Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 454 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1460 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.19 № 1460 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Нотариат туралы " 1997 жылғы 14 шілдедегі, " Адвокаттық қызмет туралы " 1997 жылғы 5 желтоқсандағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

      2) адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары;

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

      4) нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

      2. Мыналардың:
      1) "Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 60-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41,  532-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының;

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 518 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 21, 269-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен   
бекітілген      

Адвокаттық қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 2 маусымдағы 
N 454 қаулысымен   
бекітілген   

 Адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
      2) жоғары заң білімінің болуы;
      3) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокатта алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту;
      4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту;
      5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
      6) соттылығының болмауы.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012.01.30 ерте емес) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген біліктілік талабы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1)2)3)9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға қолданылмайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Осы адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талабы мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдарға;
      2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1)2)3)9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға;
      3) теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдарға қолданылмайды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен   
бекітілген      

Нотариаттық қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен  
бекітілген  

 Нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптар

      1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
      2) жоғары заң білімінің болуы;
      3) кемінде бір жыл мерзіммен нотариуста тағылымдамадан өту;
      4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту;
      5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
      6) соттылығының болмауы;
      7) жиырма бес жасқа толуы;
      8) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012.01.30 ерте емес) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген біліктілік талабы теріс себептермен қызметінен босатылғандарды қоспағанда, мемлекеттік нотариус болып қызмет атқарған жұмыс өтілі бар адамдарға қолданылмайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Осы нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талабы мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін орындау кезінде теріс қылықтары мен заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға;
      2) мемлекеттік нотариустарға қолданылмайды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Алып тасталу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады