Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 518 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 № 653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 433-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiнде:
      2-тармақта:
      екiншi абзац "судьялар болып жұмыс iстеген адамдар" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiк нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Сондай-ақ терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдiрген прокурорлар, тергеушiлер және анықтаушылар аттестациялауға жатпайды.";
      4-тармақта:
      екiншi абзацта:
      2) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      8) тармақшада "адвокаттық қызметпен айналысу құқығына" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiншi абзацта "2), 4)" деген сандар алынып тасталсын;
      10-тармақта "ай сайын" деген сөздер "қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiне бiр рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 1, 2-қосымшаларда:
      "Заңгерлiк мамандығы бойынша жұмыс өтiлi _______" деген жол алынып тасталсын;
      2) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N  454 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады