДЫҚ ШЕКТЕУЛЕР
(тонна)
Бұйымдар 2002 2003 2004
SA Қаңылтыр прокат
SA 1. Орамдар 50 000 50 000 50 000
SA 1a Қайталама 5 000 5 000 5 000
прокаттауға арналған
орамдар
SA 2. Қалың қаңылтырлы 0 0 0
болат
SA 3. Басқа 53 000 55 700 58 500
қаңылтыр прокат
3-ҚОСЫМША
11-БАПТА СІЛТЕМЕ ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР
72011011 72082500 72102010 72149190 72192300 72254080
72011019 72082600 72103010 72149910 72192400 72255000
72011030 72082700 72104110 72149931 72193100 72259110
72011090 72083600 72104910 72149939 72193210 72259210
72015010 72083710 72105010 72149950 72193290 72259910
72015090 72083790 72106110 72149961 72193310 72261110
72021120 72083810 72106910 72149969 72193390 72261910
72021180 72083890 72107031 72149980 72193410 72261930
72029911 72083910 72107039 72149990 72193490 72262020
72031000 72083990 72109031 72159010 72193510 72269110
72039000 72084010 72109033 72161000 72193590 72269190
72041000 72084090 72109038 72162100 72199010 72269210
72042110 72085110 72111300 72162200 72201100 72269320
72042190 72085130 72111410 72163111 72201200 72269420
72042900 72085150 72111490 72163119 72202010 72269920
72043000 72085191 72111920 72163191 72209011 72271000
72044110 72085199 72111990 72163199 72209031 72272000
72044191 72085210 72112310 72163211 72210010 72279010
72044199 72085291 72112351 72163219 72210090 72279050
72044910 72085299 72112920 72163291 72221111 72279095
72044930 72085310 72119011 72163299 72221119 72281010
72044991 72085390 72121010 72163310 72221121 72281030
72044999 72085410 72121091 72163390 72221129 72282011
72045010 72085490 72122011 72164010 72221191 72282019
72045090 72089010 72123011 72164090 72221199 72283020
72061000 72091500 72124010 72165010 72221910 72283041
72069000 72091610 72124091 72165091 72221990 72283049
72071111 72091690 72125031 72165099 72223010 72283061
72071114 72091710 72125051 72169910 72224010 72283069
72071116 72091790 72126011 72189111 72224030 72283070
72071210 72091810 72126091 72189119 72241000 72283089
72071911 72091891 72131000 72189911 72249001 72286010
72071914 72091899 72132000 72189920 72249005 72287010
72071916 72092500 72139110 72191100 72249008 72287031
72071931 72092610 72139120 72191210 72249015 72288010
72072011 72092690 72139141 72191290 72249031 72288090
72072015 72092710 72139149 72191310 72249039 73011000
72072017 72092790 72139170 72191390 72251100 73021031
72072032 72092810 72139190 72191410 72251910 73021039
72072051 72092890 72139910 72191490 72251990 73021090
72072055 72099010 72139990 72192110 72252020 73022000
72072057 72101110 72142000 72192190 72253000 73024010
72072071 72101211 72143000 72192210 72254020 73029010
72081000 72101219 72149110 72192290 72254050
Келiсiлген хаттама
2-Жақ ____________ қол қойылған, Қазақстан мен ЕКББ арасында болаттан
жасалынатын белгiлi бұйымдар саудасы жөнiндегi Келiсiмнiң түп мәтiнiнде:
- 2-Жақ экспортқа лицензияларға және импортқа рұқсаттарға қатысты осы Келiсiмнiң 4-бабында (1) көзделген ақпарат алысылуын орындау үшiн тұтастай, Қоғамдастықтың және оған мүше-мемлекеттерге жүгiнуi бойынша осындай ақпарат бередi;
- осы Келiсiмнiң 5-бабында (2) көзделген консультациялардың қанағаттанарлық нәтижесiне қол жеткiзiлуiн күтуде, егер, бұл туралы Қоғамдастық өтiнетiн болса, Қазақстан дәстүрлi саудада күтпеген және нұқсан келтiретiн өзгерiстер нәтижесiнде туындаған проблемалар мейлiнше тереңдете түсетiн экспортқа лицензиялар берудi тоқтату жолымен
ынтымақтасатындығымен; және
- Қазақстан, олардың жеткiзiп берiп тұрудағы дәстүрлi қажеттерi,
аймақтық концентрацияны болдырмау үшiн де Қоғамдастықтағы шағын аймақтық
рыноктардың құбылмалы райын назарға алатындығымен келiседi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн
Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы үшiн
А ХАТТАМАСЫ
І ТАРАУ
ЖІКТЕУ
1-бап
1. Қауымдастықтың құзыретті органдары осы Келiсiммен қамтылған
бұйымдарға қатысты Қауымдастықтың оларды күшiне енгiзген күнге дейiн
Құрастырылған Номенклатурадағы кез-келген өзгерiстер туралы Қазақстанды
хабардар етуге мiндеттенедi.
2. Қауымдастықтың құзыреттi органдары осы Келiсiммен қамтылған
бұйымдарды жiктеуге қатысты кез-келген шешiмдерi туралы олардың қабылдану
күнiнен бiр ай iшiнде Қазақстанның құзыреттi органдарын хабардар етуге
мiндеттенедi.
Мұндай сипаттау:
а) осындай бұйымдардың сипатынан;
б) ҚН-ының тиiстi кодтарынан;
с) осындай шешiмдi туындатқан себептерден тұрады.
3. Жiктеу туралы шешiм Келiсiммен қамтылған кез-келген бұйымның жiктеу практикасын өзгертуге әкеп соқтырса, Қауымдастықтың құзыреттi органдары Келiсiм хабарлаған күннен бастап шешiм күшiне енген күнге дейiн 30 күн бұрын хабарлама ұсынады. Шешiм күшiне енген күнге дейiн жiберiлген бұйымдар сұрақ астындағы тауарларды Қауымдастыққа импорттау үшiн осы күннен бастан 60 күн iшiнде ұсыну шартымен жiктеудiң бастапқы iс-тәжiрибесiне жатуды жалғастырады.
4. Қауымдастықтың Келiсiммен шешiлген кез-келген бұйымды жiктеу iс-тәжiрибесiн өзгертудi туындатқан шешiмi сандық шектеулерге түсетiн санатқа қатысты болса, тараптар Келiсiмнiң 7-бабындағы (1) мiндеттемелердi орындау мақсатымен, Келiсiмнiң 9-бабында (3) жазылған тәртiпке сәйкес консультациялар өткiзуге келiседi.
5. Қазақстанның және Қауымдастықтың құзыреттi органдарының
Келiсiмiмен қамтылған Қоғамдастыққа кiргiзу кезiнде бұйымдарды жiктеу
мәселелерi бойынша пiкiрлерiнде енгiзген уақытта алшақтық болса, жiктеу
осындай бұйымдарды соңғы жiктеу туралы келiсiмге қол жеткiзу мақсатымен
9-бапқа сәйкес консультациялар өткiзгенге дейiн Қауымдастық ұсынған
индикаторларға негiзделуге тиiс.
II ТАРАУ
ТЕГI
2-бап
1. Қазақстанда өндiрiлген бұйымдар Қауымдастыққа экспорттау туралы Қауымдастықтың қолданылып жүрген ережелерiне сәйкес, Келiсiммен көзделген уағдаластықтарға сәйкес осы Хаттамаға қоса берілген нысанның шығу қазақстандық шығу сертификаты болады.
2. Шығу сертификатын қазақстанның заңдары бойынша мұндай бұйымдар Қазақстанда шығарылған деп саналуы мүмкiн екенiн осы мақсаттарға уәкiлеттендiрiлген қазақстандық ұйымдар растайды.
3-бап
Шығу сертификаты экспорттаушы жазбаша түрде орындаған өтiнiш бойынша ғана немесе экспорттаушының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң жауапкершiлiгiмен шығарылады. Қазақстанның заңдары бойынша осы мақсаттар үшiн уәкiлеттендiрiлген қазақстандық ұйымдар сертификаттың тиiстi түрде рәсiмделуiн қамтамасыз етедi және осы мақсат үшiн кез-келген құжаттамалық
дәлелдi талап етедi немесе өздерi қажет деп санаған кез-келген тексерудi
жүзеге асырады.
4-бап
Бұйымдардың импорты кезiнде тиiстi нәрселердi орындау үшiн шығу
сертификатында жасалған өтiнiштер мен кеден органдарына табыс етiлген
құжаттардағы шамалы айырмашылықтарды айқындау сертификаттағы өтiнiштер
осыған байланысты күмән туғызбауы тиiс.
III ТАРАУ
САНДЫҚ ШЕКТЕУЛЕРГЕ ЖАТАТЫН БҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН
ЕКI ҰДАЙ БАҚЫЛАУ ЖYЙЕСI
I Бөлiм
Экспорттау
5-бап
Қазақстанның тиiстi мемлекеттiк органдары осы Келiсiмнiң 2-шi қосымшасында көрсетiлген сандық шектеулердiң шеңберiнде Келiсiммен қамтылған болаттан жасалған барлық бұйымдар партиясын экспорттауға арналған лицензия бередi.
6-бап
1. Экспортқа арналған лицензия осы хаттамаға тiркелген нысанға сәйкес
келуге және Қауымдастықтың кеден одағына экспорттау үшiн жарамды болуға
тиiс.
2. Экспортқа арналған әр лицензия осындай бұйымдардың саны осы
Келiсiмге 2-қосымшада осындай бұйым үшiн белгiленген тиiстi сандық
шектеулердiң есебi есепке жатқызғанын растауға тиiс.
7-бап
Қауымдастықтың құзыреттi органдары экспортқа арналған бұрын берiлген
лицензияның жойылғаны немесе өзгергенi туралы дереу хабардар етiлуге тиiс.
8-бап
1. Экспорт 1 жылға белгiленген сандық шектеулердiң есебiне
жатқызылады, онда егер экспортқа лицензия осындай жөнелтуден кейiн берiлсе
де, бұйымды жөнелту жүзеге асырылды.
2. Осы баптың бiрiншi тармақшасын қолдану мақсаты үшiн тауарды
жөнелту оны экспорттық көлiкке тиелген сәттен бастап жүзеге асырылды деп
есептеледi.
9-бап
11-шi бапты қолдану үшiн экспортқа лицензия лицензияда көрсетiлген
тауарлар жөнелтiлген келесi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан
кешiктiрiлмей берiледi.
ІІ Бөлiм
Импорттау
10-бап
1. Қазақстаннан шыққан болаттан жасалған бұйымдар шешiмге сәйкес (Ресми журнал + см. рус.) берiлген импортқа арналған қолданыстағы лицензияға сәйкес, осы келiсiм күшiне енген күнге дейiн Қоғамдастыққа жөнелтiлген 2002 жылғы 1 қаңтардан 2002 жылдың 31 желтоқсанға дейiн қолданылу шеңберiнде жiберiледi.
2. Қоғамдастық елдерiнде сандық шектеулерге ұшыраған болаттан жасалған бұйымдарға еркiн айналымда рұқсат ету импортқа санкция берілу жағдайында жүргiзiлетiн болады.
11-бап
1. Қауымдастықтың құзыреттi органдары 8-бапта көрсетiлген импортқа импорттаушы экспортқа лицензияның сәйкес түп нұсқасын берген күннен бастан 10 күн iшiнде бередi. Құзыреттi органдардың тiзiмi осы Қосымшадағы Хаттамада көрсетiлген.
2. Импортқа рұқсат Қауымдастықтың кеден аумағына импорт үшiн оны берген күннен бастап 4 ай бойы күшiнде болады.
3. Қауымдастықтың құзыреттi органдары импортқа берiлген рұқсатты экспортқа сәйкес лицензияны жойған кезден бастап қайтып алады. Алайда егер Қауымдастықтың құзыреттi органдары экспортқа лицензияның жойылғандығы немесе қолданудан алып тастауы туралы бұйымның Қауымдастықта еркiн айналымнан кейiн ғана хабарласа сәйкес сандар бұйымға қатысты белгiленген шектеулер есебiнде жазылады.
12-бап
Егер Қауымдастықтың құзыреттi органдары Қазақстанның құзыреттi
органдары экспортқа берген лицензияда көрсетiлген жалпы санның 2-Қосымшада
көрсетiлген бұйымдар үшiн белгiленген сандық шектеуден асып кеткендiгiн
айқындаса, Қауымдастықтың құзыреттi органдары сандық шектеулерге жататын
мұндай бұйымдарға қатысты импортқа одан әрi рұқсат берудi тоқтата тұрады.
Мұндай жағдайда Қауымдастықтың құзыреттi органдары Қазақстанның
органдарына бiрден хабарлайды және Келiсiмнiң 9-бабына (2) сәйкес
кешiктiрмей консультациялар өткiзедi.
ІV ТАРАУ
ЭКСПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯЛАР МЕН ШЫҒУ ТЕГI
СЕРТИФИКАТТАРЫНЫҢ НЫСАНЫ ЖӘНЕ БЕРIЛУI ЖӘНЕ
ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЭКСПОРТТЫҢ ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕРI
13-бап
1. Экспортқа лицензиялар мен шығу тегi сертификаттары ағылшын тiлiнде жасалады. Бұл қосымша көшiрмесiнде түзетiлiп берiлуi мүмкiн. Егер олар қолдан жасалса, мәлiметтер сиямен және баспа әрiптерiмен жазылады.
Құжаттың көлемi 210х297 мм болу керек. Пайдаланған қағаз ақ түстi, бүлiнбеген және 25 г/кв.м. кем тартпауы керек. Егер құжаттар бiрнеше данадан болса, түп нұсқа болып саналатын тек бiрiншi дана, арнайы бланкіде басылу керек. Олардың түп нұсқасында анық "түп нұсқа", ал көшiрмелерiнде "көшiрме" деген жазуы болуы керек. Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес экспорттың мақсаттары үшiн жарамдысы ретiнде Қауымдастықтың құзыреттi
органдары тек түп нұсқаны ғана алады.
2. Әрбiр құжаттың басылғанына немесе басылмағанына қарамастан анық
стандартты сериялық нөмiрi болу керек, және осы нөмiрге қарап танылады.
Бұл нөмiрлер өздерiне мына элементтердi қосады:
- экспорттаушы елдi бейнелейтiн яғни KZ = Қазақстан деген екi әрiп;
- кедендiк тазалау жөнiндегi Мемлекет - Қауымдастық мүшесіне
сәйкестiгiн білдiретiн екі әрiп, яғни:
ВЕ = Бельгия
DК = Дания
DE = Германия
ЕL = Греция
ES = Испания
ҒR = Франция
IЕ = Ирландия
IT = Италия
LU = Люксембург
NL = Нидерланды
АТ = Австрия
PT = Португалия
FI = Финляндия
SE = Швеция
GB = Великобритания;
- жылдың соңғы санына сәйкес келетiн, жылды анықтаушы бiр топты сан,
мысалы 2002 жыл үшiн "2";
- экспорттайтын елдiң белгi берушi органын анықтаушы 01-ден 99
дейiнгi екi таңбалы нөмiр;
- кедендiк тазалау жөнiндегi Мемлекетке - Қауымдастық Мүшесiне
берiлген бiрте-бiрте өсетiн 00001-ден 99999 бес таңбалы нөмiр.
14-бап
Экспортқа лицензия мен шығу тегi сертификаты оларға тиiстi тауарлар жiберiлгеннен кейiн берiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда оларда "өткенге қатысты берiлдi" ("issued retrospectively") деген жазу болу керек.
15-бап
1. Экспортқа лицензия немесе шығу тегi сертификаты ұрланған, жоғалған немесе жойылған жағдайда экспорттаушы лицензия беруге өкiлеттендiрiлген Қазақстанның мемлекеттiк органдарына немесе Қазақстанның заңдарына сәйкес шығу тегi сертификатын беруге өкiлеттендiрiлген Қазақстан ұйымдарына сәйкесiнше экспорттаушыда бар экспортқа арналған құжаттар негізінде екінші
нұсқаны беру үшін өтінiш жасай алады. Осындай жолмен берiлген
сертификаттың немесе лицензияның екiншi нұсқасында "екiншi нұсқа"
("duplicale") деген жазуы болу керек.
2. Екiншi нұсқада экспортқа алғашқы лицензияның немесе шығу тегi
алғашқы сертификатының берiлген күнi көрсетілуi керек.
V ТАРАУ
ӘКIМШIЛIК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
16-бап
2-Жақ осы Хаттаманың ережелерiн орындаған кезде тығыз ынтымақтастықта
болады. Осы мақсатпен Екi Жақ техникалық мәселелер жөнiндегi
ынтымақтастықты қоса алғанда байланыстарға және пiкiр алмасуларға
көмектеседi.
17-бап
Осы Хаттаманы дұрыс қолдану үшiн 2-Жақ осы Хаттама, немесе оған сәйкес жасалған кез келген мәлiмдемелер бойынша берiлген экспортқа арналған лицензиялар мен шығу тегi сертификаттардың шынайылығы мен ұқыптылығын тексеру кезiнде өзара көмек көрсетедi.
18-бап
Қазақстан экспортқа арналған лицензиялар мен шығу тегi сертификаттарын беруге және тексеруге құзыреттi Қазақстан органдарының аттары мен мекен-жайларын олар пайдаланатын мөрлер және қол қою үлгiлерiмен қоса, Еуропалық Қауымдастық Комиссиясына жолдайды. Қазақстан, сондай-ақ осындай өзгерген ақпараттың қандайы болмасын Комиссияға хабарлайды.
19-бап
1. Шығу тегi сертификаттарын немесе экспортқа арналған лицензияларды келесi тексеру кез келген уақытта, немесе Қауымдастықтың құзыреттi органдары сертификаттың немесе лицензияның немесе күмәндi тауарлардың шығу тегiне қатысты ақпараттың дәлдiгiне негiзделген күмәнi бар уақытта жүзеге асырылады.
2. Мұндай жағдайларда Қауымдастықтың құзыреттi органдары егер қабылдайтындай болса, осындай тексерудi ақтайтын себептердi көрсете отырып, шығу тегi сертификатын немесе экспортқа арналған лицензияны немесе оның көшiрмесiн Қазақстанның сәйкес органдарына қайтарады. Есеп-фактура жiберiлген жағдайда, осындай есеп-фактура немесе оның көшiрмесi сертификатқа немесе лицензияға немесе оның көшiрмесiне қоса жiберiледi. Құзыреттi органдар сол сияқты жоғарыда аталған сертификаттағы немесе лицензиядағы мәлiметтердiң анық еместiгiн дәлелдейтiн кез келген алынған ақпаратты беруге тиiс.
3. Осы Баптың 1-тармағының Ережесi сол сияқты осы Хаттаманың 2-бабында көзделген шығу тегi сертификаттарын келесi тексерулерге қолданылады.
4. 1-шi және 2-шi одан жоғары тармақтарға сәйкес жүргiзiлген келесi тексерулердiң нәтижелерiн Қауымдастықтың құзыреттi органдары тексеруден соң үш айдан кешiктiрмей жiбередi. Мұндай ақпаратта күмәндi сертификат, лицензия немесе мәлiмдеме шын мәнiнде экспортталған тауарға қатыста қолданылды ма, немесе Келiсiмде белгiленген уағдаластыққа орай сондай тауарлар экспортқа жiберiлдi ме солар көрсетiлулерi тиiс. Ақпаратта сол сияқты Қауымдастықтың талабы бойынша шындықты, атап айтқанда, тауардың анық шығу тегiн толық ашу үшiн қажеттi бар құжаттардың көшiрмелерi болуға тиіс.
