Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2002 жылғы 28 маусымдағы N 13 қаулысы.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы азаматтық істерді қарау кезінде заңнаманың дұрыс әрі біркелкі сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін заң бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар азаматтардың, ұйымдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың арыздары бойынша қозғалатынына (Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 55, 62-баптарының талаптарына сай) және факт туралы даудың болу ықтималдығымен, бірақ құқық туралы даудың сөзсіз болмайтындығымен сипатталатынына соттардың назары аударылсын. Егер арызданушы заңдық маңызы бар бірнеше фактілерді анықтау туралы арыз берсе, онда соттар осы талаптарды бір өндірісте қарауға құқылы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      2. Соттар заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы арыздарды егер:

      мұндай фактілер заңға сәйкес (АПК-нің 305-бабының бірінші бөлігі) заңдық маңызы бар жағдайларды тудырса (азаматтар мен ұйымдардың жеке немесе мүліктік құқықтарының пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы);

      фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуға немесе оларды қалпына келтіретін арызданушының басқа мүмкіндігі болмаса (АПК-нің 306-бабы);

      қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) мүмкіндігі көзделмесе (АПК-нің 306-бабы);

      фактіні анықтау соттың ведомстволығына жататын құқық туралы дауды кейін шешуге байланысты болмаса, қабылдап, ондай істерді ерекше өндіріс тәртібімен қарай алады (АПК-нің 304-бабының екінші бөлігі).

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      3. Істі сот талқылауына дайындау барысында сот арыз берушіден фактіні анықтаудағы оның заңдық мүддесінің бар-жоғын, арыз берушіден осы фактіні куәландыратын тиісті құжатты алуға немесе оны қалпына келтіруге мүмкіндіктің жоқтығын растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажет.

      Нақ сол немесе өзге фактіні тіркеу тәртібінің болмағанын (мысалы, біреудің асырауында болу) не фактіні тіркеу тәртібінің сақталмағанын және оған мұндай жағдайларда жүгінуге мүмкіндіктің жоқтығын (мысалы, қайтыс болу фактісі, баланың ата-анасы бала туғаннан кейін некені тіркетпей, баланың тууы туралы жазбаға түзетулерді уақтылы енгізбеген және мұны жасау әкесінің қайтыс болуына байланысты мүмкін болмаған жағдайларда әкелікті тану фактісі) құжатты алу мүмкін емес деп түсіну қажет. Фактіні растайтын құжаттардың болғанымен, оларда құжаттың дәлелдемелік маңызынан айыратын, түзетілуі мүмкін емес қателіктер мен сәйкессіздіктер (мысалы, жазатайым жағдай туралы акт) жіберілген жағдайларда да құжатты алу мүмкін емес деп түсінген жөн.

      Қажетті құжаттың жоғалып немесе жойылып кетуі салдарынан тиісті тұлғаның оның телнұсқасын беруге мүмкіндігінің болмауын жоғалған құжатты қалпына келтіру мүмкін емес деп түсіну қажет.

      Соттар дауды сотқа дейінгі шешу тәртібін заңдық фактіні соттан тыс анықтау тәртібінен ажыратулары тиіс.

      Заңдық фактіні соттан тыс анықтау тәртібі деп заңнамалық актілерде көзделген тәртіпті түсінген жөн, ол бойынша мемлекеттік органға, ұйымға, өзге тұлғаға жүгініп заңдық фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуға немесе қалпына келтіруге мүмкін болады.

      Егер қолданыстағы заңнамада оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) тәртібі көзделсе, онда сот АПК-нің 151-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартуға тиіс.

      Арыз қате қабылданып, іс қозғалған жағдайда, онда ол АПК-нің 277-бабы 1) тармақшасының негізінде тоқтатылуға жатады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-1. Соттар құқық туралы даудың бар болуы немесе жоқтығы туралы мәселені шешкен кезде істі сот талқылауына дайындау тәртібімен арыз берушіге қандай мақсатта заңдық фактіні анықтау қажет екенін, оны анықтаған кезде қандай құқықтық қатынастардың туындауы мүмкін екендігін, осы құқықтық қатынастарға қатысуы ықтимал басқа да тұлғалардың бар-жоғын анықтағаны жөн.

      Тиісті құқықтық қатынасқа кіруге ниет білдірген немесе оған кірген мұндай тұлғалардың бар болуы құқық туралы даудың орын алғанын куәландыруы мүмкін.

      Егер судья істі сот талқылауына дайындауға әрекеттер жасаған немесе істі мәні бойынша қараған кезде соттың ведомстволығындағы құқық туралы дау бар екенін анықтаса, онда ол АПК-нің 279-бабы 13) тармақшасының негізінде арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығаруға және арыз беруші мен басқа да мүдделі тұлғаларға талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.

      Істі дұрыс шешу мақсатында азаматтық сот ісін жүргізу түрінің аражігін ажырату үшін құқық туралы даудың бар-жоғын анықтау қажет.

      Сот құқық туралы дау болмаған кезде арызды қараусыз қалдыру туралы қате ұйғарым шығарып, арыз берушіге талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге ұсыным жасаған жағдайлар, процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзу деп есептелмейді.

      Туу, бала асырап алу, некеге тұру, ажырасу және қайтыс болу тіркелгенінің (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасы), құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілілігінің (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасы), егер жазатайым жағдайды өзгеше тәртіппен растау мүмкін болмаса, жазатайым жағдайдың (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 7) тармақшасы), азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір мән-жайларда белгілі бір уақытта қайтыс болғанының (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 8) тармақшасы) заңдық фактісі анықталған кезде құқық туралы дау туындауы мүмкін емес.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес адамдардың туыстық қатынастарының фактісі туыстық дәрежесі тікелей заңдық салдарлар туындататын жағдайларда ғана, мысалы, егер мұндай фактіні анықтау арыз берушіге мұрагерлікке құқық туралы куәлікті алу, асыраушының қайтыс болуына байланысты жәрдемақы алу құқығын ресімдеу үшін қажет болса, сот тәртібімен анықталады.

      Туыстық қатынастар фактісін анықтау, әдетте, туысқандар осы фактіні тиісті құжаттарды ұсыну арқылы дәлелдей алмайтын жағдайларда орын алуы мүмкін.

      Бірінші және екінші кезектегі мұрагерлер болып табылатын ата-анасы мен балалар, аға-інілер, апа-қарындастар (сіңлілер), ата-әжелер арасындағы туыстық қатынас азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді (туу туралы куәліктерді, некені тіркеу, бұзу туралы куәліктерді және т.б.) ұсыну арқылы құжатпен расталуы мүмкін, сондықтан мұрагерлік құқығын алу үшін туыстық қатынастардың фактісін анықтау туралы арыз беретін мүдделі тұлғалар, әдетте, бірінші және екінші кезектегілерден басқа кейінгі кезектегі мұрагерлер (немере аға-інілер, апа-қарындастар (сіңлілер), нағашы ағалары мен нағашы апалары және т.б.) болып табылады.

      Ерлі-зайыптылар қандас туыстар болып табылмайды, сондықтан олардың арасында туыстық қатынастар анықталуы мүмкін емес.

      Қайтыс болған адам өмір сүрген кезде өзін арыз берушінің әкесі деп таныған негіздер бойынша мұрагерлікті алу мақсатында туыстық қатынастар фактісі анықталуы мүмкін емес.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Соттар бір адамның екінші адамның қамқорында (асырауында) болу (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасы) фактілерін анықтаудың заңдылық екенін, ол азаматтың мұрагерлік құқысын бекіту үшін мұраны (АК-нің 1068-бабы) қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы (АК-нің 940-бабы) алуы үшін және заңда көзделген басқа да жағдайларды анықтау үшін керек екендігі назарда болуы керек.

      Аталған жағдайларда, арызданушы жалақы, зейнетақы, стипендия және т.б. кірістері болған болса, қамқоршы тарапынан көмек тұрақты және негізгі күнкөріс көзінің болғанын анықтау қажет.

      Тек қайтыс болған адамның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқылы.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      6. Баланың тууын, ұлды (қызды) асырап алу, некені қиюды, ажырасуды, өлгендікті (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 3) тармақшасы) тіркеу фактілерін анықтау туралы істерді қарау кезінде соттар оқиғаның өзін емес, олардың тиісті органдарда тіркелу фактілерін ғана анықтайтынын соттар назарда ұстаулары қажет.

      Егер азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында және тиісті мұрағаттарда мұндай жазба сақталмаса және оны қалпына келтіруден бас тартылса, онда мұндай істер қаралуға жатады.

      Нақтылы некелік қатынаста болу фактісін анықтау туралы істер осы тармаққа сәйкес қаралмайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      7. Құқық белгілейтін құжаттардың адамға тиістілігі жөніндегі фактіні анықтау туралы талаптар бойынша құжатта көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 5) тармақшасы) көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтіні анықталса, арызды қабылдау сәтінде, ал ол қабылданған жағдайда істі сот талқылауына дайындау кезінде соттар арызданушыдан құқық белгілейтін құжаттың оған тиесілі екендігін және оны берген ұйымның оған тиісті өзгерістерді енгізуге мүмкіндігі жоқтығын көрсететін дәлелдемелерді ұсынуды талап етуге тиіс.

      Әскери құжаттардың, паспорттың, жеке куәліктің және азаматтық хал актілерін жазу органдары берген куәліктердің нақтылы адамға тиісті фактісін анықтауға соттың құқысы жоқ.

      Сонымен қатар, ССР Одағының және оның органдарының таратылуына байланысты, ордендер мен медальдардың куәліктерінде көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін жағдайда, ол құжаттар белгілі адамдікі екендігін анықтауға сот құқысының бар екендігін назарда ұстау қажет. Осы орайда, осындай фактілерді анықтау туралы шешім осы құжаттардың арызданушыға тиесілі екендігі нанымды дәлелдемелердің қорытындысына сәйкес негізделуге тиіс.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      8. Егер арыз берушіде мүліктің тиесілілігі туралы құқық белгілейтін құжат бар болып, бірақ ол жоғалған болса және көрсетілген факті АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес соттан тыс тәртіппен анықталмайтын болса, жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болу фактісі анықталуы мүмкін.

      Егер мүліктің тиесілілігі туралы құқық белгілейтін құжаттарда қате жіберілген болса, мұндай факт анықталуы мүмкін емес.

      Егер арыз берушінің өтініші осы мүлікке басқа адамдардың талаптарымен байланысты болса, мұндай факт ерекше талап қою ісін жүргізу тәртібімен анықталуы мүмкін емес.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Жазатайым жағдай фактісін (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 7) тармақшасы) анықтау туралы істерді қарау кезінде сот мұндай фактіні оны соттан тыс тәртіппен анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда анықтауға құқылы екенін назарда ұстау қажет.

      Жазатайым жағдай туралы акт жасалмаса, ал оны жасаудың мүмкіндігі болмаса, акт жасалған, бірақ ол кейіннен жоғалса, ал оны соттан тыс тәртіппен қалпына келтіру мүмкіндігі болмаса немесе актіні жасау кезінде жазатайым жағдай фактісін тануға кедергі келтіретін қателік жіберіліп, оны жою мүмкін болмаған жағдайда, жазатайым жағдай туралы фактіні анықтау жайлы арыз сот өндірісіне қабылдануы мүмкін.

      Жазатайым жағдай фактісін анықтау туралы істерді қарау кезінде сот еңбекке қабілеттіліктен айырылу себептері мен оның дәрежесін, мүгедектік тобын және оған ұшыраған уақытын анықтауға құқылы емес.

      Шешімнің қарар бөлігі еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 190-бабы) жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілуге тиіс мәліметтерді қамтуға тиіс.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      10. Адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болу фактісін анықтау туралы арыз (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 8) тармақшасы) азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болған адам жайында оны тіркеуден бас тартқаны туралы арызданушыға жазбаша жауабы болса ғана сот өндірісіне қабылданады.

      Арызды қанағаттандыру туралы шешім адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болғанын нанымды куәландыратын дәлелдемелерге негізделуге тиіс.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      11. Мұрагерлікті қабылдау фактісін анықтау туралы арыз (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 9) тармақшасы), егер нотариаттық іс-әрекет жасайтын орган мұраға алынған мүлікті иелену фактісін нотариаттық тәртіппен растау үшін тиісті құжаттардың жоқтығына немесе жеткіліксіздігіне байланысты мұраны иелену құқығы туралы куәлікті арызданушыға беруге құқысы болмаса, ерекше өндіріс тәртібімен қаралады.

      Егер қажетті құжаттар ұсынылып, бірақ мұраны иелену құқығы туралы куәлікті беруден бас тартылса, арызданушы АПК-нің 45-тарауында мазмұндалған қағидаға сәйкес нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуға байланысты шағымданып, сотқа жүгінуге құқылы.

      Егер мұра, мұраны қабылдау презумпциясын көздейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ерекше бөлімі күшіне енгізілген 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін шын мәнісінде қабылданса мұндай фактілердің анықталуы мүмкін екенін соттар назарда ұстаулары қажет. Мұндай жағдайда бұрын қолданылған заңнаманы басшылыққа алу керек.

      Сонымен қатар мұндай фактілер мұраны қабылдаудың алты айлық мерзімін белгілеген (АК-нің 1072-бабының 1-тармағы) "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 225-ІІІ Заңы қолданысқа енгізілгеннен кейін анықталуы мүмкін.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      12. Азаматтар мен ұйымдардың АПК-нің 305-бабында келтірілген жеке не мүліктік құқықтарының пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтауына байланысты фактілер тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Соттар заңдық маңызы бар басқа да фактілерді, атап айтқанда, белгілі бір уақытта белгілі бір жерде тұруын, адамның қуғын-сүргіннің нәтижесінде арнайы қоныстарда болу фактісін, әкелікті тану ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – НОКо) 49-бабы), мұраны қабылдаудан бас тарту фактісін еңбек өтілін есептеу үшін белігілі бір кәсіпорнында немесе басқа тұлғада жұмыс істеу фактісін, осы әйелдің баланы туу фактісін ( НОКо 187-бабының 4-тармағы), оралмандардың тууын тіркеу фактілерін (НОКо 184-бабының 3-тармағы) анықтауға құқылы.

      КСРО Жоғарғы Советі Президиумының 1944 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен 1944 жылғы 8 шілдедегі Жарлық шыққанға дейін нақтылы некелік қатынастарда болған азаматтарға және ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуының салдарынан некені азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында тіркеуге мүмкіндігі болмағандарға нақтылы некені тану туралы сотқа жүгіну құқығы берілген болатын. Осы іс-әрекеттерді жасау үшін қандай да бір мерзім белгіленбегендіктен мұндай фактілердің әлі күнге дейін заңдылық маңызы бар болғандықтан, олар сот арқылы анықталуы мүмкін.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      12-1. Пайдалануға қабылданбаған, өз бетінше тұрғызған ғимаратты, құрылысты, сонымен қатар басқа адамның атына тіркелген ғимаратты, құрылысты иелену фактілерін анықтау туралы, заңнамаға сәйкес ресімделмеген мәміле бойынша сатып алынған автокөлік құралдарын және кез келген жылжымалы мүлікті иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы тұлғалардың арыздары бойынша істерді сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарауға тиіс емес.

      Сот мұндай талаптарды талап қою ісін жүргізу тәртібімен қарауға тиіс.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      13. Заңдылық маңызы бар фактілерді анықтау туралы іс бойынша шығарылған шешім АПК-нің 226-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс. Онда сот анықтаған мән-жайлар туралы тұжырымды растайтын дәлелдемелер келтірілуі тиіс. Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде осы фактіні толық ашып көрсетуге тиіс.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      14. Осы қаулының қабылдануына байланысты "Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы" СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1966 жылғы 25 ақпандағы N 2 қаулысын орындауы туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1981 жылғы 16 желтоқсандағы N 6 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      15. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болады әрі ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы
      Жалпы отырыстың хатшысы,
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы

О судебной практике по делам об установлении фактов, имеющих юридическое значение

Нормативное Постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 28 июня 2002 года N 13.

      В целях правильного и единообразного применения законодательства при рассмотрении гражданских дел об установлении фактов, имеющих юридическое значение, пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан постановляет:

      1. Обратить внимание судов на то, что дела об установлении фактов, имеющих юридическое значение, возбуждаются по заявлению граждан, организаций, а также иных лиц, которые по закону вправе обращаться в суд в защиту интересов других лиц (статьи 55, 62 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – ГПК)) и характеризуются возможным наличием спора о факте, но безусловным отсутствием спора о праве. Если заявителем поданы заявления об установлении нескольких фактов, имеющих юридическое значение, то суды вправе рассмотреть эти требования в одном производстве.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. Суды могут принимать заявление об установлении фактов, имеющих юридическое значение, и рассматривать такие дела в порядке особого производства, если:

      согласно закону (часть первая статьи 305 ГПК) такие факты порождают юридические последствия (возникновение, изменение или прекращение личных либо имущественных прав граждан или организаций);

      заявитель не имеет другой возможности получить либо восстановить надлежащие документы, удостоверяющие факт (статья 306 ГПК);

      действующим законодательством не предусмотрен иной (внесудебный) порядок их установления (статья 306 ГПК);

      установление факта не связывается с последующим разрешением спора о праве, подведомственного суду (часть вторая статьи 304 ГПК).

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. В ходе проведения подготовки дела к судебному разбирательству суду необходимо выяснять у заявителя наличие юридического интереса в установлении факта, требовать от заявителя письменные доказательства, свидетельствующие о невозможности получения либо восстановления надлежащего документа, удостоверяющего этот факт.

      Под невозможностью получения документа следует понимать либо отсутствие порядка регистрации того или иного факта (например, нахождение на иждивении), либо несоблюдение порядка регистрации факта и невозможность прибегнуть к нему в данных условиях (например, факт смерти, факт признания отцовства в тех случаях, когда родители ребенка, не зарегистрировав брак после его рождения, не внесли своевременно исправления в запись о рождении ребенка и этого сделать нельзя вследствие смерти отца). Под невозможностью получения документа также следует понимать случаи, когда документы, подтверждающие факт, имеются, однако в них допущены ошибки или неточности, лишающие документ доказательственного значения, исправить которые невозможно (например, акт о несчастном случае).

      Под невозможностью восстановления утраченного документа следует понимать отсутствие у соответствующего лица возможности выдать дубликат необходимого документа вследствие его утраты или уничтожения.

      Судам следует отграничивать досудебный порядок разрешения спора от внесудебного порядка установления юридического факта.

      Под внесудебным порядком установления факта следует понимать предусмотренный законодательными актами порядок, при котором имеется возможность, путем обращения в государственный орган, организацию, иному лицу получить либо восстановить надлежащие документы, удостоверяющие юридический факт.

      Если действующим законодательством предусмотрен иной (внесудебный) порядок их установления, то судом в соответствии с подпунктом 1) части первой статьи 151 ГПК в приеме заявления должно быть отказано.

      В случае ошибочного принятия заявления и возбуждения дела оно подлежит прекращению на основании подпункта 1) статьи 277 ГПК.

      Сноска. Пункт 3 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 20.04.2018 № 6 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      3-1. При разрешении вопроса о наличии или отсутствии спора о праве судам в порядке подготовки дела к судебному разбирательству следует выяснить, с какой целью заявителю необходимо установление юридического факта, какие правоотношения могут возникнуть при его установлении, имеются ли другие лица, которые могут стать участниками этих правоотношений.

      Наличие таких лиц, желающих или вступивших в соответствующее правоотношение, может свидетельствовать о наличии спора о праве.

      Если при совершении действий по подготовке дела к судебному разбирательству, либо при рассмотрении дела по существу судья установит, что имеется спор о праве, подведомственный суду, он обязан вынести определение об оставлении заявления без рассмотрения на основании подпункта 13) статьи 279 ГПК и разъяснить заявителю и другим заинтересованным лицам их право на обращение в суд в порядке искового производства.

      Установление наличия или отсутствия спора о праве необходимо для разграничения вида гражданского судопроизводства с целью правильного разрешения дела.

      Не может считаться существенным нарушением норм процессуального права случаи, когда суд при отсутствии спора о праве вынес ошибочное определение об оставлении заявления без рассмотрения и рекомендовал заявителю обратиться в суд в порядке искового производства.

      Спор о праве не может возникнуть при установлении юридического факта регистрации рождения, усыновления (удочерения), брака, развода и смерти (подпункт 3) части второй статьи 305 ГПК), принадлежности правоустанавливающих документов (за исключением воинских документов, паспорта, удостоверения личности и свидетельств, выдаваемых уполномоченными органами) лицу, имя, отчество или фамилия которого, указанные в документе, не совпадают с именем, отчеством или фамилией этого лица по паспорту или удостоверению личности, или свидетельству о рождении (подпункт 5) части второй статьи 305 ГПК), несчастного случая, если он не может быть подтвержден в ином порядке (подпункт 7) части второй статьи 305 ГПК), смерти лица в определенное время при определенных обстоятельствах в случае отказа органов записи актов гражданского состояния в регистрации смерти (подпункт 8) части второй статьи 305 ГПК).

      Сноска. Нормативное постановление дополнено пунктом 3-1 в соответствии с нормативным постановлением Верховного Суда РК от 20.04.2018 № 6 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      4. Факт родственных отношений согласно подпункту 1) части второй статьи 305 ГПК устанавливается в судебном порядке только в тех случаях, когда степень родства непосредственно порождает юридические последствия, например, если установление такого факта необходимо заявителю для получения свидетельства о праве на наследство, оформления права на получение пособия по случаю потери кормильца.

      Установление факта родственных отношений, как правило, может иметь место в тех случаях, когда родственники не могут подтвердить данный факт путем предъявления соответствующих документов.

      Следует иметь в виду, что родственная связь между родителями и детьми, братьями, сестрами, дедушками и бабушками, являющимися наследниками первой и второй очереди, документально может подтверждаться путем предъявления свидетельств о регистрации актов гражданского состояния (свидетельств о рождении, свидетельств о регистрации, расторжении брака и т.п.), поэтому заинтересованными лицами, подающими заявления об установлении факта родственных отношений для вступления в право наследования, как правило, являются наследники последующих очередей, кроме первой и второй (двоюродные братья и сестры, дяди, тети и пр.).

      Супруги кровными родственниками не являются, поэтому факт родственных отношений между ними установлен быть не может.

      Не может быть установлен факт родственных отношений с целью принятия наследства по тем основаниям, что умерший при жизни признавал себя отцом заявителя.

      Сноска. Пункт 4 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 20.04.2018 № 6 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      5. Суды должны иметь в виду, что установление фактов нахождения лица на иждивении (подпункт 2) части второй статьи 305 ГПК) имеет юридическое значение для получения наследства (статья 1068 ГК) пособия по случаю потери кормильца (статья 940 ГК), и в других случаях, предусмотренных законом.

      При этом следует учитывать, что в тех случаях, когда заявитель имел заработок, получал пенсию, стипендию и т.п., необходимо выяснять, была ли помощь со стороны лица, предоставляющего содержание, постоянным и основным источником средств к существованию.

      Право на получение пособия по случаю потери кормильца имеют только нетрудоспособные члены семьи умершего, состоявшие на его иждивении.

      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 20.04.2018 № 6 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      6. При рассмотрении дел об установлении фактов регистрации рождения, усыновления (удочерения), брака, развода, смерти (подпункт 3) части второй статьи 305 ГПК) судам следует иметь в виду, что суд устанавливает не сами события, а факт их регистрации в соответствующих органах.

      Такие дела подлежат рассмотрению, если в органах регистрации актов гражданского состояния и соответствующих архивах такая запись не сохранилась и в ее восстановлении отказано.

      Дела об установлении факта нахождения в фактических брачных отношениях в соответствии с этим пунктом, рассматриваться не могут.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      7. По требованиям об установлении факта принадлежности правоустанавливающих документов лицу, имя, отчество или фамилия которого, указанные в документе, не совпадают с именем, отчеством или фамилией этого лица по паспорту или удостоверению личности или свидетельству о рождении (подпункт 5) части второй статьи 305 ГПК) на стадии приема заявления, а в случае его принятия при подготовке дела к судебному разбирательству суды должны требовать от заявителя представления доказательств того, что правоустанавливающий документ принадлежит ему и организация, выдавшая его, не имеет возможности внести в него соответствующие исправления.

      Суды не вправе устанавливать факт принадлежности конкретному лицу воинских документов, паспорта, удостоверения личности и свидетельств, выдаваемых органами записи актов гражданского состояния.

      Вместе с тем, следует иметь в виду, что в связи с ликвидацией Союза ССР и его органов, суды вправе устанавливать факты принадлежности удостоверений к орденам и медалям лицу, имя, отчество или фамилия которого, указанные в этих документах, не совпадают с именем, отчеством или фамилией этого лица по паспорту или удостоверению личности, или свидетельству о рождении. При этом решение об установлении таких фактов должно быть основано на совокупности доказательств, с достоверностью свидетельствующих о принадлежности таких документов заявителю.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      8. Факт наличия документов, подтверждающих владение, пользование и (или) распоряжение объектами недвижимого имущества, может быть установлен, если у заявителя имелся правоустанавливающий документ о принадлежности имущества, но он утрачен, и указанный факт не может быть установлен во внесудебном порядке в силу подпункта 6) части второй статьи 305 ГПК.

      Не может быть установлен такой факт, если в правоустанавливающих документах о принадлежности имущества допущена ошибка.

      Такой факт не может быть установлен в порядке особого производства, если обращение заявителя связано с наличием притязаний на это имущество других лиц.

      Сноска. Пункт 8 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 20.04.2018 № 6 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      9. При рассмотрении дел об установлении факта несчастного случая (подпункт 7) части второй статьи 305 ГПК) необходимо иметь в виду, что суд вправе устанавливать такой факт лишь в случае, когда возможность его установления во внесудебном порядке исключается.

      Заявление об установлении такого факта может быть принято к производству суда, когда акт о несчастном случае не составлялся, и составить его на момент обращения не представляется возможным, когда акт был составлен, однако впоследствии был утрачен, и восстановить его во внесудебном порядке не представляется возможным, когда при составлении акта была допущена ошибка, препятствующая признанию факта несчастного случая, и устранить ее невозможно.

      При рассмотрении заявления об установлении факта несчастного случая суд не вправе определять причины и степень утраты трудоспособности, группу и время наступления инвалидности.

      Резолютивная часть решения должна содержать сведения, подлежащие отражению в акте о несчастном случае по форме, утвержденной уполномоченным органом по труду (статья 190 Трудового кодекса Республики Казахстан).

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 20.04.2018 № 6 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      10. Заявление об установлении факта смерти лица в определенное время при определенных обстоятельствах (подпункт 8) части второй статьи 305 ГПК) принимается к производству суда и рассматривается только при представлении заявителем документа об отказе органа записи актов гражданского состояния в регистрации события смерти.

      Решение об удовлетворении заявления должно быть основано на доказательствах, с достоверностью свидетельствующих о смерти лица в определенное время и при определенных обстоятельствах.

      Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      11. Заявление об установлении факта принятия наследства (подпункт 9) части второй статьи 305 ГПК) может быть рассмотрено в порядке особого производства, если орган, совершающий нотариальные действия, не вправе выдать заявителю свидетельство о праве на наследство в связи с отсутствием или недостаточностью соответствующих документов, необходимых для подтверждения в нотариальном порядке факта вступления во владение наследственным имуществом.

      Если необходимые документы представлены, но в выдаче свидетельства о праве на наследство отказано, заявитель вправе обратиться в суд с жалобой на отказ в совершении нотариального действия в соответствии с положениями, изложенными в главе 45 ГПК.

      Судам следует иметь в виду, что такие факты могут быть установлены, если наследство фактически принято до 1 июля 1999 года - даты введения в действие Гражданского кодекса Республики Казахстан (Особенная часть), предусматривающей презумпцию принятия наследства. В этом случае необходимо руководствоваться ранее действовавшим законодательством.

      Такие факты также могут быть установлены после введения в действие Закона Республики Казахстан от 12 января 2007 года № 225-III "О внесении изменений и дополнений в Гражданский кодекс Республики Казахстан", установившего шестимесячный срок принятия наследства (пункт 1 статьи 1072-2 ГК).

      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 20.04.2018 № 6 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      12. Перечень фактов, от которых зависит возникновение, изменение или прекращение личных либо имущественных прав граждан и организаций, приведенный в статье 305 ГПК, не является исчерпывающим. Суды вправе устанавливать и другие факты, имеющие юридическое значение, например, установление факта проживания в определенное время в определенной местности, нахождения лица на специальном поселении, в результате применения репрессий, факта признания отцовства (статья 49 Кодекса Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье" (далее-КоБС), факта отказа от принятия наследства,факта работы на определенном предприятии или у другого лица для исчисления трудового стажа, об установлении факта рождения ребенка данной женщиной (пункт 4 статьи 187 КоБС), об установлении фактов регистрации рождения оралманов (пункт 3 статьи 184 КоБС)..

      Указом Президиума Верховного Совета СССР от 10 ноября 1944 года, гражданам, находившимся в фактических брачных отношениях, до издания Указа от 8 июля 1944 года, и не имеющим возможности зарегистрировать брак в органах регистрации актов гражданского состояния вследствие смерти одного из лиц, было предоставлено право на обращение в суд о признании фактических брачных отношений. Каких-либо сроков для совершения этих действий установлено не было, поэтому такие факты до настоящего времени имеют юридическое значение, и могут быть установлены судом.

      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 29.12.2012 № 6 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 20.04.2018 № 6 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      12-1. Не подлежат рассмотрению судом в порядке особого производства дела по заявлению лиц об установлении фактов владения самовольно возведенным, не принятым в эксплуатацию строением, сооружением, а также строением, сооружением, зарегистрированным на другое имя, об установлении фактов владения, пользования и (или) распоряжения автотранспортными средствами и любым другим движимым имуществом, приобретенными по сделке, не оформленной в соответствии с законодательством.

      Такие требования подлежат рассмотрению судом в порядке искового производства.

      Сноска. Нормативное постановление дополнено пунктом 12-1 в соответствии с нормативным постановлением Верховного Суда РК от 20.04.2018 № 6 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      13. Решение, вынесенное по делу об установлении факта, имеющего юридическое значение, должно соответствовать требованиям статьи 226 ГПК. В нем должны быть приведены доказательства в подтверждение вывода об обстоятельствах, установленных судом. При удовлетворении заявления об установлении факта, имеющего юридическое значение, судом в резолютивной части решения должно быть полно раскрыто содержание этого факта.

      Сноска. Пункт 13 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      14. В связи с принятием настоящего постановления признать утратившими силу постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР N 6 от 16 декабря 1981 года "О выполнении судами постановления Пленума Верховного суда СССР от 25 февраля 1966 года N 2 "О судебной практике по делам об установлении фактов, имеющих юридическое значение".

      15. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, является общеобязательным и вступает в силу со дня его официального опубликования.

      Председатель Верховного

      Суда Республики Казахстан

      Секретарь пленарного заседания,

      Судья Верховного Суда

      Республики Казахстан