Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.06.2002 N 641 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1558 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
N 139 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы арасында
МIНДЕТТЕРДI БӨЛУ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
И.Н.Тасмағамбетов
Үкiметтiң қызметiне басшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк ету.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк функциялар мен бюджетаралық қатынастарды
орталықсыздандыру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға
басшылық жасау.
Қорғаныс, шетелдiк инвестицияларды тарту, экспорттық бақылау,
мәдениет, ұлтаралық қатынастарды дамыту, мемлекеттiк материалдық
резервтер, төтенше жағдайлар мәселелерi.
Үкiметтiң кадр мәселелерi.
Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң, Мемлекеттiк материалдық
резервтер жөнiндегi агенттiктiң, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң
қызметiн жалпы бақылау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
К.Қ.Мәсiмов
Экономиканы жедел басқару, аймақтық саясат мәселелерi.
Мемлекеттiк органдардың өндiрiстiк сала мен инфрақұрылымды (өнеркәсiптi, ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсiп кешенi мен құрылысты, шағын және орта кәсiпкерлiктi, көлiк пен коммуникацияларды, энергетика секторы мен тау-кен кешенiн) дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi.
Экология, табиғи ресурстарды пайдалану, геология, жер қойнауын
пайдалану және жер қойнауын сақтау мәселелерi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының мәселелерi.
Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң жұмысына басшылық жасау.
ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара
қатынастарды үйлестiру.
Астана қаласы жаңа орталығының құрылысын салу жөнiндегi мемлекеттiк
комиссияға басшылық жасау.
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Экономика және сауда
министрлiгiнiң (өнеркәсiптiк дамыту мәселелерi бойынша), Табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау
жөнiндегi агенттiктiң, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiктiң
қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Б.Ә.Мұхамеджанов
Құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру мәселелерi.
Мемлекеттiк органдардың әлеуметтiк, бiлiм беру, ғылым, денсаулық
сақтау, спорт пен туризм мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестіру.
Көшi-қон және демографиялық саясат, әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер
iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның мәселелерi.
Қазақстан Республикасында Денсаулық жылын өткiзу жөнiндегi
мемлекеттiк комиссияға басшылық жасау.
Iшкi iстер министрлiгiнiң, Әділет министрлiгiнiң, Бiлiм және ғылым
министрлiгiнiң, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Қаржы полициясы
агенттiгiнiң, Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiктiң, Туризм және
спорт жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
А.С.Павлов
Экономикалық даму, қаржы, салық және тариф саясаты, бюджетаралық
қатынастарды жетiлдiру мәселелерi.
Үкiметтiң Ұлттық Банкпен, халықаралық қаржы және экономикалық
ұйымдармен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету.
Қазақстанның Даму банкiнiң қызметiн үйлестiру.
Қаржы министрлiгiнiң қызметiне басшылық жасау.
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң, Экономика және сауда
министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң,
Статистика жөнiндегi агенттiктiң, Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiктiң
(тариф саясаты бөлiгiнде) қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң Басшысы
А.А.Тілеубердин
Үкiметтің шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттiк және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың қызметiн үйлестiру.
Үкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
Үкiметтiң аймақтық саясатын іске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру,
Үкiметтiң облыстар әкiмдерiмен жұмыстағы өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшiлiгiмен және Парламент
палаталарының аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi.
Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы
бақылауды жүзеге асырады.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.