"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "RWE Nukem Inс." (Америка Құрама Штаттары, Коннектикут, Стэмфорд) және "Siemens Financial Services GmbH" (Германия Федеративтік Республикасы, Мюнхен) фирмалары үшін 1992 жылғы 10 сәуірдегі уран концентратын сатып алу-сату шарты және 2000 жылғы 2 мамырдағы сату туралы N NММС-00/27 шарт бойынша Науаи тау-кен-металлургия комбинаты (Өзбекстан Республикасы, Науаи қаласы) 2002 жылы беретін 2300 тонна мөлшердегі уран концентратының (СЭҚ ТН 284410900) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес және қосымшаға сай ерекше қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы уран концентратының транзиттік тасымалын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы уран концентратының транзитіне бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті уран концентратының транзитіне бақылау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 24 қаңтардағы
N 95 қаулысына
қосымша
2002 жылы уран концентратын жөнелту
Кестесі
(тоннамен)
! "RWE Nukem Inс."! "Siemens Financial ! Жиыны II тоқсан 435 125 560 III тоқсан 542 63 605 IV Тоқсан 53 62 115 Тасымалдау 20 тонналық контейнерлерде темір жол көлігімен жүзеге асырылады. IV Тоқсан 500 - 500 Тасымалдау 20 тонналық контейнерлерде темір жол көлігімен жүзеге асырылады. |
Ескерту. Кесте өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.26. N 1255 қаулысымен.