Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы
"Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және өзінің тарихи отанына оралуға тілек білдірген оралмандар отбасыларының қоныс аударуын және жайласуын ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы 2655 отбасы мөлшерінде белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілгендерді қабылдауды, жайластыруды және орналастырылған жерлерде олардың бейімделуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ өзінің тарихи отанына мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде қоныстандыруды жүзеге асырсын;
2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы "___"___________
N ____ Жарлығына
қосымша
Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы
(отбасы)
--------------------------------------------------------------------------
Облыстардың, !Иран !Пәкістан!Ауған.!Қытай !Монғолия!Түрік !Ресей
қалалардың !Ислам !Ислам !стан !Халық ! !Респуб.!Федера.
атаулары !Респуб.!Респуб. ! !Респуб.! !ликасы !циясы
!ликасы !ликасы ! !ликасы ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
Ақмола - - - - - - 20
Ақтөбе - - - - - - 5
Алматы - - - 15 20 10 -
Атырау - - - - - - -
Шығыс Қазақстан - - - 25 - - -
Жамбыл - - - - - - -
Батыс Қазақстан - - - - - - 70
Қарағанды - - - - - - -
Қызылорда - - - - - - -
Қостанай - - - - - - 50
Маңғыстау 20 - - - - - -
Павлодар - - - - - - 45
Солтүстік Қазақстан - - - - - - 40
Оңтүстік Қазақстан - 10 30 - - 5 -
Астана қаласы - - - - 5 - 10
Алматы қаласы - - - 5 5 5 5
Жиыны 20 10 30 45 30 20 245
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
-------------------------------------------------------------------------
Облыстардың,!Түркіменстан ! Өзбекстан ! Қырғыз !Тәжікстан ! Барлығы
қалалардың !Республикасы !Республикасы!Республикасы! !
атаулары ! ! ! ! !
-------------------------------------------------------------------------
Ақмола - 300 320
Ақтөбе 15 100 120
Алматы - 35 80
Атырау - 40 40
Шығыс Қазақстан - 5 30
Жамбыл - 100 100
Батыс Қазақстан - 20 90
Қарағанды - 300 300
Қызылорда - 50 50
Қостанай - 300 350
Маңғыстау 40 127 187
Павлодар - 255 300
Солтүстік Қазақстан - 300 340
Оңтүстік Қазақстан - 200 5 250
Астана қаласы 5 25 5 50
Алматы қаласы 3 20 5 48
Жиыны 63 2177 10 5 2655
---------------------------------------------------------------------------