Павлодар облысының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 наурыз N 337

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Павлодар облысының облыстық бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттік алуларды жүзеге асыру 2002 жылғы 1 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.27. N 838
               қаулысымен. P020838_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2002 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 P990528_ қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімділігін қамтамасыз ету тәртібінің 6-тармағына сәйкес бюджеттік алулар бойынша пайда болған жете төлемеушілік

 

толығымен өндіріліп алынғанға дейін Павлодар облысының облыстық бюджетінен

республикалық бюджетке бюджеттік алуларды жүргізсін.



     Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.27. N 838          

              қаулысымен. 


P020838_



     3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады