Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің 001 "Әкімшілiк шығындар" республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2002 жылға арналған паспортын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 25 қаңтар N 102

      "Бюджеттiк жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңын орындау үшiн және "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2002 жылға арналған паспорты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
2002 жылғы 25 қаңтардағы N 102 қаулысына
қосымша               

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі
________________________________________________________________

Бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi

001 "Әкiмшiлік шығындар"
республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 650 364 мың теңге (алты жүз елу миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңының 8, 18, 21-24-баптары; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы; "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысы ; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаттары.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындауы үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының, оның комитеттерiнiң және олардың аумақтық бөлiмшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің орталық аппаратын, оның комитеттерін және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстау.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар
жоспары:

N  !Бағдар.!Кіші   !Бағдарламаның !Бағдарламаны (кіші! Іске  !  Жауапты
   !коды   !бағдар.!(кіші бағдар. !бағдарламаны) іске! асыру !орындаушылар
   !       !коды   !ламаның) атауы! асыру жөніндегі  !мерзімі!
   !       !       !              !    іс-шаралар    !       !
   !       !       !              !                  !       !
---------------------------------------------------------------------------
1 !   2   !   3   !       4      !         5        !   6   !      7
---------------------------------------------------------------------------
1   001             Әкімшілік
                     шығындар

              001    Орталық орган. Штат санының бек.   жыл    Қазақстан
                     ның аппараты   ітілген лимитіне    бойы  Республикасы.
                                    сәйкес 464 бірлік         ның Көлік
                                    көлемінде Қазақстан       және коммуни.
                                    Республикасы Көлік          кациялар
                                    және коммуникация.        министрлігі
                                    лар министрлігінің
                                    орталық аппаратын
                                    және оның комитет.
                                    терін ұстау <*>   

              002    Аумақтық       Штат санының бек.
                     органдардың    ітілген лимитіне
                     аппараттары    сәйкес 1035 бірлік
                                    көлемінде Қазақстан
                                    Республикасы Көлік
                                    және коммуникация.
                                    лар министрлігі Коми.
                                    теттерінің аумақтық
                                    органдарын ұстау

      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.09. N 1291 қаулысымен.
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан   Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне жүктелген функциялар мен міндеттерді сапалы және уақытылы орындау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады