Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуропалық Бiрлестiк арасында Көмiр және Болат бойынша болаттың белгiлi бiр бұйымдарымен сауда жөнiндегi келiсiмнiң жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1765 P011765_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан келiссөздер жүргiзуге және Келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.";
2) қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа
көмір және болат бірлестігі арасындағы болаттың белгілі бір бұйымдарымен
сауда туралы келісімнің жобасында:
12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Келісім оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Ол, егер
осы баптың 3-тармағының ережесіне сәйкес бұзылмаса, 2004 жылғы 31
желтоқсанға дейін қолданылуы тиіс.".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған
шешім туралы Еуропалық Комиссияны хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропа көмiр және болат
бiрлестiгi арасындағы болаттың белгiлi бiр бұйымдарымен
сауда туралы
Келісім
Бiр тараптан
Қазақстан Республикасының Үкіметі және
екiншi тараптан
Еуропа көмір және болат бірлестігі
Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi "Қазақстан" деп аталатын) мен Еуропа көмiр және болат бiрлестiгi (бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын) Қазақстан мен Қоғамдастық арасында болатпен сауданың ұйымдасқан түрде және әдiлеттi дамуына ықпал етуге ұмтылу фактісін назарға ала отырып;
1995 жылғы 23 қаңтарда қол қойылған, Қазақстан Республикасы, Еуропа Қоғамдастықтары мен олардың мүше мемлекеттерi арасындағы Әрiптестік және Ынтымақтастық туралы келiсiмнің 1999 жылғы 1 шiлдеде күшiне енгендiгi фактісін назарға ала отырып;
Тараптар болаттың мұндай бұйымдарымен саудаға қатысты тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен уағдаластыққа қол жеткiзу қажеттiлiгiн ескеретiндiгi фактісін назарға ала отырып;
Мұндай келiсiмнiң Әріптестiк және Ынтымақтастық туралы Келiсiмнің 17(1) бабымен көзделетiндiгi фактісін назарға ала отырып; оның 11-бабын қоспағанда, бұл баптың Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы Келiсiмнің III бөлiмi арқылы ЕКББ-мен болат бұйымдарымен сауданы реттеудi көздейтiндігі фактісін назарға ала отырып;
2000 және 2001 жылдары Тараптар арасындағы қатынастар дамуын ескеретiн, бұдан былай келiсiммен ауыстырылуы қажет, Еуропа көмiр және болат бiрлестігi (ЕКББ) құрған Шарт қамтитын белгiлi бiр бұйымдармен сауда Тараптар арасындағы келiсiмнiң нысаналы болғандығы фактісін назарға ала отырып;
Белгiлi бiр шарттар сақталған, атап айтқанда, осы Келiсiм қамтитын болат бұйымдарына қатысты тиiстi бәсекелестік жағдайлар жасалған жағдайда, осы Келiсiмнің ЕКББ құратын Шарт қамтитын, белгiлi бiр бұйымдармен саудада сандық шектеулердi жоюға мүмкiндiк беретiн негiз құруға арналғандығы фактісін назарға ала отырып;
Бұл Келiсiмнiң Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң 17(2)
бабымен көзделгенiндей, ЕКББ Байланыс Тобы шеңберiнде тиiстi ақпарат
алысуды қоса алғанда, Тараптардың болат құю өнеркәсiбiне қатысты
ынтымақтастығымен қатар жүруi тиiстiлiгi фактісін назарға ала отырып,
Осы келiсiмдi жасасуға шешім қабылдады және осы мақсатпен өздерінің
уәкiлеттi тұлғалары ретiнде:
Қазақстан Республикасының Үкіметін және
Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясын
тағайындады,
Олар мыналар туралы келісті:
1-бап
1. Осы Келiсiм:
а) 1-қосымшада келтiрiлген, ЕКББ жасайтын Шарт қамтитын, болаттың
бұйымдарымен Тараптар жүргiзетiн саудаға,
б) Қоғамдастықтың Құрамалы номенклатурасына сай 7204 позициясында сыныпталатын қара металдардың металл сынықтары мен қалдықтарына қолданылады.
2. ЕКББ жасайтын Шартта көрсетiлген, бiрақ 1-қосымшаға енгiзiлмеген болат бұйымдарымен сауда, сауда және онымен байланысты мәселелер бойынша Тараптар арасындағы қолданыстағы келiсiмдердiң тиiстi ережелерiн, атап айтқанда, демпингке қарсы рәсiмдерге және қорғау шараларына жататын ережелерді қолдану үшін нұқсан келтiрместен сандық шектеулерге ұшырамауға тиiстi.
3. Осы Келiсiммен қамтылмаған талқылау нысаны туындаған жағдайда, Әрiптестік және Ынтымақтастық туралы Келiсiмнің тиiстi шарттары қолданылуға тиiстi.
2-бап
1. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан өзiнің болат бұйымдарының Қоғамдастық елдерiне экспортына әрбiр күнтiзбелiк жылға сандық шектеулер белгiлеуге және сақтауға келіседi. Мұндай экспорт А Хаттамасына сәйкес қосарлы бақылауға жатады.
2. Тараптар бәсекелестiк талаптары белгiленген жағдайда, 1 қосымшада көрсетiлген болат бұйымдарына қатысты сауданы толық ырықтандыруға қол жетiсiмен өз мiндеттемелерiн қуаттайды.
3. Тараптар арасында Қоғамдастықтың Құрамалы номенклатурасына сай 7204 позициясында сыныпталатын қара металдардың металл сынықтары мен қалдықтарына қатысты бiрдей әсерi бар сандық шектеулерге, кеден баждарына, алымдарға және басқа да шараларға тыйым салынған.
4. Тараптар 1-қосымшаға енгiзілген, 2002 жылғы 1 қаңтардан Қазақстаннан ЕО елдерiне бұйымдар импортының, осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн, 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулерден шегерiлуге тиiстiлiгімен келiстi.
5. ЕО өнеркәсiбi ішкi рынокты қанағаттандыра алмайтындықтан, соның нәтижесiнде 1-қосымшаға енгiзiлген бiр немесе бiрнеше бұйымдар бойынша ұсыныстар жеткiлiксiздiгiнен, 2-қосымшада аталғандардан асатын санын импорттау үшiн рұқсат алу қажет. Тараптардың кез-келгенінің өтiнiшi бойынша жетiспеушілiк деңгейiн анықтау мақсатымен дереу консультациялар өткiзiлуге тиiстi. Консультациялар нәтижелерiнен кейiн, сондай-ақ объективтi деректерге негiзделе отырып, ЕО 2-қосымшада көрсетiлген сандарды арттыру үшiн өзінің iшкi рәсiмдерiн енгiзедi.
6. Егер ЕО-на мүшелiкке үмiткер елдер осы Келiсiмнiң күшiнде болатын мерзiмi аяқталғанға дейiн қосылса, Тараптар 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулердi арттыру мүмкiндiгiн қарауға келiседi.
7. Тараптардың әрқайсысы кез-келген уақытта:
- 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдарына қатысты жағдайлар едәуiр нашарлаған немесе жақсарған жағдайда 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулер деңгейiне;
- толық пайдаланылмаған топтардан сандардың басқа топтарға ауысу мүмкiндiгiне қатысты консультациялар алуы мүмкін.
3-бап
1. 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдарының еркiн айналыс үшiн Қоғамдастықтың кеден аумағына әкелiнуi Қазақстанның құзырлы органдары берген экспорттық лицензия және А Хаттамасының ережелерiне сәйкес шыққан жерінің сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылуға тиiстi.
2. 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдарының Қоғамдастықтың кеден аумағына әкелiнуi, олар сол күйiнде немесе Қоғамдастықтағы әкiмшiлiк бақылау жүйесi шеңберiнде қайта өңдеуден кейiн Қоғамдастықтан тысқары жерлерге қайта экспортқа арналған ретiнде мағлұматтамада көрсетiлген жағдайда, 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулерге ұшырамауға тиiстi.
3. 2-қосымшада көрсетiлген қандай да бiр күнтiзбелік жыл ішінде жұмсалмаған сандық шектеулер көлемiнің тиiстi күнтiзбелiк жылға тиiстi сандық шектеулерiнің өтетiн қоры олардың пайдаланылмаған жыл iшiндегi тиiстi сандық шектеуінің 10%-на дейiн құрауы мүмкiн. Қазақстан өзінің осы ереженi пайдалану ниетi туралы келесi жылдың 1 наурызынан кешіктiрместен Қоғамдастықты хабардар етуге тиiстi.
4. Бұйымдардың белгілi бiр тобының сандық шектеуi екi тараптың келiсуiмен күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр рет қайта қаралуы мүмкiн. Ауыстырумен байланысты сандық шектеулерге кез-келген түзетулер тек ағымдағы күнтiзбелiк жылға қатысты болады. Келесi күнтiзбелiк жылдың басында сандық шектеулер осы Баптың 3-тармағының ережелерiне нұқсан келтiрместен, 2-қосымшада көрсетілген шектеулерге сәйкес болуға тиiстi. Қазақстан осы ереженi қолдану ниетi туралы 30 маусымнан кешiктiрместен Қоғамдастықты хабардар етуге тиiстi.
4-бап
1. Қосарлы бақылау жүйесiн неғұрлым тиiмдi жүргiзу және қиянат жасап пайдалану мен заңсыздықты болдырмау мақсатымен:
- Қазақстан өкiмет органдары алдындағы айда берiлген, экспортқа арналған лицензиялар туралы әр айдың 28-шi күнiне дейiн Қоғамдастықтың тиiстi құзырлы органдарын хабардар етуге тиiстi;
- Қоғамдастықтың үкiмет органдары алдындағы айда берiлген, импортқа арналған рұқсаттар туралы әр айдың 28-шi күнiне Қазақстанның құзырлы органдарын хабардар етуге тиiстi;
Мұндай ақпаратқа тартылған уақытша факторларды ескере отырып, қандай да бiр едәуiр үйлеспеушілiк жағдайында Тараптардың әрқайсысы консультация алуды сұрауы мүмкiн, ол кідiрiссiз ұсынылуға тиiстi.
2. Екi Тарап Осы Баптың 1-тармағына нұқсан келтiрместен, және осы Келiсiмнiң тиiмдi қолданысын қамтамасыз ету мақсатымен тасымалдау кезiндегi заңсыздыққа қарсы, елi немесе шыққан жерi туралы жалған мәлiмдеуге, құжаттарды бұрмалауға, тауарлардың санына немесе сыныпталуына қатысты жалған мәлiмдеуге немесе қандай да бiр өзге жағдайларға қарсы, оларды болдырмау, тергеу жөнiнде барлық қажеттi шаралар қабылдау және барлық қажеттi құқықтық және/немесе әкiмшілiк шаралар қолдану жөнiнде келiседi. Тараптар, тиiсiнше, тиiстi экспорттаушыларға және/немесе импорттаушыларға міндеттi жауапкершiлiк шараларын қабылдау кiретiн, заңсыздықтарға қарсы осындай тиiмдi iс-қимылдар қолдануға рұқсат ететiн қажеттi құқықтық ережелер және әкiмшілiк рәсiмдер белгiлеуге келiседi.
3. Егер Тараптардың бiрi өзіндегi ақпарат негiзiнде осы Келiсiм бұзылған деп санаса, Тарап, басқа Тараптан консультация талап етуi мүмкiн, ол еш кiдiрiссiз жүргiзiлуге тиiстi.
4. Осы Баптың 3-тармағында аталған консультациялардың нәтижелерiн күте отырып және Қоғамдастықтың талап етуi бойынша, сондай-ақ жеткiлiктi дәлел берiлген кезде, Қазақстан осы консультациялар нәтижесiнде туындауы мүмкiн сандық шектеулердiң кез-келген өзгерiстерiн осы Баптың 3-тармағына сәйкес консультацияға сәйкес сауал жасалған күнтiзбелiк жылға немесе осы күнтізбелiк жылға лимит таусылғанда, келесi жылға енгiзiлуiн қамтамасыз етедi.
5. Егер, Тараптар, осы Баптың 3-тармағына сәйкес жүргiзiлген консультациялар барысында өзара шешiмге келе алмаса, 1-қосымшада көрсетiлген, Қазақстанда өндiрiлетiн бұйымдар осы Келiсiмнiң бұзылуымен импортталғандығының жеткiлiктi дәлелi болған жағдайда, Қоғамдастықтың тиiстi сандарды 2-қосымшадағы көрсетiлген бойынша сандық шектеулер есебiне есептеуге құқы бар.
6. Егер, Тараптар, осы Баптың 3-тармағына сәйкес консультациялар барысында өзара шешiмге келе алмаса, санының немесе сыныпталуының баян етілгендігi туралы жалған мәлiмдеу болғандығын көрсететiн жеткілiктi дәлел болған жағдайда, Қоғамдастықтың осы бұйымдардың импортынан бас тартуға құқығы бар.
7. Тараптар осы Келiсiмнiң бұзылуынан туындайтын барлық проблемаларды болдырмау және тиiмдi шешу үшiн тығыз ынтымақтастыққа келiседi.
5-бап
1. Болат бұйымдарын ЕКББ Қоғамдастық импортына 2-қосымшадағы көрсетiлген сандық шектеулердi Қоғамдастық аймақтық квоталарға бөлмеуге тиiстi.
2. Тараптар дәстүрлi өзара саудада күтпеген және зиян келтiретiн өзгерiстердi болдырмау үшiн ынтымақтасуға тиiстi. Дәстүрлi өзара саудада күтпеген және зиян келтiретiн өзгерiстер болған жағдайда (аймақтық шоғырлануды немесе дәстүрлi жеткiзiлiмдердi жоғалтуды қоса алғанда), Тараптар туындаған проблеманы шешу үшiн консультация талап етуге құқығы бар. Мұндай консультациялар кiдiрiссiз өткiзiлуi тиiс.
3. 1-қосымшадағы көрсетілген Қазақстан болат бұйымдардың Қоғамдастыққа жыл iшiнде мейлiнше қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз етiлуiне ықпал етедi. Импорт күтпеген және қолайсыз тез өскен жағдайда, Қоғамдастық туындаған проблеманы шешу үшiн консультация талап етуге құқығы бар. Мұндай консультациялар еш кiдiрiссiз жүргiзiледi.
4. Осы Баптың 3-тармағындағы мiндеттемеге қосымша егер, қазақстандық өкiмет органдары берген лицензиялар бойынша болат бұйымдарының саны қаралатын жылғы сандық шектеулердiң 90%-ын құраса, Тараптардың кез-келгенi осы жылға сандық шектеулер туралы консультация сұрауы мүмкiн. Мұндай консультациялар еш кiдiрiссiз жүргiзiлуге тиiстi. Мұндай консультациялардың нәтижелерiн күтуде, осы лицензиялар бойынша бұйымдар саны 2-қосымшада көрсетiлген саннан аспаған жағдайда, Қазақстанның құзырлы органдары осы Келiсiммен қамтылған бұйымдар экспортына лицензиялар берудi жалғастыруы мүмкін.
6-бап
1. Егер осы Келiсiммен қамтылған өнiмнiң қандай да бiр түрi Қоғамдастық елдерiндегі осындай өнiмдер өндiрушiлер үшiн едәуiр нұқсанға әкелетiн немесе әкелуi мүмкiн жағдайлармен Қазақстаннан Қоғамдастыққа импортталса, Қоғамдастық Қазақстанға екi тарабы үшiн қонымды шешiм табуға тырысу үшiн толық көлемде тиiстi ақпарат беруге тиiстi. Тараптар еш кідірiссiз консультациялар бастауға тиiстi.
2. Егер, осы баптың 1-тармағында аталған консультациялар кезiнде Қоғамдастықтың консультациялар бастау өтiнiшiмен жүгiнген күнiнен 30 күн iшiнде келiсiмге қол жеткiзуге сәтi келмесе, Қоғамдастық ӘЫҚ ережесiне сай, қорғау шараларына қатысты құқығын пайдалануы және белгiлi бiр қадамдар жасауы мүмкiн.
3. Осы Келiсiмнiң ережесiне қарамастан 13-баптың 6-тармағы ӘЫҚ қолданылатын болады.
7-бап
1. Осы Келiсiммен қамтылған бұйымдардың сыныпталуы Қоғамдастықтың тарифтік және статистикалық номенклатурасына (бұдан әрi "Құрамалы номенклатура немесе қысқаша нысанда "ҚН" деп аталатын) және оған кез-келген түзетулерге негiзделедi. 2-қосымшадағы көрсетiлген немесе тауарлардың сыныпталуы туралы кез-келген шешiммен қамтылған бұйымдарға қатысты, Қоғамдастықта қолданыстағы ережелерге сәйкес ҚН-ға жасалған кез-келген түзетудің 2 қосымшада көрсетiлген сандық шектеулердi өзгертуге мүмкiндік беретiн күшi болмауға тиiстi.
2. Келiсiммен қамтылған бұйымдардың шыққан жерi Қоғамдастықтағы қолданыстағы ережелерге сәйкес айқындалуға тиiстi. Шыққан жерi туралы осы ережелерге енгiзiлген кез-келген түзету туралы Қазақстанға хабарлануға тиiстi және 2-қосымшадағы көрсетiлген сандық шектеулерiн өзгертуге мүмкiндiк беретiн күшi болмауға тиiстi. Жоғарыда көрсетiлген бұйымдардың шыққан жерiн бақылау тәртiбi А Хаттамасында баян етiлген.
8-бап
1. Тараптар осы Келiсiмнің 4-бабына (1) сай экспортқа лицензиялар және импортқа рұқсаттар туралы кезеңiмен ақпарат алысуға нұқсансыз, осы Келiсiмнiң 3-бабына сай берiлген, экспортқа лицензиялар және импортқа рұқсаттар және осындай бұйымдарға қатысты импорт пен экспорт туралы статистикалық деректер кiретiн, осы ақпарат дайындалуға тиiстi ең қысқа уақыттар ескерiле отырып, белгiлi бiр уақытта 2-қосымшада баяндалған сандық шектеулерге жататын бұйымдарға қатысы бар барлық статистикалық ақпарат алысып отыруды келiседi.
2. Тараптардың әрқайсысы ақпарат берудегi қандай да бiр едәуiр алшақтық жағдайында консультация алуға жүгiнуi мүмкін.
9-бап
1. Осы Келiсiмнің алдындағы баптарында көрсетiлген белгiлi бiр мiндеттемелерге қатысты көзделген консультациялар туралы ережелерге нұқсансыз, Тараптардың кез-келгенiнiң сауалы бойынша осы Келiсiмдi қолдану барысында туындайтын кез-келген проблемалар бойынша консультациялар жүргiзiлуге тиiстi. Кез-келген консультация ынтымақтастық рухында және Тараптар арасындағы айырмашылықтарды реттеу ниетiмен жүргiзiледi.
2. Егер осы Келiсiм консультациялардың еш кiдiрiссiз жүргiзiлуiн көздесе, уағдаласушы Тараптар оларды жүргiзу үшiн барлық парасатты iс-қимылды қолданады.
3. Басқа барлық консультациялар мына ережелермен реттеледi:
- Тараптардың кез-келгенi консультацияға сауал туралы басқа Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге тиiстi;
- тиiстi жағдайларда, ақылға қонымды мерзiмдерде, сауалдан кейiн мұндай консультациялардың себептерiн негiздейтiн есеп болуға тиiстi;
- сауал берiлген күннен бастап бiр ай ішінде консультациялар басталуға тиiстi;
- егер Тараптардың келiсуi бойынша мерзiм ұзартылмаса, консультациялар басталған күннен бiр ай iшiнде өзара қолайлы шешiм қабылдануға тиiстi.
4. Сондай-ақ, осы Келiсiм Тараптарының келiсiмi бойынша арнайы қосымша консультациялар жүргiзiлуi мүмкiн.
10-бап
1. Екi Тарапта болат бұйымдарымен сауданы толық ырықтандыруға қол жеткiзудi мақсат тұтады және мұның өз араларында сауданы жылжытудың маңызды шарты болып табылатындығы, Тараптардың әрқайсының өз iшiнде қолданатын бәсекелестіктің және мемлекеттiк көмектің келiсiмдi болуға тиiстi фактісін таниды. Осы мақсатпен және Қазақстан тарапынан сауал негiзiнде, Қоғамдастық Қазақстан Республикасының Қоғамдастық қабылдаған және қабылдайтындарымен үйлесiмдi заңнама ережелерiн қабылдауға және iске асыруға көмектесуi үшiн техникалық көмек көрсетуге тиiстi. Мұндай көмек екi Тарап келiсуге тиiстi жобаларда дәл айқындалатын болады және олардың мақсатын, қол жеткiзудің құралдарын және күнтiзбелік мерзiмдерiн дәл айқындайды.
2. Егер, мұндай форум шақырылса, Тараптар болат құю секторындағы мемлекеттiк көмек және субсидиялар туралы халықаралық келiсiмдер бойынша келiссөздерге қатысуға келiседi.
11-бап
1. 2002 жылғы 23 шiлдеде, ЕКББ жасаған Шарттың күшiнде болатын мерзiмi өтiсiмен, Қоғамдастық осы Келiсiмге сәйкес осы қатысушы қабылдаған барлық құқықтар мен мiндеттердi өзiне қабылдауға тиiстi.
2. Тараптар осы Келiсiмнiң ұзартылатындығымен, ал Тараптардың осы Келiсiм шеңберiнде жасасқан құқықтары және мiндеттемелерi оның күшiнде болатын мерзiмi аяқталғаннан кейiн сақталатындығымен келiстi.
3. Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 17-бабында Европа Көмiр және болат бiрлестiгi жасаған Шарт қамтитын бұйымдарға сiлтеме көрсетiлген Шарттың күшiнде болатын мерзiмi өткен бойда, 3-қосымшаға енгiзiлген бұйымдарға жүгiну мақсатымен оқылады.
12-бап
1. Осы Келiсiм оның қол қойылған күннен күшiне енеді. Егер осы Баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес бұзылмаса, ол 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылуға тиiстi.
2. Тараптардың кез-келгенi, кез-келген уақытта осы келiсiмге Тараптардың әрқайсысының сауалы бойынша консультацияларда талқылаудың өзегi болатын өзгерiстер енгiзудi ұсынады.
3. Тараптардың кез-келгенi бұл туралы ең кемi алты ай бұрын хабарланған жағдайда осы келiсiмдi бұзуы мүмкiн. Егер Тараптар өзге уағдаластыққа қол жеткiзбесе, бұл жағдайда, Келiсiм хабар мерзiмi өтiсiмен аяқталуға тиiстi, ал Қоғамдастықтың 2-қосымшада осы Келiсiмге белгiлеген сандық шектеулерi бұзу күнiне қатарлас кемiтiлуге тиiстi.
4. Егер, Қазақстан осы Келiсiмнiң күшiнде болатын мерзiмi өткенге дейiн ДСҰ-ға қосылу рәсiмiн бастаса, ережелер ДСҰ ережелерiне сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатымен осы Келiсiм оның күшiне ену мерзiмiне дейiн қайта қаралатын болады. Сонымен қатар, 1-қосымшадағы көрсетiлген болат бұйымдарына қатысты Қоғамдастық пен Қазақстан қабылдаған жаңа көп жақты мiндеттемелер туындаған жағдайда Келiсiмнiң күшi де қайта қаралатын болады.
5. Егер Тараптардың осының алдындағы баптарда көзделген консультациялар кезiнде өзара тиiмдi шешiмге келе алмағандығын немесе Тараптардың бiрi осы Келiсiмдi бұзғанда, осы Келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген, Қазақстан өнiмдерiнiң экспортына қатысты дербес квоталар жүйесiн қайта енгiзiлуiн қоса алғанда, Қоғамдастық кез-келген уақытта барлық қажеттi шаралар қолдану құқығын сақтайды.
6. Осы Келiсiмге Қосымша және А Хаттамасы осы Келісiмнiң ажырамас
бөлiгi болып табылады.
13-бап
Осы Келiсiм қазақ, орыс, дат, голланд, ағылшын, фин, француз, немiс,
грек, итальян, португал, испан және швед тiлдерiнде жасалды, оның
мәтiндерiнiң әрқайсысының күшi бiрдей.
Қол қойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн
Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы үшiн
1-қосымша
Қазақстан
SA Қаңылтыр 7211 23 51
прокат SA 1 7208 40 90 7211 29 20
Орамдар 7208 53 90 7211 90 11
7208 10 00 7208 54 10
7208 25 00 7208 54 90 7212 10 10
7208 26 00 7208 90 10 7212 10 91
7208 27 00 7212 20 11
7208 36 00 7209 15 00 7212 30 11
7208 37 90 7209 16 10 7212 40 11
7208 38 90 7209 16 90 7212 40 91
7208 39 90 7209 17 10 7212 50 31
7209 17 90 7212 50 51
7211 14 10 7209 18 10 7212 60 11
7211 19 20 7209 18 91 7212 60 91
SA 3 Басқа
7219 11 00 қаңылтыр прокат 7219 21 10
7219 12 10 7209 18 99 7219 21 90
7219 12 90 7209 25 00 7219 22 10
7219 13 10 7209 26 10 7219 22 90
7219 13 90 7209 26 90 7219 23 00
7219 14 10 7209 27 10 7219 24 00
7219 14 90 7209 27 90 7219 31 00
7225 20 20 7209 28 10 7219 32 10
7225 30 00 7209 28 90 7219 32 90
7209 90 10 7219 33 10
SA 1 а Қайталама 7219 33 90
прокаттау үшін 7210 11 10 7219 34 10
арналған орамдар 7210 12 11 7219 34 90
7208 37 10 7210 12 19 7219 35 10
7208 38 10 7210 20 10 7219 35 90
7208 39 10 7210 30 10
SA 2 Қалың 7210 41 10 7225 40 80
қаңылтырлы 7210 49 10
болат 7210 50 10
7208 40 10 7210 61 10
7208 51 10 7210 69 10
7208 51 30 7210 70 31
7208 51 50 7210 70 39
7208 51 91 7210 90 31
7208 51 99 7210 90 33
7208 52 10 7210 90 38
7208 52 91
7208 52 99 7211 14 90
7208 53 10 7211 19 90
7211 13 00 7211 23 10
2-қосымша
Сандық шектеулер
(тонна)
Бұйымдар 2002 2003 2004
SA Қаңылтыр прокат
SA 1. Орамдар 50000 50000 50000
SA la Қайталама 5000 5000 5000
прокаттауға арналған
орамдар
SA 2. Қалың қаңылтырлы 0 0 0
болат
SA 3. Басқа қаңылтыр 53000 55700 58500
прокат
3-қосымша
11-бапта сілтеме жасалған бұйымдар
72011011 72082500 72102010 72149190 72192300 72254080
72011019 72082600 72103010 72149910 72192400 72255000
72011030 72082700 72104110 72149931 72193100 72259110
72011090 72083600 72104910 72149939 72193210 72259210
72015010 72083710 72105010 72149950 72193290 72259910
72015090 72083790 72106110 72149961 72193310 72261110
72021120 72083810 72106910 72149969 72193390 72261910
72021180 72083890 72107031 72149980 72193410 72261930
72029911 72083910 72107039 72149990 72193490 72262020
72031000 72083990 72109031 72159010 72193510 72269110
72039000 72084010 72109033 72161000 72193590 72269190
72041000 72084090 72109038 72162100 72199010 72269210
72042110 72085110 72111300 72162200 72201100 72269320
72042190 72085130 72111410 72163111 72201200 72269420
72042900 72085150 72111490 72163119 72202010 72269920
72043000 72085191 72111920 72163191 72209011 72271000
72044110 72085199 72111990 72163199 72209031 72272000
72044191 72085210 72112310 72163211 72210010 72279010
72044199 72085291 72112351 72163219 72210090 72279050
72044910 72085299 72112920 72163291 72221111 72279095
72044930 72085310 72119011 72163299 72221119 72281010
72044991 72085390 72121010 72163310 72221121 72281030
72044999 72085410 72121091 72163390 72221129 72282011
72045010 72085490 72122011 72164010 72221191 72282019
72045090 72089010 72123011 72164090 72221199 72283020
72061000 72091500 72124010 72165010 72221910 72283041
72069000 72091610 72124091 72165091 72221990 72283049
72071111 72091690 72125031 72165099 72223010 72283061
72071114 72091710 72125051 72169910 72224010 72283069
72071116 72091790 72126011 72189111 72224030 72283070
72071210 72091810 72126091 72189119 72241000 72283089
72071911 72091891 72131000 72189911 72249001 72286010
72071914 72091899 72132000 72189920 72249005 72287010
72071916 72092500 72139110 72191100 72249008 72287031
72071931 72092610 72139120 72191210 72249015 72288010
72072011 72092690 72139141 72191290 72249031 72288090
72072015 72092710 72139149 72191310 72249039 73011000
72072017 72092790 72139170 72191390 72251100 73021031
72072032 72092810 72139190 72191410 72251910 73021039
72072051 72092890 72139910 72191490 72251990 73021090
72072055 72099010 72139990 72192110 72252020 73022000
72072057 72101110 72142000 72192190 72253000 73024010
72072071 72101211 72143000 72192210 72254020 73029010
72081000 72101219 72149110 72192290 72254050
Келiсiлген хаттама
Тараптар _________ қол қойылған, Қазақстан мен ЕКББ арасында болаттың
белгiлi бiр бұйымдарымен сауда жөнiндегi Келiсiмнiң түп мәтiнiнде:
- Тараптар экспортқа лицензияларға және импортқа рұқсаттарға қатысты осы Келiсiмнiң 4-бабында (1) көзделген ақпарат алысылуын орындау үшiн тұтастай, Қоғамдастықтың және оның мүше елдерінің жүгiнуi бойынша осындай ақпарат беретiндігімен;
- осы Келiсiмнің 5-бабында (2) көзделген консультациялардың қанағаттанарлық нәтижесiне қол жеткiзiлуiн күтуде, егер, бұл туралы Қоғамдастық өтiнетiн болса, Қазақстан дәстүрлi саудада күтпеген және нұқсан келтiретiн өзгерiстер нәтижесiнде туындаған проблемалар мейлiнше тереңдете түсетiн экспортқа лицензиялар берудi тоқтату жолымен
ынтымақтасатындығымен; және
- Қазақстан, олардың берiп тұрудағы дәстүрлi қажеттерi көзқарас
тұрғысы сияқты, аймақтық шоғырлануларды болдырмау үшiн де Қоғамдастықтағы
шағын аймақтық рыноктардың құбылмалы райын назарға алатындығымен келiседi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн
Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы үшiн
А Хаттамасы
1 тарау
Жіктеу
1-бап
1. Қауымдастықтың құзыреттi органдары осы Келiсiммен қамтылған
бұйымдардың қатысында Қауымдастықтың оларды күшiне енгiзген күнге дейiн
Қиыстырылған Номенклатурадағы кез-келген өзгерiстер туралы Қазақстанды
хабардар етуге мiндеттенедi.
2. Қауымдастықтың құзыреттi органдары осы Келiсiммен қамтылған
бұйымдарды жiктеуге қатысты кез-келген шешiмдер туралы олардың қабылдану
күнiнен бiр ай кешiктірмей Қазақстанның құзыреттi органдарын хабардар
етуге мiндеттенедi.
Мұндай сипаттау:
а) осындай бұйымдардың сипатынан;
б) ҚН-ының тиiстi кодтарынан;
с) осындай шешiмдi туындатқан себептерден тұрады.
3. Жiктеу туралы шешiм Келiсiммен қамтылған кез-келген бұйымның жiктеу практикасын өзгертуге әкеп соқтырса, Қауымдастықтың құзыреттi органдары Келiсiм хабарлаған күннен бастап шешiм күшiне енген күнге дейiн 30 күн бұрын хабарлама ұсынады. Шешiм күшiне енген күнге дейiн жiберiлген бұйымдар сұрақ астындағы тауарларды Қауымдастыққа импорттау үшiн осы күннен бастап 60 күн iшiнде ұсыну шартымен жіктеудің бастапқы iс-тәжiрибесiне жатуды жалғастырады.
4. Қауымдастықтың Келiсiммен қамтылған кез-келген бұйымның жiктеудiң iс-тәжiрибесiн өзгертудi туындатқан шешiмi сандық шектеулерге түсетiн санатқа қатысты болса, тараптар Келiсiмнiң 7-бабындағы (1) мiндеттемелердi орындау мақсатымен Келiсiмнiң 9-бабында (3) жазылған тәртiпке сәйкес консультациялар өткiзуге келiседi.
5. Қазақстанның және қауымдастықтың құзыреттi органдарының Келiсiммен қамтылған бұйымдарды жiктеу мәселелерi бойынша пiкiрлерiнде алшақтық болса, жiктеу осындай бұйымдарды белгiленген жiктеу туралы келiсiмге қол жеткiзу мақсатымен 9-бапқа сәйкес консультациялар өткiзгенге дейiн Қауымдастық ұсынған индикаторларға негiзделуге тиiс.
II тарау
Тегі
2-бап
1. Қазақстанда өндiрiлген бұйымдарда Қауымдастыққа экспорттау туралы Қауымдастықтың қолданылып жүрген ережелерiне сәйкес, Келiсiммен көзделген уағдаластықтарға сәйкес осы Хаттамаға қоса берiлген нысан бойынша қазақстандық шығу сертификаты болады.
2. Шығу сертификатын қазақстанның заңдары бойынша мұндай бұйымдар Қазақстанда шығарылған деп саналуы мүмкiн екенiн осы мақсаттарға уәкiлеттендiрiлген қазақстандық ұйымдар растайды.
3-бап
Шығу сертификаты экспорттаушы жазбаша түрде орындаған өтiнiш бойынша ғана немесе экспорттаушының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң жауапкершiлiгiмен шығарылады. Қазақстанның заңдары бойынша осы мақсаттар үшін уәкілеттендiрiлген қазақстандық ұйымдар сертификаттың тиiстi түрде ресiмделуiн қамтамасыз етедi және осы мақсат үшiн кез-келген құжаттамалық
дәлелдi талап етедi немесе өздерi қажет деп санаған кез-келген тексерудi
жүзеге асырады.
4-бап
Бұйымдардың импорты кезiнде нысандылықты орындау үшiн шығу
сертификатында жасалған өтiнiштер мен кеден органдарына табыс етiлген
құжаттардағы шамалы айырмашылықтарды айқындау сертификаттағы өтiнiштер
қатысында осыған байланысты сенiмсiздiктер туғызбауы тиiс.
III тарау
Сандық шектеулерге жататын бұйымдарына
арналған екі ұдай бақылау жүйесі
I Бөлiм
Экспорттау
5-бап
Қазақстанның тиiстi мемлекеттiк органдары осы Келiсiмге 2-қосымшада
көрсетiлген сандық шектеулердiң шектерiнде Келiсiммен қамтылған болаттан
жасалған бұйымдарды Қазақстаннан экспорттауға арналған лицензия бередi.
6-бап
1. Экспортқа арналған лицензия осы хаттамаға тiркелген нысанға сәйкес
келуге және Қауымдастықтың кеден одағына экспорттау үшiн жарамды болуға
тиiс.
2. Экспортқа арналған әр лицензия барлығының арасында осындай
бұйымдардың саны осы Келiсiмге 2-қосымшада осындай бұйым үшiн белгiленген
тиiстi сандық шектеулердiң есебiне есепке жатқызылғанын растауға тиiс.
7-бап
Қауымдастықтың құзыреттi органдары экспортқа арналған бұрын берiлген
лицензияның жойылғаны немесе өзгергенi туралы дереу хабардар етiлуге тиiс.
8-бап
1. Экспорт жылға белгiленген сандық шектеулердің есебiне жатқызылады,
онда егер экспортқа лицензия осындай жөнелтуден кейiн берiлсе де бұйымды
жөнелту жүзеге асырылған.
2. Осы баптың бiр тармақшасын қолдану мақсаты үшiн тауарды жөнелту
оны экспорттық көлiкке тиелген сәттен бастап жүзеге асырылды деп
есептеледi.
9-бап
11-бапты қолдану үшiн экспортқа лицензия лицензияда көрсетiлген
тауарлар жөнелтiлген келесi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан
кешiктiрiлмей берiледi.
II Бөлiм
Импорттау
10-бап
1. Қазақстаннан шыққан болаттан жасалған бұйымдар шешiмге сәйкес (Ресми журнал + Шешiмге қараңыз) берiлген импортқа арналған қолданыстағы лицензияға сәйкес, осы келiсiм күшiне енуiне дейiн Қоғамдастыққа жөнелтiлген 2002 жылғы 1 қаңтардан 2002 жылдың 30 маусымы кезеңiнде қолданылу шеңберiнде жiберiледi.
2. Қоғамдастық елдерiнде сандық шектеулерге ұшыраған болаттан жасалған бұйымдарға еркiн айналымда рұқсат ету импортқа санкция берiлу жағдайында жүргiзiлетiн болады.
11-бап
1. Қауымдастықтың құзыреттi органдары 8-бапта көрсетiлген импортқа импорттаушы экспортқа лицензияның сәйкес түп нұсқасын берген күннен бастап 10 күн iшiнде бередi. Құзыреттi органдардың тiзiмi осы Хаттамада көрсетiлген.
2. Импортқа рұқсат Қауымдастықтың кеден аумағына импорт үшiн оны берген күннен бастап 4 ай бойы күшiнде болады.
3. Қауымдастықтың құзыреттi органдары импортқа берiлген рұқсатты экспортқа сәйкес лицензияны жойған кезден бастап қайтып алады. Алайда егер Қауымдастықтың құзыреттi органдары экспортқа лицензияның жойылғандығы туралы бұйымның Қауымдастықта еркiн айналымнан кейiн ғана хабарласа сәйкес сандар бұйымға қатысты белгiленген шектеулер есебiнде жазылады.
12-бап
Егер Қауымдастықтың құзыреттi органдары Қазақстанның құзыреттi
органдары экспортқа берген лицензияда көрсетiлген жалпы санның 2 Қосымшада
көрсетiлген бұйымдар үшiн белгiленген сандық шектеуден асып кеткендiгiн
айқындаса, Қауымдастықтың құзыреттi органдары сандық шектеулерге жататын
мұндай бұйымдарға қатысты импортқа одан әрi рұқсат берудi тоқтата тұрады.
Мұндай жағдайда Қауымдастықтың құзыреттi органдары Қазақстанның
органдарына бiрден хабарлайды және Келiсiмнің 9-бабына (2) сәйкес
консультациялар өткiзедi.
IV ТАРАУ
Экспортқа лицензиялар мен шығу тегі сертификаттарының
нысаны және берілуі және қауымдастыққа экспортқа қатысты
жалпы ережелер
13-бап
1. Экспортқа лицензиялар мен шығу тегi сертификаттары ағылшын тiлiнде жасалады. Егер олар қолдан жасалса, мәлiметтер сиямен және баспа әріптерiмен жазылады.
Құжаттың көлемi 210х297 мм болу керек. Пайдаланған қағаз ақ түстi, бүлiнбеген және 25 г/кв.м. кем тартпауы керек. Егер құжаттар бiрнеше данада болса, олардың түп нұсқасында анық "түп нұсқа", ал көшiрмелерiнде "көшiрме" деген жазуы болуы керек. Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес экспорттың мақсаттары үшiн жарамды ретiнде Қауымдастықтың құзыреттi
органдары тек түп нұсқаны ғана алады.
2. Әрбiр құжаттың ол басылғанына немесе басылмағанына қарамастан анық
салыстырушылық сериялық нөмiрi болу керек.
Бұл нөмiрлер өздерiне мына элементтердi қосады.
- экспорттаушы елдi бейнелейтiн яғни КZ = Қазақстан деген екi әрiп;
- кедендiк тазалау жөнiндегi Мемлекет - Қауымдастық мүшесiне
сәйкестiгiн бiлдiретiн екі әрiп, яғни:
ВЕ=Бельгия
DК=Дания
DЕ=Германия
ЕL=Греция
ЕS=Испания
ҒR=Франция
IЕ=Ирландия
IТ=Италия
LU=Люксембург
NL=Нидерланды
АТ=Австрия
РТ=Португалия
ҒI=Финляндия
SЕ=Швеция
GВ=Великобритания;
- жылдың соңғы санына сәйкес келетiн, жылды анықтаушы бiр сан, мысалы
2002 жыл үшiн "2";
- экспорттайтын елдің белгiлi берушi органын анықтаушы 01-ден 99
дейiнгi екi таңбалы нөмiр;
- кедендiк тазалау жөнiндегi Мемлекетке-Қауымдастық Мүшесiне берiлген
бiрте-бiрте өсетiн 00001-ден 99999 бес таңбалы нөмiр.
14-бап
Экспортқа лицензия мен шығу тегi сертификаты оларға тиiстi тауарлар жiберiлгеннен кейiн берiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда оларда "өткенге қатысты берілдi" ("issued retrospectively") деген жазу болу керек.
15-бап
1. Экспортқа лицензия немесе шығу тегi сертификаты ұрланған, жоғалған немесе жойылған жағдайда экспорттаушы лицензия беруге өкiлеттендiрiлген Қазақстанның мемлекеттiк органдарына немесе Қазақстанның заңдарына сәйкес шығу тегi сертификатын беруге өкiлеттендiрiлген Қазақстан ұйымдарына сәйкесiнше экспорттаушыда бар экспортқа арналған құжаттар негiзiнде екiншi
нұсқаны беру үшiн өтiнiш жасай алады. Осындай жолмен берiлген осындай
сертификаттың немесе лицензияның екiншi нұсқасында "екiншi нұсқа"
("duplicale") деген жазуы болу керек.
2. Екiншi нұсқада экспортқа алғашқы лицензияның немесе шығу тегi
алғашқы сертификатының берiлген күнi көрсетiлуi керек.
V Тарау
Әкімшілік ынтымақтастық
16-бап
Тараптар осы Хаттаманың ережелерiн орындаған кезде тығыз
ынтымақтастықта болады. Екi Тарап техникалық мәселелер жөнiндегi
ынтымақтастықты қоса алғанда байланыстарға және пiкiр алмасуларға
көмектеседi.
17-бап
Осы Хаттаманы дұрыс қолдану үшiн Тараптар осы Хаттама, немесе оған сәйкес жасалған кез келген мәлiмдемелер бойынша берiлген экспортқа арналған лицензиялар мен шығу тегi сертификаттардың шынайылығы мен ұқыптылығын тексеру кезiнде өзара көмек көрсетедi.
18-бап
Қазақстан экспортқа арналған лицензиялар мен шығу тегi сертификаттарын беруге және тексеруге құзыреттi Қазақстан органдарының аттары мен мекен-жайларын олар пайдаланатын мөрлер және қол қою үлгiлерiмен қоса Европалық Қауымдастық Комиссиясына жолдайды. Қазақстан, сондай-ақ осындай өзгерген ақпараттың қандайы болмасын Комиссияға хабарлайды.
19-бап
1. Шығу тегi сертификаттарын немесе экспортқа арналған лицензияларды келесi тексеру кез келген уақытта, немесе Қауымдастықтың құзыреттi органдары сертификаттың немесе лицензияның немесе күмәндi тауарлардың шығу тегiне қатысты ақпараттың дәлдiгiне негiзделген күмәнi бар уақытта жүзеге асырылады.
2. Мұндай жағдайларда Қауымдастықтың құзыреттi органдары егер қабылдайтындай болса, осындай тексерудi ақтайтын себептердi көрсете отырып, шығу тегi сертификатын немесе экспортқа арналған лицензияны немесе оның көшiрмесiн Қазақстанның сәйкес органдарына қайтарады. Есеп-фактура жiберiлген жағдайда, осындай есеп-фактура немесе оның көшiрмесi сертификатқа немесе лицензияға немесе оның көшiрмесiне қоса жiберiледi. Құзыреттi органдар сол сияқты жоғарыда аталған сертификаттағы немесе лицензиядағы мәлiметтердiң анық еместiгiн дәлелдейтiн кез келген алынған ақпаратты беруге тиiс.
3. Осы Баптың 1-тармағының Ережесi сол сияқты осы Хаттаманың 2-бабында көзделген шығу тегi сертификаттарын келесi тексерулерге қолданылады.
4. 1 және 2, одан жоғары тармақтарға сәйкес жүргiзілген келесi тексерулердiң нәтижелерiн Қауымдастықтың құзыреттi органдары тексеруден соң үш айдан кешiктiрмей жiбередi. Мұндай ақпаратта күмәндi сертификат, лицензия немесе мәлiмдеме шын мәнiнде экспортталған тауарға қатысты қолданылды ма, немесе Келiсiмде белгiленген уағдаластыққа орай сондай тауарлар экспортқа жiберiлдi ме солар көрсетiлулерi тиiс. Ақпаратта сол сияқты Қауымдастықтың талабы бойынша шындықты, атап айтқанда, тауардың анық шығу тегiн толық ашу үшiн қажет бар құжаттардың көшiрмелерi болуға тиiс.
Егер осындай тексерулер шығу тегi сертификаттарын қолдануда ұдайы бұзушылықтарды ашатын болса, Қауымдастық күмәндi бұйымдар импортын осы Хаттаманың 2-бабының (1) ережесiне жатқыза алады.
5. Шығу тегi сертификаттарын келесi тексеру мақсатында сертификаттардың, экспортқа қатысты кез келген құжаттардың көшiрмелерi осы Келiсiмнiң бiткен күнiнен бастап бiр жылдан кем емес Қазақстанның сәйкес құзыреттi органдарында сақталады.
6. Осы бапта көзделген кез келген уақытта тексеру күмәндi тауарлардың еркiн айналысына бөгет етпеуi тиiс.
20-бап
1. 19-бапта көрсетiлген тексеру рәсiмi, немесе Қазақстанның немесе Қауымдастықтың құзыреттi органдарында бар ақпарат Келiсiмнiң ережелерiн бұзатындығын көрсететiн болса, екi Тарап мұндай бұзулардың алдын алу үшiн тығыз ынтымақтастықта болады.
2. Қазақстанның сәйкес органдары өз бастамасы бойынша немесе Қауымдастықтың талап етуi бойынша бұзушылық болып табылатын операцияларға қатысты немесе Қауымдастықтың пiкiрiнше осы Хаттама бұзылды дегенде сәйкесiнше тергеулердi жүргiзедi немесе ұйымдастырады.
3. Тараптардың келісiмi бойынша Қауымдастық тағайындаған лауазымды тұлғалар осы Баптың 2-тармағында ескерiлген тергеулер кезiнде қатыса алады.
4. Осы Баптың 1-тармағында ескерiлген ынтымақтастыққа сәйкес Қазақстан мен Қауымдастықтың құзыреттi органдары Келiсiм ережелерiн бұзушылықты болдырмау үшiн Тараптардың қайсысы болсын қажет деп санайтын кез келген ақпараттармен алмасады. Мұндай алмасу, атап айтқанда, егер күмәндi тауарлар олар Қауымдастыққа импортталғанға дейiн Қазақстанның аумағы арқылы тасылуы мүмкiн деп санауға Қауымдастықтың негiзделген себептерi болса, Қазақстан мен үшiншi елдер арасындағы осы Келiсiмде ескерiлген бұйым түрлерiмен сауда туралы ақпаратты қоса алады. Қабылдайтындай болса, бұл ақпарат Қауымдастықтың талап етуi бойынша барлық
сәйкес құжаттардың көшiрмелерiн қоса алады.
5. Егер жеткiлiктi айғақтар осы Хаттаманың ережелерiнiң бұзылғандығын
куәлендiретiн болса, Қазақстанның немесе Қауымдастықтың құзыреттi
органдары мұндай бұзушылықтардың алдын алу үшiн кез келген қажеттi
шараларды қолдануға келiсе алады.
Экспортқа лицензия
(қағаз мәтіннен қараңыз)
Сертификат тегі
(қағаз мәтіннен қараңыз)
Ұлттық құзыретті органдардың тізімі
(қағаз мәтіннен қараңыз)
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.