Егер осындай тексерулер шығу тегi сертификаттарын қолдануда ұдайы ереже бұзылуын ашатын болса, Қауымдастық күмәндi бұйымдар импортын осы Хаттаманың 2-бабының (1) ережесiне жатқыза алады.
5. Шығу тегi сертификаттарын келесi тексеру мақсатында сертификаттардың, экспортқа қатысты кез келген құжаттардың көшiрмелерi осы Келiсiмнiң бiткен күнiнен бастап бiр жылдан кем емес уақытта Қазақстанның сәйкес құзыреттi органдарында сақталады.
6. Осы бапта көзделген кез келген уақытта тексеру тәртiбi тауарлардың еркiн айналысына бөгет етпеуi тиiс.
20-бап
1. 19-бапта көрсетiлген тексеру рәсiмi, немесе Қазақстанның немесе Қауымдастықтың құзыреттi органдарында бар ақпарат Келiсiмнiң ережелерiн бұзатындығын көрсететiн болса немесе көрсетсе, екі Жақ мұндай ереже бұзылудың алдын алу үшiн тығыз ынтымақтастықта болады.
2. Осы мақсатпен Қазақстанның сәйкес органдары өз бастамасы бойынша немесе Қауымдастықтың талап етуi бойынша ереже заң бұзуы болып табылатын операцияларға қатыста немесе Қауымдастықтың пiкiрiнше осы Хаттама бұзылды дегенде сәйкесiнше тергеулердi жүргiзедi немесе ұйымдастырады. Қазақстан Қоғамдастық тексеру нәтижелерiн, ереже сақтамау және бұзушылықты, тауардың шығу тегiнiң себебiн анықтайтын кез-келген лайықты ақпарат жiбередi.
3. 2-Жақтың келiсiмi бойынша Қауымдастық тағайындаған лауазымды тұлғалар осы Баптың 2-тармағында ескерiлген тергеулер кезiнде қатыса алады.
4. Осы Баптың 1-тармағында ескерілген ынтымақтастыққа сәйкес Қазақстан мен Қауымдастықтың құзыреттi органдары Келiсiм ережелерiн сақтамау және ереже бұзушылықты болдырмау үшiн Жақтардың қайсысы болсын қажет деп санайтын кез келген ақпараттармен алмасады. Мұндай алмасу, атап айтқанда, егер күмәнді тауарлар олар Қауымдастыққа импортталғанға дейiн Қазақстанның аумағы арқылы тасылуы мүмкiн деп санауға Қауымдастықтың негiзделген себептерi болса, Қазақстан мен үшiншi елдер арасындағы осы Келiсiмде ескерiлген бұйым түрлерiмен сауда туралы ақпаратты қоса алады. Бұл ақпарат Қауымдастықтың талап етуi бойынша қолда бар болса, барлық
сәйкес құжаттардың көшiрмелерiн қоса алады.
5. Егер жеткiлiктi айғақтар осы Хаттаманың ережелерiнiң сақталмаған
немесе бұзылғандығын куәлендiретiн болса, Қазақстанның немесе
Қауымдастықтың құзыреттi органдары мұндай ереже сақталмағанын немесе
бұзушылықтың алдын алу үшiн кез келген қажеттi шараларды қолдануға келiсе
алады.
----------------------------------------------------------------------
Экспортқа лицензия
(көшірме)
РҚАО-ның ескертуі. Лицензия мәтіні ағылшын тілінде.
(қағаз мәтіннен қараңыз)
----------------------------------------------------------------------
Сертификат тегі
(оригинал)
РҚАО-ның ескертуі. Сертификат мәтіні ағылшын тілінде.
(қағаз мәтіннен қараңыз)
----------------------------------------------------------------------
Ұлттық құзыретті органдардың тізімі
РҚАО-ның ескертуі. Мәтіні ағылшын тілінде.
(қағаз мәтіннен қараңыз)
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б