Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 маусым N 710. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.20. N 958 қаулысымен.

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң Тәртiбi бекiтiлсiн.

      2. 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жер учаскелерiнiң орынын айқындау (бiрдейлендiру) үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, әкiмшiлiк аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың кодтарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      3. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi аэросуретке түсiру, топографиялық, картографиялық материалдары бар министрлiктер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар оларды Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгіне көшiрме түрiнде және ақысыз ұсынатын болсын.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу кезiнде жер учаскелерiне берiлген нөмiрлер жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен олармен мәмiлелердi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдары тарапынан мемлекеттiк тiркеу мақсаты үшiн пайдаланылады деп белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1996 жылғы 6 маусымдағы    
N 710 қаулысымен       
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң Тәртiбi

      ЕСКЕРТУ. Тәртiп өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысыме н.

I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры (бұдан әрi - Кадастр) "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес мемлекеттiк органдарды, азаматтарды және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
      2. Кадастр Қазақстан Республикасы жерлерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, орыны, мақсатты пайдаланылуы, жер учаскелерiнiң мөлшерлерi мен шекаралары, олардың сапалық сипаты туралы мәлiметтердiң, жер учаскелерiн есепке алу, жердi пайдалану және бағалау туралы, басқа да қажеттi мәлiметтердiң жүйесiн бiлдiредi.
      Суармалы жер учаскелерiнiң мелиоративтiк жай-күйi, олардың табиғи және сулылық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау, олардың пайдалануын есепке алу туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жерлердiң мелиорациялық кадастры жер кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады.
      3. Кадастрдың деректерi жерлердi пайдалануды жоспарлау және күзету кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтердi бағалау және жерлердi пайдалану мен күзетуге байланысты басқа да шараларды жүзеге асыру кезiнде негiз болып табылады және жермен мәмiле жасау кезiнде, жер үшiн төлемдердiң мөлшерiн айқындау кезiнде, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу кезiнде де пайдаланылуы мүмкiн.
      4. Кадастрды жүргiзу кезiнде координаттардың, биiктердiң, картографиялық кескiндердiң, бiрыңғай жiктемелердiң, кодтардың, кiрiс және шығыс қалыптардың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қолдануға негiзделген ақпараттардың өзара үйлесiмдiлiк принципi қамтамасыз етiледi.
      5. Кадастр кадастрлардың мемлекеттiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
      6. Кадастр оны жүргiзу процесiнде үнемi жаңарып отыратын Қазақстан Республикасының жер ресурстарын пайдаланудың және күзетудiң жағдайы туралы мәлiметтердiң жүйелендiрiлген жиынтығын бiлдiредi.
      7. Тұйық шекаралармен бөлiнген, белгiленген тәртiпте жер құқық қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлген жер учаскелерi Кадастрдың деректерiне есеп жүргiзудiң және сақтаудың бiрлiгi болып табылады.
      8. Кадастрда әрбiр жер учаскесi үшiн оны кеңiстiкте бiр мәндi бөлуге, мөлшерi мен орнын, сондай-ақ құнының бағалануын (жердiң сәйкес бағасы) айқындауға мүмкiндiк беретiн сипаттама белгiленедi.
      9. Жер учаскелерi туралы мәлiмет аталмыш учаскеге бекiтiлiп берiлген нөмiрi, орналасқан жерi, шекаралары және мәтiндiк суреттелуi көрсетiлетiн жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
      10. Кадастрдың мәлiметтерiн қалыптастыру Кадастрды жүргiзу мақсаты үшiн орындалатын топографиялық-геодезиялық, аэрокосмостық, картографиялық, жерге орналастырушылық, түгендеушiлiк, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа да тексерулер мен зерттеулер жүргiзумен қамтамасыз етiледi.
      11. Деректердi жинақтау жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, жеке және заңды тұлғалардың - субъектiлердiң атауы, жер учаскесiне құқық, атқарушы органдардың актiлерi мен басқа да заңда көзделген құжаттар, жер учаскесiнiң орналасқан орыны мен көлемi, бағалық құны және жердi пайдалану құқығы, мақсаттық мәнi, бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi, жер учаскесiне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгiлеген оны пайдалану жөнiндегi шектеулер туралы ақпараттарға көңiл бөлiнетiн және сақталатын тиiстi әкiмшiлiк аудандардың деңгейiнде жүргiзiледi.
      Бұл деректер аудандар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және бүтiндей алғанда Қазақстан Республикасы бойынша оларды өзара салыстыруға мүмкiндiк беретiн меншiк нысандары, жердiң санаттары бойынша жүйелендiрiледi.

II. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу саласындағы функциялары

      ЕСКЕРТУ. II-тараудың атауы және мәтiнiнде сөздер өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен.

      12. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыруды орталық уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары қалыптастыратын мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Тiркеу мақсатында жер учаскелерiнiң есебiн алу жөнiндегi жұмыстар тапсырысшылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Жер кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар жүзеге асырады, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлетті орган оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
      13. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі:
      жобалау-зерттеу, аэрокосмостық, жерге орналастыру, түгендеу, топырақ зерттеу, геоботаникалық, бағалау жұмыстарын және кадастрды жүргiзу, кадастрлық құжаттамаларды қалыптастыру және жаңарту мақсаттары үшiн жүзеге асырылатын басқа да зерттеулер мен тексерулердi жүргiзудi ұйымдастырады;
      белгiленген тәртiпте, оның құзыретiнiң шегiнде барлық министрлiктер, заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылатын, Кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттамалардың әдiстемелiк нұсқаулары мен нұсқаулықтарын, нормативтерi мен стандарттарын жасайды және бекiтедi;
      жыл сайын мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға Кадастр мен жерлер мониторингi деректерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы жерлерiнiң жағдайы және пайдаланылуы туралы жиынтық талдамалы есеп ұсынады;
      Кадастр деректерiнiң басқа мемлекеттiк кадастрлардың мәлiметтерiмен сыйымдылығының сақталуын қамтамасыз етедi;
      жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң Кадастрды жүргiзудi ұйымдастыруына бақылауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының аумақтарында Кадастрдың деректерiн алудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған әдiсiне кезең-кезеңмен көшу жөнiндегi жұмыстардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      ақпараттарды жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған кiру құқығын республикалық деңгейде жүзеге асырады және қамтамасыз етедi;
      жер туралы мәлiметтердi, жүйелендiрудi, зерттеудi және сақтауды, сондай-ақ Кадастрдың жариялауға жататын материалдарын шығаруды жүзеге асырады, мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға, азаматтарға және заңды тұлғаларға мәлiмет ұсынады.
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.27. N 574 қаулысымен .
      14. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттерi:
      жыл сайын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне тиiстi облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша бар жер мен олардың пайдаланылуы туралы есептi бередi;
      жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң Кадастрды жүргiзудi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
      Кадастрдың деректерiн алудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған әдiсiне кезең-кезеңмен көшу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      автоматтандырылған режимде ақпараттарды жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған кiру құқығын жүзеге асырады және қамтамасыз етедi;
      аумақтық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттердi картографиялық негiздермен, бағдарламалық әзiрленiмдермен, материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етедi;
      аудандық (қалалық) деңгейдегi мамандарды оқытады және олар атқарған жұмыстардың сапасын бақылайды;
      жер учаскелерiн есепке алуды, тиiстi облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы жер учаскелерiне құқықтылықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеудi және берудi жүргiзедi;
      мүдделi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар) басқару органдарына, азаматтарға және заңды тұлғаларға Кадастрдан мәлiметтер ұсынады.
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
      15. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер:
      жаңа жер учаскелерiн құруды және барларын қайта құруды жүзеге асырады;
      жер учаскелерiнiң есебiн, жер учаскесiне құқықтылықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеудi және берудi жүргiзедi;
      жыл сайын жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитетке аудан жерлерiнiң есебi және пайдаланылуы туралы есеп ұсынады;
      мүдделi аудандық басқару органдарына, азаматтарға және заңды тұлғаларға Кадастрдан мәлiметтер ұсынады;
      автоматтандырылған режимде ақпараттардың жаңартылуын, сақталуын және қорғалуын, сондай-ақ оған кiру құқығын аудандық деңгейде жүзеге асырады және қамтамасыз етедi.

III. Жер-кадастрлық құжаттама

      16. Кадастр базалық құжаттардан тұрады.
      Базалық құжаттарға:
      жер учаскесiнiң жер-кадастрлық iсi (кадастрлық iс);
      тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабы;
      жер-кадастрлық карта (кадастрлық карта) жатады.
      Базалық құжаттарда жер учаскелерi туралы алғашқы мәлiметтер жазылады және жерлердiң шаруашылық және табиғи жағдайында болған өзгерiстер көрсетiледi.
      17. Кадастрлық iс - жер учаскесi туралы құжаттар кiретiн жаңа жер учаскелерiн құру және барларын қайта құру туралы iс.
      Кадастр iсiн қалыптастыру жер учаскесiн мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабына жазу үшiн негiз болып табылады.
      18. Мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жерлердiң кеңiстiктiк, табиғи және шаруашылықтық жағдайлары туралы нақты мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады.
      Ауылдық (селолық) округтiң, поселкенiң мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабын жүргiзудi тиiстi ауылдық (селолық) немесе поселкелiк атқарушы органның өкiлеттi лауазымды тұлғалары жүзеге асыра алады.
      Әдiстемелiк қамтамасыз ету және аталмыш құжаттың жүргiзiлуiн бақылау жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттiң тарапынан жүзеге асырылады.
      Жер учаскесiн мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабына жазу кезiнде оған учаске бар кезде бiрыңғай бүтiндiк ретiнде сақталатын, дербес, Қазақстан Республикасының аумақтарында қайталанбайтын кадастрлық нөмiр берiледi. Бұл учаскеге жүргiзiлген кадастрлық iс те осы нөмiрмен бiрдейлендiрiледi.
      Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрiн құру осы Тәртiптiң 43-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Жердiң кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан орнын, мөлшерлерiн және шекараларын көрнекi кескiндеу, бiрiктiру және бөлу кезiндегi олардың өзгерiстерiн есепке алу мақсатында құрылады және жүргiзiледi. Кадастр үшiн кадастрлық карталар жүргiзу және тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне есепке алу жүргiзу осы Тәртiптiң 24 және 49-52-тармақтарында мазмұндалған.
      20. Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, мазмұны, нысандары, сондай-ақ оларды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулар мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң тарапынан әзiрленедi және бекiтiледi.
      21. Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
      барлық реквизиттердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, адресатты) құжатты алушыны (көрсету) толтыру арқылы белгiленген үлгiдегi бланкаларда орындалады;
      жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі белгiлеген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;
      мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларындағы (сызбалары) мазмұндалатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.

IV. Кадастрды жүргiзудiң тәртiбi

      22. Кадастрды жүргiзуге:
      әзiрлiк жұмыстары:
      бастапқы деректердi жинау және өңдеу;
      кадастрдың ақпараттық жүйесiн құру енедi.
      23. Әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде қолда бар жоспарлау-картографиялық материалдарды, жер-есептiк құжаттамаларды, топырақтық геоботаникалық және басқа да зерттеулердiң материалдарын зерттеу және талдау, жер учаскелерi туралы мәлiметтер жинау жүзеге асырылады.
      24. Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларына өзгертулер енгiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс кадастрлық карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады.
      Кадастрлық карталардың масштабы Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қатысты таңдалады. Кадастрлық карталардың түрлерi осы Тәртiптiң 49-тармағында айқындалған.
      Автоматтандырылған Кадастр жүргiзу кезiнде картографиялық негiз қағаз бетiндегi көшiрмелерi дайындалып геоақпараттық технологиялар қолданылуы арқылы электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.
      25. Жер учаскелерi туралы ақпарат жерге орналастырудың деректерi бойынша құрылады және учаскелер мен пайдаланылатын жерлердiң шекаралары мен алаңдары өзгерген кездерде жүйелi түрде жаңартылады.
      26. Жер учаскесi егер оның белгiленген шекарасы болса және оған кадастрлық iс жүргiзiлсе түпкiлiктi қалыптастырылған болып саналады.
      Азаматтарға және заңды тұлғаларға иелiк ету болмаса пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде кадастрлық iс олардың өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Жер учаскесiне құқықты куәландырушы құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскенi ұсынушы құзыреттi атқарушы органның шешiмiмен учаске шекарасының сызбасы (кестесi) өтiнiшпен қоса берiледi.
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер олардың шекараларының, алаңдарының өзгеруi белгiлi болған және бұл өзгерiстердiң мақсаттық тұрғысы жергiлiктi атқарушы органдардың қайта бекiтуiне немесе мүдделi тараптардың арасындағы жасалған шарттарда көрсетуге жататын жағдайларда жергiлiктi жерде жер учаскесiн тексеру арқылы аталмыш құжаттарды тексерудi жүзеге асырады.
      Егер оларға, тиiсiнше өмiрбойғылық мұрагерлiк иелiк немесе тұрақты иелiк және тұрақты пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiн азаматтардың меншiгiне немесе заңды тұлғалардың пайдалануына беру кезiнде бiр не болмаса бiрнеше жаңа жер учаскелерi пайда болса, онда олардың әрқайсысында жаңа кадастрлық iс жүргiзiледi. Бұрын учаскенiң кадастрлық iсi оны жою туралы белгiмен архивке өткiзiледi.
      27. Азаматтардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi жерлерден учаске құру тек тараптардың арасында жасалған мәмiлелердiң негiзiнде ғана жүргiзiледi.
      Жер учаскесiн құруға мүдделi тұлғалардың өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiлген кадастрлық iске аталмыш мәмiлелер бойынша нотариалдық куәландырылған көшiрмелер, жер учаскелерiнiң жоспарлары немесе сызбалары, басқа да құжаттар кiргiзiледi.
      28. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгiндегi, немесе пайдалануындағы жерлерден мемлекеттiк қажеттер үшiн жер учаскесiн құру кезiнде оған жүргiзiлген кадастрлық iске жаңа учаскенi құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн алу туралы атқарушы органның шешiмi не болмаса соттың шешiмi, сондай-ақ жоспар (шекаралардың сызбасы) және iстi қарау кезiнде пайда болған басқа құжаттар кiргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
      29. Мемлекеттiк қажеттер үшiн, не болмаса азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы мәмiлелерде жасалған жер учаскесiн қайта құру жағдайларында жаңа кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн қайта құру процесiне ықпал етушi барлық құжаттар аталмыш учаскеге бұрын жүргiзiлген кадастрлық iске кiргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
      30. Азаматтар мен заңды тұлғалардан күштеп алуға жататын (тәркiлеу) не "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74 және 75-баптарында көзделген негiздер жер учаскесiнiң кадастрлық iсiне соттық-атқарушылық өндiрiстiң құжаттары кiргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 30-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
      31. Егер жер учаскесiнiң бөлiктерiн уақытша пайдалануға немесе кепiлге (ипотека) беруге мәжбүр ету туралы шарттың талаптары бойынша бұл бөлiктi басқа жерден бөлшектеушi шекараны белгiлеу қажет болса (демек жаңа уақытша учаске құру) онда мұндай учаскеге дербес кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Барлық құжаттар меншiк иесiнiң немесе жердi пайдаланушының негiзгi жер учаскесiнiң кадастрлық iсiне кiргiзiледi.
      Егер уақытша жер учаскесiнiң және жер сервитутының болуына негiз жойылса, онда кадастрлық iстегi тиiстi құжаттарда жазу жазылады және олардың жойылғаны туралы белгi қойылады.
      32. Кадастр қағаз бетiне жүргiзiледi және ақпараттарды жинақтаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйесiн пайдалану арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
      33. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесi жұмысының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Жер ресурстарының басқару жөнiндегi агенттігі айқындайтын мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында құрылады.

V. Жерге сандық, сапалық есеп жүргiзудiң және бағалаудың тәртiбi

      34. Жерлердiң сандық және сапалық есебi олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгертулер олар жергiлiктi жерлерде болғаннан кейiн көрсетiледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтапқа кiргiзiледi.
      Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар, облыстар бойынша және бүтiндей алғанда республика бойынша қалыптастырылады. Бұл ретте айрықша күзетiлетiн табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi.
      Барлық санаттағы жерлер есептеуге жатады және ол жердi пайдалану түрлерi бойынша жүргiзiледi.
      Жерлердiң мөлшерi, орны, саны мен сапасы туралы қажеттi мәлiметтер оларды бастапқы есепке алу кезiнде көрсетiледi, ал жерлердiң құрамында олардың сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерiстер жерлердiң ағымдағы есебiн жүргiзу процесiнде анықталады.
      35. Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:
      а) жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылар, өкiлеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (ауыл (село), поселке, аудандық маңызы бар қала) әкiмдерiнiң органы есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитетке белгiленген нысан бойынша меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (ауыл (село), поселке, аудандық маңызы бар қала) әкiмдерiнiң иелiгiндегi жерлердiң құрамында болған өзгерiстер туралы есептер ұсынады;
      б) жер ресурстарын басқару жөнiндегi мемлекеттiк органдар есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша аудандар, облыстық және республикалық маңызы бар қалалар, Қазақстан Республикасының облыстары бойынша жерлердiң саны, сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы оларға мыналарды қосу арқылы есептеме құрастырады;
      ауыл шаруашылығына пайдаланылатын алаңдардың саны мен оларда болған өзгерiстер (оның iшiнде жеке суармалы және құрғатылған жерлер), оларды санаттар, меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар бойынша бөлу туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жер учаскелерiн мемлекет меншiгiне сату туралы, пайдаланылған және жүйесiз пайдаланылған жерлердi алу туралы және мемлекеттiң меншiгiндегi жерлердi ауыл шаруашылығы емес қажеттiлiктер үшiн бөлу туралы мәлiметтердi - жыл сайын;
      ұсынылған жерге ақы алу үшiн қажеттi мәлiметтердi, жерлер мен оларды санаттар, танаптар, меншiк иелерi, жердi пайдаланушылар бойынша бөлу, пайдаланылатын жерлердiң алаңдарында болған өзгерiстер, жердiң сапалық жағдайы, оларды кадастрлық бағалау және аумақтардың игерiлуi туралы мәлiметтердi - 5 жылда бiр рет.
      ЕСКЕРТУ. 35-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен.
      36. Жерлердiң сапасын және құндық бағасын есепке алу:
      мақсаттық тұрғысын ескерiп жер учаскесiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн айқындау;
      жер учаскесiн кепiлге салу арқылы банкiлiк кредит алу кезiнде жердiң бағасын айқындау;
      салық салу;
      жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттер үшiн күштеп алу кезiнде және реквизиция жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен айқындау;
      аукционда сату кезiнде жер учаскесiнiң немесе жердi пайдалану құқығының бастапқы бағасын айқындау мақсатында жүргiзiледi.
      Жердiң сапасы және оның құндық бағасы туралы мәлiмет әрбiр жер учаскесi бойынша мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi.
      Жердi бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жекеменшiкке сатылатын немесе мемлекетке пайдалануға ұсынылатын жер учаскелерiнiң бағалық құнын айқындау тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 36-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
      37. Осы тәртiптiң 35-тармағына сәйкес жасалған бар жерлер, олардың саны, сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептер қаралады және бекiтiледi:
      аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша - тиiстi ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкiмдерiнiң тарапынан және есептi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық комитетке ұсынылады;
      облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша тиiстi облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiнiң тарапынан және есептi жылдың 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне ұсынылады.
      Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының бар жерлері, олардың сапалық жай-күйі және пайдаланылуы (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда, республика бойынша) туралы жиынтық талдамалы есепті алқада қарайды және бұйрықпен бекітеді.
      Оны Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі бекiткеннен кейiн жиынтық талдамалы есептiң көшiрмесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Экономика және сауда министрлiгiне, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Статистика жөнiндегi агенттiгiне жолданады.
      ЕСКЕРТУ. 37-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 37-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 37-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.27. N 574 қаулысымен.

