"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Павлодар облысының облыстық бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттік алуларды жүзеге асыру 2002 жылғы 1 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.27. N 838
қаулысымен. P020838_
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2002 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 P990528_ қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімділігін қамтамасыз ету тәртібінің 6-тармағына сәйкес бюджеттік алулар бойынша пайда болған жете төлемеушілік
толығымен өндіріліп алынғанға дейін Павлодар облысының облыстық бюджетінен
республикалық бюджетке бюджеттік алуларды жүргізсін.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.27. N 838
қаулысымен.
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.