"Бюджеттiк жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңын орындау үшiн және "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2002 жылға арналған паспорты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 25 қаңтардағы N 102 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі
________________________________________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi
001 "Әкiмшiлік шығындар"
республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 650 364 мың теңге (алты жүз елу миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңының 8, 18, 21-24-баптары; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы; "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысы ; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаттары.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындауы үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының, оның комитеттерiнiң және олардың аумақтық бөлiмшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің орталық аппаратын, оның комитеттерін және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар
жоспары:
N !Бағдар.!Кіші !Бағдарламаның !Бағдарламаны (кіші! Іске ! Жауапты 001 Орталық орган. Штат санының бек. жыл Қазақстан 002 Аумақтық Штат санының бек. |
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.09. N 1291 қаулысымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне жүктелген функциялар мен міндеттерді сапалы және уақытылы орындау.