Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 ақпан N 254. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 454 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N  454  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.  

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi, " Нотариат туралы " 1997 жылғы 14 шiлдедегi және " Адвокаттық қызмет туралы " 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Қазақстан Республикасының      сот-сараптама қызметi, 
           Әдiлет министрлiгi             адвокаттық қызмет
                                          нотариустардың қызметi".

      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бұрын қабылдаған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң         
2002 жылғы 27 ақпандағы   
N 254 қаулысымен      
бекiтiлген      

  Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрлендi және адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ адвокаттық және нотариаттық қызметтермен айналысу құқығына лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті (бұдан әрi - Лицензиар) адвокаттық немесе нотариаттық қызметпен айналысуға ниет білдiрген адамдарға (бұдан әрi - Лицензиат) адвокаттық немесе нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру жолымен жүзеге асырады. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120  қаулысымен .   
      3. Тиiстi лицензиясыз адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. ( РҚАО-ның ескертуі:  ( 14-тарау , 137-бап);  
( 7-тарау , 190-бап).

  2. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары 

      4. Адвокаттық қызметтi лицензиялау адвокаттық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген адамдардың мыналардан мiндетті түрде өтуi туралы бiлiктiлiк талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады:
      1) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестациялық комиссиясында (бұдан әрi - ӘАК) аттестациядан;
      2) адвокаттар алқасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында адвокаттарда тағлымдамадан өтуi. <*>
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518  қаулысымен .
      5. Нотариустардың қызметiн лицензиялау нотариаттық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген адамдарға мыналарды мiндеттеу туралы бiлiктiлiк талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады: 
      1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына ӘАК-да аттестациядан өтуi; 
      2)  заңнамада  белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында мемлекеттiк немесе жеке нотариуста тағлымдамадан өтуi.
      6. Мынадай адамдарға:
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасында бiлiктiлiк емтиханын тапсырған адамдарға; 
      2) тұрақты судьяларға; 
      3) өз қызметтерiн орындау кезiнде терiс қылықтар жасағаны және заң бұзғаны үшiн сот қызметiнен босатылған судьялардан басқа, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға осы Ереженiң 4-тармағында және 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген бiлiктiлiк талаптары қолданылмайды.
      6-1. Осы Ереженiң 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген бiлiктiлiк талабы терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, прокурорларға, тергеушiлерге және анықтаушыларға қолданылмайды. <*>
       Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518  қаулысымен .
      6-2. Осы Ереженiң 5-тармағында көзделген бiлiктiлiк талаптары нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет бiлдiрген кезде мемлекеттiк нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустарға (мемлекеттiк нотариустарға) қолданылмайды. <*>
       Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518  қаулысымен .

  3. Нотариаттық немесе адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар

      7. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн Лицензиат "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысымен  бекiтiлген нысан бойынша Лицензиарға өтiнiш бередi. Өтiнiшке:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi;
      2) бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат; 
      3) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн аттестациядан өткенi туралы ӘАК-ның шешiмi не Лицензиаттың ӘАК-да аттестациядан өтуден босатылуын растайтын құжат;
      4) адвокатта тағлымдамадан өту туралы шарттың көшiрмесi;
      5) адвокат тағлымдамашысының жетекшiсiн тағайындау туралы адвокаттар алқасы төралқасының қаулысынан көшiрме немесе үзiнді;
      6) тағылымдамадан ойдағыдай өткенi туралы тағылымдама жетекшiсi қол қойған және адвокаттар алқасының төралқасы бекiткен қорытынды;
      7) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар;
      8) бүкiл республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген соттылығы жоқ екендiгi туралы анықтама қоса ұсынылады. <*>
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518  қаулысымен .  
      8. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн Лицензиат "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша Лицензиарға өтiнiш бередi. Өтiнiшке:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi; 
      2) бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат; 
      3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн аттестациядан өткенi туралы ӘАК-ның шешiмi не Лицензиатты ӘАК-да аттестациядан өтуден босатылуын растайтын құжат; 
      4) мемлекеттiк немесе жеке нотариуста тағлымдамадан өткенi туралы шарттың көшiрмесi; 
      5) нотариус тағлымдамашысының жетекшiсiн тағайындау туралы бұйрықтан көшiрме немесе үзiндi; 
      6) нотариус тағлымдамашысы жетекшiсiнiң  заңнамада  белгiленген тәртiппен ресiмделген тағлымдамадан өткенi туралы қорытындысы;
      7) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар;
      8) бүкіл республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын/тұрғылықты жерi бойынша берілген соттылығы жоқ екендiгi туралы анықтама;
      9) егер лицензия беруге бұрынғы мемлекеттік нотариус өтiнiш бiлдiрген жағдайда, атқарған қызметiнен босатылу себебi көрсетілген, не лицензияны беруге тағлымдамадан өту мерзiмi қысқартылған лицензиат өтiнiш бiлдiрген жағдайда, заңгер мамандығы бойынша стажын растайтын еңбек кiтапшасының немесе өзге де құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi қоса ұсынылады. <*>
       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518  қаулысымен .
      9. Лицензиатты ӘАК-да аттестациялаудан өтуден босатуды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасы берген өтiнiш берушiнiң Әдiлет бiлiктiлiк алқасының судьясы лауазымына бiлiктiлiк емтиханын тапсырғанын растайтын анықтама; 
      2) құзыреттi лицензиарға тапсырылғанға дейiн бiр ай бұрын лауазымды адам берген өтiнiш берушiнiң судья  лауазымындағы жұмысын растайтын анықтама;
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының көшiрмесi;
      4) өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк нотариус лауазымындағы жұмысын растайтын аумақтық әдiлет органының анықтамасы;
      5) прокуратура, тергеу немесе анықтау органдарында жұмыс iстеген прокурордың, тергеушiнiң не анықтаушының жұмыс стажын растайтын және атқарған қызметiнен босатылу себебiн қамтитын еңбек кiтапшасының немесе өзге де құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi. <*>
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518  қаулысымен .
      10. Лицензиат ұсынылған құжаттарда берiлген мәлiметтердiң толықтығына және шынайылығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

  4. Лицензия берудiң не оны беруден бас тартудың
шарттары мен тәртiбi

      11. Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия басты лицензия болып табылады және Лицензиаттарға мерзiмi шектелмей берiледi.
      Лицензиялар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
      Лицензиялар "Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттiк лицензиялардың нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1325  қаулысымен  бекiтiлген нысан бойынша берiледi. 
      12. Лицензия беру туралы өтiнiш оның Лицензиарға түскен күнiнен бастап бір ай мерзiм ішiнде қаралады.
      Лицензиар Лицензиаттың өтiнiшiмен қоса берiлген құжаттардың толықтығын және шынайылығын тексередi.
      13. Өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша Лицензиар лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. 
      14. Лицензиардың лицензия беру туралы шешiмi Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi төрағасының бұйрығымен ресiмделедi. <*>
       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120  қаулысымен .
      15. Лицензияға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi төрағасы бiр данада қол қояды және ол Лицензиардың мөрiмен бекiтiледi. <*>
       Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120  қаулысымен .
      16. Лицензия қолданыстағы заңнамаға сәйкес Лицензиаттың лицензия алуға өкiлеттiк берген өкiлiне берiлуi мүмкiн. 
      17. Лицензия жоғалған жағдайда Лицензиаттың оның телнұсқасын алуға құқығы бар. 
      Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телнұсқасын берудi ол өтiнiш берген күннен бастап Лицензиар он күн ішiнде жүргiзедi. Бұл ретте, Лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензия телнұсқасының берiлгенi үшiн бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейдi.
      18. Лицензиаттың аты-жөнi ауыстырылған жағдайда, ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса ұсынып, бiр ай мерзiм ішiнде Лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      19. Лицензиатқа, егер:
      1) осы Ережеде көзделген қажеттi барлық құжат табыс етiлмесе;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;
      3) өтiнiш берушi осы Ережеде белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
      4) өтiнiш берушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса, лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.
      20. Лицензия беруден бас тарту туралы Лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде лицензия алуға өтiнiш бiлдiрген адамға бас тарту себептерiн көрсете отырып, дәлелдi хат жолдайды. ( РҚАО-ның ескертуі:  ( IV тарау , 19-тармақ).

  5. Есепке алу және бақылау

      21. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженiң сақталуын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
      22. Лицензиар Лицензиаттар туралы және оларға берiлген лицензиялар туралы, сондай-ақ лицензияны керi қайтарып алу, күшiн тоқтату, күшiн тоқтата тұру және қалпына келтiру туралы мәлiметтердi Адвокаттар (жеке нотариустар) лицензияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi және ведомстволық баспасөз органында жариялайды.
      23. Осы Ереженiң негiзiнде берiлген лицензиялардың бiрыңғай есебiн жүргiзу үшiн Лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензиялар бланкiлерiне тапсырыс жасайды. 
      Лицензия бланкiлерi қатаң бақылаудағы құжаттар болып табылады.
      24. Лицензиар өз құзыретi шегiнде Лицензиаттан тиiстi құжаттарды тапсыруын талап етуге және бақылау функцияларын орындауы үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.

Об утверждении Правил лицензирования адвокатской деятельности и деятельности нотариусов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2002 года N 254. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года N 454 (вводится в действие с 9 августа 2007 года)

       Сноска. Постановление Правительства РК от 27 февраля 2002 года N 254 утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года N  454  (вводится в действие с 9 августа 2007 года).

      

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года  Z952200_  "О лицензировании", от 14 июля 1997 года  Z970155_  "О нотариате" и от 5 декабря 1997 года  Z970195_  "Об адвокатской деятельности" Правительство Республики Казахстан постановляет: 

      1. Утвердить прилагаемые Правила лицензирования адвокатской деятельности и деятельности нотариусов. 

      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894  P951894_  "О реализации постановления Президента Республики Казахстан от 17 апреля 1995 г. N 2201" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 41, ст. 515): 
      в Перечне государственных органов (лицензиаров), уполномоченных выдавать лицензии на виды деятельности, подлежащие лицензированию, утвержденном указанным постановлением: 
      строку, порядковый номер 17, изложить в следующей редакции: 
      "17. Министерство юстиции судебно-экспертная деятельность 
      Республики Казахстан адвокатская деятельность 
                                       деятельность нотариусов". 

      3. Министерству юстиции Республики Казахстан привести в соответствие с настоящим постановлением ранее принятые нормативные правовые акты. 

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

      Премьер-Министр
  Республики Казахстан   

                                                 Утверждены 
                                        постановлением Правительства
                                            Республики Казахстан 
                                      от 27 февраля 2002 года N 254

                                 Правила
               лицензирования адвокатской деятельности 
                        и деятельности нотариусов 

                              1. Общие положения 

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан  Z952200_  "О лицензировании" и устанавливают квалификационные требования, предъявляемые к лицензированию адвокатской деятельности и деятельности нотариусов, а также порядок и условия выдачи лицензии на право занятия адвокатской и нотариальной деятельностью. 
      2. Лицензирование адвокатской деятельности и деятельности нотариусов осуществляется Комитетом по организации правовой помощи и оказанию юридических услуг населению Министерства юстиции Республики Казахстан (далее - Лицензиар) путем выдачи лицензий на право занятия адвокатской и нотариальной деятельностью лицам, желающим заниматься адвокатской или нотариальной деятельностью (далее - Лицензиат).  <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 28 октября 2004 г.  N 1120  .
      3. Занятие адвокатской либо нотариальной деятельностью без соответствующей лицензии влечет ответственность, установленную законодательством Республики Казахстан.  (Прим.РЦПИ: см.   K010155_   (ст.137);   K970167_   (ст.190)

                2. Квалификационные требования, предъявляемые 
          к лицензированию адвокатской деятельности и деятельности 
                                 нотариусов 

      4. Лицензирование адвокатской деятельности осуществляется при соблюдении квалификационных требований об обязательности прохождения лицами, желающими заниматься адвокатской деятельностью:
      1) аттестации на право занятия адвокатской деятельностью в аттестационной комиссии юстиции (далее - АКЮ);
      2) стажировки у адвокатов в Республике Казахстан в порядке, установленном коллегиями адвокатов.  <*>
      Сноска. Пункт 4 в новой редакции - постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2004 года  N 518 .
      5. Лицензирование деятельности нотариусов осуществляется при соблюдении квалификационных требований об обязательности прохождения лицами, желающими заниматься нотариальной деятельностью: 
      1) аттестации на право занятия нотариальной деятельностью в АКЮ; 
      2) стажировки у государственного или частного нотариуса в Республике Казахстан в порядке, установленном законодательством.  (Прим.РЦПИ: см.   V980425_   )
      6. Квалификационные требования, предусмотренные в пункте 4 и подпункте 1) пункта 5 настоящих Правил, не распространяются на: 
      1) лиц, сдавших квалификационные экзамены в Квалификационной коллегии юстиции Республики Казахстан; 
      2) постоянных судей; 
      3) лиц, работавших постоянными судьями, за исключением судей, освобожденных от должности судьи за порочащие проступки и нарушения законности при исполнении своих обязанностей. 
      6-1. Квалификационное требование, предусмотренное подпунктом 1) пункта 4 настоящих Правил, не распространяется на прокуроров, следователей и дознавателей, проработавших в органах прокуратуры, следствия и дознания не менее десяти лет, за исключением уволенных по отрицательным мотивам.  <*>
      Сноска. Глава дополнена новым пунктом 6-1 - постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2004 года  N 518 .
      6-2. Квалификационные требования, предусмотренные пунктом 5 настоящих Правил, не распространяются на нотариусов, работающих в государственных нотариальных конторах (государственных нотариусов), при изъявлении ими желания получить лицензию на право занятия нотариальной деятельностью.  <*>
      Сноска. Глава дополнена новым пунктом 6-2 - постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2004 года  N 518 .

         3. Документы, необходимые для получения лицензии на право 
            занятия нотариальной или адвокатской деятельностью 

      7. Для получения лицензии на право занятия адвокатской деятельностью Лицензиат представляет Лицензиару заявление по форме, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894  P951894_  "О реализации постановления Президента Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года N 2201". К заявлению прилагаются: 
      1) ксерокопия удостоверения личности или паспорта гражданина Республики Казахстан; 
      2) документ, подтверждающий уплату в бюджет лицензионного сбора за право занятия отдельными видами деятельности; 
      3) решение АКЮ о прохождении аттестации для получения лицензии на право занятия адвокатской деятельностью либо документ, подтверждающий освобождение Лицензиата от прохождения аттестации в АКЮ;
      4) копия договора о прохождении стажировки у адвоката;
      5) копия или выписка из постановления президиума коллегии адвокатов о назначении руководителя стажера адвоката;
      6) заключение об успешном прохождении стажировки, подписанное руководителем стажировки и утвержденное президиумом коллегии адвокатов;
      7) медицинские справки из наркологического и психиатрического диспансеров, выданные по местожительству лицензиата не ранее чем за месяц до их представления лицензиару;
      8) справка об отсутствии судимости, выданная по местожительству лицензиата не ранее чем за месяц до ее представления лицензиару, с указанием сведений по всей республике.  <*>
      Сноска. Пункт 7 с дополнениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2004 года  N 518 .
      8. Для получения лицензии на право занятия нотариальной деятельностью Лицензиат представляет Лицензиару заявление по форме, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894 "О реализации постановления Президента Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года N 2201". К заявлению прилагаются: 
      1) ксерокопия удостоверения личности или паспорта гражданина Республики Казахстан; 
      2) документ, подтверждающий уплату в бюджет лицензионного сбора за право занятия отдельными видами деятельности; 
      3) решение АКЮ о прохождении аттестации для получения лицензии на право занятия нотариальной деятельностью либо документ, подтверждающий освобождение Лицензиата от прохождения аттестации в АКЮ; 
      4) копия договора о прохождении стажировки у государственного или частного нотариуса; 
      5) копия или выписка из приказа о назначении руководителя стажера нотариуса; 
      6) заключение руководителя стажера нотариуса о прохождении стажировки, оформленное в установленном законодательством порядке.  (Прим. РЦПИ: см.   V980425_   (п.10);
      7) медицинские справки из наркологического и психиатрического диспансеров, выданные по местожительству лицензиата не ранее чем за месяц до их представления лицензиару;
      8) справка об отсутствии судимости, выданная по местожительству не ранее чем за месяц до ее представления лицензиару, с указанием сведений по всей республике;
      9) нотариально засвидетельствованная копия трудовой книжки или иного документа, содержащих причину освобождения от занимаемой должности, в случае, если за выдачей лицензии обращается бывший государственный нотариус, либо подтверждающих стаж по юридической специальности, в случае, если за выдачей лицензии обращается лицензиат, которому был сокращен срок стажировки.  <*>
      Сноска. Пункт 8 с дополнениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2004 года  N 518 .
      9. Документами, подтверждающими освобождение Лицензиата от прохождения аттестации в АКЮ, являются: 
      1) справка, подтверждающая сдачу заявителем квалификационного экзамена на должность судьи в Квалификационной коллегии юстиции, выданная Квалификационной коллегией юстиции Республики Казахстан; 
      2) справка, подтверждающая работу заявителя в должности судьи, выданная компетентным должностным лицом не ранее чем за месяц до ее представления лицензиару; 
      3) копия Указа Президента Республики Казахстан об освобождении от должности постоянного судьи;
      4) справка территориального органа юстиции, подтверждающая работу заявителя в должности государственного нотариуса;
      5) нотариально засвидетельствованная копия трудовой книжки или иного документа, подтверждающих стаж работы прокурора, следователя либо дознавателя, проработавших в органах прокуратуры, следствия или дознания, и содержащих причину освобождения от занимаемой должности.  <*>
      Сноска. Пункт 9 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2004 года  N 518 .
      10. Лицензиат несет ответственность за полноту и достоверность сведений, содержащихся в представленных документах, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан. 

                    4. Условия и порядок выдачи лицензии 
                         либо отказа в ее выдаче 

      11. Лицензии на право занятия адвокатской и нотариальной деятельностью являются генеральными и выдаются Лицензиатам без ограничения срока. 
      Лицензии действуют на всей территории Республики Казахстан. 
      Лицензии выдаются по форме, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 1998 года N 1325  P981325_  "Об утверждении форм государственных лицензий на право занятия адвокатской и нотариальной деятельностью". 
      12. Заявление о выдаче лицензии рассматривается Лицензиаром в течение месяца со дня его поступления. 
      Лицензиар проверяет полноту и достоверность документов, приложенных Лицензиатом к заявлению. 
      13. По результатам рассмотрения заявления Лицензиар принимает решение о выдаче лицензии или об отказе в ее выдаче. 
      14. Решение Лицензиара о выдаче лицензии оформляется приказом Председателя Комитета по организации правовой помощи и оказанию юридических услуг населению Министерства юстиции Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. В пункт 14 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 28 октября 2004 г.  N 1120  .
      15. Лицензия подписывается Председателем Комитета по организации правовой помощи и оказанию юридических услуг населению Министерства юстиции Республики Казахстан в единственном экземпляре и скрепляется печатью Лицензиара.  <*>
      Сноска. В пункт 15 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 28 октября 2004 г.  N 1120  .
      16. Лицензия может быть выдана представителю, уполномоченному Лицензиатом на получение лицензии, в соответствии с действующим законодательством. 
      17. При утере лицензии Лицензиат имеет право на получение ее дубликата. 
      Лицензиар производит выдачу дубликата лицензии по письменному заявлению Лицензиата в течение десяти дней со дня подачи им заявления. При этом Лицензиат уплачивает в бюджет лицензионный сбор за право занятия отдельными видами деятельности за выдачу дубликата лицензии в порядке и размере, установленном налоговым законодательством Республики Казахстан.  (Прим.РЦПИ: см. P020100_ (гл.2).  
      18. В случае перемены фамилии, имени, отчества Лицензиата он обязан в течение месяца письменно известить Лицензиара об этом с приложением соответствующих документов, подтверждающих указанные сведения. 
      19. В выдаче лицензии Лицензиату может быть отказано, если: 
      1) не представлены все необходимые документы, предусмотренные в настоящих Правилах;
      2) не внесен лицензионный сбор за право занятия отдельными видами деятельности;
      3) заявитель не отвечает квалификационным требованиям, установленным настоящими Правилами;
      4) в отношении заявителя имеется решение суда, запрещающее ему занятие данным видом деятельности.
      20. Об отказе в выдаче лицензии Лицензиар направляет лицу, обратившемуся за получением лицензии, мотивированное письмо с указанием причин отказа в срок, установленный законодательством Республики Казахстан.
(Прим.РЦПИ: см.    Z952200_    (ч.4 ст.19).

                           5. Учет и контроль

      21. Учет лицензий, а также контроль за соблюдением настоящих Правил осуществляет Лицензиар.
      22. Лицензиар ведет Государственный реестр лицензий адвокатов (частных нотариусов) и публикует в ведомственном печатном органе сведения о Лицензиатах и выданных им лицензиях, а также сведения об отзыве, прекращении, приостановлении и возобновлении действия лицензии. 
      23. Для ведения единого учета лицензий, выданных на основании настоящих Правил, Лицензиаром производится заказ бланков лицензий в установленном законодательством порядке. 
      Бланки лицензий являются документами строгой отчетности. 
      24. Лицензиар вправе требовать от Лицензиата в рамках своей компетенции представления соответствующих документов и получать письменную или устную информацию, необходимую для выполнения контрольных функций.