Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 2002 жылғы 6 желтоқсан N 26.

      Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      "ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды;
      "процессуалдық" деген сөз "процестік" деген сөзбен ауыстырылды;
      "сезіктіге", "Сезіктіге", "сезіктінің", "сезіктілікті", "сезікті", "сезіктіні" деген сөздер тиісінше "күдіктіге", "Күдіктіге", "күдіктінің", "күдікті", "күдіктіні" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Әркімнің білікті заң көмегін, сондай-ақ ол көмекті адвокаттың (қорғаушының) қатысуымен алуға құқығы туралы конституциялық ережені сақтау, сот ісін тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыруға, іс бойынша ақиқатты анықтап, заңды да негізді сот шешімін шығаруға ықпал етеді.

      Қылмыстық процестің барлық кезеңінде қорғануға құқығы бар куәгерге, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталғанға қылмыстық қудалаудан, айыптау мен соттаудан қорғану құқығы берілген және кепілдендірілген.

      Сот практикасын зерделеу - сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сот төрелігін атқару кезінде конституциялық ережелердегі және қылмыстық іс жүргізу заңындағы қорғану құқығы туралы талаптардың сақталатындығын көрсетті.

      Сонымен қатар, қылмыстық процесті жүргізуші органдары жұмысында қорғану құқығын реттейтін нормалардың бұзылуы, ал адвокаттардың өздеріне заңмен берілген өкілеттіктерді толығымен пайдаланбайтын жағдайлар орын алуда.

      Қылмыстық іс жүргізу заңындағы кемшіліктер мен жолсыздықтарды жою, қорғануға құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның қорғану құқығын қамтамасыз ету жөніндегі сот тәжірибесінде туындаған мәселелерді дұрыс және біркелкі шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 13-бабында және 16-бабының 3-тармағында танылған және оған кепілдік берілген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 26-бабында көзделген қылмыстық процесс қағидаттарының бірі болып табылатын қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның және ақталғанның қорғалуға құқығы бар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      2. Қорғануға құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның қорғану құқығы - күдікті теріске шығаруды немесе жауаптылық пен жазаны жеңілдетуді, сондай-ақ ақталған адамға қатысты - заңсыз ұстаудан, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарудан, бұлтартпау шарасын қолданудан, сотқа беруден және заңсыз сотталудан келген зиянды өтеуге бағытталған, заңда көрсетілген барлық процестік мүмкіндіктердің жиынтығын білдіреді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың қорғануға құқығы бар куәгердің күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның қорғану құқығын қылмыстық процестің басқа да принциптерімен бірге қамтамасыз етуі - істі әділ талқылаудың және ол бойынша дұрыс шешім қабылдаудың кепілі болып табылады. Сондықтан қорғану құқығын бұзушылық ҚПК-нің 9-бабында көрсетілген салдарға әкеп соғуы мүмкін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Қорғаушы ретінде адвокат қатысады, сондай-ақ тек адвокатпен қатар қорғаушылар ретінде іске қатысуға құқығы бар ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар жіберілуі мүмкін.

      Күдікті (қорғауға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам) қорғау үшін бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы. Адвокатпен (бірнеше адвокатпен) қатар оны қорғауды ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде аталған адамдардың біреуі ғана қосымша жүзеге асыра алады. Егер бірнеше адам қорғаушы ретінде әрекет еткісі келсе, онда олардың ішінен қорғаушыны таңдау өзіне тиесілі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      5. Адвокат куәлігін және қорғау туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде іске адвокат тиісті адамды қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде санамаланған басқа адамдар өздерінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, қорғалуға құқығы бар куәмен, күдіктімен, айыпталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Нормативтік қаулысымен.

      7. Шетелдік адвокаттар қорғаушылар ретінде тек Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттермен өзара келісілген халықаралық шарттарының негізінде ғана қатыса алады.

      Өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке куәлікпен, адвокаттың мәртебесін куәландыратын құжатпен, сондай-ақ адвокат пен қорғалуға құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның арасындағы заң көмегін көрсету туралы келісіммен расталуға тиіс.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      8. Қылмыстық процесті жүргізуші органдар ҚПК-нің 67-бабында көрсетілген жағдайларда қорғаушының міндетті түрде қатысуы туралы заң талабын қатаң түрде орындаулары қажет. Аталған норманың сақталмауын іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзушылық деп қарастырып, ал жиналған материалдар дәлелдемелік күші жоқ деп танылуы мүмкін.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Қорғануға құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның қорғану құқығының бұзылуын тек қорғаушыны бермеу ғана емес, сондай-ақ олардың процестік құқықтарын, атап айтқанда, ана тілі немесе басқа білетін тілді пайдалану, түсініктеме беру, айғақтар ұсыну, дәлелдеме келтіру, өтініш мәлімдеу, дәлелдемелерді зерттеу және сот жарыссөзіне қатысу, соңғы сөз сөйлеу, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану және т.б. құқықтарын шектеуі де - қорғану құқығын бұзушылық деп танылуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Заңда қорғаушының міндетті түрде іске қатысуына негіз болатын дене және психикалық кемістіктердің тізбесі көрсетілмегендіктен, әрбір нақтылы жағдайда қорғануға құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның және ақталғанның өзінің кемістіктеріне байланысты қорғану құқығын іс жүзінде толық көлемде жүзеге асыра алатындығы немесе кемістіктер аталған заңды құқықтарды пайдалануға елеулі қиындық туғызатыны негізге алынуы қажет.

      Денесіндегі немесе психикасындағы кемістіктеріне байланысты өзінің қорғану құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдардың қатарына есі ауыспаса да, психикасының кемістігі бар, сондай-ақ сөйлеу, көру, есту кемістіктеріне немесе басқа да ауыр науқасына байланысты зардап шегетін адамдарды да жатқызу қажет.

      Егер адамның денесіндегі немесе психикасындағы кемістіктері өз бетінше заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау қабілетіне күмән тудырса, ҚПК-нің 271-бабының бірінші бөлігінің 4-тармағына сәйкес міндетті түрде сараптама өткізілуге тиіс.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Күдіктіге ҚПК-нің 64-бабының бірінші бөлігінде көзделген қандай да бір әрекетті жүргізу сәтінен бастап күдіктінің әрекеті туралы қаулыны хабарлағанға дейін, қорғаушы тағайындау туралы заң талабы мүлтіксіз орындалуға жатады.

      Қылмыстық процесті жүргізетін органдар осы талаптарды орындау үшін тиісті ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамды қорғаушы ретінде жіберу туралы қаулы, ал адвокатқа қатысты – іске кіріскен адвокатты қорғаушы ретінде тану туралы қаулы шығаруы тиіс. Іске қорғау туралы жазбаша хабарлама, қорғаушы ретінде жіберілген өзге адамның құжаттары қоса тігіледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      12. Қылмыстық процесті жүргізуші орган адвокат қорғаушы ретінде іске қатысуға кіріскен сәттен бастап күдіктіге, алғашқы жауаптың алдында қорғаушымен жеке және оңаша кездесуіне шынайы мүмкіндік жасап, олардың саны мен ұзақтығын шектемеуі тиіс.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      13. Қорғану құқығын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ қорғаушыға қорғау функциясын орындауы үшін жағдай туғызу мақсатында қылмыстық процесті жүргізуші органдар қорғаушылар мен олардың қорғауға алған адамдарынан қандай процестік іс-әрекеттерге бірге қатысқанды қажет деп санайтынын анықтап алып, оларға сондай жағдай жасауға міндетті.

      Әдетте қорғаушы күдіктінің құқықтарын түсіндіру және одан жауап алу, айғақтарға сол жерде тексеру мен нақтылау жүргізу, тергеу эксперименті, тануды жүргізу, беттестірулер, прокурордың жауап алуы және бұлтартпау шарасын таңдау, тағайындалатын сараптаманың сұрақтарын қалыптастыру және маманды қатыстыру кезінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы және сот талқылауы кезеңдерінде қатысуы тиіс.

      Прокурордың сотқа дейінгі өндіріс барысында процестік іс-әрекеттерге қатысуы немесе процестік іс-әрекеттерді өзінің жүргізуі, қорғаушының іске қатысуын заңда тікелей көрсетілген жағдайларда жоққа шығармайды.

      Қорғаушы оның қорғауындағы адамның қатысуымен жүргізілетін барлық тергеу және процестік әрекеттерге, сондай-ақ қорғауындағы адамның өтінішхаты не қорғаушының өзінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін басқа да процестік әрекеттерге қатысуға құқылы.

      Қорғаушының тергеу және процестік іс-әрекеттерге қатысуы туралы өтініші іске тіркеледі.

      Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның, олардың қорғаушыларының қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысқанына-қатыспағанына қарамастан, оларға тиесілі барлық қорғану құқықтары сақталады және осы құқықтардың шектелуі немесе кемсітілуі қорғану құқығын бұзушылық болып табылады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      14. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға олардың қорғаушы алуға мүмкіндігі бар екенін және бұл оған төленетін ақының бар-жоғына байланысты емес екендігін түсіндіруге тиіс.

      Қорғаушыдан бас тарту сот ісін жүргізудің кез келген сатысында тек күдіктінің, айыпталушының, сотталушының бастамасымен және қорғаушының қатысумен ғана орын алуы мүмкін және бұл заң көмегі үшін төленетін қаржының жоқтығына байланысты болмауға тиіс. Адвокатқа еңбек ақы төлеу үшін қаражат шын мәнісінде болмаған жағдайда сот қорғаушыдан бас тартуды амалсыздан болған деп танып, оны қабылдамауға тиіс.

      Қорғаушыдан бас тартуды қабылдау қылмыстық процесті жүргізетін органның құзыретіне жатады.

      ҚПК-нің 99-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес қорғаушыдан бас тарту туралы өтініш дәлелді қаулымен ресімделеді, онымен қорғаушы, күдікті, айыпталушы, сотталушы дереу таныстырылуы тиіс, оны өз қолтаңбаларымен куәландырады. Қорғаушының қатысуы қылмыстық іс материалдарына қорғау туралы жазбаша хабарламаны не қорғаушы ретінде жіберілген өзге адамның тиісті құжатының көшірмелерін қоса тігу арқылы расталады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      15. ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды.

      Қорғаушыдан бас тарту, сондай-ақ істің белгілі бір мән-жайларына (айыптаудың ауқымдылығы, жауаптылыққа тартылатын адамдар санының көптігі, істегі материалдарды зерттеудің күдікті, айыпталушы, сотталушы үшін күрделілігі және т.с.с.) байланысты қабылданбауы мүмкін.

      ҚПК-нің 94-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша, қорғаушыны іс бойынша өндіріске қатысудан шеттету қылмыстық процесті жүргізуші органдарды күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды және ақталғанды басқа қорғаушымен қамтамасыз ету міндетінен босатпайды.

      Қылмыстық іс жүргізуші орган қорғаушыны іске қатысудан шеттеткен кезде осы туралы қаулы шығарады, оған сотқа дейінгі іс жүргізу барысында ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен, ал басты сот талқылауында ҚПК-нің 422-бабының ережелері бойынша шағымдануға болады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      16. Күдіктіні, қорғануға құқығы бар куәгерді, айыпталушыны, сотталушыны жауап беруге, оған тағылған айыпты мойындауға, заттай дәлелдемелер беруге мәжбүрлеу, сондай-ақ оның өзіне қарсы жауап бермеу құқығын бұзатын өзге де іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлеу, қорғану құқығын елеулі түрде бұзушылық деп қарастырылуы қажет.

      Осыған байланысты қорғануға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның өзіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының заңсыз амалдарының қолданылғаны туралы арызы мұқият тексерілуі қажет және ол расталған жағдайда ондай іс материалдары іс жүргізу заңының талаптарын бұзу арқылы алынғандықтан дәлелдемелік күші жоқ деп танылуға тиіс.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      17. ҚПК-нің 31-бабына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталғанға қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттері мен шешімдеріне қылмыстық- процестік заңда бекітілген шағымдану құқығы мен оның тәртібі түсіндірілуге тиіс.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      18. Сезіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның қорғану құқығының бұзылуы басты сот талқылауын тағайындау үшін кедергі етпейді. Мұндай бұзушылықтың мәні басты сот талқылауында дәлелдемелердің жол берілетіндігі мен анықтығын және олардың сотталушының кінәлілігін немесе кінәсіздігін шешуге жеткіліктілігін бағаланған кезде ескерілуге тиіс.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      19. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары жол берген қорғану құқығын бұзушылықтар іс бойынша жиналған дәлелдемелерді заңсыз деп тануға негіз болып табылса және айыптау тарабы сотталушының кінәсін дәлелдейтін басқа дәлелдемелер ұсынбаса, сот ақтау үкімін шығаруға міндетті.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      20. Соттар қорғаушысының бар-жоғына қарамастан, сотталушының сот жарыссөзіне қатысатынын ескеруі қажет. Сотталушыны аталған құқықтан айыру, сондай-ақ оған соңғы сөз бермеу, тағылған айып бойынша уәждерін баяндауына шектеу қою - ҚПК-нің 436-бабына сәйкес үкімнің бұзылуына әкеп соғатын қорғану құқығын бұзушылық болып табылады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      21. Сотталушыны (ақталғанды) өзі білетін тілде үкімнің (қаулының) көшірмесін алу, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертпелер беру, басқа процеске қатысушылардың шағымдарымен (прокурордың өтінішхатымен) танысу және оларға қарсылық беру құқықтарынан айыру, олардың шағымдары мен қарсылықтарын қабылдаудан заңсыз бас тарту - қорғану құқығын бұзушылық болып табылатынын соттар назарларында ұстаулары қажет.

      Ақталушыға, сондай-ақ қылмыстық қудалауды қысқарту туралы қаулы шығарылған айыпталушыға (күдіктіге, сотталушыға) қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтету құқығын түсіндірмеу де қорғану құқығын бұзушылық болып табылады.

      Егер сот үкімі негізінен дұрыс шығарылса, аталған құқық бұзушылықтар оны бұзуға себеп бола алмайды.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      22. Қорғаушы өз ынтасы бойынша сотталғанның, ақталғанның мүддесі үшін істі қараған кезде шешімді бұзуға әкеп соғатын процестік құқық бұзушылықтарға жол берген сот шешіміне шағымдануға құқылы. Сот сотталушыны (ақталғанды) аталған арызбен таныстыруға және оның шағымды қайтарып алу құқығын түсіндіруге міндетті.

      23. Егер айыптау тарабының шағымында немесе прокурордың өтінішхатында сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, бірінші сатыдағы сот қамауда отырған сотталушыға оның апелляциялық сатының отырысына қатысуға құқылы екенін түсіндіруге міндетті. Сотталғанның қарсылықтары және алқа отырысына қатысу жөніндегі пікірі іске тіркеледі.

      Жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған сотталушының өз өтініші бойынша апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысуы - істің мән-жайларын жан-жақты, толық зерттеудің және шағымды немесе прокурордың өтінішхатын объективті түрде қараудың қосымша кепілі болып табылады.

      Бірінші сатыдағы соттардың сотталушының (ақталғанның) аталған құқығын іске асыруды қамтамасыз еткенін апелляциялық, кассациялық сатыларының соттары мұқият тексерулері қажет.

      Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы ҚПК-нің 67-бабында көрсетілген жағдайларда және ҚПК-нің 428-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен қамтамасыз етіледі.

      Қорғаушының кассациялық сатыда қатысуы ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады. Іс сотталғанның, ақталғанның жағдайының нашарлауы туралы мәселе көтерілген жәбірленушінің (азаматтық талапкердің), олардың өкілдерінің өтінішхаты, прокурордың өтінішхаты бойынша қаралатын жағдайларда қорғаушының кассациялық сатыда қатысуы міндетті болып табылады.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      24. Сотталушы, ақталған адам апелляциялық, кассациялық, сатыларында қорғаушыдан бас тартқан және ол берген өтінішхатты кері қайтарып алған жағдайда, егер істі қарау үшін заңда көрсетілген басқа да негіздер болмаса, қорғаушының өтінішхаты бойынша қозғалған өндіріс қысқартылады. Қорғаушыдан бас тарту қабылданбаған жағдайда өтінішхат іспен бірге негізінен қаралады. Қабылданған шешімдер туралы қаулы қабылданады.

      Егер өтінішхатты бірінші сатыдағы сотқа қатысқан қорғаушы берсе, ал үкім шығарылғаннан кейін іске басқа қорғаушы қатысса, ол жаңа уәждер келтіріп не бұрынғы уәждерді өзгертіп, апелляциялық өтінішхатты толықтыруға құқылы.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      25. Соттардың сотталғандарға қатысты үкімдерді орындауға байланысты мәселелерді қарау кезінде ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының іске қатысуы міндетті екенін назарда ұстағандары жөн. Заңның аталған талабының орындалмауы қорғану құқығын бұзу болып табылады, бұл сот қабылдаған қаулыны бұзуға әкеп соғады.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      26. Қылмыстық істерді қараған кезде апелляциялық, кассациялық сатыларының соттары қылмыстық процесті жүргізуші органдардың күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталған адамның қорғану құқығының қамтамасыз еткенін мұқият тексеріп, орын алған заң бұзушылықтарды ескерусіз қалдырмаулары қажет.

      Адвокаттардың өз міндеттерін тиісінше атқармағаны (формальды қатысу, таза бланктерге қол қою, қылмыстық іс жүргізу барысында орын алған заң бұзушылықтарды ескермеу және т.б.) анықталған жағдайда, соттар қорғаушыға тиісті шара қолдану туралы жеке қаулы шығаруға құқылы.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      27. Адвокаттың заң көмегін көрсеткініне бюджет қаражатының есебінен ақы төлеу туралы қаулы шығарған кезде, ҚПК-нің 178-бабына сәйкес, аталған норманың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ақы төлеуге байланысты іс жүргізу шығындарын мемлекет пайдасына сотталушыдан өндіру туралы мәселенің бір мезгілде қаралатыны соттарға түсіндірілсін.

      Қорғаушы ҚПК-нің 67-бабының үшінші бөлігіне, 76-бабының екінші бөлігіне сәйкес іске қатысқан жағдайларда, мемлекетке шығыстарды өтеуден босатуға жол беріледі.

      Адвокатқа төленуге жататын соманы есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жалақының ең төменгі мөлшеріне пайыздық арақатынаста есептелетін сағаттық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылуға тиіс.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      28. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ол ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



О практике применения уголовно-процессуального законодательства, регулирующего право на защиту

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 6 декабря 2002 года N 26.

      Реализация конституционного положения о праве каждого на получение квалифицированной юридической помощи, в том числе с участием адвоката (защитника), способствует осуществлению судопроизводства на основе состязательности и равноправия сторон, установлению истины по делу, постановлению законного, обоснованного судебного решения.

      На всех стадиях уголовного процесса свидетелю, имеющему право на защиту, подозреваемому, обвиняемому, подсудимому, осужденному, оправданному законом предоставлено и гарантировано право на защиту от уголовного преследования, обвинения и осуждения.

      Изучение судебной практики показало, что в ходе досудебного расследования и при отправлении правосудия конституционные нормы и требования уголовно-процессуального закона о праве на защиту соблюдаются.

      Вместе с тем имеют место случаи, когда органы, ведущие уголовный процесс, допускают нарушения норм, регулирующих право на защиту, а адвокаты не в полной мере используют предоставленные им возможности осуществления защиты.

      В целях устранения недостатков и нарушений уголовно-процессуального закона, правильного и единообразного разрешения вопросов, возникающих в судебной практике по обеспечению свидетелю, имеющему право на защиту, подозреваемому, обвиняемому, подсудимому, осужденному, оправданному права на защиту, пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан постановляет:

      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      1. Свидетель, имеющий право на защиту, подозреваемый, обвиняемый подсудимый, осужденный и оправданный имеют право на защиту, признанное и гарантированное статьей 13 и пунктом 3 статьи 16 Конституции Республики Казахстан (далее - Конституция) и являющееся одним из принципов уголовного процесса, предусмотренных статьей 26 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее - УПК).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. Право свидетеля, имеющего право на защиту, подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, осужденного, оправданного на защиту - это совокупность всех предоставленных законом процессуальных возможностей для опровержения возникшего подозрения, или смягчения ответственности и наказания, а также право оправданного на возмещение вреда, причиненного незаконным задержанием, вынесением постановления о квалификации деяния подозреваемого, применением меры пресечения, преданием суду и осуждением.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. Обеспечение органами, ведущими уголовный процесс, права свидетеля, имеющего право на защиту, подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, осужденного, оправданного на защиту в совокупности с другими принципами уголовного процесса является гарантией справедливого разбирательства и принятия правильного решения по делу. Поэтому нарушение права на защиту может повлечь последствия, предусмотренные статьей 9 УПК .

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4. В качестве защитника участвует адвокат, а также могут быть допущены лица, указанные в части второй статьи 66 УПК, которые вправе участвовать в деле в качестве защитников только наряду с адвокатом.

      Подозреваемый (свидетель, имеющий право на защиту, обвиняемый, подсудимый, осужденный, оправданный) вправе пригласить для защиты нескольких адвокатов в качестве защитников. Наряду с адвокатом (несколькими адвокатами) его защиту дополнительно может осуществлять только одно из лиц, перечисленных в части второй статьи 66 УПК. Если в качестве защитника желают выступить несколько лиц, то выбор защитника из их числа принадлежит самому подзащитному.

      Сноска. Пункт 4 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      5. Адвокат вступает в дело в качестве защитника по предъявлении удостоверения адвоката и письменного уведомления о защите соответствующего лица. Истребование иных документов, подтверждающих полномочия адвоката на ведение конкретного дела, не допускается.

      Другие лица, перечисленные в части второй статьи 66 УПК, представляют документы, подтверждающие их право на участие в уголовном процессе в качестве защитника (свидетельство о браке, документ, подтверждающий родственные отношения со свидетелем, имеющим право на защиту, подозреваемым, обвиняемым, осужденным, оправданным, решения органов, осуществляющих функции по опеке и попечительству).

      Сноска. Пункт 5 - в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      6. Исключен нормативным постановлением Верховного Суда РК от 25.06.2010 № 9 (порядок введения в действие см. п. 2).

      7. Иностранные адвокаты могут участвовать в качестве защитников только на основании международного договора Республики Казахстан с соответствующим государством на взаимной основе.

      Полномочия иностранного адвоката, осуществляющего свою деятельность, должны подтверждаться удостоверением личности, документом, устанавливающим статус адвоката, а также соглашением об оказании юридической помощи, заключенным между адвокатом и свидетелем, имеющим право на защиту, подозреваемым, обвиняемым, подсудимым, осужденным, оправданным.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      8. Органам, ведущим уголовный процесс, необходимо строго выполнять требование закона об обязательном участии защитника в случаях, предусмотренных статьей 67 УПК. Несоблюдение положений указанной нормы надлежит рассматривать как существенное нарушение процессуального закона, а собранные материалы могут быть признаны не имеющими силы доказательств.

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9. Следует иметь в виду, что нарушением права на защиту могут признаваться не только непредоставление свидетелю, имеющему право на защиту подозреваемому, обвиняемому, подсудимому, осужденному, оправданному, защитника, но и любые ограничения их процессуальных прав, в частности, пользоваться родным или другим языком, которым они владеют, давать показания, представлять доказательства, заявлять ходатайства, участвовать в исследовании доказательств и в судебных прениях, произносить последнее слово, приносить жалобы на действия и решения органов, ведущих уголовный процесс и другие.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      10. Поскольку закон не указывает перечень физических и психических недостатков, служащих основанием к обязательному участию защитника, то в каждом конкретном случае следует исходить из того, имеет ли реальную возможность свидетель, имеющий право на защиту, подозреваемый, обвиняемый, подсудимый, осужденный и оправданный в силу своих недостатков сам в полной мере осуществлять право на защиту, либо степень его недостатков такова, что они в значительной мере затрудняют использование предоставленных ему законом прав.

      К лицам, которые в силу физических или психических недостатков не могут сами осуществлять свое право на защиту, следует относить и тех, у кого имеется психическое расстройство, не исключающее вменяемости, а также страдающих существенным дефектом речи, зрения, слуха или другим тяжким недугом.

      При возникновении сомнения в способности лица самостоятельно защищать свои права и законные интересы в связи с психическими или физическими недостатками, в соответствии с пунктом 4 части первой статьи 271 УПК обязательно назначение и производство экспертизы.

      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      11. Следует неукоснительно соблюдать требование закона о предоставлении подозреваемому защитника с момента производства какого-либо действия, предусмотренного частью первой статьи 64 УПК, до объявления ему постановления о квалификации деяния подозреваемого.

      Для исполнения этих требований органом, ведущим уголовный процесс, должно быть вынесено соответствующее постановление о допуске в качестве защитника лица, указанного в части второй статьи 66 УПК, а в отношении адвоката – постановление о признании вступившего в дело адвоката в качестве защитника. К делу приобщается письменное уведомление о защите, документы иного лица, допущенного в качестве защитника.

      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      12. С момента вступления адвоката в дело в качестве защитника орган, ведущий уголовный процесс, обязан обеспечить подозреваемому, реальную возможность иметь до первого допроса свидания с защитником наедине и конфиденциально, без ограничения их количества и продолжительности.

      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      13. В целях обеспечения реализации права на защиту, а также создания защитнику условий для выполнения им функции защиты органы, ведущие уголовный процесс, обязаны выяснять у защитников и их подзащитных, в каких процессуальных действиях они считают необходимым участвовать совместно, и предоставлять им такую возможность.

      Как правило, защитник должен участвовать при разъяснении прав подозреваемому и его допросе, производстве проверки и уточнения показаний на месте, следственном эксперименте, проведении опознания, очных ставок, допросе прокурором и избрании меры пресечения, формировании вопросов назначаемой экспертизы и при привлечении специалиста, на стадиях окончания досудебного расследования и судебного разбирательства.

      Участие прокурора в процессуальном действии или совершение им самим процессуальных действий в ходе досудебного производства по делу не исключает участие защитника, если его присутствие прямо предусмотрено законом.

      Защитник вправе участвовать во всех следственных и процессуальных действиях, проводимых с участием подзащитного лица, а также в других процессуальных действиях, совершаемых по ходатайству последнего, либо по ходатайству самого защитника.

      Ходатайство защитника об участии в проводимых следственных и процессуальных действиях приобщается к делу.

      За свидетелем, имеющим право на защиту, подозреваемым, обвиняемым, подсудимым, осужденным, оправданным сохраняются все принадлежащие им права на защиту независимо от участия в уголовном судопроизводстве их защитников, и их умаление является нарушением права на защиту.

      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      14. Органом, ведущим уголовный процесс, должно быть разъяснено подозреваемому, обвиняемому, подсудимому право о возможности назначения ему защитника независимо от наличия у него средств на оплату.

      Отказ от защитника может иметь место в любой стадии судопроизводства, но только по инициативе подозреваемого, обвиняемого, подсудимого в присутствии защитника и он не должен быть связан с отсутствием средств для оплаты юридической помощи. При фактическом отсутствии средств для оплаты труда адвоката отказ от защитника должен быть признан вынужденным и не приниматься.

      Решение вопроса о принятии отказа от защитника является прерогативой органа, ведущего уголовный процесс.

      Решение по ходатайству об отказе от защитника оформляется согласно части шестой статьи 99 УПК мотивированным постановлением, с которым сразу же подлежат ознакомлению защитник, подозреваемый, обвиняемый, подсудимый, удостоверяя это своими подписями. Присутствие защитника подтверждается приобщением к материалам уголовного дела письменного уведомления о защите либо копии соответствующего документа иного лица, допущенного в качестве защитника.

      Сноска. Пункт 14 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      15. Отказ от защитника не принимается в случаях, указанных в части первой статьи 67 УПК.

      Отказ от защитника может быть не принят также и в связи с определенными обстоятельствами дела (большой объем обвинения, значительное количество привлекаемых к ответственности лиц, наличие в деле материалов, исследование которых для подозреваемого, обвиняемого, подсудимого представляет сложность и т.п.).

      Отстранение защитника от участия в производстве по делу по основаниям, указанным в части первой статьи 94 УПК, не освобождает орган, ведущий уголовный процесс, от обязанности предоставить подозреваемому, обвиняемому, подсудимому, осужденному, оправданному другого защитника.

      При отстранении защитника от участия в деле орган, ведущий уголовный процесс, выносит постановление, которое в досудебном производстве может быть обжаловано в порядке статьи 106 УПК, а в ходе судебного разбирательства, по правилам статьи 422 УПК.

      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      16. Принуждение свидетеля, имеющего право на защиту подозреваемого, обвиняемого, подсудимого к даче показаний, к признанию предъявленного ему обвинения, к выдаче вещественных доказательств, к совершению иных действий, сопряженных с нарушением его права не свидетельствовать против самого себя, следует рассматривать как существенное нарушение права на защиту.

      В связи с этим, заявление свидетеля, имеющего право на защиту, подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, осужденного о применении незаконных методов органами досудебного расследования подлежит тщательной проверке и в случае его подтверждения соответствующие материалы дела как полученные с нарушением требований процессуального закона должны быть признаны не имеющими силы доказательств.

      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      17. Подозреваемому, обвиняемому, подсудимому, осужденному, оправданному в соответствии со статьей 31 УПК должны быть разъяснены право и порядок обжалования действий и решений органа, ведущего уголовный процесс, установленные уголовно-процессуальным законом.

      Сноска. Пункт 17 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      18. Нарушение права на защиту подозреваемого, обвиняемого, подсудимого не является препятствием для назначения главного судебного разбирательства. Существенность такого нарушения должна учитываться в ходе главного судебного разбирательства при оценке допустимости и достоверности доказательств и их достаточности для решения вопроса о виновности или невиновности подсудимого.

      Сноска. Пункт 18 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      19. В случаях, когда нарушение права на защиту, допущенное органами досудебного расследования, является основанием к признанию собранных по делу доказательств недопустимыми и стороной обвинения не представлены иные доказательства виновности подсудимого, суд обязан постановить оправдательный приговор.

      Сноска. Пункт 19 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      20. Судам надлежит учитывать, что подсудимый участвует в судебных прениях независимо от наличия у него защитника. Лишение подсудимого этого права, а также непредоставление ему последнего слова, ограничение при изложении доводов по предъявленному обвинению являются нарушением права на защиту, влекущим в соответствии со статьей 436 УПК отмену приговора.

      Сноска. Пункт 20 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      21. Судам следует иметь в виду, что лишение осужденного (оправданного) права получать копию приговора (постановления) на языке, которым он владеет, знакомиться с протоколом судебного заседания и приносить на него замечания, знакомиться с жалобами (ходатайством прокурора) других участников процесса и приносить на них возражения, незаконный отказ в принятии жалоб и возражений является нарушением права на защиту.

      Неразъяснение оправданному, обвиняемому (подозреваемому), подсудимому, в отношении которого вынесено постановление о прекращении уголовного преследования, права на возмещение вреда, причиненного в результате незаконных действий органов, ведущих уголовный процесс, также рассматривается как нарушение права на защиту.

      Указанные нарушения не влекут отмену судебного приговора, если он постановлен по существу правильно.

      Сноска. Пункт 21 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      22. Защитник в интересах осужденного, оправданного вправе по собственной инициативе обжаловать судебное решение по делу, при рассмотрении которого судом допущены существенные нарушения процессуальных прав, влекущие отмену незаконного решения. С указанной жалобой суд обязан ознакомить осужденного (оправданного) и разъяснить ему право отзыва этой жалобы.

      23. Суд первой инстанции обязан разъяснить осужденному, содержащемуся под стражей, право участия в заседании апелляционной инстанции, если в жалобе или в ходатайстве стороны обвинения ставится вопрос об ухудшении его положения. Возражения осужденного и его мнение по поводу участия в заседании коллегии приобщаются к материалам дела.

      Участие в заседании суда апелляционной инстанции осужденного, в отношении которого ставится вопрос об ухудшении его положения, при наличии его ходатайства, является дополнительной гарантией для всестороннего, полного исследования обстоятельств дела и объективного разрешения жалобы или ходатайства прокурора.

      Судам апелляционной, кассационной инстанций необходимо тщательно проверять, были ли соблюдены судами первой инстанции требования закона, обеспечивающие реализацию указанного права осужденного (оправданного).

      Участие защитника в апелляционной инстанции обеспечивается в случаях, указанных в статье 67 УПК, и в порядке, предусмотренном частью четвертой статьи 428 УПК.

      Участие защитника в кассационной инстанции осуществляется в случаях, предусмотренных частью первой статьи 67 УПК. В тех случаях, когда дело рассматривается по ходатайству потерпевшего (гражданского истца), их представителей, ходатайству прокурора, в которых ставится вопрос об ухудшении положения осужденного, оправданного, участие защитника в кассационной инстанции обязательно.

      Сноска. Пункт 23 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 25.06.2010 № 9 (порядок введения в действие см. п. 2); от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 11.12.2020 № 6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      24. В случае отказа осужденного, оправданного от защитника в апелляционной, кассационной инстанции и отзыве поданной им жалобы (ходатайства) производство, возбужденное по жалобе (ходатайству) защитника, прекращается, если нет других, предусмотренных законом оснований для рассмотрения дела. При непринятии отказа от защитника жалоба (ходатайство) вместе с делом рассматривается по существу. О принятых решениях выносится постановление.

      Если жалоба (ходатайство) подана защитником, участвовавшим в суде первой инстанции, а после вынесения приговора в деле участвует другой защитник, последний вправе представить дополнение к апелляционной жалобе (ходатайству) с приведением новых, либо изменением прежних доводов.

      Сноска. Пункт 24 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 25.06.2010 № 9 (порядок введения в действие см. п. 2); от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      25. Судам следует иметь в виду, что при рассмотрении вопросов, связанных с исполнением приговоров в отношении осужденных, участие защитника обязательно в случаях, предусмотренных частью первой статьи 67 УПК. Невыполнение указанного требования закона является нарушением права на защиту, которое влечет отмену принятого судом постановления.

      Сноска. Пункт 25 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      26. При рассмотрении уголовных дел суды апелляционной, кассационной инстанций должны тщательно проверять, обеспечивалось ли органом, ведущим уголовный процесс, право на защиту подозреваемому, обвиняемому, подсудимому, осужденному, оправданному, и не оставлять без реагирования такие нарушения закона.

      При обнаружении фактов ненадлежащего осуществления адвокатами своих обязанностей (формальное участие, подписание чистых бланков процессуальных действий, оставление без реагирования допускаемых в ходе уголовного судопроизводства нарушений законности и др.) суды вправе реагировать вынесением частных постановлений.

      Сноска. Пункт 26 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 25.06.2010 № 9 (порядок введения в действие см. п. 2); от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      27. Разъяснить судам, что при вынесении постановления об оплате юридической помощи адвоката за счет бюджетных средств, одновременно необходимо решить вопрос о возмещении государству процессуальных издержек, связанных с этой оплатой, путем взыскания их с осужденного в силу статьи 178 УПК, кроме случаев, указанных в части четвертой названной нормы.

      Освобождение от возмещения расходов государству допускается в случаях, когда защитник участвовал в деле в соответствии с частью третьей статьи 67 и частью второй статьи 76 УПК.

      Исчисление суммы, подлежащей выплате адвокату, должно осуществляться по часовой ставке, исчисляемой в процентном соотношении к минимальному размеру заработной платы, устанавливаемому законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 27 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      28. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вступает в силу со дня его официального опубликования.

Председатель Верховного Суда


Республики Казахстан




Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания