Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 950 Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкалары;
2) Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгiзу ережесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 15 сәуірдегі
N 431 қаулысымен
бекітілген
Өсіп тұрған сүрек үшін төлемнің базалық ставкалары
1. Өсіп тұрған сүрек үшін төлемнің базалық ставкалары, осы ставкалардың
2-тармағында көзделген коэффициенттерді ескере отырып, тығыз орналасқан 1 текше метр үшін төлем ставкаларының мөлшерімен (бұдан әрі - ставка) белгіленеді.
Тығыз орналасқан 1 текше метр үшін төлем
ставкаларының мөлшері (теңге)
N ! Орман ағашының ! Жоғарғы бөлігіндегі дің ! Отындық
|
1 Қарағай 1220 870 430 170
2 Шренке шыршасы 1590 1130 560 220
3 Сібір шыршасы, май қарағай 1100 780 390 130
4 Самырсын 980 700 340 120
5 Балқарағай 2200 1570 770 190
6 Ағаш тектес арша 1470 1040 520 220
7 Емен, шаған 2200 1570 770 340
8 Жабысқақ қара қандығаш, 490 350 170 110
үйеңкі, шегіршін, жөке
9 Сексеуіл 500
10 Қайың 550 390 190 130
11 Көк терек, ағаш тектес 430 300 150 90
тал, терек
12 Грек жаңғағы,
шекiлдеуiк жаңғақ 2670 1910 940 290
13 Өрiк, ақ қараған, алша,
долана, шие, жиде, шетен,
алхоры, мойыл, тұт ағашы,
алма ағашы, өзге де ағаш
тұқымдастар 1560 1110 550 190
14 Ағаш тектес арша,
самырсын 280 150
15 Сары қараған, жыңғыл,
бұта тектес талдар,
шырғанақ, жүзгiн, шеңгел,
өзге де бұталар 160 100
---------------------------------------------------------------------------
2. Ставкаларға мынадай көтерiңкi және азайту коэффициенттерi қолданылады:
1) кеспеағаштардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:
10 шақырымға дейiн 1,30;
10,1 - 25 шақырымға дейiн 1,20;
25,1 - 40 шақырымға дейiн 1,00;
40,1 - 60 шақырымға дейiн 0,75;
60,1 - 80 шақырымға дейiн 0,55;
80,1 - 100 шақырымға дейiн 0,40;
100 шақырымнан астам 0,30.
Кеспеағаштың жалпыға ортақ пайдаланатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш орталығынан жолға дейiнгi ең қысқа қашықтық бойынша картографиялық материалдар бойынша анықталады және жергiлiктi жердiң бедерiне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзетiледi:
жазық бедер 1,1;
жоталы бедер немесе батпақты жер 1,25;
таулы бедер 1,5;
2) жаппай емес басты мақсатта пайдалануға кесудi жүргiзген кезде - 0,8 коэффициент;
3) сүректi тау жоталарындағы 20 градустан жоғары ылдидан босату кезiнде - 0,7 коэффициент;
4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көзделген коэффициенттер алдыңғы коэффициенттi қолданғаннан кейiн алынған ставкадан әрқайсысы есептеп шығарылады;
5) <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.07.16. N 785
қаулысымен
.
3. Өсiп тұрған сүректi босату кезiнде қалған кесiнділердi қайта өңдеу үшiн немесе отынға пайдалану үшiн ұшар басынан 40 пайыз мөлшерiнде, ал қалған бұтақшалар үшiн тиiстi ағаш тұқымының отындық сүрегi ставкасынан 20 пайыз мөлшерiнде жойылу төлемi алынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 15 сәуірдегі
N 431 қаулысымен
бекітілген
Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және
бюджетке енгізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) орманды пайдаланудың мынадай түрлерi: сүректi, шайырды, қосалқы орман материалдарын, ағаш шырындарын дайындау, орманды жанама пайдалану, орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру және ғылыми-зерттеу мақсаттарында, аңшылық шаруашылығының мұқтаждарына пайдаланғаны үшiн төлемдi мемлекеттiк бюджетке есептеу тәртiбi мен енгiзу мерзiмдерiн айқындайды.
2. Орманды пайдалану бiр жылдан елу жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмде және бiр жылға дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмде орманды пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемнiң мөлшерлерiн орман иеленушiлерi орманды пайдаланудың көлемi мен өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң белгiленген базалық ставкаларын және орманды пайдаланудың өзге де түрлерi үшiн төлем ставкаларын ескере отырып, өсiп тұрған сүректi босату кезiнде кеспеағашты материалдық-ақшалай бағалау мен орман пайдаланудың өзге де түрлерi үшiн есеп айырысу негiзiнде айқындайды.
Төлемнiң мөлшерлерi заңнамада белгiленген тәртiппен орман иеленушiлер беретiн орманды пайдалануға арналған рұқсат құжаттарында көрсетiледi.
4. Орманды пайдаланғаны үшiн төлем бюджет кiрiстерi жiктемесiнiң тиiстi кодына енгiзiледi.
2. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу тәртiбi
және бюджетке енгiзу мерзiмдерi
5. Орманды ұзақ мерзiмде пайдаланған кезде төлемдi бюджетке енгiзу орманды пайдалануға арналған шартты мемлекеттiк тiркеген күннен бастап орманды пайдаланудың жыл сайынғы көлемiнiң жалпы сомасынан тең үлестермен төленетiн тоқсан сайынғы төлем түрiнде келесi тоқсандағы айдың 15 күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
6. Сүрек дайындаудан басқа, орманды қысқа мерзiмде пайдаланған кезде төлемдi бюджетке енгізу, оларда төлем құжатының деректемелерiн көрсете отырып, жүргiзiлген ақы төлеу туралы белгi қойылатын рұқсат құжаттарын алғанға дейiн жүргiзiледi.
7. Орманды пайдаланушылар орманды қысқа мерзiмде пайдаланған кезде сүректi дайындағаны үшiн төлемдi:
1) 50 текше метрге дейiнгi көлемде - бiр жолғы төлем түрiнде, бұл ретте ағаш кесу билетiн, өсiп тұрған сүректi ұсақ мөлшерде босатуға берiлетiн ордер беру бюджетке төлем енгiзгенiн растайтын құжатты бергеннен кейiн жүргiзiледi;
2) 50 текше метрден астам көлемде - рұқсат құжаттары қолданылатын барлық мерзiм iшiнде есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей жалпы соманың тепе-тең үлестерiмен төленетiн ай сайынғы төлем түрiнде енгiзедi.
8. Орманды пайдаланғаны үшiн төлем сомаларын төлеу банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не тиiстi органда уәкiлетті мемлекеттік органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігібелгiлеген нысан бойынша және тәртiппен қатаң есеп беру бланкiлерiнiң негiзiнде қолма-қол ақшамен жүргiзiледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695
қаулысымен
.
9. Өсiп тұрған сүректi, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман материалдарын (шамамен саны бойынша немесе алаңы бойынша ескере отырып, сондай-ақ қателердi анықтаған кезде) босатқан кезде дайындалған сүректiң, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман материалдарының жалпы саны ағаш кесу билетiнде немесе өсiп тұрған сүректi ұсақ мөлшерде босатуға берiлетiн ордерде (егер дайындау оларда көрсетiлген орындардың шегiнде жүргiзiлген кезде) көзделген санына (алаңына) сәйкес келмеген жағдайда, орман иеленушiлер орманды пайдаланушылардың қайта есептесу кезiнде белгiленген нақты дайындалған көлем үшiн төлемнiң толық сомасын төлеуiн қамтамасыз етедi.
Бұл жағдайда қосымша есептелген сомалар орманды пайдаланушының төлемнiң кезектi төлеу мерзiмiнде бюджетке енгiзуiне жатады.
10. Кезектi мерзiмге ағаш кесуге берiлген ағаштары кесiлмей қалған жерлер, сондай-ақ ағаш кесу басталмаған өткен жылғы кеспеағаштар үшiн осы Ережеде белгiленген тәртiппен қайталап төлем алу жүргізіледі.
Ағаш кесу басталған және заңнамада белгiленген тәртiппен оның мерзiмiн ұзарту берiлген кеспеағаш үшiн төлем қайталап алынбайды.
11. Орман иеленушiлер Қазақстан Республикасының уәкiлеттi салық органы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша тоқсан сайын өздерiнiң тiркелген орны бойынша салық органдарына рұқсат құжаттарын алған тұлғалар мен орманды пайдаланғаны үшiн бюджетке төленуге тиесiлi төлем сомалары жөнiнде мәлiметтер бередi.
12. Орманды пайдаланушылар бюджетке төлем сомасын уақытылы енгiзбегенi үшiн Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен өсiм есептеледi.
(РҚАО-ның ескертуі:
K010209_
(46-бап).)
13. Салық қызметi органдары орманды пайдаланғаны үшiн төлемнiң дұрыс есептелуi, толық алынуы мен уақытылы бюджетке аударылуы мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 15 сәуірдегі
N 431 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
өзгерiстер мен толықтырулар
1. <*>
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09.
N 124
қаулысымен.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды
-
ҚР Үкіметінің 2003.12.25. N 1317
қаулысымен
.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1286
қаулысымен
.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1287
қаулысымен
.
5. "Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған ағаштың сүрегiн дайындау үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 сәуiрдегi N 536
қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 187-құжат) күшi жойылды деп танылсын.