Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710
P960710_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 26, 223-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің тәртібінде:
13-тармақтың төртінші абзацында:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі және" деген сөздер алынып тасталсын;
"Мемлекеттік (Ұлттық) баяндама" деген сөздер "жиынтық талдамалы есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының бар жерлері, олардың сапалық жай-күйі және пайдаланылуы (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда, республика бойынша) туралы жиынтық талдамалы есепті алқада қарайды және бұйрықпен бекітеді.";
бесінші абзацта "Қазақстан Республикасының Үкіметі", "Баяндамамен бірге жиынтық" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі", "жиынтық талдамалы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі