Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің республикалық
бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 43
қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ "49" деген саннан кейін ", 50, 51" деген сандармен
толықтырылсын;
2) осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес 50, 51-қосымшалармен
толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 22 мамырдағы
N 43в қаулысына
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 22 мамырдағы
N 43 қаулысына
N 50 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
065 "Министрліктер үйі" ғимаратын сақтандыру"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2002 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 10 417 (он миллион төрт жүз он жеті) мың теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "2002 жылға
арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
15 желтоқсандағы
Заңының 36-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық
бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік мүліктің сақтығын
қамтамасыз ету, сақтандыру оқиғасы туындаған кезде шығындарды қалпына
келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Табиғи апаттар, өрт,
жарылыстар және басқа да қатерлер оқиғаларында "Министрліктер үйі"
ғимаратын сақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N!Бағдар.!Кіші бағд.!Бағдарламалар.! Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
р! коды ! коды !дың (кіші бағ.!(кіші бағдар. ! асыру ! орындаушылар
/! ! !дарламалардың)!ламаны) іске !мерзім.!
р! ! ! атауы !асыру жөніндегі! дері !
! ! ! ! іс-шаралар ! !
---------------------------------------------------------------------------
1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
1 065 "Министрліктер 1. "Мемлекеттік Жыл Қазақстан
үйі" ғимаратын сатып алу ту. ішінде Республикасы.
сақтандыру ралы" 16.07. ның
1997 жылғы Заң. Қаржы
ға сәйкес ашық министрлігі
конкурс өткізу.
2. "Министрлік.
тер үйі" ғимаратын
сақтандыруға ар.
налған шарт жа.
сасу. "Сақтан.
дыру қызметі ту.
ралы" Қазақстан
Республикасының
18.12.2000 жылғы
Заңының негізінде
шарт жасасуға сәй.
кес және сақтандыру
агенттіктері ұсын.
ған сақтандыру
шарттарына сәйкес
сақтандыру жарнасын
төлеу.
--------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
"Министрліктер үйі" ғимаратын қорғау тұрғысынан сенімді сақтандыру,
сондай-ақ сақтандыру оқиғасы басталған кезде уақытылы сақтандыру
төлемдерін төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 22 мамырдағы
N 43в қаулысына
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 22 мамырдағы
N 43 қаулысына
N 51 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
063 "Мемлекеттік қаржыларды жоспарлау және перспективалы
болжамдау саласындағы қолданбалы зерттеулер"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2002 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 63 730 мың (алпыс үш миллион жеті жүз отыз мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Z010273_ Заңының 37-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 U010735_ Жарлығының VIII бөлімінің 3-тарауы, "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 P011715_ қаулысы, "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 48 P000048_ қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2010 жылға дейін Даму Стратегиясының жоспарында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Елдегі жағдай туралы және сыртқы және ішкі саясаттың 2002 жылға арналған негізгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында барлық мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінің тұтастығын қалыптастыру, бюджеттік жоспарлау шегін, оның әдіснамалық және әдістемелік базасын кеңейту және қабылданатын шешімдердің экономикалық мазмұнын күшейту бөлігінде қойылған міндеттерді іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік қаржыларды жоспарлау және перспективалы болжамдау саласындағы қолданбалы зерттеулердің әдістемелік және әдіснамалық базасын қалыптастыру; орта және ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлау және болжамдау жүйесін жетілдіру;
халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру, жұмыс істеуде талдамалық әдістерді пайдалануды кеңейту, басқа
елдердегі бюджеттік жоспарлау жүйелерін зерделеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N!Бағдар.!Кіші бағд.!Бағдарламалар.! Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
р! коды ! коды !дың (кіші бағ.!(кіші бағдар. ! асыру ! орындаушылар
/! ! !дарламалардың)!ламаны) іске !мерзім.!
р! ! ! атауы !асыру жөніндегі! дері !
! ! ! ! іс-шаралар ! !
---------------------------------------------------------------------------
1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
1 063 Мемлекеттік 1. Шет елдер. Бір Қазақстан
қаржыларды дегі бюджет жылдың Республикасы.
жоспарлау заңнамасы мен ішінде ның Қаржы
және перс. қаржылық құқық. министрлігі
пективалы ты, мемлекеттік
болжамдау қаржыларды бас.
саласындағы қарудың қағидат.
қолданбалы тары мен әдіс.
зерттеулер терінен алынған
оң тәжірибені
Қазақстан жағдай.
ларында мүмкін
қолдану мақсатын.
да бюджет сала.
сындағы қолданбалы
зерттеулер.
2. Бюджет заңнама.
сын және мемлекеттік
активтерді басқару
әдістерін жетілдіру
мәселесі жөніндегі
қоғам мен ғылыми
орталардың ойын
зерделеу
3. Біліктілікті
арттыру бағдарлама.
ларын әзірлеу, семи.
нарларды, тағылым.
дамалар мен тәжірибе
алмасуды өткізу
(оның ішінде тиісті
ұйымдардың қызмет.
теріне ақы төлеу).
------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
1) мемлекеттік қаржыларды басқару саласындағы шешімдердің сапасын
жақсарту және талдамалық негізін күшейту;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесі
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
3) республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлаудың, атқару мен
олардың атқарылуын бақылаудың және мемлекеттік активтерді басқарудың
тиімділігі арттыратын нұсқамалық және әдістемелік материалдарды әзірлеу;
4) мемлекеттік қаржыландыру басқару саласындағы халықаралық тәжірибе
жөніндегі Қаржы министрлігінің ақпараттық қауіпсіздігін күшейту.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.