Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 60
қаулысымен енгізілген Қазақстан Республикасы Парламентінің
Мәжілісіндегі "Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа
қарсы конвенциясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
қайтарып алынсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.