VI. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу

      38. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiнiң және ондағы жылжымайтын мүлiктердiң есебiн алу меншiк құқы мен басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктерге иелiктi мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етушi қажеттi шарт болып табылады.
      39. Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi көрсету мiндеттi болып табылады:
      жер учаскесi иесiнiң немесе пайдаланушының аты-жөнi;
      жер учаскесiнiң көлемi;
      жер учаскесiне меншiктiң нысаны;
      жер учаскесiнiң мақсаттық тұрғысы;
      жер учаскесiн пайдаланудағы шектеу;
      жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;
      жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi;
      жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiк туралы мәлiмет.
      40. Азаматтар мен заңды тұлғалар жылжымайтын мүлiк объектiлерi орналасқан жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлуi үшiн, сондай-ақ жерге құқықты куәландыратын ескi үлгiдегi құжатты жаңасына ауыстыру үшiн өтiнiшпен тиiстi жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитетке хабарласады.
      Жер учаскесiне және жылжымайтын мүлiкке құқықты куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi, жер учаскесiне орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық түгендеу органы немесе сәулет және қала құрылысы органы растаған жоспары өтiнiшпен қоса берiледi.
      41. Жер учаскесiн сәйкестендiру, оны кадастрлық картада көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу бұл учаскенiң нақты шекарасын, шектеулер мен жүктеулердiң болуын айқындаудан, басқа тұлғалар құқығының сипатын, сондай-ақ мақсаттық пайдаланылуын белгiлеуден басталады. Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу және оларды ресiмдеу процедуралары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң нұсқаулық көрсетулерiне сәйкес жүргiзiледi.
      42. Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi бойынша "Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiлердi беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 402 қаулысына сәйкес жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар әзiрленедi және берiледi, сондай-ақ осы Тәртiптiң 18-тармағына сәйкес жер учаскесiне кадастрлық нөмiр беру арқылы мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабына жазба жазылады.
      ЕСКЕРТУ. 42-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
      43. Кадастрлық нөмiрдi құру:
      облыстардың немесе республикалық маңызы бар қалалардың кодымен;
      әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың кодымен;
      есептi кварталдың кодымен;
      жер учаскесiнiң есептi кварталдағы және (немесе әкiмшiлiк аудандағы, облыстық (аудандық) маңызы бар қаладағы реттiк нөмiрiмен айқындалады.
      Елдi мекеннiң, жұмысшы поселкелерi мен селолық елдi мекендердiң, бағбандық және саяжайлық қоғамдардың кварталдары, темiр жол, автомобиль жолдары, бөлу жолақтары бар жер бетiндегi, жерден жоғары және жер асты құбыр желiлерi, суаттар және басқа желiлiк объектiлер есептi кварталдар болып табыла алады.

      Ескерту. Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың кодын, одан кейiнгi үшеуi - әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейiнгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың және (немесе әкiмшiлiк ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың iшiндегi жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.

      44. Есептi кварталдар мен олардың кодтарын сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ техникалық түгендеу органдарымен келiсiм бойынша жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитеттер айқындайды және соңынан құқықтық кадастрде пайдаланылатын тиiстi құзыреттi атқарушы орган бекiтедi.
      Есептi кварталдардың және (немесе әкiмшiлiк аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың iшiндегi жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитеттер бередi.
      45. Егер осы Тәртiпке сәйкес есептi кварталға код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаса, онда аталмыш кварталдың iшiндегi жер учаскесiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiр берiледi. Бұл жағдайды мұндай кварталдың коды кадастрлық нөмiрдiң нақты есептi кварталда шартты бiлдiрiлуiн көрсетуi тиiс "9" санымен басталады. Есептi кварталдың заңды статусын одан кейiнгi анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсету арқылы оған нағыз код берiледi.
      46. Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiреуге бiрiктiру кезiнде ескi нөмiрлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмiр берiледi.
      47. Бүтiн жер учаскесiне меншiктiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
      Жер учаскесiнiң есептiк деректерiне онымен мәмiленi жүзеге асырудың нәтижесiнде жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi тұрақты пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысуы туралы мәлiметтердi енгiзудi оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдары ұсынған материалдардың негiзiнде жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитетi жүргiзедi.
      ЕСКЕРТУ. 47-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен .
      48. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитет жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгендiгi және бұл учаскенiң жер кадастрiнде есепке қойылғандығы туралы мәлiмдеушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Мәлiмдеушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және кадастрлық картада (кестеде) өзгерту көрсетiлген кадастрлық картаның (кестенiң) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi берiледi.
      49. Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қарай кадастрлық карталар (кестелер) бақылау жағдайында құрылады және ұсталады:
      Қазақстан Республикасының кадастрлық картасы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы;
      облыстардың кадастрлық картасы (кестесi) әкiмшiлiк аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы;
      республикалық маңызы бар қалалардың кадастрлық картасы қаланың iшiндегi әкiмшiлiк аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы;
      әкiмшiлiк ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың кадастрлық картасы (кестесi) есептi кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы;
      есептi кварталдың кадастрлық картасы (кестесi) жер учаскелерiнiң шекаралары мен нөмiрлерi көрсетiлуi арқылы.
      50. Кадастрлық картада (кестеде) жер учаскелерiнiң шекаралары жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттарға және картаның (кестенiң) масштабындағы жердi пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi.
      51. Қажет болған кезде кадастрлық карталар (кестелер) бiрнеше бөлiкте дайындалуы мүмкiн.
      52. Кадастрлық карталарды (кестелердi), жүргiзудi және одан кейiнгi жаңартуларды оларды бақылау жағдайында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдарына ұсынатын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң аумақтық органдары жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 52-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.

VII. Кадастрдың ақпаратын пайдалану

      53. Мыналар Кадастрдың ақпаратын пайдаланушылар болып табылады:
      аумақтарды дамытуды жоспарлау, жерлердi аймақтандыру, табиғат ресурстарын орынды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды жасау мәселелерi бойынша, жер ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттiк басқару органдары;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдары мен Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi және оның жергiлiктi жердегi органдары;
      құрылыс салуға жер учаскелерiн таңдау және ұсыну (сату) мәселелерi бойынша - құрылыс және басқа объектiлердiң тапсырыс берушiлерi;
      жобалау-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы мәлiметтер алу мәселелерi бойынша - жобалау, зерттеу, ғылыми-зерттеу ұйымдары;
      мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу, қала құрылысының және басқа да құжаттамаларды әзiрлеу мәселелерi бойынша - сәулет және қала құрылысы органдары;
      табиғат ресурстарын пайдалануға және қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргiзу, табиғат қорғау шараларын әзiрлеу мәселелерi бойынша қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын қорғаудың мемлекеттiк органдары;
      жер салығын есептеу мәселесi бойынша - салық қызметi;
      басқа да заңды және жеке тұлғалар.
      ЕСКЕРТУ. 53-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 53-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800  қаулысымен.

      54. Мемлекеттiк құпиясы жоқ және кiруге басқа да шектеулерi болмаған Кадастрдың ақпараты кез-келген заңды және жеке тұлғаға ұсынылады.
      Пайдаланушылар алған Кадастрдың ақпараты сатуға немесе басқа мәмiлелер жасауға жатпайды, бiрақ өндiрiстiк ақпарат құру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
      55. Кадастрдың ақпаратын пайдалану, қағаз немесе магниттiк тасымалдаушыларда стандартты ресiмделген кадастрлық құжаттармен танысу және (немесе) оны алу нысанында, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы Кадастр мәлiметтерi банкiсiне тiкелей санкцияландырылған рұқсат арқылы жүзеге асырылады.
      56. Кадастрдың ақпаратына ену режимiн бұзу немесе анық емес ақпараттарды ұсыну қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершiлiкке апарады.
      57. Жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалған мәмiлеге құқықтылықты мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы, немесе мемлекеттiк бақылау функцияларын орындаушы немесе басқа да мемлекеттiк кадастрларды жүргiзудi жүзеге асырушы органдардан басқа кадастрдың ақпараттарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі белгiленген тәртiпке сәйкес деректердi iздеу, өңдеу және жауапты ресiмдеу жөнiндегi шығындарды төлейдi.

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
1998 жылғы 16 қыркүйектегi   
N 892 қаулысына         
1-қосымша         

      ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен .

Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру мақсатына арналған облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың
ТIЗБЕСI

___________________________________________________________________
     Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк               |   Код
___________________________________________________________________
     Ақмола                                        01
     Ақтөбе                                        02
     Алматы                                        03
     Атырау                                        04
     Шығыс Қазақстан                               05
     Жамбыл                                        06
     Батыс Қазақстан                               08
     Қарағанды                                     09
     Қызылорда                                     10
     Қостанай                                      12
     Маңғыстау                                     13
     Павлодар                                      14
     Солтүстiк Қазақстан                           15
     Оңтүстiк Қазақстан                            19
     Алматы қаласы                                 20
     Астана қаласы                                 21

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
1998 жылғы 16 қыркүйектегi    
N 892 қаулысына          
2-қосымша          

      ЕСКЕРТУ. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.

Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру мақсатына арналған әкiмшiлiк аудандар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың
ТIЗБЕСI

___________________________________________________________________
     Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк               |   Код
___________________________________________________________________
                    1                        |           2
___________________________________________________________________
                          Ақмола облысы-01
 
     Ақкөл                                        001
     Астрахань                                    002
     Атбасар                                      003
     Сандықтау                                    004
     Аршалы                                       005
     Ерейментау                                   006
     Егiндiкөл                                    007
     Қорғалжын                                    008
     Бұланды                                      009
     Целиноград                                   011
     Шортанды                                     012
     Ақкөл қаласы                                 014
     Атбасар қаласы                               015
     Ерейментау қаласы                            016
     Макинск қаласы                               017
     Степногор қаласы                             018
     Шаңтөбе поселкесi                            019
     Жарқайың                                     275
     Есiл                                         277
     Жақсы                                        278
     Державин қаласы                              283
     Есiл қаласы                                  284
     Красногор поселкесi                          285
     Еңбекшiлдер                                  172
     Зерендi                                      160
     Щучье                                        171
     Көкшетау қаласы                              174
     Заозерный кентi                              173
     Степняк қаласы                               176
     Щучье қаласы                                 177

                          Ақтөбе қаласы-02

     Алға                                         022
     Байғанин                                     023
     Әйтеке би                                    024
     Ырғыз                                        025
     Мұғаджар                                     027
     Қарғалы                                      028
     Мәртөк                                       029
     Темiр                                        031
     Ойыл                                         032
     Қобда                                        033
     Хромтау                                      034
     Шалқар                                       035
     Ақтөбе қаласы                                036
     Алға қаласы                                  037
     Қандыағаш қаласы                             038
     Темiр қаласы                                 039
     Хромтау қаласы                               040
     Шалқар қаласы                                041
     Ембi қаласы                                  042

                          Алматы облысы-03

     Балқаш                                       043
     Еңбекшiқазақ                                 044
     Жамбыл                                       045
     Iле                                          046
     Қарасай                                      047
     Райымбек                                     050
     Талғар                                       051
     Ұйғыр                                        052
     Есiк қаласы                                  054
     Қапшағай қаласы                              055
     Каскелең қаласы                              056
     Талғар қаласы                                057
     Ақсу                                         254
     Алакөл                                       255
     Қаратал                                      259
     Кербұлақ                                     260
     Көксу                                        261
     Панфилов                                     262
     Сарқанд                                      263
     Ескелдi                                      264
     Жаркент қаласы                               266
     Сарқант қаласы                               267
     Талдықорған қаласы                           268
     Текелi қаласы                                269
     Үштөбе қаласы                                270
     Үшарал қаласы                                271

                          Атырау облысы-04

     Жылыой                                       059
     Индер                                        060
     Исатай                                       061
     Қызылқоға                                    062
     Құрманғазы                                   063
     Мақат                                        064
     Махамбет                                     065
     Атырау қаласы                                066

                     Шығыс Қазақстан облысы-05

     Глубокий                                     068
     Зайсан                                       069
     Зырян                                        070
     Катонқарағай                                 071
     Күршiм                                       072
     Лениногор                                    073
     Тарбағатай                                   078
     Ұлан                                         079
     Шемонаиха                                    080
     Зайсан қаласы                                081
     Зырян қаласы                                 082
     Лениногор қаласы                             083
     Серебрянск қаласы                            084
     Өскемен қаласы                               085
     Шемонайха қаласы                             086
     Абай                                         236
     Аягөз                                        239
     Бесқарағай                                   240
     Бородулиха                                   241
     Жарма                                        243
     Көкпектi                                     244
     Үржар                                        248
     Аягөз қаласы                                 251
     Семей қаласы                                 252
     Шар қаласы                                   253

                          Жамбыл облысы-06

     Байзақ                                       087
     Жамбыл                                       088
     Жуалы                                        089
     Қордай                                       090
     Т. Рысқұлов атындағы                         091
     Мерке                                        092
     Мойынқұм                                     093
     Сарысу                                       094
     Талас                                        095
     Шу                                           096
     Тараз қаласы                                 097
     Жаңатас қаласы                               098
     Қаратау қаласы                               099
     Шу қаласы                                    100

                     Батыс Қазақстан облысы-08

     Бөрiлi                                       114
     Жаңақала                                     115
     Жәнiбек                                      116
     Зеленов                                      118
     Қазталовка                                   119
     Қаратөбе                                     120
     Сырым                                        122
     Тасқала                                      124
     Теректi                                      125
     Бөкейордасы                                  126
     Ақжайық                                      127
     Шыңғырлау                                    128
     Ақсай қаласы                                 129
     Орал қаласы                                  130
     Чапаев қаласы                                131

                        Қарағанды облысы-09

     Қарқаралы                                    133
     Абай                                         134
     Нұра                                         136
     Осакаровка                                   137
     Бұхар-Жырау                                  140
     Абай қаласы                                  141
     Қарағанды қаласы                             142
     Қарқаралы қаласы                             143
     Сарань қаласы                                144
     Темiртау қаласы                              145
     Шахтинск қаласы                              146
     Ақтоғай                                      102
     Жаңарқа                                      104
     Ұлытау                                       106
     Шет                                          107
     Балхаш қаласы                                108
     Жезқазған қаласы                             109
     Қаражал қаласы                               110
     Приозерск қаласы                             111
     Сәтпаев қаласы                               112

                        Қызылорда облысы-10

     Арал                                         147
     Жалағаш                                      148
     Жаңақорған                                   149
     Қазалы                                       150
     Қармақшы                                     151
     Сырдария                                     153
     Шиелi                                        154
     Қазалы қаласы                                155
     Қызылорда қаласы                             156

                         Қостанай облысы-12

     Алтынсарин                                   178
     Жетiғара                                     179
     Қамысты                                      180
     Қарасу                                       181
     Қарабалық                                    182
     Қостанай                                     183
     Ұзынкөл                                      184
     Меңдiқара                                    185
     Наурызым                                     186
     Денисов                                      187
     Әулиекөл                                     188
     Таран                                        189
     Сарыкөл                                      190
     Федоров                                      191
     Жетiғара қаласы                              192
     Қостанай қаласы                              193
     Лисаковск қаласы                             194
     Рудный қаласы                                195
     Амангелдi                                    272
     Жангелдi                                     276
     Арқалық қаласы                               282

                        Маңғыстау облысы-13

     Бейнеу                                       196
     Қарақия                                      197
     Маңғыстау                                    198
     Түпқараған                                   199
     Ақтау қаласы                                 200
     Жаңаөзен қаласы                              201
     Форт-Шевченко қаласы                         202

                         Павлодар облысы-14

     Ақтоғай                                      204
     Баянауыл                                     205
     Железинка                                    206
     Ертiс                                        207
     Качир                                        208
     Лебяжi                                       209
     Май                                          210
     Павлодар                                     211
     Успенск                                      212
     Шарбақты                                     213
     Ақсу қаласы                                  215
     Ертiс қаласы                                 216
     Курчатов қаласы                              217
     Павлодар қаласы                              218
     Екiбастұз қаласы                             219

                   Солтүстiк Қазақстан облысы-15

     Қызылжар                                     220
     Мағжан Жұмабаев атындағы                     221
     Жамбыл                                       223
     Есiл                                         224
     Мамлют                                       225
     Сергеев                                      228
     Совет                                        229
     Тимирязев                                    231
     Булаево қаласы                               232
     Мамлютка қаласы                              233
     Петропавл қаласы                             234
     Сергеев қаласы                               235
     Айыртау                                      157
     Уәлиханов                                    162
     Тайынша                                      164
     Целина                                       165
     Ақжар                                        167
     Тайынша қаласы                               175

                    Оңтүстiк Қазақстан облысы-19

     Байдыбек                                     286
     Арыс                                         287
     Мақтаарал                                    288
     Қазығұрт                                     289
     Ордабасы                                     293
     Отырар                                       294
     Сайрам                                       295
     Сарыағаш                                     296
     Созақ                                        297
     Төлеби                                       298
     Түлкiбас                                     300
     Шардара                                      301
     Арыс қаласы                                  302
     Жетiсай қаласы                               303
     Кентау қаласы                                304
     Ленгiр қаласы                                305
     Сарыағаш қаласы                              306
     Түркiстан қаласы                             307
     Шардара қаласы                               308
     Шымкент қаласы                               309

                          Алматы қаласы-20

     Алмалы                                       311
     Әуезов                                       312
     Бостандық                                    313
     Жетiсу                                       314
     Медеу                                        315
     Түрксiб                                      317

                          Астана қаласы-21

     "Алматы"                                     318
     "Сарыарқа"                                   319

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады