Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 мамыр N 579. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi)  521-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң және салық салу объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 327-құжат); 
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 23 шiлдедегi N 992  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 344-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң         
2002 жылғы 28 мамырдағы  
N 579 қаулысымен     
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды. 
      2. Салық кодексiнiң  520-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмi) - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақытылы төленуiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзетiн салық төлеушiлердi есепке алудың мемлекеттiк дерекқор жүйесi. 

  2. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және оның құрылымы 

      3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмi: 
      1) Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерi ретiнде мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - мемлекеттiк тiркеу) кезiнде; 
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар салық төлеушiлердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде салық органдарынан; 
      3) осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарынан уәкiлеттi мемлекеттiк орган алған мәлiметтер негiзiнде қалыптасады. 
      4. Осы Ереженiң 3-тармағындағы 3)тармақшада көзделген мәлiметтердi алу уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарымен жасасатын ақпаратты беру туралы бiрлескен бұйрықтар (бұдан әрi - Бұйрықтар) негiзiнде жүзеге асырылады. 
      5. Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарының мәлiметтердi беру тәртiбi мен мерзiмдерi, олардың көлемi және сипаты Бұйрықтарда айқындалады. 
      6. Осы Ережемен белгiленген жағдайда, сондай-ақ қажет болған жағдайда Бұйрықтар салық құпиясына қатысты Қазақстан Республикасының салық  заңнамасында  белгiленген талаптарды сақтау шартымен салық төлеушi туралы өзге де ақпараттармен өзара алмасуды көздеуi мүмкiн. 
      7. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмi мемлекеттiк тiркеу кезiнде қалыптасатын мынадай бөлiмдерден тұрады: 
      1) заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент еместер; 
      2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар; 
      3) тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар; 
      4) Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместер. 

  3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу  

      8. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу электронды тәсiлмен жүзеге асырылады. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу деп уәкiлеттi мемлекеттiк органның мынадай рәсiмдердi жүзеге асыруы түсiнiледi: 
      1) Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне салық төлеушi туралы мәлiметтердi енгiзу; 
      2) осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген салық төлеушi туралы мәлiметтер (бұдан әрi - салық төлеушi туралы мәлiметтер) өзгерген кезде Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жаңарту; 
      3) Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шартты түрде шығарып тастау; 
      4) Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде салық төлеушiнi қалпына келтiру; 
      5) Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шығарып тастау (Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушi туралы барлық мәлiметтердi шығарып тастау); 
      6) осы Ережеге сәйкес салық төлеушi туралы мәлiметтердi сақтау. 
      9. Салық төлеушi туралы мәлiметтердi Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк тiркеу кезiнде жүзеге асырылады. 
      10. Салық төлеушi туралы мәлiметтердi жаңарту: 
      1) өзгерген күннен бастап 5 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде салық органдары салық төлеушiлердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде; 
      2) Бұйрықтарда белгiленген тәртiппен және мерзiмде тiркеушi органдар жүзеге асыратын салық төлеушiнiң тiркеу деректерiнiң өзгерiстерiн тiркеген кезде олар өзгерген жағдайда жүзеге асырылады. 
      11. Салық төлеушi туралы мәлiметтер өзгерген кезде бұрынғы мәлiметтер Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шығарып тастағанға дейiн сақталады. 
      12. Салық берешегi жоқ салық төлеушi - заңды тұлғаны Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау заңда белгiленген беру мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң ол корпорациялық табыс салығы туралы (жылдық жиынтық кiрiс және жүргiзiлген шегерiмдер туралы) декларацияны немесе оңайлатылған декларацияны бермеген жағдайда жүзеге асырылады. 
      13. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шартты түрде шығарып тастау кезiнде оның тiркеу нөмiрiн жабу және оны шартты түрде шығарып тастау туралы белгiнi салық төлеушi туралы мәлiметке енгiзу жүргiзiледi. 
      14. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарылған салық төлеушi - заңды тұлғаны (бұдан әрi - шартты түрде шығарылған заңды тұлға) қалпына келтiру Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен ол шартты түрде шығарылған себептердi жойған жағдайда жүзеге асырылады. 
      15. Салық төлеушiнi Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау Бұйрықтардың негiзiнде Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдары берген мынадай мәлiметтер алынған күннен бастап 2 жұмыс күнiнiң iшiнде Салық кодексiнiң 525-бабында көзделген негiздемелер бар болғанда жүзеге асырылады: 
      1) салық төлеушi - заңды тұлғаны, оның iшiнде заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарылған заңды тұлғаны шығарып тастау туралы; 
      2) жеке тұлғаның қайтыс болғаны туралы немесе жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы. 
      Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шығарып тастау кезiнде ол туралы мәлiметтер салық құпиясына қатысты салық заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, шығарылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады. Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн салық төлеушiлер туралы мәлiметтер уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жойылады. 
      16. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу бойынша операцияларды жүзеге асыру үшiн Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган тағайындаған лауазымды тұлғаларға рұқсат берiледi. 
      17. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен қызметтiк мақсаттарға пайдалану үшiн ақпаратты салық құпиясына қатысты салық заңнамасының талаптарын сақтай отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және жағдайларда көшiруге жол берiледi. 
      18. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiндегi ақпараттың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган оның электронды қорғалуына әр түрлi құралдар, оның iшiнде кодтау (шифрлау) қолдануға құқылы. 

  4. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру  

      19. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және енгiзу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. 

                                       Қазақстан Республикасы
                                   салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк
                                       тiзiлiмiн қалыптастыру
                                       және жүргiзу ережесiне
                                              қосымша

Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн салық төлеушiлер туралы мәлiметтер беретiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
      3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi;
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі;
      6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;
      7. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi;
      8. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi;
      9. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi;
      10. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi.

Об утверждении Правил формирования и ведения Государственного реестра налогоплательщиков Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2002 года N 579. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года N 1332.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1332 (вводится в действие с 01.01.2009).

      В соответствии со статьей 521 Кодекса Республики Казахстан от 12 июня 2001 года K010209_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и ведения Государственного реестра налогоплательщиков Республики Казахстан.
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2000 года N 991 P000991_ "О создании государственного реестра налогоплательщиков и объектов налогообложения Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 27, ст. 327);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2001 года N 992 P010992_ "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2000 года N 991" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 27, ст. 344).
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
        Премьер-Министр
      Республики Казахстан
Утверждены
постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2002 года N 579
 
 
               Правила формирования и ведения Государственного
               реестра налогоплательщиков Республики Казахстан
 
                             1. Общие положения
 
      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан K010209_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяют порядок формирования и ведения Государственного реестра налогоплательщиков Республики Казахстан.
      2. В соответствии со статьей 520 Налогового кодекса Государственный реестр налогоплательщиков Республики Казахстан (далее - Государственный реестр налогоплательщиков) - система государственной базы данных учета налогоплательщиков, которую ведет уполномоченный государственный орган с целью осуществления контроля над правильностью исчисления и своевременностью уплаты налогов и других обязательных платежей в бюджет.
 
                  2. Формирование Государственного реестра
                     налогоплательщиков и его структура
 
      3. Государственный реестр налогоплательщиков формируется на основании сведений, полученных уполномоченным государственным органом:
      1) при государственной регистрации в качестве налогоплательщиков Республики Казахстан (далее - государственная регистрация);
      2) от налоговых органов при осуществлении ими регистрационного учета налогоплательщиков в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      3) от иных центральных исполнительных органов Республики Казахстан в соответствии с настоящими Правилами.
      4. Получение сведений, предусмотренных подпунктом 3) пункта 3 настоящих Правил, осуществляется на основании совместных приказов о предоставлении информации (далее - Приказы), заключаемых уполномоченным государственным органом с иными центральными исполнительными органами Республики Казахстан согласно приложению к настоящим Правилам.
      5. Порядок и сроки предоставления иными центральными исполнительными органами Республики Казахстан сведений, их объем и характер определяются в Приказах.
      6. В случаях, установленных настоящими Правилами, а также в случае необходимости Приказы могут предусматривать взаимный обмен иной информацией о налогоплательщике при условии соблюдения требований, установленных налоговым законодательством Республики Казахстан в отношении налоговой тайны. (Прим. РЦПИ: см. K010209_ ст. 518).
      7. Государственный реестр налогоплательщиков состоит из следующих разделов, формируемых при государственной регистрации:
      1) юридические лица, их структурные подразделения, в том числе нерезиденты, осуществляющие деятельность в Республике Казахстан;
      2) физические лица-резиденты, являющиеся плательщиками налогов и других обязательных платежей в бюджет;
      3) физические лица-нерезиденты, осуществляющие индивидуальную предпринимательскую деятельность через постоянное учреждение;
      4) нерезиденты, владеющие в Республике Казахстан объектами налогообложения.
 
            3. Ведение Государственного реестра налогоплательщиков
 
      8. Ведение Государственного реестра налогоплательщиков осуществляется электронным способом. Под ведением Государственного реестра налогоплательщиков понимается осуществление уполномоченным государственным органом следующих процедур:
      1) внесение сведений о налогоплательщике в Государственный реестр налогоплательщиков;
      2) обновление Государственного реестра налогоплательщиков при изменении сведений о налогоплательщике, указанных в пункте 3 настоящих Правил (далее - сведения о налогоплательщике);
      3) условное исключение налогоплательщика из Государственного реестра налогоплательщиков;
      4) восстановление налогоплательщика в Государственный реестр налогоплательщиков;
      5) исключение налогоплательщика из Государственного реестра налогоплательщиков (исключение всех сведений о налогоплательщике из Государственного реестра налогоплательщиков);
      6) хранение сведений о налогоплательщике в соответствии с настоящими Правилами.
      9. Внесение сведений о налогоплательщике в Государственный реестр налогоплательщиков осуществляется при государственной регистрации, осуществляемой в соответствии с законодательством Республики Казахстан. (Прим. РЦПИ: см. V021826_ ).
      10. Обновление сведений о налогоплательщике осуществляется в случае их изменения при:
      1) осуществлении налоговыми органами регистрационного учета налогоплательщиков в срок не более 5 рабочих дней со дня изменения;
      2) регистрации изменений регистрационных данных налогоплательщика, осуществляемой регистрирующими органами в порядке и сроки, установленные Приказами.
      11. При изменении сведений о налогоплательщике предыдущие сведения сохраняются до исключения налогоплательщика из Государственного реестра налогоплательщиков.
      12. Условное исключение налогоплательщика - юридического лица, не имеющего налоговую задолженность, из Государственного реестра налогоплательщиков осуществляется в случае непредставления им декларации о корпоративном подоходном налоге (о совокупном годовом доходе и произведенных вычетах) или упрощенной декларации по истечении одного года после установленного законом срока представления.
      13. При условном исключении налогоплательщика из Государственного реестра налогоплательщиков производится блокирование его регистрационного номера и внесение в сведения о налогоплательщике отметки о его условном исключении.
      14. Восстановление налогоплательщика - юридического лица, условно исключенного из Государственного реестра налогоплательщиков (далее - условно исключенное юридическое лицо), осуществляется в случае устранения им причины, по которой оно условно исключено из Государственного реестра налогоплательщиков.
      15. Исключение налогоплательщика из Государственного реестра налогоплательщиков осуществляется при наличии оснований, предусмотренных статьей 525 Налогового кодекса в течение 2 рабочих дней со дня получения следующих сведений, представленных иными центральными исполнительными органами Республики Казахстан на основании Приказов:
      1) об исключении налогоплательщика - юридического лица, в том числе условно исключенного юридического лица, из государственного регистра юридических лиц;
      2) о смерти физического лица или об объявлении физического лица умершим.
      При исключении налогоплательщика из Государственного реестра налогоплательщиков сведения о нем сохраняются в течение 5 лет со дня исключения с соблюдением требований, установленных налоговым законодательством в отношении налоговой тайны. По истечении указанного срока сведения о налогоплательщике уничтожаются в порядке, установленном уполномоченным государственным органом.
      16. Доступ к Государственному реестру налогоплательщиков для осуществления операций по ведению Государственного реестра налогоплательщиков предоставляется должностным лицам, назначенным уполномоченным государственным органом.
      17. Копирование информации из Государственного реестра налогоплательщиков для использования ее в служебных целях допускается в порядке и случаях, установленных уполномоченным органом, с соблюдением требований налогового законодательства в отношении налоговой тайны.
      18. Для обеспечения сохранности и секретности информации, содержащейся в Государственном реестре налогоплательщиков, уполномоченный орган вправе применять различные средства ее электронной защиты, в том числе кодировку (шифрование).
 
              4. Финансирование работ по формированию и ведению
                 Государственного реестра налогоплательщиков
 
      19. Финансирование работ по формированию и ведению Государственного реестра налогоплательщиков осуществляется за счет средств республиканского бюджета.
Приложение
к Правилам формирования и ведения Государственного реестра налогоплательщиков Республики Казахстан
 
Перечень
 
 
              центральных исполнительных органов Республики Казахстан, предоставляющих сведения о налогоплательщиках, для внесения в Государственный реестр налогоплательщиков Республики Казахстан 1. Министерство юстиции Республики Казахстан. 2. Министерство внутренних дел Республики Казахстан. 3. Министерство природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан. 4. Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан. 5. Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан. 6. Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан. 7. Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан. 8. Агентство Республики Казахстан по статистике. 9. Агентство Республики Казахстан по миграции и демографии. 10. Агентство Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами. (Специалисты: Склярова И.В., Абрамова Т.М.)