Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысы арасында міндеттердi бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 желтоқсан N 1558. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.01.31. N 139 қаулысымен. ~P020139

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,

 

Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы

арасында мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн.

     2. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнiң

орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi

бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы

N 1959 


P001959_


  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                               Қазақстан Республикасы

                                                     Үкiметiнiң

                                             2001 жылғы 3 желтоқсандағы

                                                  N 1558 қаулысына

                                                      қосымша



               Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,

                  Премьер-Министрінің орынбасарлары және

               Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысы арасында

                             МІНДЕТТЕРДI БӨЛУ


                Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

                                Қ.К.Тоқаев


     Yкiметтiң қызметiне басшылық жасау.

     Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен,

Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да

конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi.

     Мемлекетаралық қатынастар және халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.

     Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру.

     Әлеуметтiк және құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiру.

     Шетелдiк инвестицияларды тарту, экспорттық бақылау, мемлекеттiк

материалдық резервтер, шағын және орта кәсіпкерлiк, төтенше жағдайлар

мәселелерi.

     Үкiметтiң кадр мәселелерi.

     Мемлекеттiк билiктi орталықсыздандыру мәселелерi.

     Сыртқы iстер министрлiгiнің, Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер

министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Мемлекеттiк материалдық резервтер

жөнiндегі агенттiктiң, Қаржы полициясы агенттiгiнiң, Төтенше жағдайлар

жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау.


           Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары

                                К.Қ Мәсімов


     Экономиканы жедел басқару, экономикалық даму, қаржы, салық және тариф

саясаты мәселелерi.

     Өнеркәсiптi, ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсiп кешенiн және құрылысты

дамыту мәселелерi.

     Көлiк және коммуникацияларды дамыту мәселелерi.

     Үкiметтiң халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдарымен өзара

iс-қимылдарын қамтамасыз ету.

     Ұлттық Банкпен өзара iс-қимыл жасау.

     Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң жұмысына басшылық жасау.

     ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара

қатынастарды үйлестiру.

     Астана қаласы жаңа орталығының құрылысын салу жөнiндегi мемлекеттiк

комиссияға басшылық жасау.

     Қаржы министрлiгiнiң, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң, Экономика

және сауда министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Көлiк және

коммуникациялар министрлiгiнiң, Табиғи монополияларды реттеу,

бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттіктiң,

Статистика жөнiндегi агенттiктiң, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi

агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.


           Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары

                            И.Н.Тасмағамбетов


     Әлеуметтiк саланы дамыту мәселелерi.

     Бiлiм берудi, мәдениеттi, ғылымды, денсаулық сақтауды, спорт пен

туризмдi дамыту мәселелерi.

     Ұлтаралық қатынастар, көшi-қон және демографиялық саясат, әлеуметтiк

әрiптестiк мәселелерi.

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер

iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның мәселелерi.

     Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығы жылын өткiзу

жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға басшылық жасау.

     Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық

келiсiм министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау

министрлiгiнiң, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Көшi-қон және демография

жөнiндегi агенттiктiң, Туризм және спорт жөнiндегi агенттiктiң қызметiн

жалпы бақылауды жүзеге асырады.


           Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -

                Энергетика және минералдық ресурстар министрi

                                В.С.Школьник


     Энергетикалық секторды және кен-металлургия кешенiн дамыту мәселелерi.

     Экология, табиғи ресурстарды пайдалану, геология, жер қойнауын

пайдалану және жер қойнауын қорғау мәселелерi.

     "Байқоңыр" ғарыш айлағының мәселелерi.

     Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң қызметiне

басшылық жасайды.

     Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қызметiн

жалпы бақылауды жүзеге асырады.


                 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

                             Кеңсесінiң Басшысы

                               А.А.Тiлеубердин



 
       Үкiметтiң шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттiк және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру.
      Yкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.

 

     Yкiметтiң аймақтық саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру,

Үкiметтiң облыстар әкiмдерiмен жұмыстағы өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

     Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшiлiгiмен және Парламент

палаталарының аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

     Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру және мемлекеттiк құпияларды

қорғау мәселелерi.

     Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы

бақылауды жүзеге асырады.



     Жұмыста болмаған кезеңде өзара ауысуы:

     К.Қ.Мәсiмов - В.С.Школьник

     К.Қ.Мәсiмов - И.Н.Тасмағамбетов



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады