Ескерту. Жоба қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2002.05.12. N 517
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы
конвенциясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан
қылмысқа қарсы конвенциясын бекіту туралы
2000 жылғы 13 желтоқсанда Палермода жасалған Біріккен Ұлттар Ұйымының
Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
БIРIККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ТРАНСҰЛТТЫҚ
ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КОНВЕНЦИЯСЫ
1-бап
Мақсаты
Осы Конвенцияның мақсаты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың анағұрлым
тиiмдi түрде алдын алу және оған қарсы күрес iсiндегi ынтымақтастыққа
жәрдемдесу болып табылады.
2-бап
Терминдер
Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
а) "ұйымдасқан қылмыстық топ" белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде тiршiлiк ететiн және тiкелей немесе жанама түрде қаржылық немесе өзге де материалдық пайда табу үшiн немесе бiрнеше елеулi қылмыстарды немесе осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау мақсатында келiсiп iс-әрекет ететiн құрамында үш немесе одан да көп адамдары бар құрылымдық тұрғыда қалыптасқан топты бiлдiредi;
b) "елеулi қылмыс" төрт жылдан кем емес мейлiнше көп мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе жазаның анағұрлым қатаң шарасымен жазаланған қылмысты бiлдiредi;
с) "құрылымдық қалыптасқан топ" тез арада қылмыс жасауға кездейсоқ құрылмаған және оның мүшелерiнiң рөлi мiндеттi емес түрде шарттылықпен анықталған мүшелiлiктiң үздiксiз сипаты ескерiлген немесе дамыған құрылымы жасалынған топты бiлдiредi;
d) "мүлiк" мейлi ол материалды немесе материалсыз, жылжымалы немесе жылжымайтын, заттай немесе құқықтық тұрғыда көрсетілген болса да кез-келген активтердi, сондай-ақ осындай активтерге арналған құқықты немесе оларға деген мүдденi растайтын заңды құжаттарды немесе кесiмдердi бiлдiредi;
е) "қылмыстан түскен табыстар" қандай да бiр қылмысты жасаудың нәтижесiнде тiкелей немесе жанама түрде алынған я болмаса қолға түсiрiлген кез-келген мүлiкті бiлдiредi;
f) "тыйым салу" немесе "алып қою" мүлiктi беруге, жаңғыртуға, иелiктен алуға немесе орнын ауыстыруға уақытша тыйым салуды немесе осындай мүлiктi иемденудi уақытша қолға алуды, немесе соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысы бойынша оларға уақытша бақылау жасауды бiлдiредi.
g) "тәркiлеу" соттың немесе басқа да құзыреттi органның қаулысымен мүлкiнен мүлдем айыруды бiлдiредi;
h) "негiзгі құқық бұзушылық" қылмыс құрамын құрайтын осы Конвенцияның 6-бабында көрсетiлген әрекеттердiң жасалуы мүмкiн болуына қатысты, нәтижесiнде табыстар алынған кез-келген құқық бұзушылықты бiлдiредi;
i) "бақылау жасалатын жеткiзiлiм" қандай да бiр қылмысты тергеу және осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау мақсатында олардың құзыреттi органдарының рұқсат беруiмен және қадағалауымен заңсыз немесе күдiк туғызатын жүк партиясын бiр немесе бiрнеше мемлекеттердiң аумағынан, әкетуге, алып өтуге немесе әкелуге жол берiлетiн әдiстi бiлдiредi;
j) "экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы" қандай да бiр аймақтың егемендi мемлекеттерi құрған, оның мүше мемлекеттерi осы Конвенция реттейтiн мәселелер бойынша оған өкiлеттiк берген және өзiнiң iшкi рәсiмдерiне сәйкес осы Конвенцияға қол қоюға, оны ратификациялауға, қабылдауға, бекiтуге немесе оған қосылуға тиiстi түрде уәкiлеттiк алған ұйымды бiлдiредi; осы Конвенциядағы "Қатысушы-мемлекеттерге" сiлтемелер осындай ұйымдарға олардың құзыреттігі шегiнде байланысты болады.
3-бап
Қолдану аясы
1. Осы Конвенция, егер онда өзгеше көрсетiлмесе:
а) осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға, және
b) егер осы қылмыстардың трансұлттық сипаты болса және олар ұйымдасқан қылмыстың топтық қатысуымен жасалса, осы Конвенцияның 2-бабында белгiленгенiндей елеулi қылмыстарға байланысты алдын алуға, тергеуге және қылмыстық қудалауға қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн қылмыстар, егер:
а) ол бiрнеше мемлекетте жасалса;
b) ол бiр мемлекетте жасалып, бiрақ оны дайындаудың, жоспарлаудың,
басшылық жасаудың немесе бақылау жасаудың елеулi бөлiгi басқа мемлекетте
орын алса;
с) егер ол бiр мемлекетте жасалып, бiрақ бiрнеше мемлекетте қылмыстық
әрекеттерiн жүзеге асыратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен
жасалса, немесе
d) ол бiр мемлекетте жасалып, бiрақ оның елеулi салдары басқа
мемлекетте орын алатын болса, трансұлттық сипатқа ие болады.
4-бап
Егемендiктi қорғау
1. Қатысушы-мемлекеттер өз мiндеттемелерiн мемлекеттердiң егемендi
теңдiгi мен аумақтық тұтастығы қағидаттарына және басқа мемлекеттердiң
iшкi iстерiне араласпау қағидатына сәйкес осы Конвенцияға сай жүзеге
асырады.
2. Осы Конвенциядағы ешнәрсе де Қатысушы-мемлекетке екiншi
мемлекеттің аумағында, оның iшкi заңнамасына сәйкес осы екiншi мемлекет
органдарының құзыретiне жататын заңды құқықты және функцияларды жүзеге
асыру құқығын бермейдi.
5-бап
Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысудың
криминализациялануы
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет мынадай әрекеттердi олар қасақана жасалғанда қылмыстық жазаланылатындар ретiнде тану үшiн қажет болатын заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайды:
а) мынадай әрекеттердiң екеуiн немесе бiреуiн қылмыс жасауға оқталу ретiнде және қылмысты әрекеттiң нақты жасалуына қарамастан:
i) тiкелей немесе қосымша қаржылық және өзге де материалдық пайда табумен байланысты мақсаттағы айтарлықтай қылмысты жасауға қатысты, бұл ретте, егер де ол iшкi заңнамамен ескерiлсе, сондай-ақ бiр немесе бiрнеше адамның ымыраласуы, сондай-ақ ымыраласуға қатысушылардың бiреуi оны iске асыру үшiн қандай да бiр әрекеттi нақты жасағаны немесе ұйымдасқан қылмыстық топтың қатыстылығы болжалынады;
іі) кез-келген адамның бiле тұра жасаған әрекетi немесе ұйымдасқан қылмыстық топтың жалпы қылмыстық әрекетi немесе байланысты әрекетi немесе оның тиiсті қылмыс жасауға ниет бiлдiруi:
а. ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекетi;
b. оның қатысуы жоғарыда көрсетiлген қылмысты мақсатқа жетуге жәрдем етедi деген түсiнiкпен ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетiнiң басқа да түрлерi;
b) ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен жасалған күрделi қылмыстарға қатысты, ұйымдастыру, басшылық ету, жәрдемдесу, арандатушылық, көмек көрсету немесе кеңес беру.
2. Осы баптың 1-тармағында айтылатын ұғыну, ой-ниет, мақсат ету немесе сөз байласу iстiң объективтi нақты жағдайларынан белгілi болуы мүмкiн.
3. Iшкi заңнамасы осы баптың j(а)(i) тармақтарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстар құрамдарының элементi ретiнде, ұйымдасқан топтың қатыстылығын қарастыратын, Қатысушы-мемлекеттер олардың iшкi заңнамасы, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен жасалған барлық қылмыстарды олардың iшкi заңнамасының елеулi қылмыс ретiнде қарастыруын қамтамасыз етедi. Осындай Қатысушы-мемлекеттер, сондай-ақ iшкi заңнамасы қылмыс құрамының элементi ретiнде осы баптың 1(а)(i) тармағына сәйкес осындай деп танылған сөз байласуды жүзеге асыру жөнiндегi әрекеттiң іс жүзiнде жасалуын қарастыратын Қатысушы-мемлекеттер бұл туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына, олар осы Конвенцияға қол қойғанда немесе ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға беру кезiнде хабарлайды.
6-бап
Қылмыстан түскен табыстарды тазартудың
криминализациялануы
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасының негiзгi қағидаттарына сәйкес, мынадай әрекеттердi, олар қасақана жасалса, қылмысты жазалауға жататындар ретiнде тану үшiн қажет болуы мүмкiн заңнамалық және басқа да шараларды қабылдайды:
а) i) мүлiктiң айырбасталуы немесе ауыстырылуы, егер мұндай мүлiк бұл мүлiктiң қылмыстық көзiн жасыру немесе тығу мақсатында немесе ол өз әрекетiне деген жауапкершiлiктен жалтара алатын негiзгi қылмысты жасауға қатысушы кез келген адамға көмек көрсету мақсатында қылмыстан табыс табатындығы белгілi болса;
іі) егер мұндай мүлiк қылмыстан түскен табысты бiлдiретiндiгi белгiлi болса, оның түпнұсқалық сипатын, қайнар көзiн, тұрған орнын, өкiм ету тәсiлдерiн, орын ауыстыруын, мүлiкке деген құқықтарды немесе оның иелiлiгiн жасыру немесе бүгiп қалу;
b) өз құқықтық жүйесiнiң негiзгi қағидаттарын сақтау жағдайында;
g) мүлiктi алу, иелiк ету немесе пайдалану егер оны алу сәтiнде осындай мүлiк қылмыстан түскен табысты бiлдiретiндiгi белгiлi болса;
i) осы бапқа сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың кез-келгенiн жасау мақсатындағы сөз байласуға бару немесе қатысу, қатысты болу оның жасалуына бөгет жасау, сондай-ақ оны жасауға жәрдемдесу, арандату, көмек көрсету немесе кеңестер беру.
2. Осы баптың 1-тармағын қолдану немесе жүзеге асыру мақсаттары үшін:
а) әрбiр Қатысушы-мемлекет осы баптың 1-тармағын негiзгi құқық бұзушылықтардың ең үлкен шеңберiнде қолдануға тырысады;
b) әрбiр Қатысушы-мемлекет негiзгi құқық бұзушылықтар қатарына осы Конвенцияның 2-бабында анықталған барлық елеулi қылмыстарды және осы Конвенцияның 5, 8 және 23-баптарында осындай деп танылған қылмыстарды қосады. Қатысушы-мемлекеттердiң заңнамалары нақты негiзгi құқық бұзушылықтардың тiзiмiн көрсеткен жағдайда, оған аз дегенде ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетiмен байланысты қылмыстардың барлығын қамтитын шеңберi қосылады;
с) негiзгi құқық бұзушылықтар (b) тармақшасының мақсаттары үшiн тиiстi Қатысушы-мемлекеттiң шегiнде, сондай-ақ заң иелiгiнiң шеңберiнен тыс жерде жасалған қылмыстарды қосады. Бiрақта қандай да бiр Қатысушы-мемлекет заң иелiгiнiң шеңберiнен тыс жерде жасалған қылмыстар, тиiстi әрекеттер, ол осы бапта қолданылатын жүзеге асырылатын немесе егер ол онда жасалған болса Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасына сәйкес қылмыстық жазалануы мүмкiн, мемлекеттiң ішкi заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланылатындар болып табылғандығы шарт бойынша негізгi құқық бұзушылықты бiлдiредi.
d) әрбiр Қатысушы-мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы баптағы ережелердiң жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн өз заңдарының мәтiндерiн, сондай-ақ осындай заңдарға кез келген кезектi өзгерiстердiң мәтiндерiн немесе олардың сипаттарын бередi;
е) егер бұл Қатысушы-мемлекет iшкi заңнамасының негiзге алатын
қағидаттары талап етсе, онда осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қылмыстар
негiзгi құқық бұзушылықты жасаған адамдарға қатысы жоқ;
f) ұғыну ой немесе мақсат осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қылмыс
құрамының элементтерi ретiнде iстiң объективтi нақты жағдайынан белгiлi
болуы мүмкiн.
7-бап
Ақшалай қаражаттарды тазартуға
қарсы күрес бойынша шаралар
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет:
а) банктерге және банктiк емес қаржы мекемелерiне, сондай-ақ тиiстi жағдайда ақша қаражатын тазарту тұрғысынан алғанда ерекше осал болып табылатын басқа органдарға қатысты өз құзыреттiгi шеңберiнде, ақша қаражаттарын тазартудың барлық түрлерiн анықтау және оларға жол бермеу мақсатында реттеу мен бақылаудың барлығын қамтитын iшкi тәртiбiн бекiтедi, бұған қоса мұндай тәртiп клиенттiң жеке басын анықтауға қатысты талаптарға, есептiлiктiң жүргiзiлуiне және күмән туғызған мәселелер туралы ақпарат жеткiзуге негiзделедi;
b) осы Конвенцияның 18 және 27-баптарына залал келтiрмей ақшалай қаражаттарды тазартуға қарсы күрестi жүргізетiн, реттейтін, әкiмшiлiк, құқық қорғаушы және басқа органдар (бұған қоса, бұл iшкi заңнамаға сәйкес болғанда және сот органдары) оның iшкi заңнамасымен бекiтiлетiн жағдайларда ұлттық және халықаралық деңгейлерде ақпарат алмасу мен ынтымақтастықты жүзеге асыра алатындай болуын қамтамасыз етедi және осы мақсаттарда ақшалай қаражаттарды тазартудың мүмкiн жағдайларына қатысты талдау мен жинау және ақпараттың таралуы үшiн ұлттық орталық ретiнде әрекет ететiн қаржылық жедел ақпараттар бойынша бөлiмшенiң мекемелерi туралы мәселенi қарастырады.
2. Қатысушы-мемлекеттер, олардың шекаралары туралы айналым құралдарына сәйкес келетiн және қолма-қол ақшалай қаражаттың орын ауыстыруда iздеп табу бойынша және ақпараттың тиiстi қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған кепiлдiктi қадағалау шарттарында осындай орын ауыстыруға бақылау қою бойынша және заңды капиталдың орын ауыстыруына қандай да бiр кедергi жасамай практикалық мүмкiн шараларды қолдану туралы мәселенi қарайды. Мұндай шаралар жеке адамдар мен коммерциялық ұйымдар қолма-қол ақшалай қаражаттардың айтарлықтай көлемдерiнiң трансшекаралық аудару және айналым құралдарының сәйкес тапсыру туралы хабарлауын талап етудi қоса алады.
3. Осы баптың ережелерiне сәйкес және осы Конвенцияның кез келген басқа баптары үшiн залалсыз реттеу және бақылаудың ішкi тәртiбiн бекiтуде Қатысушы-мемлекеттерге ақшалай қаражатты тазартуға қарсы бағытталған аумақтық, аумақ аралық және көп жақты ұйымдардың бастамаларына сәйкес басшылық ету ұсынылады.
4. Қатысушы-мемлекеттер ақшалай қаражатты тазартуға қарсы күресу мақсатында сот және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ қаржының реттеу органдары арасындағы ауқымды, аумақтық, аумақтан тыс және екi жақты ынтымақтастықты дамыту мен қолдауға тырысады.
8-бап
Жемқорлықтың криминализациялануы
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет, мынадай әрекеттердi, олар қасақана жасалғанда, қылмыстық жазаланылатындар ретiнде тану үшiн қажет болуы мүмкiн заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайды:
а) лауазымды адамның өзi немесе басқа жеке, не болмаса заңды тұлға үшiн қандай да бiр құқыққа жат артықшылықты осы лауазымды адам өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауда қандай да бiр әрекеттi немесе әрекетсiздiк жасаған жағдайда көпшiлiктi лауазымды адамға жеке өзi немесе делдал арқылы уәде ету, ұсыну немесе беру;
b) көпшiлiктi лауазымды адамның өзi немесе басқа жеке, не болмаса заңды тұлға үшiн қандай да бiр құқыққа жат артықшылықты осы лауазымды адам өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауда қандай да бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасаған жағдайда тiкелей өзi немесе делдал арқылы бопсалауы немесе қабылдауы;
2. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы баптың 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi, егер де онда қандай да бiр көпшiлiктi шетелдiк лауазымды адам немесе халықаралық азаматтық қызметкер қатысып отырса, қылмыстық жазаланатындар ретiнде тану үшiн қажет болуы мүмкiн заңнамалық немесе басқа да шараларды қабылдау мүмкiндiгiн қарастырады. Сонымен бiрге әрбiр Қатысушы-мемлекет жемқорлықтың басқа да түрлерiн қылмыстық жазаланатындар ретiнде тану мүмкiндiгiн қарастырады.
3. Әрбiр Қатысушы-мемлекет, сондай-ақ осы бапқа сәйкес осындай деп танылған қандай да бiр қылмысты жасауға сыбайлас ретiнде қатысуды қылмыстық жазаланылатындар ретiнде тану үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды.
4. Осы баптың 1-тармағының және осы Конвенциядағы 9-баптың мақсаттары үшiн "көпшiлiктi лауазымды тұлға" көпшiлiктi лауазымды адам немесе Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасында анықталғандай, аталған адам осы Қатысушы-мемлекеттің қылмыстық заңнамасында қолданылатын немесе орындалатын қандай да бiр көпшiлiкке қызмет ететiн адам болып табылады.
9-бап
Жемқорлыққа қарсы шаралар
1. Осы Конвенцияның 8-бабында айтылғандарға қосымша, әрбiр Қатысушы-мемлекет адалдыққа жәрдем ету, сондай-ақ көпшiлiктi лауазымды адамдар арасындағы жемқорлықты анықтау мен алдын алу және оларға жаза беру үшiн талап талап етiлетiн дәрежеде оның құқықтық жүйесiне сәйкес келетiн заңнамалық, әкiмшiлiк немесе басқа да тиiмдi шараларды қабылдайды.
2. Әрбiр Қатысушы-мемлекет көпшiлiктi лауазымды адамдар арасындағы жемқорлықты анықтау мен алдын алу және бұл үшiн жаза беру саласында оның органдарының тиiмдi әрекетiн қамтамасыз ету үшiн, сонымен қатар осындай органдарға олардың әрекетiне заңға қайшы әсер етуге бөгет жасау үшiн жеткiлiктi тәуелсiздiктi беру шараларын қабылдайды.
10-бап
Заңды тұлғалардың жауапкершiлiгi
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет өзiнiң құқықтық қағидаттарын ескере отырып, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы бар елеулi қылмыстарға және осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысқаны үшiн заңды тұлғалардың жауапкершiлiгін белгiлеу үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды.
2. Қатысушы-мемлекеттердiң құқықтық қағидаттардың сақтау жағдайында заңды тұлғалардың жауапкершiлiгі қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкiмшiлiктiк болуы мүмкiн.
3. Мұндай жауапкершiлiктiң жүктелуi қылмыс жасаған жеке тұлғалардың қылмысты жауапкершiлiгiне зиян келтiрмейдi.
4. Әрбiр Қатысушы-мемлекет, жауапқа тартылатын заңды тұлғаларға қатысты, осы бапқа сәйкес ақшалай жазалау шараларын қоса алғанда, жазалау шараларына тиiмдi, шамалас және қылмысты немесе қылмысты емес әсердi қолдануды қамтамасыз етедi.
11-бап
Қудалау, сот шешiмiн шығару және жазалау шаралары
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қандай да бiр қылмыс жасалған кезде бұл қылмыстың қауiптiлiк дәрежесiн ескеретiн жазалау шараларын қолдануды алдын ала ескередi.
2. Әрбiр Қатысушы-мемлекет оның iшкi заңнамасында алдын ала қарастырылған мұндай қылмыстарға қатысты барынша тиiмдi құқық қорғау шараларына қол жеткiзу және мұндай қылмыстардың жасалуына тиiстi мөлшердегі қажеттiлiкте бөгет жасау үшiн осы Конвенцияда қамтылған қылмыстары үшiн адамдарды қылмыстық қудалауға байланысты кез келген дискрециялық заңды өкiлеттiктiң пайдаланылуын қамтамасыз етуге тырысады.
3. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қолданылатын, өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес және қорғау құқықтарын тиiстi деңгейде ескере отырып, сотқа дейiн босату шешiмiмен байланысты бекiтілетiн немесе наразылық не болмаса қарсылық шағымы бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi жағдайда, келесi қылмыстық өндiрiс барысында айыпталушының қатысуын қамтамасыз етудiң қажеттiлігін ескерiп, тиiстi шаралар қабылдайды.
4. Әрбiр Қатысушы-мемлекет, оның соттары немесе басқа да құзыреттi органдары осындай қылмыстар үшiн сотталған адамдарды шартты немесе мерзiмiнен бұрын босату мүмкiндiктерi туралы мәселенi қарастыруда осы Конвенциямен қамтылатын, қылмыстардың қауiптi сипатын ескерулерiн қамтамасыз етедi.
5. Тиiстi жағдайларда әрбiр Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес осы Конвенциямен қамтылатын кез келген қылмыс үшiн қылмыстық қудалауды қозғау мақсатында өткен уақыттың ұзақ мерзiмiн және қылмыс жасауда сезiктi адам әдiлдiктен жалтарған жағдайда өткен уақыттың бұдан да ұзақ мерзiмiн белгілейдi.
6. Осы Конвенцияда еш нәрсе де осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды және қолданылатын заңды қарсылықтарды немесе әрекеттердiң дұрыстығын анықтайтын басқа да құқық қағидаттарының әрбiр Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасының аясына кiретiндiгi туралы қағидатқа қайшы келмейдi. Ал осындай қылмыстар үшiн қылмыстық қудалау мен жазалаулар осы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
12-бап
Тәркiлеу және тыйым салу
1. Қатысушы-мемлекеттер өздерiнiң ішкi құқықтық жүйелерi мүмкiндiк беретiндей, барынша кең ауқымда мынадай тәркiлеу түрлерiн қамтамасыз етуге қажеттi шараларды қабылдайды:
а) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардан түскен табыс немесе оның құны осындай табыстардың құнына сәйкес келетiн мүлiк;
b) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды жасауда пайдалануға арналған немесе пайдаланылған құрал-жабдықтар, мүлiк немесе басқа да құралдар.
2. Қатысушы-мемлекеттер кезектеп тәркiлеу мақсатымен осы баптың 1-тармағында тiзiлгендердiң кез келгенiн анықтау, iздеу, тыйым салу немесе алып қою мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету үшiн қажет болуы мүмкiн шаралар қабылдайды.
3. Егер қылмыстан түскен табыстар жартылай немесе толық басқа мүлiкке айналдырылған немесе түрлендiрiлген болса, онда осы бапта көрсетiлген шаралар осындай мүлiкке қатысты қолданылады.
4. Егер қылмыстан түскен табыстар заңды көздерден алынған мүлiктерге қосылған болса, онда тыйым салу немесе алып қою шараларына қатысты кез келген өкiлеттіктерге залал келтiрiлмей, қылмыстардан түскен табыстардың бағасы белгiленген құнына сәйкес мүлiк бөлiгi тәркiленуге жатады.
5. Қылмыстардан түскен табыстардан алынған, қылмыстардан түскен табыстар айналдырылған немесе түрлендiрiлген мүлiктен түскен немесе қылмыстан түскен мүлiктен түскен пайдалар мен басқа олжаларға осы бапта көрсетiлген сондай түрде және сондай дәрежеде, қылмыстан түскен табыстарға қатысты шаралар қабылданады.
6. Осы Конвенцияның осы бабымен 13-бабының мақсаттары үшiн әрбiр Қатысушы-мемлекет банктiк, қаржылық немесе коммерциялық құжаттарды ұсыну және тыйым салу туралы қаулы шығаруға өзiнiң соттары мен құзыреттi органдары уәкiлеттендiредi. Қатысушы-мемлекеттер банктiк құпияны сақтау қажеттілігiне сiлтене отырып, осы тармақтың ережелерiне сәйкес шаралар қабылдаудан жалтармайды.
7. Қатысушы-мемлекеттер, қылмыс жасаған адам тәркiлеуге жататын қылмыстан немесе басқа мүлiктен түсетiн болжамды табыстарын осындай талап олардың iшкi заңнамасының қағидаттарына және сотпен басқа қарау сипатына сәйкес келген мөлшерде заңды пайда болуын дәлелдеуi үшiн талаптар бекiту мүмкiндiгiн қарастыра алады.
8. Осы баптың ережелерi адал үшiншi тараптың құқықтарына залал келтiретiндер ретiнде қарастырылмайды.
9. Осы бапта айтылатын еш нәрсе, онда айтылатын шаралар Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасының ережелерiне сәйкес және оларды бақылау шарттарында анықталуы мен жүзеге асырылуына лайықты қағидатты қозғамайды.
13-бап
Тәркiлеу мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Басқа қатысушы-мемлекеттен осы Конвенциямен қамтылатын қандай да бiр қылмыс заң иелiгiне түсетiн осы Конвенциядағы 12-баптың 1-тармағында ескерiлген оның аймағындағы қылмыстардан түскен мүлiк, құрал-жабдық және қылмыстар жасаудың басқа құралдары түрiндегi табыстарды барынша өзiнiң ішкi құқықтық жүйесiнiң мүмкiн шеңберiндегi дәрежеде тәркiлеу туралы өтiнiшiн алған қатысушы-мемлекет:
а) бұл өтiнiштi тәркілеу туралы қаулыны алу мақсатында өзiнiң құзыреттi органдарына жiбередi және мұндай қаулы енгiзiлген жағдайда, оның орындалуын жүзеге асырады; немесе
b) өз құзыретті органдарына сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттердiң аумағында орын алған қылмыстардан түскен табыстарға, мүлiкке, құрал-жабдыққа немесе 12-баптың 1-тармағында ескерілген қылмыстарды жасаудағы басқа да құралдарға қаншалықты қатысты болса, соншалықты мөлшерде өтiнiште көрсетiлген көлемде орындау үшiн осы Конвенциядағы 12-баптың 1-тармағына сәйкес сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң аумағында сотпен енгізiлген тәркiлеу туралы қаулыны жiбередi.
2. Осы Конвенциямен қамтылатын қандай да бiр қылмыс заң иелігіне түсетiн басқа Қатысушы-мемлекет жiберген өтiнiш алу бойынша, сұрау салынған Қатысушы-мемлекет сұрау салушы Қатысушы-мемлекетпен не болмаса осы баптың 1-тармағына сәйкес кезектi тәркiлеу мақсатында сұрау салынып отырған Қатысушы-мемлекеттiң өтiнiшiне орай енгiзiлетiн қаулыны осы Конвенциядағы 12-баптың 1-тармағында ескерiлген қылмыстардан түскен табыстарды, мүлiктi, құрал-жабдықты немесе қылмыс жасаудағы басқа құралдарды анықтау, iзiн аңду, тыйым салу немесе алып қою үшiн шаралар қабылдайды.
3. Осы Конвенциядағы 18-баптың ережелерi арқылы осы бапқа mutatis mutandis қолданылады. 18-баптың 15-тармағында көрсетiлген ақпаратқа қосымша жiберiлген осы баптың негiзiндегі өтiнiштерде:
а) осы баптың 1 (а) тармағында қарастырылған өтiнiшке сәйкес мүлiктiң сипаты, тиiстi тәркiлеулер және сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сілтенетiн және сұрау салынған Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес қаулы шығару үшiн шаралар қабылдай алатын деректердiң мазмұны бар өтінiштер;
b) осы баптың 1 (b тармағында) қарастырылған өтiнiшке қолданылатын-сұралынып отырған қаулыны орындалуының көлемiне қатысты, сұралынып отырған ақпарат пен деректердiң мазмұнына қатысты, ақпарат пен деректердiң мазмұны жазылған өтiнiшке негiзделетiн тәркiлеулер туралы сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке берiлген қаулының жол берiлген заңды көшiрмесi;
с) осы баптың 2-тармағында қарастырылған өтiнiшке сәйкес қолданылатын - сұрау салған Қатысушы-мемлекет сiлтенетiн деректердiң мазмұны бар өтiнiш және сұрау салынған шаралардың сипаты жазылады.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында алдын ала ескерiлген шешiмдер немесе шараларды сұрау салынған Қатысушы-мемлекет өзiнiң ішкi заңнамасының ережелерiне және iс жүргiзу кесiмдерiне немесе сұрау салған Қатысушы-мемлекеттермен байланыстыратын кез келген екi жақты немесе көп жақты шарттарға, келiсiмдерге немесе уағдаласушылықтарға сәйкес, олар сақталған жағдайда, қабылдайды.
5. Әрбiр Қатысушы-мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы баптың ережелерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн өздерiнiң заңдары мен ережелерiнiң мәтiндерiн, сондай-ақ осындай заңдарға және ережелерге енгiзiлетiн кез келген кезектi өзгерiстерiнiң мәтіндерiн немесе олардың сипаттамаларын жеткiзiп бередi.
6. Егер қандай да бiр Қатысушы-мемлекет осы баптың 1 және 2-тармақтарында ескерiлген шаралардың қабылдануын тиiстi келiсiмнiң барлығымен негiздеудi қаласа, онда бұл Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияны шартты-құқықтық жағынан жеткiлiктi және қажет негiзде қарайды.
7. Қатысушы-мемлекет, егер өтінiште айтылатын қылмыстар осы
Конвенцияда қамтылмаса, осы бапқа сәйкес ынтымақтасуға қатыса алмауы
мүмкiн.
8. Осы баптың ережелерi адал үшiншi тараптың құқықтарына залал
келтiрушiлер ретінде қарастырылмайды.
9. Қатысушы-мемлекеттер осы бапқа сәйкес жүзеге асырылатын
халықаралық ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн екi жақты немесе көп
жақты шарттар, келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар жасау мүмкiндiгiн
қарастырады.
14-бап
Тәркiленген қылмыстан түскен табыстарға
немесе мүлiктерге иелiк ету
1. Осы Конвенциядағы 12-баптың немесе 13-баптың 1-тармағының негізiнде Қатысушы-мемлекет тәркiлеген қылмыстан түскен табыстар мен мүлiкке осы Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасы мен әкiмшiлiк рәсiмдерiне сәйкес иелiк етедi.
2. Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияның 13-бабына сәйкес басқа Қатысушы-мемлекет жiберген өтiнiш бойынша әрекет ете отырып, iшкi заңнамамен жол берiлген мөлшерде және осыған сәйкес сұрау алған жағдайда тәркiленген қылмыстан түскен табыстарды немесе мүлiктi, ол қылмыстан зардап шеккендерге өтем ақы төлеудi немесе қылмыстан түскен мұндай табыстарды немесе мүлiктi олардың заңды иелерiне қайтару мүмкiндігіне сұрау салушы Қатысушы-мемлекет ие бола алуы үшiн тәркiленген қылмыстан түскен табыстар мен мүлiктi оған қайтару мәселесiн бiрiншi кезекте қарайды.
3. Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 12 және 13-баптарына сәйкес басқа Қатысушы-мемлекет жiберген өтiнiш бойынша әрекет ете отырып:
а) мұндай табыстарды немесе мүлiктердi немесе олардың жартысын таратудың нәтижесiнде алынған қылмыстардан түскен табыстардың немесе мүлiктердiң я болмаса құралдардың құнына сәйкес келетiн сомаларды осы Конвенцияның 30-бабының 2(с)-тармағына сәйкес немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы мамандандырылған үкiметаралық органдар есепшотына аудару туралы;
b) басқа қатысушы-мемлекеттерге тұрақты немесе бiр негiзде өзiнiң iшкi заңнамасына және әкiмшiлiк рәсiмдерiне сәйкес осындай табыстар мен мүлiктердi тарату нәтижесiнде алынған қылмыстардан түскен табыстар мен мүлiктiң жартысын беру туралы келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар жасау мүмкiндігін ерекше қарай алады.
15-бап
Заң иелiгi
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты өз заң иелiгiн бекiту үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды:
а) қылмыс осы Қатысушы-мемлекеттiң аумағында жасалғанда; немесе
b) қылмыс осы Қатысушы-мемлекеттiң жалауын алып жүрген кеменiң бортында немесе осы Қатысушы-мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тiркелген әуе кемесiнде жасалғанда қабылдайды.
2. Бұған қоса Қатысушы-мемлекет осы Конвенциядағы 4-бабының қадағалау шартында өз заң иелiгiн осындай кез келген қылмысқа қатысты:
а) қылмыс осы Қатысушы-мемлекеттiң азаматына қарсы жасалғанда;
b) қылмысты осы Қатысушы-мемлекеттiң азаматы немесе оның азаматы емес, бiрақ аумағында тұратын адам жасағанда; немесе
с) қылмыстар:
i) осы Конвенцияның 5-бабындағы 1-тармаққа сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың бiрi болғанда және оның аумағында елеулi қылмыстар жасау мақсатымен оның аумағынан тыс жерде жасалған болып табылғанда;
іі) осы Конвенцияның 6-бабындағы 1-тармағының b(іі) тармақшаларына сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың бiрi және осы Конвенцияның 6-бабының 1-тармағының (а)(i) немесе (іі) немесе b(i) тармақшаларына сәйкес осындай деп танылған қандай да бiр қылмысты оның аумағында жасау мақсатында оның аумағынан тыс жерде жасалған болып табылғанда өз заң иелiгiн бекiте алады.
3. Осы Конвенциядағы 16-баптың 10-тармағының мақсаттары үшiн әрбiр Қатысушы-мемлекет қылмыс жасаудағы сезiктi адам оның аумағында тұрса және ол оның азаматтарының бiрi болатындығының негiзiнде мұндай адамды ұстап бермей отырса, осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарға қатысты өзiнiң заң иелiгiн бекiту үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды.
4. Бұған қоса әрбiр Қатысушы-мемлекет қылмыс жасауда сезiктi адам оның аумағында тұрғанда және ол оны ұстап бермегенде, осы Конвенциямен қылмыстарға қатысты өз заң иелiгiн бекiту үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдай алады.
5. Егер осы баптың 1 немесе 2-тармақтарына сәйкес өз заң иелігін жүзеге асырып жатқан Қатысушы-мемлекет басқа Қатысушы-мемлекеттердiң бiрi осындай әрекеттерге байланысты тергеудi, қылмыстық қудалауды немесе сот қарауын жүзеге асырып жатқандығы туралы хабарлама алса немесе бұл жайында басқа түрде бiлсе, тиiстi жағдайларда бұл Қатысушы-мемлекеттердiң құзыреттi органдары өз әрекеттерiн үйлестiру мақсатында бiр-бiрiмен кеңес берулер жүргiзедi.
6. Осы Конвенция жалпы халықаралық құқықтар, нормалар үшiн залалсыз өзiнің iшкi заңнамасына сәйкес қатысушы мемлекет бекiткен кез келген қылмыстық заң иелiгінiң жүзеге асырылуын жоймайды.
16-бап
Тапсыру
1. Осы бап Конвенциямен қамтылатын қылмыстарға немесе егер де 3-баптың 1(а) немесе (b) тармақтарында ескерiлген қылмыстарды жасауға ұйымдасқан қылмыстық топ және сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің аумағында тұрған, тапсырылуы сұралынып отырған адам қатысты болған жағдайда, тапсыруды сұраумен байланысты әрекеттер, сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң, дәл сондай сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланылатындар болып табылған жағдайларда қолданылады.
2. Егер тапсыру туралы өтiнiш кейбiреулерi осы бапта қамтылмаған бiрнеше жеке елеулi қылмыстарға байланысты болса, онда сұрау салынған Қатысушы-мемлекет осы бапты осындай соңғы айтылған қылмыстарға қатысты да қолдана алады.
3. Осы бап қолданылатын қылмыстардың әрқайсысы оның тапсыруға ұрындыруы мүмкiн қылмыстар ретiнде тапсыру туралы Қатысушы-мемлекеттер арасында жасалған кез-келген шартқа қосылған болып есептеледi. Қатысушы-мемлекеттер осындай қылмыстарды тапсыруға ұрындыруы мүмкiн қылмыстар ретінде олардың арасында жасалынатын тапсыру туралы кез келген шартқа қосуды мiндетiне алады.
4. Егер шарт бойынша тапсыруды бәтуаласқан Қатысушы-мемлекет тапсыру туралы шарт жасаспаған басқа Қатысушы-мемлекеттен тапсыру туралы өтiнiш алса, ол осы Конвенцияны осы бап қолданылатын кез-келген қылмыспен байланысты тапсыру үшiн құқықтық негiз ретiнде қарай алады.
5. Тапсыруды қолда бар келiсiм-шартпен негiздейтiн Қатысушы-мемлекеттер:
а) осы Конвенцияны бекiту немесе қабылдау немесе оған қосылу туралы құжаттарын немесе ратификациялық грамоталарын сақтауға беру кезiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына, олар осы Конвенцияны, басқа Қатысушы-мемлекеттермен тапсыру мәселелерiнде осы Конвенцияны ынтымақтасу үшiн құқықтық негіз ретінде қолданатынын не қолданбайтынын хабарлайды; және
b) егер олар осы Конвенцияны тапсыру мәселелерiнде ынтымақтастық үшiн құқықтық негіз ретiнде пайдаланбайтын болса, тиiсті жағдайларда осы Конвенцияны қолдану мақсатында басқа да Қатысушы-мемлекеттермен тапсыру туралы шарттар жасауға тырысады.
6. Өз араларына қатысты белгiлi шартпен тапсыруды бәтуаласпаған Қатысушы-мемлекеттер осы бап қолданылатын қылмыстарды тапсыруға ұрындыруы мүмкiн қылмыстар ретiнде таниды.
7. Тапсыру сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң алдын ала ескерiлген iшкi заңнамасының шарттарына немесе тапсыру туралы қолданылатын, оның iшiнде тапсыруға қарай жазалаулардың талаптарымен байланысты шарттарды қоса алғандағы шарттарға және сұрау салынған Қатысушы-мемлекет тапсырудан бас тартуы мүмкiн негізге сәйкес жүзеге асырылады.
8. Қатысушы-мемлекеттер осы бап қолданылатын кез-келген қылмысқа қатысты өз iшкi заңнамаларын қадағалау шарты бойынша тапсыру рәсiмiн жеделдетуге және осымен байланысты дәлелдер әкеп беру туралы талаптарды жеңiлдетуге күш салады.
9. Сұрау салынған Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасының ережелерiн және өзiнiң тапсыру туралы шарттарын қадағалау бойынша жағдай осыны талап етiп, кейiнге қалдыруға болмайтын сипат алғанына көз жеткiзе отырып және сұрау салған Қатысушы-мемлекеттiң өтiнiшi бойынша тапсырылуы сұралынып отырған оның аумағында тұратын адамды тұтқынға алады немесе тапсыру рәсiмдерiнiң барысында оның қатысуын қамтамасыз ету үшiн басқа тиiстi шаралар қабылдайды.
10. Қылмыс жасауда сезiктi адам аумағында тұратын Қатысушы-мемлекет, егер ол осындай адамды осы бап қолданылатын қылмыстармен байланысты тек қана ол оның азаматтарының бiрi болған соң тапсырмай отырса, тапсыруды сұраған Қатысушы-мемлекеттiң өтiнiшi бойынша, қудалау мақсаты үшiн өзiнiң құзыреттi органдарына дәлелсiз кешiктiрулерсiз iстi беруге мiндеттi. Бұл органдар, осы Қатысушы-мемлекеттің iшкi заңнамасына сәйкес қауiптi сипаттағы кез-келген басқа да қылмыстар жағдайындағы сияқты түрде өндiрiстi жүргiзедi және өз шешiмiн қабылдайды. Мүдделi Қатысушы-мемлекеттер бiр-бiрiмен, осындай қудалауды тиiмдi қамтамасыз ету үшiн iс жүргiзу мәселелерi мен дәлелдеу мәселелерi бойынша ынтымақтасады.
11. Қатысушы-мемлекет оның iшкi заңнамасына сәйкес бұл адам сот қарауының немесе өндiрiсiнiң қорытындысымен тағайындалған жазасын өтеу үшiн бұл мемлекетке қайтарылатын жағдай бойынша бұл адамның тапсырылуы мен берiлуi сұралынғандығымен байланысты өз азаматтарының бiреуiн тапсыруға немесе басқа түрде беруге шешiм қабылдаған барлық жағдайда және бұл Қатысушы-мемлекет пен бұл адамның тапсырылуын сұраған Қатысушы-мемлекет олар орындалуға тиiстiлер деп санаған осындай ереже мен басқа жағдайлармен келiссе, осындай шартты тапсыру немесе беру осы баптың 10-тармағында бекiтiлген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеткiлiктi деп саналады.
12. Егер үкiмнiң орындалуын іске асыру мақсатында сұралынған тапсыруда iздестiрiлiп жатқан адамды сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің азаматы болғандықтан беруден бас тарту болса, сұралынған Қатысушы, егер ол оның iшкi заңнамасымен рұқсат етiлсе және егер де бұл осындай заңнаманың талаптарына сәйкес келсе, сұрап отырған Қатысушының жолдауы бойынша үкiмiнiң орындалуын iске асыру туралы немесе сұрап отырған Қатысушының iшкi заңнамасына сәйкес енгізiлген үкiмнiң қалған бөлiгі туралы мәселенi қарайды.
13. Кез-келген адамға осы бап қолданылатын кез-келген қылмыстарға байланысты өндiрiстi жүзеге асыратын iс бойынша өндiрiстiң барлық сатысында әдiл қарау бұған қоса аумағында осы адам тұратын Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасымен алдын ала ескерiлген барлық құқықтардың және кепiлдiктердiң жүзеге асырылуына кепiлдiк бередi.
14. Осы Конвенцияда еш нәрсе де, егер сұрау салынған Қатысушы-мемлекетте тапсыру туралы өтiнiш қандай да бiр адамды, оның жынысының, нәсiлiнiң, дiн ұстануының, этникалық шығу тегiнiң немесе саяси сенiмiнiң себебi бойынша қудалау немесе жазалауға құралғаны немесе осы өтiнiштi қанағаттандыру бұл адамның жағдайына осы себептердiң кез келген бiреуi бойынша залал келтiруi мүмкiндiгiн болжауға негіз бар болғанда тапсырудың мiндеттерiн бекiтетiндер ретiнде қарастырылмайды.
15. Қатысушы-мемлекеттер тек қана қылмыстар, сондай-ақ салықтық мәселелермен байланысты болып есептелген негізде тапсыру туралы өтiнiште орындаудан бас тарта алмайды.
16. Сұрау салынған Қатысушы-мемлекет тиiстi жағдайларда тапсырудан бас тартқанға дейiн сұрау салған Қатысушы-мемлекетпен, оның өтiнiшiнде жазылған деректерге қатысты оған оның пiкiрлерiн жеткiзуге жеткiлiктi мүмкiндiк беру және ақпарат жеткiзiп беру үшiн кеңес берулер жүргізедi.
17. Қатысушы-мемлекеттер тапсырудың тиiмдiлiгiн арттыру немесе жүзеге асыру мақсатында екi жақтық немесе көп жақтық келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар жасауға тырысады.
17-бап
Сотталған адамдарды беру
Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияда қамтылған қылмыстар үшiн түрмеге қамауға немесе бас бостандығынан айырудың басқа да түрлерiне сотталған адамдарды олар жазаларын өтеу мерзiмiн олардың аумағында өтей алуы үшiн беру туралы екi жақтық немесе көп жақтық келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар жасау мүмкiндiгiн қарай алады.
18-бап
Өзара құқықтық көмек
1. Қатысушы-мемлекеттер бiр бiрiне осы Конвенцияда қамтылған қылмыстармен байланысты, 3-бапта алдын ала ескерiлгендей тергеуде, қылмыстық қудалауда және сот Қарауында өзара ең үлкен құқықтық көмек көрсетедi және өзаралық негiзде егер сұрау салған Қатысушы-мемлекет 3-баптың 1(а) немесе (b) тармағында көрсетiлген қылмыстар сипаты бойынша трансұлттық болса және оның ішiнде қылмыс жасаудан зардап шеккендер, куәлар, табыстар, құралдар немесе осындай қылмыстарға қатысты айғақтар сұрау салынған Қатысушы-мемлекетте болғанда, сондай-ақ осы қылмыстарды жасауға ұйымдасқан қылмыстық топ қатысты болған деген саналы негiзде күдік бар болса, бiр бiрiне басқа да осы тектес көмек көрсетедi.
2. Өзара құқықтық көмек сұрау салған Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 10-бабына сәйкес заңды тұлға қылмыс жасағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн қылмыстарға байланысты тергеу қылмыстық қудалау және сот қарауына қатысты сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң сәйкес заңдарына, шарттарына, келiсiмдерiне және уағдаласушылықтарына орай барынша мүмкiн көлемде берiледi.
3. Осы бапқа сәйкес берiлген өзара құқықтық көмек, келесi мақсаттардың кез келгенiнде сұралына алады.
а) жеке адамдардан куәгерлiк жауаптар немесе өтiнiштер алу;
b) сот құжаттарын тапсыру;
с) алып қою немесе тыйым салу өндiрiсiн және тiнту жүргiзу;
d) жергілiктi учаскелер мен объектiлердi қарау;
е) ақпаратты, заттай айғақтарды және сарапшылардың бақылауларын жеткiзу;
f) тиiстi құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларын немесе куәландырылған көшiрмелерiн, оған қоса өкiметтiк, банктiк, қаржылық, корпоративтік немесе коммерциялық құжаттарды беру;
g) дәлелдеу мақсаттары үшiн қылмыстан түскен табыстарды, мүлiктi, қылмыс жасау құралдарын немесе басқа да құралдарды анықтау немесе iзiне түсу;
h) тиiстi адамдардың сұрау салған Қатысушы-мемлекеттің органдарына өз ерiктерiмен келуiне жәрдем ету;
i) сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің iшкi заңнамасына қайшы келмейтiн көмектiң кез келген басқа да түрiн жасау.
4. Қатысушы-мемлекеттің құзыретті органдары iшкi заңнамаға залалсыз басқа қатысушы-мемлекеттiң құзыреттi органдарына, егер де ол осындай ақпарат осы органға тергеудiң немесе қылмыстық қудалаудың сәттi аяқталуына немесе жүзеге асырылуына немесе осы Конвенцияға сәйкес осы Қатысушы-мемлекеттiң өтiнiш жазуына әкеп соғатын көмек көрсетуi мүмкiн деп есептеген жағдайларда қылмыстық-құқықтық мәселелерге байланысты ақпаратты бере алады.
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес ақпарат беру, ақпарат беретiн құзыреттi органдардың мемлекетiндегi тергеуге және қылмыстық өндiрiске залалсыз жүзеге асырылады. Ақпаратты алатын құзыреттi органдар тiптi уақытша негiзде болса да, бұл ақпараттың құпия сипатын сақтау туралы өтiнiшiн орындайды немесе оның пайдаланылуының шектелуiн қадағалайды. Бiрақта бұл, ақпаратты алатын Қатысушы-мемлекетке, онда жүргізiп жатқан өндiрiстiң барысында айыпталушыны ақтайтын ақпаратты ашуға бөгет бола алмайды. Мұндай жағдайда ақпарат алатын Қатысушы-мемлекет ақпараттың ашылуына дейiн ақпарат берушi Қатысушы-мемлекетті хабардар етедi және егер осы жайында өтiнiш алса, ақпарат берушi Қатысушы-мемлекеттермен кеңес берулер жүргiзедi. Егер, ерекше жағдайларда, өз уақытында хабардар ету болмаса, онда ақпарат алатын Қатысушы-мемлекет, ақпарат берушi қатысушы мемлекетке кешiктiрмей хабарлайды.
6. Осы баптың ережелерi, ол екi жақты немесе көп жақты болсын, өзара құқықтық көмектi жартылай немесе толық реттейтiн немесе реттеуi мүмкiн басқа да қандайда да бiр шарт бойынша мiндеттемелердi қозғамайды.
7. Осы баптың 9-29-тармақтары, егер тиiстi Қатысушы-мемлекеттер өзара құқықтық көмек туралы қандай да бiр шартпен байланысты болмаса, осы баптың негiзiнде жiберiлген өтінiштерге қолданылады. Егер бұл Қатысушы-мемлекеттер осындай шартпен байланысты болса, онда егер де Қатысушы-мемлекеттер олардың орнына осы баптың 9-29 тармақтарын пайдалануға келiспесе, бұл шарттың сәйкес ережелерi қолданылады. Қатысушы-мемлекеттер бұл тармақтарды, егер ол ынтымақтастыққа мүмкiндiк туғызатын болса, талапты түрде қолдануды ұсынады.
8. Қатысушы-мемлекеттер осы бапқа сәйкес банктiк құпияның негізiнде өзара құқықтық көмек беруден бас тартпайды.
9. Қатысушы-мемлекеттер осы бапқа сәйкес әрекеттердi қылмыстар ретiнде екi жақты бiрдей тану болмағандағы негiзде өзара құқықтық көмек беруден бас тартады. Бiрақта сұрау салынған Қатысушы-мемлекет, егер де ол оны тиiстi деп есептесе, көлемiн ол өз көзқарасы бойынша белгілейтiн тиiстi әрекеттер сұрау салынған қатысушы мемлекеттiң iшкi заңнамасына сәйкес қылмыстар болып табылуы немесе табылмайтынына қатыссыз көмек бередi.
10. Бiр Қатысушы-мемлекеттiң аумағында қамауға алынған немесе түрмеге қамауға алу мерзiмiн өтеп жүрген және басқа Қатысушы-мемлекетке осы Конвенциямен қамтылған қылмыстармен байланысты тергеу, қылмыстық қудалау немесе сот қарау үшiн дәлелдер алуда, жауаптар беру немесе басқа көмек көрсету, жеке тұлғасын анықтау мақсаттары үшiн қажет болып отырған адам мынадай шарттар бойынша берiле алады:
а) осы адам бұған өзiнiң саналы түрде ерiктi келiсiмiн бередi;
b) Қатысушы-мемлекеттердiң екеуiнiң де құзыретті органдары, осы Қатысушы-мемлекеттер тиiсті деп есептеуi мүмкiн жағдайларда келiсiмге қол жеткiзедi.
11. Осы баптың 10-тармағының мақсаттары үшін:
а) адам берiлетiн Қатысушы-мемлекеттер бұл адамды берген Қатысушы-мемлекет басқасын сұрамаса немесе басқа нәрсенi бекiтпесе, берілген адамды қамауға алуға құқылы және мiндетті;
b) адам берiлетiн Қатысушы-мемлекет Қатысушы-мемлекеттің бұрын келiсiлгендей немесе басқа түрде екеуiнiң де құзыреттi органдарымен келiсілгендей, осы адамды Қатысушы-мемлекеттiң иелiгiне беруге қайтару бойынша өзiнiң мiндеттерiн кешiктiрмей орындайды;
с) адам берiлетiн Қатысушы-мемлекет, бұл адамды берген Қатысушы-мемлекеттен оны қайтару үшiн тапсыру рәсiмiн қозғауды талап етпейдi;
d) берiлген адамның, оны берген мемлекеттегi жазасын өтеу мерзiмiне ол берiлген Қатысушы-мемлекеттiң қамауында болу мерзiмi қосылады.
12. Осы баптың 10 және 11-тармақтарына сәйкес қандай да бiр адамды беруге тиiс Қатысушы-мемлекетті келiсiмiнсiз, бұл адам, оның азаматтығына тәуелсiз, қылмыстық қудалауға, қамауға алу кесiмiне, жазалауға немесе осы адамды берген мемлекеттiң аумағында оны өтеу кезеңiне қатысты сотталумен немесе әрекетпен, әрекетсiздiкпен байланысты қандай да бiр басқа жеке еркiндiгiнiң шектелуiне тартылмайды.
13. Әрбiр Қатысушы-мемлекет өзара құқықтық көмек көрсету жөнiндегi өтiнiштердi алуға және не олардың орындалуына, не олардың орындалуы үшін құзыреттi органдарға өткiзiлуiне жауапты болатын орталық орган тағайындайды және тиiстi өкiлеттiктерге ие болады. Егер Қатысушы-мемлекетте өзара құқықтық көмек көрсетудiң жеке жүйесi бар аймақ немесе аумақ болатын болса, ол осындай аймаққа немесе аумаққа қатысты осындай функцияны орындайтын ерекше орталық орган тағайындай алады.
Орталық органдар алынған өтiнiштердiң жедел және тиiстi орындалуын немесе өткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
Егер де орталық орган құзыреттi органға орындалуы үшiн өтiнiштi өткiзсе, ол құзыреттi органның осы өтiнiштi жедел және тиiстi орындауына жәрдем етедi. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияны қабылдау немесе бекiту немесе оған қосылу туралы құжаттарын немесе ратификациялық грамоталарын сақтауға тапсырған кезде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы мақсатпен тағайындалған орталық орган туралы хабардар етiледi. Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштер және кез келген оларға қатысты хабарламалар Қатысушы-мемлекеттер тағайындаған орталық органдарға өткiзiледi. Бұл талаптар Қатысушы-мемлекеттiң, осындай өтiнiштер мен хабарламалар оған дипломатиялық арналары арқылы жiберiлуiн талап ететiн құқығына және егер бұл мүмкiн болса, Қатысушы-мемлекеттер бұл жөнiнде халықаралық қылмыстық полиция арқылы келiскен төтенше жағдайларда болған кездегi құқығына залал келтiрмейдi.
14. Өтiнiштер жазбаша түрде немесе егер де бұл мүмкiн болса, осы Қатысушы-мемлекетке түпнұсқалықты бекiтуге мүмкiндiк беретiн жағдайларда сұрау салынған Қатысушы-мемлекетке қолайлы тiлде жазбаша таспа жасауға мүмкiндiк беретiн кез келген басқа құралдың көмегiмен жiберiледi. Осы Конвенцияны қабылдау немесе бекiту немесе оған қосылу туралы құжаттарын немесе ратификациялық грамоталарын сақтауға тапсыруда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрбiр Қатысушы-мемлекетке қолайлы тiл немесе тiлдер туралы хабардар етiледi.
Төтенше жағдайларда және бұл Қатысушы-мемлекеттермен келiсiлген жағдайда өтiнiштер ауызша түрде жiберiлуi мүмкiн, бiрақ та ол кешiктiрiлмей жазбаша түрде расталады.
15. Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште:
а) өтiнiш жасаған органның атауы;
b) өтiнiшке байланысты мәселе мәнi мен қылмыстық қудалаудың немесе сот қарауының, тергеудiң сипаты, сондай-ақ бұл тергеудi, қылмыстық қудалауды немесе сот қарауын жүзеге асыратын органның атауы мен мiндеттерi;
с) сот құжаттарын тапсыруға қатысты өтiнiштерге байланыстылардан басқа тиiстi деректердiң қысқаша мазмұны;
d) сұралынған көмектiң сипаты және оның қадағалануына сұрау салған Қатысушы-мемлекет қамтамасыз етуге ұмтылатын кез келген нақты рәсiм туралы жан-жақты ақпарат;
е) мүмкiндiк бойынша кез келген тиiстi адамның жеке басы, тұратын жерi, азаматтығы туралы мәлiметтер; және
f) сұралынған айғақтардың, ақпараттардың немесе шаралардың мақсаты көрсетiледi.
16. Сұрау салынған Қатысушы-мемлекет, егер бұл ақпарат оның iшкi заңнамасына сәйкес өтiнiштiң орындалуы үшiн қажеттi болса, немесе бұл ақпарат мұндай өтiнiштiң орындалуын жеңiлдете алса, қосымша ақпарат сұрай алады.
17. Өтiнiш сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасына сәйкес, мүмкiндiк бойынша бұл өтiнiште көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасына қайшы келмейтiн мөлшерде орындалады.
18. Бұл қаншалықты мүмкiн болса, соншалықты мөлшерде және iшкi заңнаманың негізгі қағидаттарына сәйкес келсе, егер қандай да бiр адам Қатысушы-мемлекеттiң аумағында болса және басқа Қатысушы-мемлекеттің сот органдарымен куә немесе сарапшы ретiнде тыңдалуы тиiс болса, бiрiншi Қатысушы-мемлекет басқа Қатысушы-мемлекеттiк өтiнiшi бойынша егер де тиiстi адамның сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң аумағында жеке қатысуы мүмкiн болмаса немесе мiндеттi емес болса, тыңдауды бейне байланыстың көмегiмен жүргiзуге рұқсат бере алады.
Қатысушы-мемлекеттер сұрау салған Қатысушы-мемлекеттердiң сот органдары мен сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң сот органдары өкiлдерiнiң қатысуымен тыңдауды жүргiзу туралы келiсе алады.
19. Сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сұрау салынған Қатысушы-мемлекетпен тергеудi, қылмыстық қудалауды немесе сот қарауын жүзеге асыру үшiн берiлген дәлелдердi немесе ақпаратты өтiнiште көрсетiлгендерден басқа мақсатта сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің алдын ала ескерiлген келiсiмiнсiз бермейдi және пайдаланбайды. Осы тармақта еш нәрсе де сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке онда жүргізiлiп жатқан өндiрiстiң барысында айыпталушыны ақтайтын ақпаратты немесе дәлелдi ашуға бөгет болмайды. Бұл жағдайда ақпараттары немесе дәлелдерi ашылғанға дейiн сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сұрау салынған Қатысушы-мемлекетті хабардар етедi және егер бұл туралы өтiнiш алынған болса, сұрау салынған Қатысушы-мемлекетпен кеңес берулер жүргiзедi. Егер, ерекше жағдайларда, өз уақытында хабардар ету мүмкiн болмаса, онда сұрау салушы Қатысушы-мемлекет мұндай ашылулар туралы сұрау салынған Қатысушы-мемлекетке кешiктiрмей хабарлайды.
20. Сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сұрау салынатын Қатысушы-мемлекеттiң өтiнiштiң өзiн орындау үшiн қажеттiнi қоспағанда өтiнiштiң бар-жоғының және мәнiнiң құпиялылығын сақтауын талап ете алады. Егер сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет құпиялылық туралы талапты орындай алмаса, ол сол туралы дереу сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке хабарлайды.
21. Өзара құқықтық көмек көрсетуден:
а) егер өтiнiш осы баптың ережелерiне сәйкес берілмесе;
b) егер сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет өтiнiштiң орындалуы оның егемендiгiне, қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiбiне немесе басқа да өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне зиян келтiруi мүмкiн деп санаса;
с) егер сұрау салынатын Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасы оның органдарына кез келген ұқсас қылмысқа қатысты, егер сондай қылмыс оның заң иелiгi шеңберiнде тергеудiң, қылмыстық қудалаудың немесе сот арқылы шешудiң мәнi болып табылатын болса, оған қатысты сұрау салынатын шаралар қабылдауға тыйым салса;
d) егер өтiнiштi орындау өзара құқықтық көмек мәселелерiне қолданылатын сұрау салынатын Қатысушы-мемлекеттiң құқықтық жүйесiне қарама-қайшы келсе, бас тарту болуы мүмкiн.
22. Қатысушы-мемлекеттер қылмыс сонымен қатар салық мәселелерiмен байланысты болып есептелуiнiң негiзiнде ғана өзара құқықтық көмек туралы өтiнiштi орындаудан бас тарта алмайды.
23. Өзара құқықтық көмек көрсетуден кез келген бас тарту дәлелденуi тиiс.
24. Сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi мүмкiндігінше қысқа мерзiмдерде орындайды және бұл қаншалықты мүмкiн болса, сұрау салушы Қатысушы-мемлекет ұсынған және өтiнiштiң өзінде дәлелденген кез-келген шектелген мерзiмдердi толық ескередi. Сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттiң өтiнiштi орындау барысына қатысты орынды сұрау салуларына жауап бередi. Сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сұрау салынған көмектiң ендi қажет емес екендігі туралы сұрау салынатын Қатысушы-мемлекетке дереу хабарлайды.
25. Сұрау салушы Қатысушы-мемлекет өзара құқықтық көмек көрсетудi, бұл жүзеге асырылып жатқан тергеуге, қылмыстық қудалауға немесе соттың қарауына кедергісiн келтiредi деген негiзде кейiнге қалдыруы мүмкiн.
26. Осы баптың 21-тармағына сәйкес өтiнiштi орындаудан бас тартуға дейiн немесе осы баптың 25-тармағына сәйкес оны орындауды кейiнге қалдыруға дейiн сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет сұрау салушы Қатысушы-мемлекетпен сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет қажетті деп санайтын мерзiмдерде және сондай жағдайларда көмек көрсете алатындығын анықтау үшiн кеңесулер өткiзедi.
27. Осы баптың 12-бабын зиянсыз қолдану үшiн куәгер, сарапшы немесе сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттiң өтiнiшi бойынша өндiрiс барысында жауап беруге немесе сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттiң аумағында тергеудi, қылмыстық қудалауды немесе сот қарауын жүзеге асыру кезiнде көмек көрсетуге келiскен басқа адам сұрау салынатын Қатысушы-мемлекеттің аумағынан кеткенге дейiнгi кезеңде әрекет жасауына, әрекет етпеуiне не сотталуына байланысты қылмыстық қудаланбайды, қамауға алынбайды, жазаланбайды не осы аумақта оның жеке басының бостандығы шектелмейдi. Егер куәгер, сарапшы немесе өзге де адам кейiнгi он бес күн iшiнде немесе сондай адамға сот органдарымен қатысуы ендi талап етiлмейтiнi туралы ресми хабарланған датадан бастап кез келген Қатысушы-мемлекеттермен келiсiлген мерзiмнiң iшiнде, сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттiң аумағынан кету мүмкiндiгi болып, бiрақ өз еркiмен осы аумақта қалған немесе одан кетiп, сосын өз еркiмен қайтып келген болса, жеке қауiпсiздiгiнiң сондай кепiлiнiң күшi жойылады.
28. Егер мүдделi Қатысушы-мемлекеттер өзгедей туралы келiспесе, өтiнiштi орындаумен байланысты әдеттегi шығындарды сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет өтейдi. Егер өтiнiштi орындау айтарлықтай немесе төтенше шығындарды талап етсе немесе талап етуi мүмкiн болса, онда Қатысушы-мемлекеттер өтiнiш орындалатын жағдайларды, сондай-ақ шығындарды өтеудiң тәртiбiн анықтау мақсатында кеңестер өткiзедi.
29. Сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет:
а) сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке өзiнде бар және оның ішкi заңнамасына сәйкес жалпыға ашық үкiметтiк материалдардың, құжаттардың немесе ақпараттың көшiрмелерiн бередi;
b) өз қарауы бойынша сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке толық немесе жартылай немесе тиiстi деп санайтын шарттарды сақтай отырып, өзiнде бар және оның ішкi заңнамасына сәйкес жалпы үшiн жабық кез келген үкiметтiк материалдардың, құжаттардың немесе ақпараттың көшiрмелерiн беруi мүмкiн.
30. Қатысушы-мемлекеттер қажеттілiгiне қарай осы баптың мақсаттарына жауап беретiн, оның iс-жүзiндегi қолданысын қамтамасыз ететiн немесе оның ережелерiн бекiтетiн екi жақты немесе көп жақты келiсiмдер немесе шарттар жасасу мүмкiндігін қарастырады.
19-бап
Бiрлескен тергеулер
Қатысушы-мемлекеттер бiр немесе бiрнеше мемлекеттердегi тергеудiң, қылмыстық қудалаудың немесе сот қарауының мәнi болып табылатын iстерге байланысты құзыреттi органдардың бiрлескен тергеулер жүргiзу жөнiндегi органдар құра алатын екi жақты немесе көп жақты келiсiмдер мен уағдаласушылықтар жасасу мүмкiндiгiн қарастырады. Сондай келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар болмаған жағдайда тергеулер әрбiр бөлек жағдайда келiсiм бойынша жүргiзiледi. Тиiстi Қатысушы-мемлекеттер аумағында сондай тергеу жүргiзiлуi тиiс Қатысушы-мемлекет егемендiгiнiң толық құрметтелуiн қамтамасыз етедi.
20-бап
Тергеудiң арнайы әдiстерi
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет, егер бұған оның ішкi құқықтық жүйесiнiң негiзгi қағидаттарымен жол берiлсе және өз мүмкiндiктерi шегiнде оның iшкi заңнамасымен белгiленген шарттарда, бақылап отырып жеткiзулердi тиiстi пайдалануды және орынды деп санаған жағдайларда электрондық бақылау, бақылаудың басқа нысандары сияқты тергеудiң арнайы әдiстерiн пайдалану, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысқа қарсы тиiмдi күрес жүргiзу мақсатында оның құзыреттi органдары оның аумағында тыңшылық операцияларын жүргiзуге рұқсат етуге қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Осы Конвенция қамтитын қылмыстарды тергеу мақсаты үшiн Қатысушы-мемлекеттер, қажет болғанда, тергеудiң сондай әдiстерiн халықаралық деңгейде ынтымақтастық контекстiнде пайдалану үшiн тиiстi екi жақты немесе көп жақты келiсiмдер не уағдаласушылықтар жасасуға тартылады. Сондай келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар мемлекеттердiң егемендiк теңдiк қағидаттарын толық сақтай отырып жүзеге асырылады және жасалады және сол келiсiмдердiң немесе уағдаласушылықтардың шарттарына қатаң сәйкестiкте iске асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар болмаған жағдайда тергеудiң сондай арнайы әдiстерiн халықаралық деңгейде пайдалану туралы шешiмдер әрбiр нақты жағдайда қабылданады және қажет болғанда, мүдделi Қатысушы-мемлекеттер заң иелігiн жүзеге асыруға қатысты қаржылық уағдаласушылықтар мен өзара түсiнушiлiктердi ескерулерi мүмкiн.
4. Бақылап отырып жеткiзулердi халықаралық деңгейде пайдалану туралы шешiмдер, мүдделi Қатысушы-мемлекеттердiң келiсiмiмен жүктердi қағып әкету және оларға тиiспей қалдыру немесе оларды алып тастау, не толығымен немесе жартылай ауыстыру сияқты әдiстердi қамтуы мүмкiн.
21-бап
Қылмыстық өндiрiстi тапсыру
Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенция қамтитын қылмысқа байланысты қылмыстық қудалау мақсатында осындай тапсырыс әдiл сот мүдделерiне жауап бередi деп саналған жағдайларда, әсiресе, қылмыстық істердi бiрiктiрудi қамтамасыз ету үшiн бiрнеше заң иелiгi қозғалған жағдайда өндiрiстi өзара тапсырысу мүмкiндiгiн қарастырады.
22-бап
Сотты болуы туралы мәлiметтер
Әрбiр Қатысушы-мемлекет есепке алу үшiн қажет болатын ол тиiстi деп
санайтын заңды немесе басқа да шараларды тергелiп жатқан қылмысты
жасағанына сезiктi адамға қатысты бұрын шығарылған кез келген айыптау
үкiмiн сондай ақпаратты осы Конвенция қамтитын қылмысқа байланысты
қылмыстық өндiрiс барысында қабылдауы мүмкiн.
23-бап
Әділдiктi жүзеге асыруға бөгет жасау әрекеттерiнiң
криминализациялануы
Әрбiр Қатысушы-мемлекет мынадай әрекеттердi, олар қасақана жасалғанда, қылмыстық жазаланатындар ретiнде тану үшiн қажетті заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайды:
а) осы Конвенция қамтитын қылмыстарды жасауға байланысты өндiрiс барысында жанған жауаптар беруге тарту немесе жауаптар беру процесiне араласу, не дәлелдер беру мақсатында дене күшiн қолдану, қауiп-қатер төндiру немесе қорқыту не уәде беру, заңсыз басымдылық ұсыну немесе беру;
b) осы Конвенция қамтитын қылмыстарды жасаумен байланысты өндiрiстiң барысында сот немесе құқық қорғау органдары лауазымды адамның өз лауазымдық мiндеттерiн орындауына араласу мақсатында дене күшiн қолдану, қатер төндiру немесе қорқыту. Осы тармақшада Қатысушы-мемлекетке көпшiлiк лауазымды адамдардың басқа санатының қорғалуын қамтамасыз ететiн заңнамаға ие болу құқығына зиян келтiрмейдi.
24-бап
Куәгерлердi қорғау
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет, өз мүмкiндiктерi шегiнде, осы Конвенция қамтитын қылмыстарға байланысты жауап беретiн қылмыстық өндiрiске қатысатын куәгерлердi және тиiстi жағдайларда олардың туыстары мен оларға жақын адамдарды, болуы ықтимал кек алу немесе қорқытудан тиiмдi қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тиiстi шаралар қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар айыпталушының құқықтарына, оның iшiнде тиiстi қарау құқығына зиян келтiрмей сонымен қатар мыналарды қосулары мүмкiн:
а) осындай адамдардың басын қорғау үшiн рәсiмдер белгiлеу, мысалы - қажеттi мөлшерде және iс жүзiнде жүзеге асырылатындай оларды басқа жерге көшiру үшiн қажеттi және тиiстi жағдайларда рұқсат ететiн, осындай адамдардың жеке басына және тұрған жерiне қатысты ақпаратты жария етпеу немесе ақпаратты осындай жария етуге шектеулер орнататын ережелер қабылдау;
b) куәгердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, мысалы, бейнебайланыс сияқты байланыс құралдары немесе басқа да тиiстi құралдар арқылы куәгерлiк жауаптар беруге рұқсат беру мүмкiндiгiн беретiн дәлелдеу ережелерiн қабылдау.
3. Қатысушы-мемлекеттер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамдарды көшiруге қатысты басқа мемлекеттермен келiсiмдер мен уағдаласушылықтар жасасу туралы мәселенi қарастырады.
4. Осы баптың ережелерi куәгерлер болып табылатындықтан, сондай-ақ жәбiрленушiлерге де қолданылады.
25-бап
Жәбiрленушiлерге көмек көрсету және оларды қорғау
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет өз мүмкiндiктерi шегiнде осы Конвенцияда қамтылған қылмыстардан жәбiр көргендерге, әсiресе кек алу қаупi немесе қорқыту жағдайларында көмек беру және қорғау үшiн тиiстi шаралар қабылдайды.
2. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардан жәбiр көргендерге өтемақы төлеу және зиянын өтеуге мүмкiндiк жасауды қамтамасыз ету үшiн тиiстi рәсiмдер орнатады.
3. Әрбiр Қатысушы-мемлекет өз iшкi заңнамасын сақтау шартымен жәбiрленушiлердiң қылмыстық өндiрiсінің тиiстi кезеңдерiнде қылмыс жасаған адамдарға қатысты көзқарастарын және қауiптенулерiн айту және қарау үшін мүмкіндіктер туғызады.
26-бап
Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты
кеңейтуге бағытталған шаралар
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысатын немесе қатысқан адамдарды:
а) мынандай мәселелермен байланысты тергеу мен дәлелдеу мақсаттарында, құзыреттi органдар үшiн пайдалы ақпарат жеткiзгенде:
i) ұйымдасқан қылмыстық топтардың идентификациялық деректерi, сипаты, мүшелер құрамы, құрылымы, орналасқан жерi немесе әрекеттерi;
іі) байланыстар, оның iшiнде басқа ұйымдасқан қылмыстық топтармен халықаралық байланыстар;
іii) ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған немесе жасауы мүмкiн қылмыстар;
b) ұйымдасқан қылмыстық топтарды қылмыстардан түсетiн қорларынан немесе табыстарынан айыруға әсер ететiн құзыреттi органдарға нақты көмек көрсеткенде көтермелеу үшiн тиiстi шаралар қабылдайды.
2. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенциямен қамтылатын қандай да болсын қылмысқа байланысты тергеуде немесе қылмыстық қудалауда маңызды ынтымақтастық жасасатын айыпталушы адамды жазалауды жеңiлдету мүмкiндiгін қарастыру мәселесiн қарастырады.
3. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенциямен қамтылатын қылмысқа байланысты тергеуде немесе қылмыстық қудалауда маңызды ынтымақтастық жасасатын адамға қылмыстық қудалаудан иммунитет беру мүмкiндiгiн өз ішкi заңнамасының негізiн қалайтын қағидаттарына сәйкес қарастыру мәселесiн қарастырады.
4. Осындай адамдарды қорғау осы Конвенцияның 24-бабында көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адам бiр Қатысушы-мемлекетте бола тұра, басқа Қатысушы-мемлекеттiң құзыретті органдарымен маңызды ынтымақтастық жасасатын жағдайда мүдделi Қатысушы-мемлекеттер өз iшкi заңнамасына сәйкес басқа Қатысушы-мемлекеттерге осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген режимдi беруi ықтимал болуына қатысты келiсiмдер мен уағдаласушылықтар жасасу мүмкiндiгiн қарастырады.
27-бап
Құқық қорғау органдарының
арасындағы ынтымақтастық
1. Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияда қамтылған қылмыстарға қарсы күрес үшiн құқық қолдану шараларының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында өз iшкi құқықтық және әкiмшiлiк жүйелерiне сәйкес бiр-бiрiмен тығыз ынтымақтастық жасасады. Әрбiр Қатысушы-мемлекет сонымен қатар:
а) осы Конвенцияда қамтылған қылмыстардың барлық аспектілерi туралы ақпаратпен сенiмдi және тез алмасуды қамтамасыз ету үшiн егер мүдделi Қатысушы-мемлекеттер қылмыстық қызметтің басқа түрлерiмен байланыс, бұны орынды деп санаса, құзыреттi органдардың, мекемелердiң және қызметтердiң арасында байланыс арналарын нығайтуға немесе қажет болған жерде орнатуға;
b) Қатысушы-мемлекеттермен осы Конвенцияда қамтылған қылмыстарға байланысты тергеулер жүргiзуде:
i) осындай қылмысты жасауда сезiктi адамдардың жеке басын, тұрған жерi мен қызметiн немесе басқа да қатысты адамдардың тұрған жерiн;
іі) қылмыстардан түскен табыстарды немесе осындай қылмыстарды жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi жылжытуды;
iii) осындай қылмыстар жасау кезiнде пайдалану үшiн арналған немесе пайдаланылған мүлiктiң, жабдықтардың немесе басқа да құралдардың жылжуын анықтау мақсатында басқа да Қатысушы-мемлекеттермен ынтымақтастыққа;
с) тиiстi жағдайларда талдау мен тергеу мақсаттары үшiн қажетті құралдарды немесе заттардың қажетті санын беруге;
d) байланыстар бойынша қызметкерлерге жолданған мүдделi Қатысушы-мемлекеттермен екi жақты келiсiмдердi немесе уағдаласушылықтар жасасу шартын қоса алғанда қызметкерлермен және басқа да сарапшылармен қызметкерлер алмасуды көтермелеу және олардың құзыретті органдары, мекемелерi және қызметтерi арасындағы тиiмдi үйлестiруге көмек көрсетуге;
е) басқа Қатысушы-мемлекеттермен ұйымдасқан қылмыстық топтар қолданатын нақты құралдар мен әдiстер, тиiстi жағдайларда бағыттар мен көлiктер туралы, сондай-ақ жалған жеке куәлiктердi, өзгертiлген немесе қолдан жасалған құжаттарды немесе басқа да олардың қызметiн жасыратын құралдарды пайдалану туралы ақпарат алмасуға;
f) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды алдын ала анықтау мақсатында ақпарат алмасуға және әкiмшiлiктiк және басқа да қабылданатын шараларды үйлестiруге бағытталған тиiмдi шаралар қабылдайды.
2. Осы Конвенцияны іс жүзiнде қолдану мақсатында Қатысушы-мемлекеттер олардың құқық қорғау органдарының арасындағы тiкелей ынтымақтастық туралы екi жақты немесе көп жақты келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар жасау, ал ондай келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар бар болған жағдайда, оларға өзгерiстер енгiзу мүмкiндiгiн қарастырады. Мүдделi Қатысушы-мемлекеттердiң арасында осындай келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар болмаған жағдайда Қатысушылар осы Конвенцияны, осы Конвенция қамтитын қылмыстарға қатысты құқық қорғау органдарының арасындағы өзара ынтымақтастық үшiн негiз ретiнде қараулары мүмкiн. Тиiстi жағдайларда Қатысушы-мемлекеттер өз құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшiн келiсiмдер мен уағдаласушылықтарды, оның iшiнде халықаралық немесе аймақтық ұйымдардың тетiктерiн толық мөлшерде пайдаланады.
3. Қатысушы-мемлекеттер, өз мүмкiндiктерi шегiнде, қазiргi технологияларды пайдалану арқылы жасалатын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы әрекет жасау мақсатында ынтымақтасуға тырысады.
28-бап
Ұйымдасқан қылмыстың сипаты жөнiндегi ақпарат
жинау мен талдау және осындай ақпаратпен алмасу
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет, ғылыми-зерттеу орталықтарымен кеңесте өз аумағындағы ұйымдасқан қылмыс саласындағы қарқындардың талдауын, ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет ететiн жағдайларды, сондай-ақ осы iске тартылған кәсiби топтарды және пайдаланылатын технологияларды зерттеудi жүргiзу мүмкiндiгiн қарастырады.
2. Қатысушы-мемлекеттер ұйымдасқан қылмыстық әрекеттерге қатысты аналитикалық бiлiмдерiн кеңейту, олармен өздерiнiң арасында және халықаралық және аймақтық ұйымдармен алмасу мүмкiндiгін қарастырады. Осындай мақсатпен тиiстi жағдайларда жалпы анықтамалар, стандарттар және әдiснамалар әзiрленуi және пайдаланылуы тиiс.
3. Әрбiр Қатысушы-мемлекет ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi өз саясатын және практикалық шараларды iске асыру, сондай-ақ олардың тиiмдiлiгі мен нәтижелiлiгiн бағалауды жүргiзу мүмкiндiгiн қарастырады.
29-бап
Кадрларды даярлау және техникалық көмек
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет қажеттi шекте құқық қорғау органдарының персоналын, прокуратура қызметкерлерiн, тергеушiлердi және кеден органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу үшiн жауапты басқа да қызметкерлердi даярлаудың нақты бағдарламасын әзiрлейдi, жүзеге асырады немесе жетiлдiредi. Осындай бағдарламаларға қызметкерлердi iссапарға жiберу және олармен алмасу енгiзiледi. Осындай бағдарламалар iшкi заңнамамен рұқсат етiлетiн мөлшерде, мынадай мәселелерге қатысты болады:
а) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу кезiндегi пайдаланылатын әдiстер;
b) осы Конвенциямен қамтылатын қылмыстарға қатысы бар сезiктi адамдар пайдаланатын бағыттар мен құралдар, оның iшiнде транзит мемлекеттерiнде, сондай-ақ тиiстi жауап беру шаралары;
с) контрабанда заттарының жылжуын бақылау;
d) қылмыстардан түскен табыстарды, мүлiктердi, жабдықтарды немесе қылмыс жасаудың басқа да құралдарын және сондай табыстарды, мүлiктердi, жабдықтарды немесе қылмыс жасаудың басқа да құралдарын беру, тығу немесе жасыру әдiстерiн, сондай-ақ ақшалай қаражаттарды тазарту мен басқа да қаржылық қылмыстарға қарсы күресте пайдаланылатын әдiстердi анықтау және олардың жылжуын бақылау;
е) айғақтар жинау;
f) еркiн сауда аймақтары мен еркiн порттарда бақылау тәсiлдерi;
g) электрондық бақылауды, бақыланатын жеткiзулердi және тыңшылық операцияларды қосқандағы құқық қорғау органдарының жұмысында пайдаланылатын қазiргi жабдықтар мен әдiстер;
h) компьютерлердi, телекоммуникациялық желiлердi және қазiргі технологиялардың басқа да түрлерiн пайдалану арқылы жасалынатын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күресте пайдаланылатын әдiстер; және
i) жәбiрленушiлердi және куәгерлердi қорғау кезiндегi пайдаланылатын әдiстер.
2. Қатысушы-мемлекеттер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салалардағы арнайы бiлiмдермен алмасуды қамтамасыз ету жүктелген кадрларды зерттеу және даярлау бағдарламаларын жоспарлауда және жүзеге асыруда бiр бiрiне көмек көрсетедi және осы мақсатта, сондай-ақ тиiстi жағдайларда аймақтық және халықаралық конференциялар мен семинарларды ынтымақтастықты қолдау және өзара қызығушылықты тудыратын проблемаларды, оның iшiнде транзит мемлекеттерiнiң ерекше проблемалары мен қажеттiлiктерiн талқылау үшiн пайдаланады.
3. Қатысушы-мемлекеттер өзара құқықтық көмекке ықпал ететiн кадрларды даярлауға және техникалық көмек көрсетуге ықпал етедi. Кадрларды даярлаудағы сондай көмек және техникалық көмек шетел тiлдерiн оқып үйренудi, орталық аппараттың және тиiстi функцияларды атқаратын мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберу және олармен алмасуды енгiзуi мүмкiн.
4. Қолданыстағы екi жақты және көп жақты келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар жағдайында Қатысушы-мемлекеттер, қажеттiлiгiне қарай, халықаралық және аймақтық ұйымдар шегіндегi және басқа да екi жақты және көп жақты келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар шегiндегi практикалық және оқу iс-шараларының тиiмдiлiгiн барынша жақсартуға бағытталған күш-жiгердiң белсендiлiгiн арттырады.
30-бап
Басқа да шаралар: осы Конвенцияны экономикалық
даму және техникалық көмек арқылы жүзеге асыру
1. Қатысушы-мемлекеттер ұйымдасқан қылмыстың жалпы қоғам үшiн, оның iшiнде тұрақты даму үшiн терiс салдарын ескере отырып, халықаралық ынтымақтастық арқылы мүмкiндiгінше осы Конвенцияның оптималды жүзеге асырылуына ықпал ететiн шаралар қабылдайды.
2. Қатысушы-мемлекеттер мүмкiндігінше және бiр бiрiмен, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдармен үйлесе отырып:
а) трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын-алу және оған қарсы күрес саласында дамушы елдермен, осы елдердiң мүмкiндiктерiн нығайту мақсатында әртүрлi деңгейлерде өз ынтымақтастығын белсендiлендiру;
b) трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға тиiмдi қарсы әрекет жасау жөнiндегі дамушы елдердің күш-жiгерiн қолдау мақсатында қаржылық және материалдық көмектi кеңейту және осы Конвенцияны табысты жүзеге асыру үшiн оларға көмек көрсету;
с) дамушы елдерге және экономикасы өтпелi кезеңдi елдерге осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты олардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруларын қолдау мақсатында техникалық көмек көрсету. Сол үшiн Қатысушы-мемлекеттер сол мақсатқа арналған Бiрiккен Ұлттар Ұйым ашқан есеп-шотқа ұдайы жеткiлiктi еркiн жарналар салуға тырысады. Қатысушы-мемлекеттер өз iшкi заңнамасына және осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес жоғарыда көрсетiлген есеп шотқа қылмыстардан түскен табыстардың немесе осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес тәркiленген мүлiктердiң тиiстi құнын немесе ақшалай қаражаттардың белгiлi бiр үлесiн аудару мүмкiндiгiн ерекше қарастырулары мүмкiн;
d) тиiстi жағдайларда басқа да мемлекеттер мен қаржылық мекемелердi осы бапқа сәйкес қабылданатын күш-жiгерлерде бiрiгу үшiн, оның iшiнде дамушы елдер үшiн оларға осы Конвенцияның мақсаттарына жетуге көмектесу үшiн кадрлар даярлаудың едәуiр көп бағдарламасын және қазiргi жабдықтарды қамтамасыз ету арқылы көтермелеу және сендiру үшiн нақты күш салу шараларын қабылдайды.
3. Мүмкiндiгiнше бұл шаралар шетелдiк көмекке қатысы бар мiндеттемелерге немесе екi жақтық, аймақтық немесе халықаралық деңгейдегi қаржылық ынтымақтастықтар туралы басқа да уағдаласушылықтарға зиян келтiрмейдi.
4. Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияда көзделген халықаралық ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарды ескерту және анықтау мен оған қарсы күрес үшiн қажеттi қаржылық уағдаласушылықтарды ескере отырып, материалдық-техникалық көмек туралы екi жақты немесе көп жақты келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар жасасуы мүмкiн.
31-бап
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алу
1. Қатысушы-мемлекеттер ұлттық жобалар әзiрлеуге және олардың тиiмдiлігін бағалауға, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алуға бағытталған практика мен саясаттың оптималды түрлерiн анықтауға және енгізуге тырысады.
2. Қатысушы-мемлекеттер өз iшкi заңнамасының негiзiн қалаушы қағидаттарына сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топтардың тиiстi заңнамалық, әкiмшiлiк немесе басқа да шаралар қабылдау арқылы қылмыстардан түскен табыстарды пайдаланып, заңды рыноктарда iс-қимылдар жасаудың бар немесе болашақ мүмкiндiктерiн қысқартуға тырысады. Сондай шаралар:
а) құқық қорғау органдары немесе прокуратура органдары және тиiстi жекеменшiк ұйымдар арасындағы, оның iшiнде экономиканың әртүрлi секторларындағы ынтымақтастықты нығайтуда;
b) көпшiлiк және тиiстi жекеменшiк ұйымдардың жұмысындағы адалдықты қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен рәсiмдердi, сондай-ақ тиiстi кәсiптердiң өкiлдерi үшiн, атап айтқанда адвокаттардың, нотариустардың, салық салу мәселелерi жөнiндегi кеңесшi мен бухгалтерлердiң жүрiп-тұру кодекстерiн әзiрлеуге көмек көрсетуде;
с) ұйымдасқан қылмыстық топтар жағынан көпшiлiк органдарымен өткiзiлетiн сауда рәсiмдерiн және коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшiн көпшiлiк органдары беретiн субсидиялар мен лицензияларды асыра пайдаланудың алдын алу;
d) ұйымдасқан қылмыстық топтар жағынан заңды тұлғаларды терiс пайдаланудың алдын алуда шоғырланулары тиiс. Мұндай шаралар:
i) заңды тұлғаларды демеуге, оларды басқаруға және оларды қаржыландыруға қатысатын заңды және жеке тұлғалардың көпшiлiк реестрiн құруды;
іі) сот шешiмi бойынша немесе басқа да тиiстi тәсiлдер арқылы осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстар үшiн сотталған адамдарды орынды уақыт мерзiмiне олардың заң иелiгi шегiнде тіркелген заңды тұлғалардың басшылары лауазымын атқару құқығынан айыру мүмкiндiгін;
ііі) заңды тұлғалар басшыларының лауазымын атқару құқығынан айырылған адамдардың ұлттық реестрiн құруды;
іv) басқа Қатысушы-мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен осы тармақтың (d)(i)(iii) тармақшаларында көрсетiлген реестрлерде қамтылған ақпаратпен алмасуды енгiзуi мүмкiн.
3. Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстар үшiн сотталған адамдардың қоғамын реинтеграциялауға тырысады.
4. Қатысушы-мемлекеттер бар құқықтық құжаттарды және әкiмшiлiк практикаларды тиiстi мәселелер бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар жағынан терiс пайдалану көзқарасының осал жерлерiн анықтау мақсатында ұдайы бағалауға тырысады.
5. Қатысушы-мемлекеттер қоғамға трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықтың бар болу фактiсiн, себептерi мен қауiптi сипатын, сондай-ақ ол төндiретiн қауiптi түсiнудi тереңдетуде көмек көрсетуге тырысады. Тиiстi ақпарат сондай қылмыстарды ескертуге және оған қарсы күреске тұрғындардың қатысуына жәрдемдесу жөнiндегi шаралар туралы мәліметтерді жинақтайды және тиiстi жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралуы мүмкiн.
6. Әрбiр Қатысушы-мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алу жөнiндегi шаралар әзiрлеуде басқа да Қатысушы-мемлекеттерге көмек көрсете алатын органның немесе органдардың атауын және мекен-жайын хабарлайды.
7. Қатысушы-мемлекеттер, тиiстi жағдайларда, осы бапта көрсетiлген шараларды әзiрлеуде және жүзеге асыруға көмек етуде бiр бiрiмен және тиiстi халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтасады. Бұл, мысалы, трансұлттық ұйымдасқан топтар қызметiнiң көзқарасынан қолайсыз әлеуметтiк жағдайдағы халық топтарының осал жерлерiн анықтайтын жағдайларды жақсарту арқылы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған халықаралық жобаларға қатысуды қарастырады.
32-бап
Конвенцияға Қатысушылардың Конференциясы
1. Осымен Қатысушы-мемлекеттердiң трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күрестегi мүмкiндiктерiн кеңейту, сондай-ақ осы Конвенцияны жүзеге асыру және оның жүзеге асырылу барысының шолуын жүргізу мақсатында Конвенция қатысушыларының Конференциясы құрылады.
2. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қатысушылар Конференциясына осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей шақырады. Қатысушылар Конференциясы рәсiмдер ережелерiн және осы баптың 3-4-тармақтарында көрсетiлген қызметтiң түрлерiн (оның iшiнде қызметтiң осы түрлерiн жүзеге асыру кезiндегi шығындарды төлеуге қатысты ережелердi) реттейтiн рәсiмдердiң ережелерiн қабылдайды.
3. Қатысушылар Конференциясы осы баптың 1-тармағында аталған мақсаттарға жету үшiн, мыналарды:
а) осы Конвенцияның 29, 30, 31-баптарына сәйкес Қатысушы-мемлекеттердiң қызметiне, оның iшiнде өз еркiмен берiлген жарналарды жұмылдыру арқылы көмек етудi;
b) Қатысушы-мемлекеттердiң арасында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың нысандары және осы саладағы үрдiстер, сондай-ақ оған қарсы күрестiң табысты әдiстерi туралы ақпаратпен алмасуға көмектесудi;
с) тиiстi халықаралық және аймақтық ұйымдармен, сондай-ақ үкiметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты;
d) осы Конвенцияны жүзеге асыру туралы мәселенi ұдайы қарастыруды;
е) осы Конвенцияны жетiлдiруге және оны жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар шығаруды қоса ала отырып, механизмдердi келiседi.
4. Осы баптың 3-(d) және (е) тармақтарындағы мақсаттар үшiн Қатысушылар Конференциясы осы Конвенцияны жүзеге асыру үшiн Қатысушы-мемлекеттер қабылдаған шаралар және сол берілген ақпараттың негiзiнде және Қатысушылар Конференциясы құрған шолу жүргiзудiң сондай қосымша тетiктерi арқылы бұл ретте кездескен қиындықтар туралы қажеттi мәлiметтер алады.
5. Әрбiр Қатысушы-мемлекет Қатысушылар Конференциясына осы Конвенцияны жүзеге асыруға бағытталған бағдарламалары, жоспарлары және практикасы, сондай-ақ заңнамалық және әкiмшiлiк шаралар туралы Қатысушылар Конференциясы қажет ететiндей ақпарат ұсынады.
33-бап
Хатшылық
1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Конвенция Қатысушыларының Конференциясына қажеттi хатшылық қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.
2. Хатшылық:
а) Қатысушылар Конференциясына осы Конвенцияның 32-бабында айтылған қызметтi жүзеге асыруда көмек көрсетедi, сондай-ақ Қатысушылар Конференциясының сессияларын ұйымдастырады және оларды қажеттi көмек көрсетумен қамтамасыз етедi;
b) өтiнiш бойынша Қатысушы-мемлекеттерге осы Конвенцияның 32-бабындағы 5-тармақта көзделгендей Қатысушылар Конференциясына ақпарат беруде көмек көрсетедi; және
с) басқа да тиiстi халықаралық және аймақтық ұйымдардың хатшылықтарымен қажеттi үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
34-бап
Конвенцияны жүзеге асыру
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет өз iшкi заңнамасының негізiн қалаушы қағидаттарына сәйкес осы Конвенцияға сәйкес өз мiндеттемелерiн жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн, заңнамалық және әкiмшiлiк шараларды қосқандағы қажеттi шаралар қабылдайды.
2. Осы Конвенцияның 5, 6, 8-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстар осындай деп осы Конвенцияның 5-бабына сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топтың қатыстылық элементi бар-жоғы талап етiлетiн жағдайлардан басқа трансұлттық сипаттың элементтерiне немесе осы Конвенцияның 3-бабындағы 1-тармақта көрсетiлгендей ұйымдасқан қылмыстық топтың қатыстылығына байланыссыз қатысушы-Мемлекеттiң iшкi заңнамасында танылады.
3. Әрбiр Қатысушы-мемлекет трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алу және оған қарсы күрес үшiн осы Конвенцияда көзделген шаралардан көрi қатаңырақ немесе қатыгездiлеу шаралар қабылдауы мүмкiн.
35-бап
Дауларды шешу
1. Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияны түсiну немесе қолдану жөнiндегi дауларды келiссөздер арқылы шешуге тырысады.
2. Орынды уақыт мерзiмi iшiнде келiссөздер арқылы шешiле алмайтын осы Конвенцияны түсiну немесе қолдану жөнiндегi екi немесе одан да көп Қатысушы-мемлекеттердiң арасындағы кез келген дау Қатысушы-мемлекеттердiң бiреуiнiң өтiнiшi бойынша арбитраждық қарауға берiледi. Егер арбитраж туралы өтiнiш берген күннен Қатысушы-мемлекеттер оны ұйымдастыру туралы бiр келiсiмге келе алмаса, осы Қатысушы-мемлекеттердiң қайсы болсын Соттың Статутына сәйкес арыз жазып, дауды халықаралық Сотқа беруi мүмкiн.
3. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияға қол қою, оны бекiту, қабылдау немесе бекiту не оған қосылу кезiнде өзiн осы баптағы 2-тармақтың ережелерiмен байланысты деп санамайтыны туралы айтуы мүмкiн. Басқа Қатысушы-мемлекеттер сондай қосымша түсiнiк жасаған кез келген Қатысушы-мемлекетке қатысты осы баптағы 2-тармақтың ережелерiмен байланысты емес.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес қосымша түсiнiк берген кез келген Қатысушы-мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлау жiберу арқылы сол қосымша түсiнiктi кез келген уақытта алып тастауы мүмкiн.
36-бап
Қол қою, бекiту, қабылдау, бекiту және қосылу
1. Осы Конвенция 2000 жылғы желтоқсанның 12-нен 15 дейiн Палермо қаласында Италия, ал сосын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнде Нью-Йорк қаласында 2002 жылдың 12 желтоқсанына дейiн барлық мемлекетке қол қою үшiн ашық.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес осындай ұйымның кем дегенде бiр мүше-мемлекетi осы Конвенцияға қол қойған жағдайда осы Конвенция, сондай-ақ экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары үшін ашық.
3. Осы Конвенция ратификациялануға, қабылдануға немесе бекiтiлуге жатады. Ратификациялық грамоталар немесе қабылдау немесе бекiту туралы құжаттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы егер кем дегенде оның бiр мүше-мемлекетi солай жасаса, өз ратификациялық грамотасын немесе қабылдау не бекiту туралы құжатын тапсыруы мүмкiн. Сол ратификациялық грамотада немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжатта сондай ұйым осы Конвенциямен реттелетiн мәселелерге қатысты өз құзыретi саласы туралы айтады. Сондай ұйым, сондай-ақ депозитарийге өз құзыретi саласындағы кез келген тиiстi өзгерiс туралы хабарлайды.
4. Осы Конвенция сондай ұйымның кем дегенде бiр мүше-мемлекетi осы Конвенцияға қол қойған жағдайда осы Конвенция, сондай-ақ кез-келген мемлекетке немесе экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымына қосылу үшiн ашық. Қосылу туралы құжат Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Қосылу кезiнде аймақтық ұйым осы Конвенциямен реттелетiн мәселелерге қатысты өз құзыретi саласы туралы айтады. Сондай ұйым, сондай-ақ депозитарийге өз құзыретi саласындағы кез келген тиiстi өзгерiс туралы хабарлайды.
37-бап
Хаттамалармен өзара байланыс
1. Осы Конвенция бiр немесе бiрнеше хаттамалармен толықтырылуы мүмкiн.
2. Хаттаманың қатысушысы болу үшiн экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы немесе мемлекет, сондай-ақ осы Конвенцияның қатысушысы болуы тиiс.
3. Осы Конвенцияның Қатысушы-мемлекетi егер ол хаттама ережелерiне сәйкес оның қатысушысы болмаса, хаттамамен байланысты емес.
4. Осы Конвенцияға қатысты кез келген хаттама осы Конвенциямен бiрге осы хаттаманың мақсаттарын ескере отырып, талқыланады.
38-бап
Күшіне енуi
1. Осы Конвенция қырқыншы ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, бекiту не қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған датасынан кейiнгі тоқсаныншы күнi күшiне енедi. Осы тармақтың мақсаты үшiн экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы сақтауға тапсырған кез келген сондай грамота немесе құжат сондай ұйымның мүше-мемлекеттерi сақтауға тапсырған грамоталарға немесе құжаттарға қосымша ретiнде қаралмайды.
2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекiтетiн не қырқыншы ратификациялық грамота немесе осындай әрекет туралы құжат сақталуға тапсырылғаннан кейiн оған қосылатын әрбiр мемлекет немесе экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы үшiн осы Конвенция сондай мемлекет немесе ұйым тиiстi грамотаны немесе құжатты сақтауға тапсыру датасынан кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.
39-бап
Түзетулер
1. Осы Конвенция күшiне енген соң бес жылдан кейiн Қатысушы-мемлекет түзету ұсынып, оны Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдауы мүмкiн. Ол ұсынылып жатқан түзетудi сол ұсынысты қарау және ол бойынша шешiм қабылдау үшiн қатысушы-Мемлекеттерге және Конвенция Қатысушыларының Конференциясына жолдайды. Қатысушылар Конференциясы әрбiр түзету бойынша консенсусқа жету үшiн бар күш-жiгерiн салады. Егер консенсусқа жету бойынша барлық күш-жiгерлер таусылса және келiсiмге қол жетпесе, онда шектi шара ретiнде, түзетудi қабылдау үшiн Қатысушылар Конференциясының отырысындағы дауысқа салуда болған және қатысқан Қатысушы-мемлекеттерiнiң үштен екi дауысы талап етiледi.
2. Құзыретi шегiне жататын мәселелерде экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары осы Конвенцияның қатысушылары болып табылатын мүше-мемлекеттерiнiң санына тең дауыстары бар болғанда өз дауыс құқын осы бапқа сәйкес жүзеге асырады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Қатысушы-мемлекеттермен ратификациялануға, қабылдануға немесе бекiтiлуге жатады.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Бiрiккен ратификациялық грамотаны немесе сондай түзетудi қабылдау не бекiту туралы құжатты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсыру датасынан кейiн тоқсан күннен кейiн Қатысушы-мемлекетке қатысты күшiне енедi.
5. Түзету күшiне енгенде, ол онымен байланысты болуға келiсiм бiлдiрген Қатысушы-мемлекеттер үшiн мiндеттi болады. Басқа қатысушы- Мемлекеттер осы Конвенцияның ережелерiмен және олар бұрын ратификациялаған, қабылдаған немесе бекiткен кез келген түзетумен байланысты болып қала бередi.
40-бап
Күшiн жою
1. Қатысушы-мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жазбаша хабарлама жолдау арқылы осы Конвенцияның күшiн жоюы мүмкiн. Сондай күшiн жою Бас хатшы жазбаша хабарламаны алғаннан кейiн бiр жылдан кейiн күшiне енедi.
2. Экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы оның барлық
мүше-мемлекеттерi осы Конвенцияның күшiн жойғанда осы Конвенцияның
қатысушысы болмайды.
3. Осы Конвенцияның күшiн осы баптың 1-тармағына сәйкес жою оның кез
келген хаттамаларының күшiн жоюға әкелiп соқтырады.
41-бап
Депозитарий және тiлдер
1. Осы Конвенцияның депозитарийi ретiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас
Хатшысы тағайындалады.
2. Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiндегi
мәтiндерi теңтүпнұсқасы болып табылатын осы Конвенцияның түпнұсқасы
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады.
МҰНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШIН өз үкiметтерi тиiстi түрде уәкiлдiк берген,
төменде қол қойған өкiлеттi өкiлдер осы Конвенцияға қол қойды.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.