"Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы № 13 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 6 нормативтік қаулысы

      1. Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Істі сот талқылауына дайындау барысында сот арыз берушіден фактіні анықтаудағы оның заңдық мүддесінің бар-жоғын, арыз берушіден осы фактіні куәландыратын тиісті құжатты алуға немесе оны қалпына келтіруге мүмкіндіктің жоқтығын растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажет.

      Нақ сол немесе өзге фактіні тіркеу тәртібінің болмағанын (мысалы, біреудің асырауында болу) не фактіні тіркеу тәртібінің сақталмағанын және оған мұндай жағдайларда жүгінуге мүмкіндіктің жоқтығын (мысалы, қайтыс болу фактісі, баланың ата-анасы бала туғаннан кейін некені тіркетпей, баланың тууы туралы жазбаға түзетулерді уақтылы енгізбеген және мұны жасау әкесінің қайтыс болуына байланысты мүмкін болмаған жағдайларда әкелікті тану фактісі) құжатты алу мүмкін емес деп түсіну қажет. Фактіні растайтын құжаттардың болғанымен, оларда құжаттың дәлелдемелік маңызынан айыратын, түзетілуі мүмкін емес қателіктер мен сәйкессіздіктер (мысалы, жазатайым жағдай туралы акт) жіберілген жағдайларда да құжатты алу мүмкін емес деп түсінген жөн.

      Қажетті құжаттың жоғалып немесе жойылып кетуі салдарынан тиісті тұлғаның оның телнұсқасын беруге мүмкіндігінің болмауын жоғалған құжатты қалпына келтіру мүмкін емес деп түсіну қажет.

      Соттар дауды сотқа дейінгі шешу тәртібін заңдық фактіні соттан тыс анықтау тәртібінен ажыратулары тиіс.

      Заңдық фактіні соттан тыс анықтау тәртібі деп заңнамалық актілерде көзделген тәртіпті түсінген жөн, ол бойынша мемлекеттік органға, ұйымға, өзге тұлғаға жүгініп заңдық фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуға немесе қалпына келтіруге мүмкін болады.

      Егер қолданыстағы заңнамада оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) тәртібі көзделсе, онда сот АПК-нің 151-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартуға тиіс.

      Арыз қате қабылданып, іс қозғалған жағдайда, онда ол АПК-нің 277-бабы 1) тармақшасының негізінде тоқтатылуға жатады.";

      2) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Соттар құқық туралы даудың бар болуы немесе жоқтығы туралы мәселені шешкен кезде істі сот талқылауына дайындау тәртібімен арыз берушіге қандай мақсатта заңдық фактіні анықтау қажет екенін, оны анықтаған кезде қандай құқықтық қатынастардың туындауы мүмкін екендігін, осы құқықтық қатынастарға қатысуы ықтимал басқа да тұлғалардың бар-жоғын анықтағаны жөн.

      Тиісті құқықтық қатынасқа кіруге ниет білдірген немесе оған кірген мұндай тұлғалардың бар болуы құқық туралы даудың орын алғанын куәландыруы мүмкін.

      Егер судья істі сот талқылауына дайындауға әрекеттер жасаған немесе істі мәні бойынша қараған кезде соттың ведомстволығындағы құқық туралы дау бар екенін анықтаса, онда ол АПК-нің 279-бабы 13) тармақшасының негізінде арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығаруға және арыз беруші мен басқа да мүдделі тұлғаларға талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.

      Істі дұрыс шешу мақсатында азаматтық сот ісін жүргізу түрінің аражігін ажырату үшін құқық туралы даудың бар-жоғын анықтау қажет.

      Сот құқық туралы дау болмаған кезде арызды қараусыз қалдыру туралы қате ұйғарым шығарып, арыз берушіге талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге ұсыным жасаған жағдайлар, процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзу деп есептелмейді.

      Туу, бала асырап алу, некеге тұру, ажырасу және қайтыс болу тіркелгенінің (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасы), құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілілігінің (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасы), егер жазатайым жағдайды өзгеше тәртіппен растау мүмкін болмаса, жазатайым жағдайдың (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 7) тармақшасы), азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір мән-жайларда белгілі бір уақытта қайтыс болғанының (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 8) тармақшасы) заңдық фактісі анықталған кезде құқық туралы дау туындауы мүмкін емес.";

      3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес адамдардың туыстық қатынастарының фактісі туыстық дәрежесі тікелей заңдық салдарлар туындататын жағдайларда ғана, мысалы, егер мұндай фактіні анықтау арыз берушіге мұрагерлікке құқық туралы куәлікті алу, асыраушының қайтыс болуына байланысты жәрдемақы алу құқығын ресімдеу үшін қажет болса, сот тәртібімен анықталады.

      Туыстық қатынастар фактісін анықтау, әдетте, туысқандар осы фактіні тиісті құжаттарды ұсыну арқылы дәлелдей алмайтын жағдайларда орын алуы мүмкін.

      Бірінші және екінші кезектегі мұрагерлер болып табылатын ата-анасы мен балалар, аға-інілер, апа-қарындастар (сіңлілер), ата-әжелер арасындағы туыстық қатынас азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді (туу туралы куәліктерді, некені тіркеу, бұзу туралы куәліктерді және т.б.) ұсыну арқылы құжатпен расталуы мүмкін, сондықтан мұрагерлік құқығын алу үшін туыстық қатынастардың фактісін анықтау туралы арыз беретін мүдделі тұлғалар, әдетте, бірінші және екінші кезектегілерден басқа кейінгі кезектегі мұрагерлер (немере аға-інілер, апа-қарындастар (сіңлілер), нағашы ағалары мен нағашы апалары және т.б.) болып табылады.

      Ерлі-зайыптылар қандас туыстар болып табылмайды, сондықтан олардың арасында туыстық қатынастар анықталуы мүмкін емес.

      Қайтыс болған адам өмір сүрген кезде өзін арыз берушінің әкесі деп таныған негіздер бойынша мұрагерлікті алу мақсатында туыстық қатынастар фактісі анықталуы мүмкін емес.";

      4) 5-тармақта:

      бірінші абзацтағы "немесе" деген сөз алып тасталсын:

      төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын;

      5) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер арыз берушіде мүліктің тиесілілігі туралы құқық белгілейтін құжат бар болып, бірақ ол жоғалған болса және көрсетілген факті АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес соттан тыс тәртіппен анықталмайтын болса, жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болу фактісі анықталуы мүмкін.

      Егер мүліктің тиесілілігі туралы құқық белгілейтін құжаттарда қате жіберілген болса, мұндай факт анықталуы мүмкін емес.

      Егер арыз берушінің өтініші осы мүлікке басқа адамдардың талаптарымен байланысты болса, мұндай факт ерекше талап қою ісін жүргізу тәртібімен анықталуы мүмкін емес.";

      6) 9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Жазатайым жағдай фактісін анықтау туралы істерді қарау кезінде сот еңбекке қабілеттіліктен айырылу себептері мен оның дәрежесін, мүгедектік тобын және оған ұшыраған уақытын анықтауға құқылы емес.

      Шешімнің қарар бөлігі еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 190-бабы) жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілуге тиіс мәліметтерді қамтуға тиіс.";

      7) 11-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сонымен қатар мұндай фактілер мұраны қабылдаудың алты айлық мерзімін белгілеген (АК-нің 1072-бабының 1-тармағы) "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 225-ІІІ Заңы қолданысқа енгізілгеннен кейін анықталуы мүмкін.";

      8) 12-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Кодексінің" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – НОКо)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "мұраны қабылдаудан бас тарту фактісін" деген сөздерден кейін "еңбек өтілін есептеу үшін белігілі бір кәсіпорнында немесе басқа тұлғада жұмыс істеу фактісін, осы әйелдің баланы туу фактісін ( НОКо 187-бабының 4-тармағы), оралмандардың тууын тіркеу фактілерін (НОКо 184-бабының 3-тармағы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Пайдалануға қабылданбаған, өз бетінше тұрғызған ғимаратты, құрылысты, сонымен қатар басқа адамның атына тіркелген ғимаратты, құрылысты иелену фактілерін анықтау туралы, заңнамаға сәйкес ресімделмеген мәміле бойынша сатып алынған автокөлік құралдарын және кез келген жылжымалы мүлікті иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы тұлғалардың арыздары бойынша істерді сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарауға тиіс емес.

      Сот мұндай талаптарды талап қою ісін жүргізу тәртібімен қарауға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж. Асанов
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г.Әлмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады