Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 Нормативтік қаулысы.

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Есірткі, психотроптық және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 2, 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 19, 2003 жылғы 11 шілдедегі № 7, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы";

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "дәрежеленетіні", "дәрежеленеді", "дәрежелеу", "дәрежеленуге", "дәрежеленуді", "дәрежеленуі" деген сөздер тиісінше "сараланатыны", "сараланады", "саралау", "саралануға", "саралануды", "саралануы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ҚІЖК-нің", "ҚК-тің" деген сөздер тиісінше "ҚПК-нің", "ҚК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "заттарды", "заттар" "заттарға" "заттың", "затты", "зат", "заттармен", "заттардың" деген сөздерден кейін тиісінше "сол тектестерді", "сол тектестер", "сол тектестерге", "сол тектестің", "сол тектесті", "сол тектес", "сол тектестермен", "сол тектестердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қылмыс", "қылмыстың", "қылмысты", "қылмысы", "қылмыстары", "қылмыстарды", "қылмыстардың" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылықтың", "қылмыстық құқық бұзушылықты", "қылмыстық құқық бұзушулығы", "қылмыстық құқық бұзушулықтары", "қылмыстық құқық бұзушулықтарды", "қылмыстық құқық бұзушулықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым)" деген сөздер "қылмыстық топ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақта:

      "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279-І Заңына (бұдан әрі – Есірткі туралы заң)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 1-1-тармақ алып тасталсын;

      5) 2-1-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есірткі туралы заңның 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасының шегiнде есiрткiнің, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жасалған кез келген iс-әрекеттер есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз тасымалдау болып табылады.";

      6) 3-1-тармақта:

      абзацтардың "а)", "б)", "в)", "г)", "д)" деген әріптермен белгіленуі алып тасталсын;

      "ҚК-нің 259-бабының 1-1-бөлігі", "259-бабының 2-бөлігі", "259-бабының 2-1-бөлігі", "259-бабының 3-бөлігі", "259-бабының 4-бөлігі" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 296-бабының төртінші бөлігі", "297-бабының бірінші бөлігі", "297-бабының екінші бөлігі", "297-бабының үшінші бөлігі", "297-бабының төртінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 7-1-тармақта:

      абзацтардың "а)", "б)", "в)", "г)" деген әріптермен белгіленуі алып тасталсын;

      "259-бабының 2-бөлігі", "259-бабының 2-1-бөлігі", "259-бабының 3-бөлігі", "259-бабының 4-бөлігі" деген сөздер тиісінше "297-бабының бірінші бөлігі", "297-бабының екінші бөлігі", "297-бабының үшінші бөлігі", "297-бабының төртінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 8-тармақтағы "259-бабының 3-бөлігінің "б" тармағы бойынша" деген сөздер "297-бабының үшінші бөлігінің 2-тармағы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 9-1-тармақта:

      абзацтардың "а)", "б)", "в)", "г)" деген әріптермен белгіленуі алып тасталсын;

      "259-бабының 2-бөлігі", "259-бабының 2-1-бөлігі", "259-бабының 3-бөлігі", "259-бабының 4-бөлігі" деген сөздер тиісінше "297-бабының бірінші бөлігі", "297-бабының екінші бөлігі", "297-бабының үшінші бөлігі", "297-бабының төртінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 9-2-тармақта:

      "259-бабының" деген сөздер "296, 297-баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 9-3-тармақтағы "259-бабы 3-бөлігінің б) тармағы бойынша", "259-бабы 2-1-бөлігі", "259-бабы 3-бөлігінің в) тармағы бойынша", "259-бабы 3-бөлігінің б) және в) тармақтары бойынша" деген сөздер тиісінше "297-бабы үшінші бөлігінің 2-тармағы бойынша", "297-бабының екінші бөлігі", "297-бабы үшінші бөлігінің 3-тармағы бойынша", "297-бабы үшінші бөлігінің 2 және 3-тармақтары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 9-4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-ХIII Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 10-тармақтағы "250" деген цифрлар "286" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      14) 11-тармақта:

      ""Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Есірткі туралы заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац алып тасталсын;

      "272" деген цифрлар "310" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      15) 12-тармақта:

      "265-бабының 1-бөлігімен" деген сөздер "303-бабының бірінші бөлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл әрекетті осы баптың екінші бөлігімен саралау үшін осы ережелерді бұзу салдары - ауыр салдарлардың туындауы немесе есірткінің, психтроптық, улы заттардың, сол текстердің ұрлануы қажетті шарт болып табылады.";

      үшінші сөйлем алып тасталсын;

      16) 13-тармақта:

      "265-бабының 2-бөлігі", "260-бабының", "265-бабымен" деген сөздер тиісінше "303-бабының екінші бөлігі", "298-бабының", "303-бабымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 14-тармақта:

      "Қылмыстық кодекстiң 260-бап екiншi бөлiгiнiң в) тармағында", "263-баптың үшiншi бөлiгінде" деген сөздер тиісінше "ҚК-нің 298-бабы екінші бөлігінің 3-тармағында", "301-бабы үшінші бөлігінің 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "265" деген цифрлар "303" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      18) 15-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кінәлінің есірткіні немесе психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға ынтаны қоздыруға бағытталған, әртүрлі адамдарға немесе бір адамға қатысты әртүрлі уақытта жасалған әрекетін ҚК-нің 299-бабы екінші бөлігінің 2-тармағы бойынша, екі және одан көп адамдарға қатысты бір мезгілде жасалған осы әрекеттер – аталған баптың үшінші бөлігінің 1-тармағы бойынша саралануға жатады.";

      үшінші абзацтағы "Қылмыстық кодекстiң 261-бабы" деген сөздер "ҚК-нің 299-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "ҚК-тің 261-бабы үшінші бөлігі б) тармағының және 103-баптың сәйкес бөлігімен дәрежеленуі керек." деген сөздер "ҚК-нің 299-бабы үшінші бөлігінің 2-тармағымен және 106-бабының тиісті бөлігімен саралануы керек." деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "ҚК-тің 261-бабы үшінші бөлігінің а) тармағы" деген сөздер "ҚК-нің 299-бабы үшінші бөлігінің 1-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 16-тармақтағы "264" деген цифрлар "302" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      20) 17-1-тармақ алып тасталсын;

      21) 18-тармақта:

      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері ҚК-нің 296-бабына ескертпеде көрсетілген, келтірілген тізбе толық болып табылады.";

      үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымға түсуіне байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсенді көмек көрсету осы қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға немесе оның жолын кесуге, істің нақты мән-жайларын, іс-әрекетті жасауға қатысы бар адамдарды, соңғылардың тұрғылықты жерін анықтауға және оларды ұстап алуға, есірткі немесе психотроптық заттарды табуға және т.б. бағытталған қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың іс-шараларына субъектінің өзінің еркімен қатысуын көздейді.";

      22) 19-тармақтағы "88" деген цифрлар "91" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      23) 20-тармақтағы "ҚІЖК-нің 121-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 118-бабы үшінші бөлігінің 2-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 21-тармақтағы "387" деген цифрлар "405" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      25) 22-тармақтағы 2, 3, 4 абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын.

      2. "Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбында:

      "жүргізген" деген сөз "жүргізетін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Соты Пленумының Қаулысы 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 Қаулысы" деген сөздер "Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспедегі "Пленумы" деген сөз "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) бүкіл мәтін бойынша "ҚІЖК-нің", "ҚІЖК-да" деген сөздер тиісінше "ҚПК-нің", "ҚПК-да" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 2-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 32-бабының екiншi және үшінші бөліктерінде аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша жекеше айыптаушының шағымы болмаған кезде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;";

      үшінші абзац алып тасталсын;

      4, 5-абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын;

      бесінші абзацта:

      "ҚIЖК-нiң 33-бабының 2-бөлiгiнде", "ҚК-тiң 69, 75, 85 баптарында", "ҚК-тiң 67-бабында" деген сөздер тиісінше "ҚПК-нiң 32-бабының төртінші бөлiгiнде", "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 71 және 88-баптарында", "ҚК-нiң 68-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "қылмыс", "қамауға алған" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылық", "күзетпен ұсталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 3-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "39-47-баптарының" деген сөздер "37-бабынан бастап 42-бабын қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "40" деген цифрлар "38" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi" деген сөздерден кейін "№ 2143-XII" деген сөздермен ауыстырылсын толықтырылсын;

      6) 5-тармақтағы "13-бабының 2-бөлiгiне, 14-бабының 8-бөлiгiне" деген сөздер "13-бабының екінші бөлiгiне және 14-бабының сегізінші бөлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 6-тармақтағы "37-бабының 1-бөлiгінде", "43-бабының 1-бөлiгiне" деген сөздер тиісінше "38-бабының бірінші бөлiгінде", "40-бабының бірінші бөлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 7-тармақтағы "44-бабының 1-бөлiгiне" деген сөздер "41-бабының бірінші бөлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 8-тармақтағы "40-бабының 2-бөлiгiнде", "40-бабының 5-бөлiгiнде", "43-бабының 3-бөлiгiне" деген сөздер тиісінше "38-бабының екінші бөлiгiнде", "38-бабының үшінші бөлiгiнде", "40-бабының үшінші бөлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 9-тармақта:

      бірінші абзацтағы "зиянды өтеу тәртiбi туралы хабарламаны алған күннен бастап есептелетiн ҚПК-нің 45-бабында көрсетiлген мерзiмдер" деген сөздер "құқықтарды қалпына келтіру тәртібі түсіндірілетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүліктік зиянды өтеу туралы талап ҚПК-нің 40-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген тиісті сотқа тікелей жіберілуі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "ҚПК-нің 40-бабының бірiншi бөлiгiне және "Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1218 қаулысына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-қимылдарының салдарынан келтірілген мүлiктiк зиян: олар айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды; соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi; соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiп алынған айыппұлдарды; заңсыз әрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды; заң көмегін көрсету үшiн адам төлеген сомаларды; қылмыстық қудалау салдарынан болған өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды. Сонымен қатар қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-қимылдарының салдарынан келтірілген мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар адамдардың еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтіруге, сондай-ақ моральдық зиянның салдарын жойғызуға құқығы бар.";

      11) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Судья моральдық зиянның салдарын жойғызу туралы талапты ҚПК-нің 4-тарауындағы тәртіппен қарайды.

      Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай мәнде өтемақы туралы талаптар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен ғана қойылады.

      Егер ҚПК-нің 4-тарауында көзделген тәртіппен зиянды өтеу туралы талапты беруге алты айлық мерзім өткізіп алынса, онда адам азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы.";

      12) 11-тармақтағы "анықтау, алдын ала тергеу органдары, прокуратура және үкiмдi шығарған" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Зиянның мөлшерiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң нормаларына сәйкес анықтаған кезде қылмыстық процесті жүргiзетiн органдардың әрекеттерi заңсыз болып танылатын сәттер мен мерзiмдердi анықтайтын мән-жайларға назар аударған жөн. Атап айтқанда, ҚПК-нiң 38-бабы екінші бөлiгiнiң 4-тармағына сәйкес жасалған іс-әрекетiнiң саралануы ҚК-нің оны жасағаны үшiн күдік келтiру немесе айыптау кезiнде ұстап алуға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгертілген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптау бөлiгi алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайларда, сол сияқты соттың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын немесе мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану туралы заңсыз шешiмiнің күші жойылған жағдайда адамның ұсталуға немесе бұлтартпау шарасын қолдануға не қылмыстық жазасын қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде өтеуге байланысты адамның күзетпен ұсталуын заңсыз деп таныған жөн. Бұл ретте күзетпен ұстаудың, қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазалаудың нақты өтелген мерзiмi ҚК-нің кiнәлi адам жасаған іс-әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып есептеледі. Егер ҚК-нiң қылмыстық құқық бұзушылық жаңадан сараланған бабында жаза ретiнде қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру көзделмесе, онда күзетпен ұстау, қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру жазасының ҚК-нің аталған бабында көзделген жаза орнына есептелiне алмайтын бөлiгi заңсыз өтелген болып саналады.";

      14) 13-тармақтағы "40-бабының 4-бөлiгiне" деген сөздер "38-бабының төртінші бөлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүліктік зиянды өтеу туралы талапты ҚПК-нің 40-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья жеке-дара қарайды. ҚПК-нің 38-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-қимылдарының салдарынан келтірілген мүлiктiк зиян қылмыстық процестi жүргiзетін органның кiнәсi бар-жоғына қарамастан, толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi. Сот отырысына қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының ағымдағы жылға арналған бюджеті туралы заңына сәйкес қаражат бөлінген мемлекеттік органның өкілі мемлекеттің атынан қатысады. Егер Бюджет туралы заңда мұндай орган белгіленбесе, онда өндіріп алу Республиканың Қаржы министрлігінен жүргізіледі. Көрсетілген өкілдің немесе талап еткен адамның сот отырысына келмеуі оны қарауға кедергі келтірмейді.";

      16) 16-тармақтағы "44" деген цифрлар "41" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      17) 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ҚПК-нің 415-бабының екінші бөлігіне сәйкес судьяның зиянды өтеу туралы талапты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысына ҚПК-нің 48-тарауында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.";

      18) 20-тармақтағы "заңсыз қамауға алу" деген сөздер "заңсыз күзетпен ұстау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:

      "22. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      3. "Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2:

      1) тақырыбындағы "қылмысқа" "қылмыстар" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылықтарға", "қылмыстық құқық бұзушылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспеде және 1-тармақта:

      "ұйымдасқан қылмыстық топ, банда мен қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым)" деген сөздер "банда немесе басқа қылмыстық топ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қылмыстар", "қылмыстардың" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылықтар", "қылмыстық құқық бұзушылықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-тармақтағы "Қылмысқа", "қылмыс" деген сөздер тиісінше "Қылмыстық құқық бұзушылыққа", "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақта:

      "қылмыс", "ұйымдасқан топ болып", "ҚК-нің", "Қылмыс", "қылмысқа" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық топ", "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК)", "Қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық құқық бұзушылық, егер оны ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құралым жасаса, қылмыстық топ жасаған белгі бойынша саралануы мүмкін.";

      5) 4-тармақтағы "қылмыстық", "қылмысты" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 5-тармақтағы "қылмыс", "қылмысты", "қылмыстың" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылықты", "қылмыстық құқық бұзушылықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 6-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚК-нің 31-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қылмыстық топ деп ҚК-нің 262, 263, 264, 265-баптарының бірінші бөліктері оларды құру үшін жауаптылық көзделген ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық қана емес, ҚК-нің 257, 268 және 267-баптарының бірінші бөліктері оларды құру үшін жауаптылық көзделген террористік топ, экстремистік топ, тұрақты қарулы топ (банда) және заңсыз әскерилендірілген құралым да түсініледі.".

      екінші абзацтағы "ұйымдасқан" деген сөз алып тасталсын;

      үшінші абзац алып тасталсын;

      8) 7-тармақта:

      "237-бабының 1-бөлiгiне" деген сөздер "268-бабының бірінші бөлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қылмыстарды" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 10-тармақта:

      "251", "237" деген цифрлар "287", "268" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "қылмыстардың" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 11-тармақтағы "Ұйымдасқан қылмыстық топ пен банданың", "Ұйымдасқан қылмыстық топ пен банда" деген сөздер тиісінше "Банданың немесе басқа қылмыстық топтың", "Банда немесе басқа қылмыстық топ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 12-тармақтағы "Ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды)" деген сөздер "Банданы немесе басқа қылмыстық топты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 13-тармақта:

      "Ұйымдасқан қылмыстық топқа, бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға)", "Ұйымдасқан қылмыстық топ немесе банда" деген сөздер тиісінше "Бандаға немесе басқа қылмыстық топқа", "Банда немесе ұйымдасқан қылмыстық топ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қылмыстарға" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылықтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 14-тармақта:

      "Ұйымдасқан қылмыстық топқа, бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға)", "Бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға)" деген сөздер "Бандаға немесе басқа қылмыстық топқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қылмыстарды", "қылмыстарға" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылықтарды", "қылмыстық құқық бұзушылықтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Банданы немесе басқа қылмыстық топты құрған не оларға басшылық жасаған адамның iс-әрекеттерi ҚК-нiң 31-бабы төртінші бөлiгiнiң талаптарының негізінде ҚК-нiң 257, 262, 263, 264, 265, 267 және 268-баптарының бірінші бөлiктері бойынша, сонымен қатар, егер олар оның пиғылында болса, банда немесе басқа қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн ҚК-нiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi баптары бойынша тиiсiнше саралануға жатады. Бұл ретте ұйымдастырушы (басшы) бір мезгілде қылмыстық құқық бұзушылықты бірге орындаушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, ҚК-нiң Ерекше бөлiгiнің тиісті бабы бойынша саралау ҚК-нiң 28-бабына сiлтеме жасалып жүзеге асырылады.

      Банда немесе қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарға тiкелей қатысқан банданың немесе басқа қылмыстық топтың ұйымдастырушысының не басшысының әрекеттерi ҚК-нің 257, 262, 263, 264, 265, 267 және 268-баптарының екінші бөлiктері бойынша қосымша саралануға жатпайды.

      Бандаға немесе басқа қылмыстық топқа қатысушылардың (мүшелердiң) әрекеттерiн тиiсiнше ҚК-нің 257, 262, 263, 264, 265, 267 және 268-баптарының екінші бөлiктері бойынша, сондай-ақ олар дайындауға немесе жасауға қатысқан құқық бұзушылықтар үшiн ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиiстi баптары бойынша саралау қажет.

      16. Банда немесе басқа қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысқан адам, ол банда жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарға сыбайлас қатысушы екендiгiн бiлген жағдайларда ғана тиiсiнше ҚК-нің 257, 262, 263, 264, 265, 267 және 268-баптарының екінші бөлiктері бойынша жауапты болады. Адам қылмыстық құрылым жөнінде бiлмеген жағдайда, ол өзi бiлiп бiрге қатысқан қылмыс үшiн ғана жауапты болады.";

      15) 17-тармақта:

      "қылмыстарды", "қылмыстар", "қылмыс", "қылмысы" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылықтарды", "қылмыстық құқық бұзушылықтар", "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ұйымдасқан қылмыстық топтың, банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның)" деген сөздер "Банданың немесе басқа қылмыстық топтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "12-бабының 1-бөлігінде" деген сөздер "13-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 18-тармақта:

      "қылмыстардан", "қылмыстарды" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылықтардан", "қылмыстық құқық бұзушылықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "237-бабының" деген сөздер "268-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 19-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соттардың назары банданың немесе басқа қылмыстық топтың құрамында жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшiн кiнәлi адамдарға жаза тағайындау кезiнде жауаптылықты даралау қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығына аударылсын.";

      18) мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:

      "20. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      4. "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 6, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 11 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "67" деген цифрлар "68" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша "КІЖК-нің", "КІЖК-ге", "ҚІЖК-не" деген сөздер тиісінше "КПК-нің", "ҚПК-ге", "ҚПК-не" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) кіріспеде:

      "ҚК-нің" деген сөз "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК-нің)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 1-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "жәбірленушiнiң" деген сөзден кейін ", арыз берушінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      "оның", "қылмысты" деген сөздер тиісінше "олардың", "қылмыстық құқық бұзушылықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жәбірленушімен" деген сөзден кейін ", арыз берушімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта:

      "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және жәбірленушіге" деген сөздер "жәбірленушіге және арыз берушіге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК-нің)" деген сөздер "ҚК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 3, 3-1, 3-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ҚК-нің 68-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстық теріс қылық жасаған адам, егер ол келтiрiлген зиянның есесін толтырса және ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса немесе медиация тәртібімен татуласса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жатады.

      3-1. ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің ережелері онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдарға қатысты мынадай негіздердің жиынтығы болған кезде қолданылады:

      олар жасаған қылмыстық жазаланатын әрекет қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады;

      қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен, сондай-ақ медиация тәртібімен татуласса;

      қылмыс жасаған адам жәбірленушіге, арыз берушіге жасаған қылмысымен келтiрген зиянның есесін толтырса.

      Санамаланған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда ҚК-нің 68-бабының бірінші бөлігін қолдануға жол берілмейді.

      Бұл ретте адам қылмыстық теріс қылықты немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасағандығының не оның әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше рет жасалуының, жиынтығының немесе қайталануының бар болуының, алдыңғы үкім бойынша жазасы өтелген-өтелмегендігінің немесе жаңа қылмыс жазасын өтеу кезеңінде не пробациялық бақылау немесе үкімді орындаудың мерзімін кейінге қалдыру не шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кезде жазасының өтелмей қалған бөлігінің ішінде жасағандығының маңызы жоқ.

      ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің ережелерін қолданған кезде осы бапта көрсетілген істі тоқтату негіздері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 32-бабының екінші және төртінші бөліктерінде, 35-бабы бірінші бөлігінің 5, 7-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қолданылмайды.

      3-2. ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігі бойынша қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты жасағаны туралы істі тоқтату жөніндегі мәселені шешу, егер бұл қылмысты адамдар алғаш рет жасаса, мүмкін болады. Олардың толық тізбесі ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігінде көрсетілген.

      ҚК-нің 68-бабы екінші бөлігінің ережелері қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты мынадай негіздердің жиынтығы болған кезде қолданылады:

      қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер жасаса;

      кінәлі адам жасаған іс-әрекет қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына

      ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыстар санатына жатса;

      қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса;

      қылмыс жасаған адам жәбірленушіге, арыз берушіге жасаған қылмысымен келтiрген зиянды қалпына келтірсе.

      Санамаланған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігін қолдануға жол берілмейді.

      Кәмелетке толмаған адамды қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатқан жағдайда оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.";

      6) 4-тармақта:

      "орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігін" деген сөздер "ауыр қылмыс жасаған адамға ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "77" деген цифрлар "79" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      7) 5-тармақта:

      "қылмыс", "қылмысқа" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жәбірленушiнiң" деген сөзден кейін ", арыз берушінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 6-тармақта:

      "Жәбiрленушiге", "жәбірленушiнiң" деген сөздерден кейін тиісінше ", арыз берушіге", ", арыз берушінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 7-тармақта:

      "Жәбiрленушiнің", "жәбірленушi" деген сөздерден кейін тиісінше ", арыз берушінің", ", арыз беруші" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 8-тармақта:

      "Жәбiрленушiнің", "жәбірленушiнiң", "жәбірленуші" деген сөздерден кейін тиісінше ", арыз берушінің", ", арыз беруші" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 9-тармақтағы "75" деген цифрлар "71" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      12) 9-1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "67-бабының бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінің" деген сөздер "68-бабының бірінші, екінші бөліктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(жеке немесе заңды тұлға)" деген сөздерден кейін ", арыз беруші" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта:

      "қылмыспен" деген сөздер "қылмыстық құқық бұзушылықпен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жәбірленушi" деген сөзден кейін ", арыз беруші" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзацтағы "307-бабына ескертудің бесінші бөлігінде" деген сөздер "3-бабының 29-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 9-2-тармақтағы "38" деген цифрлар "36" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      14) 10-тармақтағы "ҚIЖК-нiң 7-бабының 22-тармағында" деген сөздер "ҚПК-нің 7-бабының 13-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігіне сәйкес татуласуына байланысты мынадай құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қатысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол берілмейді:

      адам өліміне не екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан абайсызда жасалған қылмыстар;

      сыбайлас жемқорлық қылмыстар;

      террористік қылмыстар;

      экстремистік қылмыстар;

      қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;

      жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар.";

      16) 11-тармақ алып тасталсын;

      17) 12-тармақта:

      бірінші абзац алып тасталсын;

      екінші абзацтағы "ҚIЖК-нiң 7-бабының 24-тармағында" деген сөздер "ҚПК-нiң 7-бабының 11-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 13-тармақтағы "67-бабының 1-бөлігінде" деген сөздер "68-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 13-1-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның көрсетілген нормаларын қолдану кезінде жәбірленушілердің, арыз берушілердің ұстанымымен қатар, әрекеттің сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды сипаттайтын деректер, қылмыстық құқық бұзушылықтан туындаған салдарлар және істің басқа да елеулі мән-жайлары ескерілуге тиіс.";

      үшінші абзац алып тасталсын;

      20) 13-2-тармақтағы "жәбірленушiмен", "Жәбірленушiмен" деген сөздерден кейін ", арыз берушімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 15-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "38-бабының 1-бөлiгiне" деген сөздер "36-бабының бірінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "67-бабын" деген сөздер "65-бабының бірінші бөлігінде, 66, 67-баптарында, 68-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 69-бабының бірінші бөлігінде, 83-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде, сонымен қатар 441, 442, 444, 445, 446, 447, 448, 453-баптарының ескертпелерінде көзделген жағдайларда 68-бабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "шын мәнiсiнде кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмыс құрамы және ҚК-нiң 67 бабын қолдану үшiн негiз бар" деген сөздер "іс жүзінде олар бойынша КҚ-нің 68-бабы қолданылуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 16-тармақта:

      "жәбірленушiге", "Жәбiрленушiге", деген сөздерден кейін ", арыз берушіге" деген сөздермен толықтырылсын;

      "38-бабының 5-бөлiгiне" деген сөздер "36-бабының бесінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 17-тармақта:

      "269-бабының 5-8 бөлiктерi, 307, 325, 377 – 380, 383-баптары" деген сөздер "288-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктері 327, 344, 395, 396, 397, 398, 401-баптары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "емес" деген сөзден кейін "ауыр" деген сөзбен толықтырылсын;

      "67-бабының 1-бөлігін" деген сөздер "68-бабының екінші бөлігін";

      24) 18-тармақтағы "жәбірленушiмен" деген сөзден кейін "арыз берушімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 19-тармақтағы "және қадағалау сатысындағы" деген сөздер "сатыдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      26) мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:

      "20. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      5. "Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы" 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 8, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "процессуалдық" деген сөз "процестік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "өтініш", "өтініші", "өтініштерді", "өтініштер", "өтінішті" деген сөздер тиісінше "өтінішхат", "өтінішхаты", "өтінішхаттарды", "өтінішхаттар", "өтінішхатты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-тармақта:

      екінші сөйлем алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:

      "ҚПК-нің 106-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес тергеу судьясы шағымды сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды жабық сот отырысында тиісті адамдар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.";

      3) 7-тармақтағы "4-бөлігіне", "1-бөлігіне" деген сөздер тиісінше "төртінші бөлігіне", "бірінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын";

      4) 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ҚПК-нің 347-1-бабының талаптарына сәйкес сот отырысының барысын түсіріп алуды сот отырысының хатшысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырады. Жабдықтардың техникалық ақауының болуынан аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазбаны пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып, сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.

      Соттың сот отырыстарында аудио-, бейнежазбаны қолдануы сот ісін жүргізу мақсатында ғана сот талқылауының барысын дәл түсіріп алу үшін, сондай-ақ іс бойынша нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады, бұл соттың жариялылық қағидатты жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

      10. Төрағалық етуші процеске қатысушылардың келісімімен бүкіл бас сот талқылауының барысында, сондай-ақ бас сот талқылауының белгілі бір бөлігінде процеске кейбір қатысушылар мен өзге де адамдарға қатысты суретке түсіруге, аудио-, бейнежазбаны қолдануға рұқсат ете алады. Бұл әрекеттер сот талқылауының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс.";

      5) 11-тармақтағы "бейне-жазуды" деген сөздер "аудио-, бейнежазбаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 13-тармақтағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын.

      6. "Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы" 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 26 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 9 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы";

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "процессуалдық" деген сөз "процестік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "сезіктіге", "Сезіктіге", "сезіктінің", "сезіктілікті", "сезікті", "сезіктіні" деген сөздер тиісінше "күдіктіге", "Күдіктіге", "күдіктінің", "күдікті", "күдіктіні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) кіріспеде:

      екінші абзацта:

      "барлық кезеңінде" деген сөздерден кейін "қорғануға құқығы бар куәгерге," деген сөздермен толықтырылсын;

      "сотталғанға" деген сөзден кейін ", ақталғанға" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшінші абзацтағы "алдын ала тергеу" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацта:

      "жолсыздықтарды жою," деген сөздерден кейін "қорғануға құқығы бар куәгердің," деген сөздермен толықтырылсын;

      "сотталғанның" деген сөзден кейін ", ақталғанның" деген сөзбен толықтырылсын;

      4) 1-тармақта:

      "іс жүргізудегі" деген сөздерден кейін "қорғануға құқығы бар куәгердің," деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша-ҚІЖК)" деген сөздер "Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) деген сөздермен ауыстырылсын";

      5) 2-тармақта:

      "Сезіктінің" деген сөз "Қорғануға құқығы бар куәгердің, күдіктінің," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сотталғанның" деген сөзден кейін ", ақталғанның" деген сөзбен толықтырылсын;

      ",тағылған айыпты" деген сөздер алып тасталсын;

      "айыпкер ретінде жауапқа тартылудан," деген сөздер "күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарудан, " деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 3-тармақтағы "органдардың" деген сөзден кейін "қорғануға құқығы бар куәгердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әркімге білікті заң көмегін алу құқығына кепілдік беретін Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 3-тармағының, ҚПК-нің 27-бабының негізінде қорғаушы ретінде адвокат қатыса алады және адвокатпен қатар қорғаушылар ретінде ғана іске қатыса алатын, ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар жіберілуі мүмкін.";

      8) 5-тармақта:

      "іске қатысуға жіберіледі" деген сөздер "іске кіріседі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "70", "72" деген цифрлар тиісінше "66", "68" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 7-тармақтың екінші абзацында:

      "сезіктінің" деген сөз "қорғалуға құқығы бар куәгердің, күдіктінің," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сотталғанның" деген сөзден кейін ", ақталғанның" деген сөзбен толықтырылсын;

      10) 8-тармақтағы "71" деген цифрлар "67" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 9-тармақта:

      "Сезіктінің" деген сөз "Қорғануға құқығы бар куәгердің, күдіктінің," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сотталушының," деген сөзден кейін "сотталғанның, ақталғанның" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 10-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "нақтылы жағдайда" деген сөздерден кейін "қорғануға құқығы бар куәгердің," деген сөздермен толықтырылсын;

      "сотталушының" деген сөзден кейін ",сотталғанның және ақталғанның" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзацтағы "241-бабының 1-бөлігінің 3-тармағына" деген сөздер "271-бабының бірінші бөлігінің 4-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 11-тармақтағы "оған айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған уақыттан, ал айыпталушыға айып тағылған кезден бастап," деген сөздер "оған бұлтартпау шарасы қолданылған уақыттан бастап күдіктінің әрекеті туралы қаулыны хабарлағанға дейін," деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 12-тармақтағы "айыпталушыға" деген сөз алып тасталсын;

      15) 13-тармақта:

      екінші абзацта:

      ", айыпталушыға олардың", "олардан жауап алу" деген сөздер тиісінше "оның", "одан жауап алу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тергеудің аяқталуы және сот талқылауында" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы және сот талқылауы сатыларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның, олардың қорғаушыларының қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысқанына-қатыспағанына қарамастан, оларға тиесілі барлық қорғану құқықтары сақталады және осы құқықтардың шектелуі немесе кемсітілуі қорғану құқығын бұзушылық болып табылады.";

      16) 14-тармақтағы "102-бабының 6-бөлігіне" деген сөздер "99-бабының алтыншы бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 15-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаушыдан бас тарту мынадай жағдайларда: күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған немесе айыпталушы кәмелетке толмаса; күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған немесе айыпталушы өзінің дене немесе психикалық кемістігінен өзінің қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса; күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған немесе айыпталушы сот ісі жүргізілетін тілді білмесе; айыпталушы стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жіберілген болса; жазалау шарасы ретiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды жасады деп адамға күдік келтірілген кезде қабылданбайды, сондай-ақ ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда.";

      үшінші абзацта:

      "97-бабының 1-бөлігінде" деген сөздер "94-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сотталушыны" деген сөзден кейін ",сотталғанды және ақталғанды" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзацтағы "109", "403" деген цифрлар тиісінше "106", "422" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      18) 16-тармақта:

      "Сезіктіні" деген сөз "Күдіктіні, қорғануға құқығы бар куәгерді," деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "айыпталушының," деген сөзден кейін "сотталушының, сотталғанның" деген сөздермен толықтырылсын;

      "тергеудің" деген сөз "сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 17-тармақтағы "сотталғанға" деген сөзден кейін ", ақталғанға" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 18-тармақта:

      "айыпталушының," деген сөзден кейін ", сотталушының, сотталғанның" деген сөздермен толықтырылсын;

      "және ҚІЖК-нің 303-бабына сәйкес істі қосымша тергеуге жіберуге де негіз бола алмайды." деген сөздер алып тасталсын;

      21) 19-тармақтағы "Қылмыстық ізге түсу" деген сөздер "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 20-тармақтағы "415" деген цифрлар "436" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      23) 21-тармақтағы "(сезіктіге)" деген сөздер "(күдіктіге, сотталушыға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 23-тармақта:

      үшінші абзацтағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы ҚПК-нің 67-бабында көрсетілген жағдайларда және ҚПК-нің 428-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қорғаушының кассациялық сатыда қатысуы ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады. Іс сотталғанның, ақталғанның жағдайының нашарлауы туралы мәселе көтерілген жәбірленушінің (азаматтық талапкердің), олардың өкілдерінің өтінішхаты, прокурордың наразылығы бойынша қаралатын жағдайларда қорғаушының кассациялық сатыда қатысуы міндетті болып табылады.";

      25) 24-тармақта:

      "Сотталушы" деген сөзден кейін ", ақталған адам" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қадағалау" деген сөз алып тасталсын;

      "шағымды", "шағымы", "шағым" деген сөздерден кейін "(өтінішхатты)", "(өтінішхаты)", "(өтінішхат)" деген сөздермен толықтырылсын;

      26) 25-тармақтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соттардың сотталғандарға қатысты үкімдерді орындауға байланысты мәселелерді қарау кезінде ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының іске қатысуы міндетті екенін назарда ұстағандары жөн.";

      27) 26-тармақта:

      "сотталғанның," деген сөзден кейін ", ақталған адамның" деген сөздермен толықтырылсын;

      "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын.

      28) 27-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "қызметін бюджет қаржылары есебінен төлеу" деген сөздер "заң көмегін көрсеткініне бюджет қаражатының есебінен ақы төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "176" деген цифрлар "178" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "4-бөлігінде", деген сөздер "төртінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаушы ҚПК-нің 67-бабының үшінші бөлігіне, 76-бабының екінші бөлігіне сәйкес іске қатысқан жағдайларда, мемлекетке шығыстарды өтеуден босатуға жол беріледі.

      Адвокатқа төленуге жататын соманы есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жалақының ең төменгі мөлшеріне пайыздық арақатынаста есептелетін сағаттық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылуға тиіс.".

      7. "Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы № 16 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 14 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "240" деген цифрлар "270" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) 3-тармақта:

      "ҚР ҚІЖК-нің 243" деген сөздер "ҚПК-нің 273" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VI Заңында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      абзацтардың "а)", "б)", "в)" деген әріптермен белгіленуі алып тасталсын;

      4) 4-тармақта:

      "241", "409" деген цифрлар тиісінше "271", "429" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "кассациялық және қадағалау сатылары соттарының" деген сөздер "кассациялық сатыдағы соттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 5-тармақта:

      екінші абзацтағы "анықтау немесе алдын ала тергеу" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "жүргізу сол сарапшының өзіне" деген сөздерден кейін "немесе өзге сот сарапшысына" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзацта:

      "жүргізуді сол сарапшының өзіне тапсыруға болмайды." деген сөздер "жүргізу сот сарапшыларының комиссиясына тапсырылады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Алдыңғы сот сараптамасын жүргізген сот сарапшылары сараптаманы қайта жүргізген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, бірақ олар сараптамалық зерттеуге және тұжырым жасауға қатыспайды.";

      "249", "250", "255" деген цифрлар тиісінше "281", "282", "287" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6) 8-тармақта:

      "247" деген цифрлар "279" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "50-бабының бірінші бөлігінің 4) тармағына" деген сөздер "45-бабының бірінші бөлігінің 2-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ҚПК-нің 341-бабына сәйкес сараптаманы тағайындау іс бойынша тыңдауды кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін сот талқылауы жалғастырылады.

      Соттар сараптама жүргізу мерзімін бақылауға алып және қажет болған жағдайларда сараптама мекемелерінен сараптама қорытындысының дайындығы туралы сұрауы керек.";

      8) 12-тармақтағы абзацтардың "а)", "б)", "в)", "г)", "д)" деген әріптермен белгіленуі алып тасталсын;

      9) 13-тармақтағы "251" деген цифрлар "283" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      10) 14-тармақтағы абзацтардың "1)", "2)", "3)", "4)", "5)" деген цифрлармен белгіленуі алып тасталсын;

      11) 15-тармақта:

      "355" деген цифрлар "374" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "253-бабы үшінші бөлігінің" деген сөздер "285-бабы төртінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 18-тармақтағы "371", "121" деген цифрлар тиісінше "390", "118" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      8. "Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын қолдану туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 15, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық-процестік заңның сот отырысының хаттамасы жөніндегі нормаларын қолдану туралы";

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "301" деген цифрлар "321" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақтағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 3-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "41-44-тарауларында" деген сөздер "43, 44, 45, 46-тарауларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 5-тармақта:

      2, 3, 4, 5, 6, 7-абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын;

      бірінші абзацтағы "41-45-тарауларында" деген сөздер "43, 44, 45, 46-тарауларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "109-бабындағы тәртіпте" деген сөздер "106-бабындағы тәртіппен жабық сот отырысында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тергеу және анықтау" деген сөздер "қылмыстық қудалау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚПК-нің 55-бабы бірінші бөлігінің 1, 2, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында, екінші бөлігінің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген күзетпен ұстауды санкциялау; үйқамақты санкциялау; экстрадициялық қамақты санкциялау; күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту; кепілді қолдану; мүлікке тыйым салуды санкциялау мәселелерін; тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы; сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәның айғақтарын сақтауға қою туралы мәселелерді қарау;";

      төртінші абзацтағы "409-бабының жетінші бөлігінде" деген сөздер "429-бабының сегізінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "452-457-баптарының" деген сөздер "475-бабынан бастап 482-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "54-56-тарауларында" деген сөздер "54, 59, 60, 62-тарауларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚПК-нің 53-тарауында көзделген тәртіппен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс бойынша іс жүргізуді жаңадан бастау туралы өтінішхаттарды қарағанда.";

      6) 8-тармақта:

      "126" деген цифрлар "123" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Істі алдын ала тыңдау хаттамасында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 170 (төртiншi бөлiгiнде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртiншi бөлiгiнде), 263 (бесінші бөлiгiнде), 286 (төртiншi бөлiгiнде), 297 (төртiншi бөлiгiнде), 298 (төртiншi бөлiгiнде), 299 (төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді, сондай-ақ төтенше жағдай және жаппай тәртіпсіздік жағдайы барысында кісі өлтіру, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстарды қоспағанда, оларды жасағаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, сонымен қатар 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін сотталушыға, айыпталушыға оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат беру құқығы түсіндірілгенін, осы мәселе бойынша оның ұстанымын, мәлімделген өтінішхат бойынша тараптардың пікірін көрсету қажет.";

      7) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды, онда мыналар көрсетіледі: сот отырысының жылы, айы, күні және орны, сот отырысының басталу және аяқталу уақыты, істі қарайтын соттың атауы мен құрамы, судьялардың, сот отырысы хатшысының тегі мен аты-жөні, істің атауы, сотталушының жеке басы туралы деректер, соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер, аудио-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы, процеске қатысушылардың және басқа да адамдардың келгені туралы мәліметтер, іске қатысатын адамдар дәлелдемелер ретінде ұсынылған қосымша материалдардың іске қоса тіркелгені туралы мәліметтер, түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған күні.

      Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші және хатшы қол қояды.

      Аудио-, бейнежазбаны қамтитын материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.

      Сот іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудио-, бейнежазбаның көшірмесін немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады. Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазбалар және сот отырысының хаттамасы ұсынылмайды, олардың аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.";

      8) 17-тармақтағы "87", "89", "94", "126" деген цифрлар тиісінше "83","86", "91", "123" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 18-тармақтағы "328" деген цифрлар "347" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      10) 23-тармақ алып тасталсын;

      11) 25-тармақтағы "126" деген цифрлар "123" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      12) 26-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хаттамамен танысқан соң тарап, сонымен қатар ҚПК-нің 347-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген өзге де адамдар оған өзінің ескертулерін жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында бес тәулік ішінде беруге құқылы.

      ҚПК-нің 348-бабына сәйкес сот отырысы хаттамасының көлемі үлкен болған жағдайда, төрағалық етуші тараптардың өтінішхаты бойынша олардың танысуы және ескертулер беруі үшін неғұрлым ұзақ, қисынды мерзім белгілейді.";

      13) 28-тармақтағы "330" деген цифрлар "349" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      9. "Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 11 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "іс жүргізу кодексінің", "іс жүргізу міндеттерін", "іс жүргізу заңын", "іс жүргізуге қатысушыларға", "іс жүргізу заңының", "іс жүргізу әрекеті", "іс жүргізу әрекеттерінің", "іс жүргізуге қатысушылармен", "іс жүргізу іс-әрекеттерін", "іс жүргізу заңы", "іс жүргізу іс-әрекеттерін" деген сөздер тиісінше "процестік кодексінің", "процестік міндеттерін", "процестік заңды", "процеске қатысушыларға", "процестік заңының", "процестік әрекеті", "процестік әрекеттердің", "процеске қатысушылармен", "процестік әрекеттерді", "процестік заңы", "процестік әрекеттерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "сезіктінің", "сезікті" деген сөздер тиісінше "күдіктінің", "күдікті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен (әрі қарай - ҚІЖК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) нормаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-тармақта:

      "115" деген цифрлар "111" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "болмағандығын," деген сөзден кейін "күдіктінің," деген сөзбен толықтырылсын;

      "айыпталушының" деген сөзден кейін "немесе сотталушының" деген сөздермен толықтырылсын;

      "және айыпталушының кiнәлiлiгiн" деген сөздер ", олардың кiнәлiлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "куәнің," деген сөзден кейін "қорғауға құқығы бар куәнің," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзацтағы "қылмыстық істі қозғағанға" деген сөздер "арызды тіркегенге, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарланғанға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 4-тармақтағы "128", "116", "117" деген цифрлар тиісінше "125", "112", "113" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 7-тармақтағы "415" деген цифрлар "436" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6) 8-тармақта:

      "қылмысты", "алдын ала тергеудің" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылықты", "сотқа дейінгі тергеп-тексерудің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 10-тармақта:

      "97" деген цифрлар "94" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзац алып тасталсын;

      8) 11-тармақтағы "ҚІЖК-нің 37-бабы бесінші бөлігінің" деген сөздер "ҚПК-нің 35-бабы алтыншы бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 12-тармақтағы "363" деген цифрлар "382" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      10) 13-тармақта:

      "82" деген цифрлар "78" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "алдын ала тергеу" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 14-тармақта:

      "алдын ала тергеу" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жоққа шығарылмаса және т.б.)" деген сөздерден кейін "тергеу судьясы айғақтарды сақтауға қойған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 17-тармақтағы "223" деген цифрлар "221" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      13) 18-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "қылмыстық іс қозғалғаннан" деген сөздер "арызды тіркегеннен, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарланғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "122", "184", "190-2", "221", "231" деген цифрлар тиісінше "119", "179", "190", "219", "253" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу" деген сөздер "сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркегенге дейін алынған нақты деректер жарамды дәлелдемелер ретінде таныла алмайды.";

      үшінші абзацта:

      (сараптама тағайындау жағдайларын қоспағанда) деген сөздер алып тасталсын;

      "қорытындысымен" деген сөз "актісімен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 19-тармақтағы "126" деген цифрлар "123" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      15) 22-тармақта:

      үшінші абзацта:

      "Алдын ала тергеу" деген сөздер "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "237-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздер "232-бабының төртінші және бесінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "және террористік актінің, диверсияның және өзге де ауыр қылмыстардың жасалуына әкелуі мүмкін" деген сөздер алып тасталсын;

      алтыншы абзацта:

      "және ауыр, аса ауыр қылмыстардың жасалуына әкелуі мүмкін" деген сөздер алып тасталсын;

      "қылмыс жасау үстінде" деген сөздер "қылмыстық құқық бұзушылық жасау үстінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзацта:

      "116", "213", "218" деген цифрлар тиісінше "112", "210", "212" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 23-тармақтағы "Қылмыстық іс қозғалғанға" деген сөздер "арызды тіркегенге, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарланғанға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 24-тармақтағы "анықтау немесе алдын ала тергеу" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 25-тармақта:

      бірінші абзац алып тасталсын;

      "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 26-тармақтағы "375" деген цифрлар "393" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      20) 27-тармақта:

      "не кассациялық", "тиісінше" "және 446-8-баптарында" деген сөздер алып тасталсын;

      "411" деген цифрлар "431-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбындағы "Қылмыстардың" деген сөз "Қылмыстық құқық бұзушылықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "қылмыс", "қылмыстың", "қылмыстардың", "қылмысты", "қылмыстарды", "қылмысы", "қылмыстар", "қылмыстардан" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылықтың", "қылмыстық құқық бұзушылықтардың", "қылмыстық құқық бұзушылықты", "қылмыстық құқық бұзушылықтарды", "қылмыстық құқық бұзушылығы", "қылмыстық құқық бұзушылықтар", "қылмыстық құқық бұзушылықтардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "12" деген цифрлар "13" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақтағы "11" деген цифрлар "12" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақтағы "175", "178" деген цифрлар тиісінше "188", "191" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 11-тармақтағы "180" деген цифрлар "193" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6) 12-тармақтағы "98", "99" деген цифрлар тиісінше "101", "102" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      7) 15-тармақтағы "ҚК 250-бабының екінші бөлігінің б) тармағы бойынша" деген сөздер "ҚК-нің 286-бабы екінші бөлігінің 2-тармағы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 21-тармақтағы "және қадағалау тәртібімен" деген сөздер "тәртіппен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      11. "Қажетті қорғану жөніндегі заңдарды қолдану туралы" 2007 жылғы 11 мамырдағы № 2:

      1) тақырыбындағы "жөніндегі заңдарды" деген сөздер "туралы заңнаманы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "96", "99", "109" деген цифрлар тиісінше "99", "102", "112" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "қылмыстың", "қылмыс", "қылмысты", "қылмыстар", "қылмыстардың", "қылмыстарға" деген сөздер тиісінше "құқық бұзушылықтың", "құқық бұзушылық", "құқық бұзушылықты", "құқық бұзушылық", "құқық бұзушылықтардың", "құқық бұзушылықтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-тармақтың 1), 2) деген цифрлармен белгіленуі алып тасталсын;

      4) 12-тармақта:

      "қарастыратын ҚК 32-бабының үшінші бөлігін" деген сөздер "көздейтін ҚК-нің 32-бабының екінші және үшінші бөліктерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 18-тармақтағы "салмақтап" деген сөз "бағалап" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 23-тармақтағы "ҚІЖК-нің" деген сөз "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің" деген сөзбен ауыстырылсын.

      12. "Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) бүкіл мәтін бойынша "257" деген цифрлар "293" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) 2-тармақта:

      алтыншы абзацта:

      "айыпталушы ретінде тану туралы қаулыда, айыптау қорытындысында" деген сөздер "айыптау актісінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "істі қосымша тергеуге жіберместен" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 3-тармақтағы "12" деген цифрлар "13" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 7-тармақтағы "187" деген цифрлар "202" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 9-тармақтағы "ұйымдасқан топ" деген сөздер "қылмыстық топ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 10-тармақтағы "а" тармағында" деген сөздер "1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 11-тармақтағы "б" тармағы" деген сөздер "2-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 13-тармақтағы "б" тармағының" деген сөздер "2-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 14-тармақта:

      "257-бабы екінші бөлігінің "б" тармағында", "ҚК-нің 103-бабы екінші бөлігінің "б" тармағымен, ҚК-нің 104-бабы екінші бөлігінің "б" тармағымен немесе ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің "б" тармағымен" деген сөздер тиісінше "293-бабы екінші бөлігінің 2-тармағымен", "ҚК-нің 106-бабы екінші бөлігінің 2-тармағымен, ҚК-нің 107-бабы екінші бөлігінің 2-тармағымен немесе 99-бабы екінші бөлігінің 2-тармағымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 17-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-I Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "251" деген цифрлар "287" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      13. "Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы" 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбындағы "іс жүргізу заңнамасының" деген сөздер "процестік заңнаманың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "141-1" деген цифрлар "146" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "сезікті", "сезіктінің", "Сезіктіден", "сезіктілер" деген сөздер тиісінше "күдікті", "күдіктің", "Күдіктіден", "күдіктілер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақтағы "114" деген цифрлар "110" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам ҚПК-нің 128 және 131-баптарында көзделген жағдайлар, негіздер мен себептер болған кезде ғана ұсталуы мүмкін. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.

      Адам нақты ұсталған уақыттан кейін дереу, бірақ үш сағаттан кешіктірілмей оның процестік ұсталғаны туралы мәселені шешу және ҚПК-нің 131-бабының талаптарына сәйкес ұстап алу хаттамасын жасау үшін ол анықтау органының лауазымды адамына, анықтаушыға немесе тергеушіге берілуге тиіс. Бұл ретте ұстап алу хаттамасында күдіктіге оның медициналық куәландыруға құқығын түсіндіру фактісі көрсетілуге тиіс.

      Күдікті тиісті өтінішхатты мәлімдеген кезде ол өз денсаулығының жалпы жағдайын және дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау үшін дәрігердің куәландыруына жатады. Медициналық куәландыру өткізілген жағдайда, ұстап алу хаттамасына оның қорытындысы міндетті түрде қоса тіркеледі.

      Нақты ұстап алу деп жүріп-тұру бостандығын қоса алғанда, ұстап алынған адамның бостандығын шектеу, оны белгілі бір орында мәжбүрлеп ұстау, анықтау және тергеу органдарына мәжбүрлеп жеткізу (қолға түсіру, үй-жайға қамау, қандай да бір жерге баруға немесе орнында қалуға мәжбүрлеу және сол сияқтылар), сондай-ақ ұстап алынған адамға қандай да бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдердің орындалуына қарамастан, көрсетілген шектеулер нақты болған кезден бастап адамның бас бостандығын минутқа дейінгі дәлдікпен елеулі түрде шектейтін қандай да бір өзге де әрекеттер түсіндіріледі.";

      5) 3-тармақтағы "116", "213", "216", "218" деген цифрлар тиісінше "112", "210", "212", "216" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6) 4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тергеу судьясы немесе сот адамды жеткізу немесе күдікті адамды ұстап алу уақытының жалғандығы фактісін, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 369-бабында көзделген қылмыс белгілерін байқап, ҚПК-нің 185-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес тексеру және процестік шешім қабылдау үшін бұл мән-жайды жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті.";

      7) 5-тармақта:

      слова "ҚІЖК-нің 138-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, тергеуші (анықтаушы) нақты сезікті ұсталған уақыттан бастап он екі сағаттың ішінде" деген сөздер "ҚПК-нің 135-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктінің нақты ұсталынған сәтінен бастап кейінге қалдырмай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "491-бабы 5-бөлігінің" деген сөздер "541-бабы бесінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 7-тармақта:

      "айып тағылғанға дейін ұсталған немесе оған бұлтартпау шаралары қолданылған" деген сөздер "ұсталған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "68-бабының 2-бөлігіне" деген сөздер "64-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 8-тармақта:

      "132", "134", "346" деген цифрлар тиісінше "128", "131", "414" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "соттың" деген сөз "тергеу судьясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 9-тармақтағы "44" деген цифрлар "41" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше гауптвахталарда және қылмыстық-атқару жүйесiнiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын мекемелерiнде ұсталуы мүмкiн. ҚПК-нің 61-бабы екінші бөлігінің 9-тармағында және үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады. Төтенше жағдай режимі жағдайларында қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар жергілікті жердің коменданты айқындаған, осы мақсаттарға бейімделген үй-жайларда ұсталуы мүмкін.";

      12) 11-тармақтағы "104", "108" деген цифрлар тиісінше "101", "105" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      13) 12-тармақта:

      "аудандық (қалалық) сотқа" деген сөздер "тергеу судьясына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "109" деген цифрлар "106" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      14) 15-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "308" деген цифрлар "362" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "12-бабының 3-бөлігінде" деген сөздер "13-бабының үшінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "307-бабына берілген ескертудің 3-тармағында" деген сөздер "3-бабының 26-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "ҚК-нің 146-бабында көрсетілген басқа адамға он алты жасқа толған кез келген есі дұрыс жеке адам ол ҚК-нің 146-бабының бірінші бөлігінің диспозициясында көзделген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қасақана әрекеттер жасаған жағдайда жатады.";

      15) 16-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "103 және 104-баптары" деген сөздер "106, 107, 108-баптары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "немесе өзге де лауазымды тұлғаның" деген сөздер "өзге де лауазымды адамның не басқа адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "101, 103, 104-баптары" деген сөздер "104, 106, 107, 108-баптары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "110" деген цифрлар "113" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      16) 17-тармақтағы "141-1" деген цифрлар "146" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      17) 19-тармақтағы "ҚІЖК-нің 531-бабының 2-бөлігіне және" деген сөздер алып тасталсын;

      18) 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Конвенцияның 3-бабының талаптарын орындау үшін қылмыс жасады деп айыпталған шетел мемлекетінің азаматын ұстап беру (экстрадициялау) туралы талапты қараған кезде талап жолдаған шетел мемлекетінде адам құқықтарын өрескел, сорақылықпен және жаппай бұзудың тұрақты тәжірибесінің бар-жоғын көрсететін мән-жайлар анықталады. Конвенцияның көрсетілген нормасына және ҚПК-нің 590-бабы бірінші бөлігінің 7-тармағына сәйкес, егер өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адамға, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайлардан басқа, сұрау салушы тарапта азаптауды қолдану қатеріне ұшырауы мүмкін не оның денсаулығына, өміріне немесе бостандығына нәсілдік белгісі, діни нанымы, ұлты, азаматтығы (бодандығы), белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілілігі немесе саяси сенімдері бойынша қауіп төніп тұр деп пайымдауға негіздер болса адамды ұстап беруге (экстрадициялауға) жол берілмейді.";

      19) 21-тармақтағы "Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 қаулысында" деген сөздер "Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы (ҚІЖК-нің 109-бабы)" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 3:

      1) тақырыбында:

      "тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы (ҚІЖК-нің 109-бабы)" деген сөздер "қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "тергеу және анықтау органдарының", "тергеу, анықтау органдарының", "анықтау, тергеу органдарының", "анықтау, тергеу органының" деген сөздер "қылмыстық қудалау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "анықтау немесе алдын ала тергеу", "анықтау, алдын ала тергеу", "алдын ала тергеу мен анықтаудың" деген сөздер тиісінше "сотқа дейінгі тергеп-тексеру", "сотқа дейінгі тергеп-тексерудің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ізге түсу", "ізге түсуді" "іс жүргізушілік", деген сөздер тиісінше "қудалау", "қудалауды" "процестік", деген сөздермен ауыстырылсын;

      "109" деген цифрлар "106" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақта:

      "екінші", "бірінші" деген сөздер тиісінше "2", "1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – ҚІЖК) 12-бабында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 8-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 4-тармақтағы екінші, үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;

      5) 5-тармақтағы "169" деген цифрлар "162" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6) 6-тармақта:

      үшінші абзацтағы "56" деген цифрлар "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "284-бабының 3-бөлігіне" деген сөздер "305-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 7-тармақтағы "өз қаулысымен" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 8-тармақтағы "5" деген цифр "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 10-тармақтың бірінші абзацында:

      "соттар" деген сөзден кейін "(тергеу судьясы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші сөйлем алып тасталсын;

      10) 13-тармақта:

      бірінші, екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті адамдар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында сот отырысының хаттамасы жүргізіледі. Қажет болған кезде тергеу судьясы қосымша материалдарды талап етіп алдырып, тиісті адамдарды шақыруға және олардан сұрақ алуға құқылы. Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалып отырған лауазымды адамдар соттың сұрау салуы бойынша үш тәулік ішінде мұндай әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа ұсынуға міндетті.

      Сот отырысын өткізу кезінде тергеу судьясы қандай шағым қаралуға жататынын хабарлайды, осыдан кейін, егер арыз иесі сот отырысына қатысып отырған болса, ол шағымды негіздейді, содан соң басқа да келген адамдар тыңдалады, олар сотқа дәлелдемелер ұсынуға құқылы. Шағым жасалған әрекеттің (әрекетсіздіктің) немесе шешімнің заңдылығын дәлелдеу ауыртпалығы оларды жасаған немесе қабылдаған адамға жүктеледі.

      Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс.";

      бесінші абзацта:

      "90-бабының бірінші бөлігінің екінші тармағына" деген сөздер "87-бабының бірінші бөлігінің 2-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 15-тармақта:

      "Қылмыстар туралы", "қылмыстарды" деген сөздер тиісінше "Қылмыстық құқық бұзушылық туралы", "қылмыстық құқық бұзушылықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "183", "403" деген цифрлар тиісінше "185", "422" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      12) 16-тармақ алып тасталсын;

      13) 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру туралы қылмыстық қудалау органының шешіміне шағымдарды қараған кезде, тергеулігі бойынша беру ҚПК-нің 186-бабында көзделген жағдайларда ғана жол берілетінін соттардың ескергені жөн. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша заңда көзделмеген басқа негіздермен беру туралы шешім заңсыз деп танылуға жатады.";

      14) 18-тармақ алып тасталсын;

      15) 19-тармақта:

      "Сот қылмыстық істі тоқтату немесе қысқарту", "тоқтату" деген сөздер тиісінше "Сот сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу немесе қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қысқарту", "сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "іс бойынша іс жүргізуді" деген сөздер алып тасталсын;

      16) 20-тармақтағы "төртінші" деген сөз "сегізінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17) 21-тармақтағы "қылмыстық істі қозғау туралы" "іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы немесе өзге" деген сөздер алып тасталсын;

      18) 22-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тергеу судьясы шағымды қарау нәтижелері бойынша:

      заңсыз деп танылған процестік шешімнің күшін жою туралы;

      тиісті лауазымды адамның әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп және оның жол берілген бұзушылықты жою міндетін тану туралы;

      прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы;

      шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тиісті қаулы шығарады.";

      екінші абзацтағы "шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы" деген сөздер "шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 23-тармақтағы "қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы," деген сөздер алып тасталсын;

      20) 25-тармақтағы екінші абзац алып тасталсын;

      21) 26-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "109-бабының тоғызыншы бөлігімен" деген сөздер "107-бабының екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "56" деген цифрлар "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "бірінші сатының судьясы" деген сөздер "тергеу судьясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 27-тармақта:

      "он" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бірінші сатыдағы", "Бірінші сатыдағы" деген сөздер алып тасталсын;

      "410" деген цифрлар "430" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "төмен тұрған сот судьясының шағымдалып отырған қаулысының", "төмен тұрған соттың қаулысының", "аудандық соттың қаулысын" деген сөздер тиісінше "тергеу судьясының шағым жасалған қаулысының", "тергеу судьясының қаулысының", "тергеу судьясының қаулысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "немесе қадағалау тәртібімен" деген сөздер алып тасталсын;

      23) 28-тармақта:

      "бірінші сатыдағы сот судьясының (сот төрағасының)" деген сөздер "тергеу судьясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 29-тармақтағы "59" деген цифрлар "53" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      15. "Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 2012 жылғы 23 тамыздағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы";

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қысқарту" деген сөз "тоқтату" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 631-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды қоспағанда, оларды жасағаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істер айыпталушыдан істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат түскен жағдайда, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта (бұдан әрі – соттар) қаралады.

      ҚПК-нің 631-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды қоспағанда, адам жасаған қылмыстарының бірі үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген ҚК-нің бірнеше баптарында көзделген не ҚК-нің 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған және ол қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатты мәлімдеген жағдайда, сонымен қатар ҚПК-нің 631-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды қоспағанда, егер жасаған қылмысы үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген не ҚК-нің 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық істер бойынша бірнеше адам айыпталса және олардың ең болмағанда біреуі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатты мәлімдесе, онда оларға қатысты қылмыстық істі қарау ҚПК-нің 14-бөлімінде көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.";

      4) 5-тармақта:

      бесінші абзацтағы "350-363-баптарының", "639-644-баптарының" деген сөздер тиісінше "350-ден бастап 363-ні қоса алғандағы баптарының", "639-дан бастап 644-ні қоса алғандағы баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 121-III" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-тармақта:

      "639-644-баптарының", "71-77-баптарында" деген сөздер тиісінше "639-дан бастап 644-ні қоса алғандағы баптарының", "71-ден бастап 77-ні қоса алғандағы баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 10-тармақтың екінші абзацындағы "іс жүргізу шешімі – қылмыстық істі қозғау туралы қаулы, айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы," деген сөздер "процестік шешім – күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы, ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шығарылған тергеу судьясының қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 11-тармақтың үшінші абзацындағы ", қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарауды тоқтату туралы қаулы шығарады және оны ҚІЖК-нің 11-бөлімінде көзделген тәртіппен соттың қарауына жібереді." деген сөздер "қылмыстық істі ҚПК-нің 657-бабының 1-тармағына сәйкес тоқтату туралы қаулы шығарады және ҚПК-нің 11 бөлімінде көзделген тәртіппен есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені жеке дара қарайды." деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 13-тармақтағы "648-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздер "648-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 15-тармақтың бірінші абзацындағы "653-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздер "653-бабының бірінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 16-тармақтағы 2, 3, 4-абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын;

      11) 22-тармақта:

      екінші абзацтағы "5) - 8) және 14) тармақтарымен" деген сөздер "5-ден бастап 8-ні қоса алғанда және 14-тармақтарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 26-тармақтағы "1)-5) тармақтарында" деген сөздер "1-ден бастап 5-ні қоса алғандағы тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша шығарылған үкімдерді, қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚПК-нің 485-бабының бірінші бөлігінің 1-тармағында және екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша не жазаны тағайындаған кезде ҚК-нің Жалпы және Ерекше бөліктерінің нормаларын дұрыс қолданбауға байланысты жүзеге асырады.

      Жазаның жеңiлдiгiне орай неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттiгiне байланысты соттың айыптау үкiмiн, сондай-ақ қаулысын немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негiздер бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкiмiн не қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулысын қайта қарауға жол берiлмейдi.";

      14) 30-тармақ алып тасталсын.

      16. "Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7:

      1) бүкіл мәтін бойынша "133", "132-1", "270" деген цифрлар тиісінше "135", "134", "308" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар деп Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 116-бабында, 125-бабының үшінші бөлігінің 2 тармағында, 126-бабының үшінші бөлігінің 2 тармағында, 128, 134, 135, 308, 309-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар танылады.";

      3) 2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК)" деген сөздер "ҚК" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "ҚК-нің 128, 135-баптары бойынша жәбірленушіге қатысты сатып алу-сатуды және өзге де мәмілелер жасауды саралау үшін пайдаланудың арнайы мақсатының бар болуы талап етілмейді, себебі адам мәмілелердің объектісі болып табылмайды және мұндай мәмілелер оларды жасасқан сәттен бастап жарамсыз деп танылады.

      Адамды пайдаланудың мақсаты жәбірленушіні азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, сондай-ақ ҚК-нің 128, 135-баптарында көзделген өзге де іс-әрекеттер кезінде міндетті белгі болып табылады.";

      2, 3, 4, 5-абзацтар 4, 5, 6, 7-абзацтар болып саналсын;

      4) 4-тармақта:

      "пайдалану мақсатындағы" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Адамның жәбірленушіге қатысты сатып алу-сатумен немесе басқа да мәмілелер жасауымен қатар жезөкшелікпен айналысуға тартуы не пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлығы не осы жәбірленушіні басқа нысандарда пайдалану мақсатынсыз (мысалы, еңбек етуге, қайыршылықпен айланысуға мәжбүрлеу және басқалар) жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыруы, ұстауы, сот дәлелденді деп таныған әрбір іс-әрекет тиісті баптардың жиынтығы бойынша дербес саралануға тиіс: мәміле жасағаны үшін ҚК-нің 128, 135-баптары бойынша, жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін ҚК-нің 134, 308-баптары бойынша, жеңгетайлық немесе притондар ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін ҚК-нің 309-бабы бойынша.";

      5) 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Адамды саудаға салған кезде азғырып көндірудің аражігін жезөкшелікпен айналысуға тартудан аяқталу сәті бойынша ажыратқан жөн: азғырып көндірілген адамның оны пайдалануды жүзеге асыруға келісімін алған сәттен бастап азғырып көндіру аяқталды деп саналады, жезөкшелікпен айналысуға тарту оны аталған қызмет түріне көндіре алғандығына немесе алмағандығына қарамастан, жезөкшелікпен айналысуға тартуға бағытталған іс-қимылдардың жазылған тәсілдерінің бірі жасалған кезден бастап аяқталды деп саналады.

      Азғырып көндіру кезінде адамның пиғылы жезөкшелікпен айналысуға тартуға ғана бағытталған жағдайда, жасалған іс-әрекет ҚК-нің тиісті 308 немесе 134-баптары бойынша қылмыстық-құқықтық бағалауға жатады, себебі сексуалдық пайдалану мақсатында азғырып көндіргені және жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заңның нормалары ҚК-нің 12-бабының үшінші бөлігінде көзделген бәсекелестік жағдайында болады. Жезөкшелікпен айналысуға тарту және пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық ҚК-нің 128, 135-баптарына қатысты арнайы нормалар болып табылатын пайдалану нысандарының бір түрін білдіреді.";

      6) 9-тармақта:

      бірінші абзацтағы "125-бабының ескертуін" деген сөздер "3-бабының 1-тармағын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "ҚК-нің 128-бабында көзделген пайдаланудың түрлі нысаны бар (сексуалдық пайдалану, мәжбүрлі еңбек, қайыршылықпен айналысу және т.б.). ҚК еңбегін пайдалану немесе қайыршылықпен айналысу сияқты адамды пайдалану нысандарын жеке арнайы нормаға бөлмейді. Сондықтан жәбірленушіні жезөкшелікпен айналысуға тарту және алынған табыстарды иемденіп алу, сонымен қатар пайдаланудың басқа да нысандары (мәжбүрлі еңбек және т.б.) арқылы одан әрі пайдалану үшін жәбірленушіге қатысты сатып алу-сату не өзге де мәмілелерді жасасу жағдайларында мұндай әрекеттер кінәлі адамның бір мақсатқа – жәбірленушіні пайдалануға қол жеткізу үшін ортақ ниетпен біріккен іс-әрекеттерді жасағанын куәландырады және ҚК-нің 308, 134-баптары бойынша қосымша сараланбастан, ҚК-нің 128 немесе 135-баптарында көзделген бір қылмыс ретінде сараланады.

      Егер ҚК-нің 128-бабының екінші бөлігінде көрсетілген ықпал ету құралдарының кез келгені пайдаланылса, жәбірленушінің жоспарланған пайдалануға келісімі назарға алынбайды.";

      7) 10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі кезінде ҚК-нің 12-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қылмыстардың жиынтығы болмайды және іс-әрекет тиісті арнайы норма бойынша саралануға тиіс, сондықтан жезөкшелікпен айналысуға тарту және пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық ҚК-нің 128 немесе 135-бабының диспозияцияларында көзделген адам саудасы кезінде сексуалдық пайдалану жөніндегі әрекеттерге қатысты арнайы нормалар бола тұра, ҚК-нің 128, 135-баптары бойынша қосымша сараланбастан, ҚК-нің тиісті 134, 308 немесе 309-баптары бойынша саралануға тиіс. Соттардың ҚК-нің 309-бабында көзделген притон ұйымдастыру, притонды ұстау және пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық дербес әрекет болып табылатындығын және өздігінен жеке-жеке қылмыс құрамын құрайтындығын ескергені жөн.

      Жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұстамай оны ұйымдастыру не жеңгетайлықпен айналыспай осындай притонды ұстау ғана немесе притонды ұйымдастырмай және ұстамай пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық болуы мүмкін.";

      8) 11-тармақта:

      екінші абзацтағы "алдын ала тергеу" деген сөздер "сотқа дейінгі іс жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 99-100-баптарында, ал сот талқылауы кезінде ҚІЖК-нің 101-бабында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 47, 96, 97-баптарында, сонымен қатар сот талқылауы ҚПК-нің 98-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "ҚІЖК-нің 53-бабына" деген сөздер "ҚПК-нің 47-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 12-тармақта:

      екінші абзацтағы "б) тармағы" деген сөздер "2-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "е) тармағы", "д) тармағы" деген сөздер тиісінше "6- тармағы", "5-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 13-тармақта:

      бірінші абзацтағы "ж) тармағы", "е) тармағы" деген сөздер тиісінше "7- тармағы", "6-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "іс-әрекеттер" деген сөздерден кейін ", адамға емес оның органдары мен тініне ғана заңсыз мәмілелер жасау" деген сөздермен толықтырылсын;

      "113" деген цифрлар "116" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 14-тармақта:

      "з) тармағы", "ж) тармағы" деген сөздер тиісінше "8-тармағы", "7- тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 15-тармақта:

      "и) тармағы", "з) тармағы" деген сөздер тиісінше "9-тармағы", "8-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "307" деген цифрлар "361" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      13) 16-тармақтағы "к) тармағы" деген сөздер тиісінше "10-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 18-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "а) тармағы" деген сөздер тиісінше "1-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ұйымдасқан" деген сөз "Қылмыстық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен адамдардың тұрақты тобы" деген сөздер "ҚК-нің 3-бабы 24-тармағының түсініктемесіне сәйкес ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғам, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғам, террористік топ, экстремистік топ, банда, заңсыз әскериленген құрылым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын;

      15) 20-тармақта:

      "б) тармағы" деген сөздер "2-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Пайдалану мақсатында басып алу және кеңістікте зорлап көшіру элементтерісіз жәбірленушіні алдап ұрлау, одан әрі тасымалдау - адамды саудаға салу кезінде пайдалану мақсатында адамды азғырып көндіруді және тасымалдауды құрайды және тұтастай алғанда жасалған іс-әрекетті ҚК-нің 125-бабының үшінші бөлігінің 2 тармағында көзделген қылмыстық-құқық норманы қолданбастан, ҚК-нің 128-бабының тиісті бөлігі бойынша ғана саралаған жөн.".

      17. "Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралы" 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 3:

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "ҚІЖК-нің", "ҚІЖК" деген сөздер тиісінше "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 2-тармақтағы "1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 172, 173 және 386-баптарында" деген сөздер "ҚК-нің 185, 186 және 458-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-тармақта:

      "172, 173 және 386-баптарында" деген сөздер "185, 186 және 458-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-тармақта:

      "1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК)" 29-бабының 1-бөлігінде" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК), "29-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 9-тармақта:

      бірінші абзацтағы "53-бабының 4-бөлігінің" деген сөздер "47-бабының бесінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "321-бабының 1-бөлігіне" деген сөздер "341-бабының бірінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ҚПК-нің 29-бабының үшінші бөлігіне сәйкес іс бойынша қабылданған соттың үкімі және қаулылары барлық жағдайларда көпшілік алдында жарияланады. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша үкімнің кіріспе және қарар бөліктері ғана көпшілік алдында жария етіледі.";

      7) 11-тармақтағы "130" деген цифрлар "239" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      8) 12-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "ҚІЖК-нің 130-бабы 4-бөлігінің талаптарына сәйкес," деген сөздер алып тасталсын;

      "121", "123", "53", "100" деген цифрлар тиісінше "118", "120", "47", "97" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "116" деген цифрлар "112" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 13-тармақта:

      "130-бабы 2-бөлігінің", "130-бабының 2-бөлігіне", "351-бабы 1-6-бөліктерінің" деген сөздер тиісінше "115-бабы сегізінші бөлігінің", "115-бабы сегізінші бөлігіне", "370-бабы бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "100" деген цифрлар "97" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      10) 14-тармақта:

      "100", "101" деген цифрлар тиісінше "97", "98" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "99-бабының 1-бөлігіне", "101-бабының 2-бөлігінде", "351-бабының 7-бөлігінде" деген сөздер тиісінше "96-бабының бірінші бөлігіне", "98-бабының екінші бөлігінде", "370-бабының жетінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қылмыстық іс қозғауға" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізуін тіркеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 15-тармақта:

      "24-бабы 1-бөлігінің", "қарастырылып жатқан қылмыстық іске қатысы бар құпия көмекшілер мен штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда," деген сөздер тиісінше "24-бабы бірінші бөлігінің", "жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары, ақпаратты алу көздері және тәсілдері туралы мәліметтерді қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 16-тармақта:

      "117-бабы 1-бөлігінің 5-тармағына", "адамның ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы болу", "235-бабының 2-бөлігінде" деген сөздер тиісінше "113-бабы бірінші бөлігінің 5-тармағына", "адамның ұйымдасқан қылмыстық топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысы болуы", "262-бабының екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 18-тармақтағы "қылмыстарды", "қылмысты" деген сөздер "қылмыстық құқық бұзушылықты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына кіреді, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қ.МӘМИ
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Қ.ШАУХАРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады