Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 95 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 26 қараша N 1255

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Өзбекстан Республикасының Америка Құрама Штаттары мен Германия Федеративтік Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы уран концентратының транзитіне рұқсат беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 95 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2002 жылы уран концентратын жөнелту кестесінде (тоннамен):
      IV тоқсан деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "
      IV Тоқсан        53        62           115
        Қазан          53        62           115

      Тасымалдау 20 тонналық контейнерлерде темір жол көлігімен жүзеге асырылады.
      Шекаралық өту станциясы: Шеңгелді (Қазақстан Республикасы) - Озинки (Ресей Федерациясы)                                      ";
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "
      IV Тоқсан        500        -           500
        Қазан          90         -           90
       Қараша          205        -           205
      Желтоқсан        205        -           205

      Тасымалдау 20 тонналық контейнерлерде темір жол көлігімен жүзеге асырылады.
      Шекаралық өту станциясы: Шеңгелді (Қазақстан Республикасы) - Локоть (Ресей Федерациясы)".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады