Ормандарда өсіп тұрған ағаштың сүрегін дайындау үшін алынатын төлемді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ормандарында өсіп тұрған ағаштың сүрегін дайындау үшін төлем ставкалары бекітілсін. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 сәуірдегі N 536 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ормандарында өсіп тұрған ағаштың сүрегін дайындау үшін төлем ставкалары ________________________________________________________________________ р/с ! Орман ағашының ! Тығыз орналасқан 1 м3 үшін ставка N ! тұқымы ! мөлшері (теңге) ! ____________________________________________ ! ! жоғарғы бөлігіндегі дің ! отындық ! !кесіндісінің көлеміне қарай ! сүрек ! ! қабықсыз кәделі сүрек ! (қабықты) ! !____________________________! ! ! ірі ! орташа ! ұсақ ! ! !(25 см !(13-тен !(3-тен ! ! ! және !24 см-ге!12 см-ге ! ! ! жоғары)! дейін) ! дейін) ! _________________________________________________________________________ 1 Қарағай 1220 870 430 170 _________________________________________________________________________ 2 Шренке шыршасы 1590 1130 560 220 _________________________________________________________________________ 3 Сібір шыршасы, май қарағай 1100 780 390 130 _________________________________________________________________________ 4 Самырсын 980 700 340 120 _________________________________________________________________________ 5 Балқарағай 2200 1570 770 190 _________________________________________________________________________ 6 Ағаш тектес арша 1470 1040 520 220 _________________________________________________________________________ 7 Емен, шетен 2200 1570 770 340 _________________________________________________________________________ 8 Жабысқақ қара қандығаш, үйеңкі, шегіршін, жөке 490 350 170 110 _________________________________________________________________________ 9 Сексеуіл 340 _________________________________________________________________________ 10 Қайың 133 94 51 37 _________________________________________________________________________ 11 Көк терек, ағаш тектес тал, терек 118 83 42 26 _________________________________________________________________________ 12 Жаңғақ, шекілдеуік жаңғақ 2670 1910 940 290 _________________________________________________________________________ 13 Өрік, ақ қараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, түт ағашы, алма ағашы, басқа да ағаш тұқымдастар 1560 1910 940 190 _________________________________________________________________________ 14 Арша, самырсын 280 150 _________________________________________________________________________ 15 Сары қараған, жыңғылдар, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгүн, шеңгел, басқа да бұталар 51 30 _________________________________________________________________________ Ескертулер: 1. Ағаш кесу орнының сүректі арту тұтыну пунктінен қашықтығына қарай төлемдерге мынадай көтеріңкі және азайтушы коэффициенттер қолданылады: 1) 10 шақырымға дейін 1,30; 2) 10,1-25 шақырым 1,20; 3) 25,1-40 шақырым 1,00; 4) 40,1 - 60 шақырым 0,75; 5) 60,1 - 80 шақырым 0,55; 6) 80,1 - 100 шақырым 0,40; 7) 100 шақырымнан астам 0,30;
Ағаш кесу орнының сүректі арту (тұтыну) пунктінен қашықтығы картографиялық материалдар бойынша анықталады және жергілікті жер бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзетіледі:
1) жазық жер 1,1;
2) жоталы жер немесе батпақты жер 1,25;
3) таулы жер 1,5.
2. Басты пайдалануға жаппай кесу жүргізбеген кезде ставкалар 20 пайыз төмендетіледі.
3. Орманды күтіп-баптау кезінде кесу, іріктеп-санитарлық кесу және құндылығы аз орман екпелерін жаңартуға байланысты, оның ішінде өз күштерімен және құралдарымен дайындау жүргізуші азаматтардың жеке қажеттері үшін отындық сүректі (сексеуіл сүректерінен басқасы) босату мақсатында кесу жүргізген кезде ставкалары 50 пайыз төмендетіледі.
4. Ағаш сүректерін өрлігі 20 градустан жоғары тау беткейлерінен босату кезінде ставкалар 30 пайыз төмендетіледі.
5. Өрттен, зиянкестерден, саңырауқұлақ ауруымен зақымданған сүректерді босату кезінде, сондай-ақ дауыл құлатқан, жел сұлатқан және қураған ағаштарды босату кезінде орман шаруашылығын басқарушы облыстық мемлекеттік органдар жүргізетін зерттеу нәтижелері бойынша белгіленген тәртіппен анықталатын кәделік сүректің шығуы кемуіне қарай ставкалар төмендетілуі мүмкін.
Кәделік сүректің шығуы кеміген кезде:
10-нан 30 пайызға дейін - ставкалар 25 пайызға дейін;
31-ден 50 пайызға дейін - 50 пайызға дейін;
51-ден 75 пайызға дейін - 75 пайызға дейін;
75 пайыздан жоғары - 100 пайызға дейін төмендетіледі.
Ставкаларды төмендету туралы шешімді орман шаруашылығын басқарушы облыстық мемлекеттік органдар салық органдарымен келісім бойынша қабылдайды.
6. Өсіп тұрған ағаштың сүрегін босату кезінде қалдық кесінділер қайта өңдеу немесе отынға пайдалану үшін сатылса, тиісті орман ағашы тұқымының отындық сүрегі ставкасының 40 пайызы мөлшерінде - бөрікбасының жойылғаны үшін, ал 20 пайыз мөлшерінде - қалған бұтақтар үшін төлем алынады.
7. Орманды қалпына келтіру, ормандарды өртке қарсы орналастыру жөніндегі іс-шараларды орындаушы және орман өрттерін өшіруге қатысушы пайдаланушыларға ағаш сүрегі үшін төлем ставкасы 50 пайыз төмендетіледі, бұл ретте бұл іс-шараларды орман пайдаланушылар төлем ставкасының 30 пайызынан кем емес сомада жүргізуі тиіс.
Көрсетілген іс-шаралар орман шаруашылығын басқарушы облыстық мемлекеттік орган бекітетін бағалар бойынша орман иеленушілермен жасалған келісімдерге сәйкес орындалады. 8. Осы қосымшаның 2-4-тармақтарында көзделген жеңілдіктер алдыңғы жеңілдіктерді пайдаланғаннан соң шыққан ставканың әрқайсысынан есептелінеді. Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.