Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 521-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң және салық салу объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991
қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 327-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 23 шiлдедегi N 992
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 344-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 28 мамырдағы
N 579 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу ережесi
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Салық кодексiнiң
520-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмi) - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақытылы төленуiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзетiн салық төлеушiлердi есепке алудың мемлекеттiк дерекқор жүйесi.
2. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және оның құрылымы
3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмi:
1) Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерi ретiнде мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - мемлекеттiк тiркеу) кезiнде;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар салық төлеушiлердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде салық органдарынан;
3) осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарынан уәкiлеттi мемлекеттiк орган алған мәлiметтер негiзiнде қалыптасады.
4. Осы Ереженiң 3-тармағындағы 3)тармақшада көзделген мәлiметтердi алу уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарымен жасасатын ақпаратты беру туралы бiрлескен бұйрықтар (бұдан әрi - Бұйрықтар) негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарының мәлiметтердi беру тәртiбi мен мерзiмдерi, олардың көлемi және сипаты Бұйрықтарда айқындалады.
6. Осы Ережемен белгiленген жағдайда, сондай-ақ қажет болған жағдайда Бұйрықтар салық құпиясына қатысты Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында
белгiленген талаптарды сақтау шартымен салық төлеушi туралы өзге де ақпараттармен өзара алмасуды көздеуi мүмкiн.
7. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмi мемлекеттiк тiркеу кезiнде қалыптасатын мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент еместер;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар;
3) тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместер.
3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу
8. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу электронды тәсiлмен жүзеге асырылады. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу деп уәкiлеттi мемлекеттiк органның мынадай рәсiмдердi жүзеге асыруы түсiнiледi:
1) Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне салық төлеушi туралы мәлiметтердi енгiзу;
2) осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген салық төлеушi туралы мәлiметтер (бұдан әрi - салық төлеушi туралы мәлiметтер) өзгерген кезде Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жаңарту;
3) Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шартты түрде шығарып тастау;
4) Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде салық төлеушiнi қалпына келтiру;
5) Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шығарып тастау (Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушi туралы барлық мәлiметтердi шығарып тастау);
6) осы Ережеге сәйкес салық төлеушi туралы мәлiметтердi сақтау.
9. Салық төлеушi туралы мәлiметтердi Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк тiркеу кезiнде жүзеге асырылады.
10. Салық төлеушi туралы мәлiметтердi жаңарту:
1) өзгерген күннен бастап 5 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде салық органдары салық төлеушiлердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде;
2) Бұйрықтарда белгiленген тәртiппен және мерзiмде тiркеушi органдар жүзеге асыратын салық төлеушiнiң тiркеу деректерiнiң өзгерiстерiн тiркеген кезде олар өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
11. Салық төлеушi туралы мәлiметтер өзгерген кезде бұрынғы мәлiметтер Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шығарып тастағанға дейiн сақталады.
12. Салық берешегi жоқ салық төлеушi - заңды тұлғаны Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау
заңда
белгiленген беру мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң ол корпорациялық табыс салығы туралы (жылдық жиынтық кiрiс және жүргiзiлген шегерiмдер туралы) декларацияны немесе оңайлатылған декларацияны бермеген жағдайда жүзеге асырылады.
13. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шартты түрде шығарып тастау кезiнде оның тiркеу нөмiрiн жабу және оны шартты түрде шығарып тастау туралы белгiнi салық төлеушi туралы мәлiметке енгiзу жүргiзiледi.
14. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарылған салық төлеушi - заңды тұлғаны (бұдан әрi - шартты түрде шығарылған заңды тұлға) қалпына келтiру Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен ол шартты түрде шығарылған себептердi жойған жағдайда жүзеге асырылады.
15. Салық төлеушiнi Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау Бұйрықтардың негiзiнде Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдары берген мынадай мәлiметтер алынған күннен бастап 2 жұмыс күнiнiң iшiнде Салық кодексiнiң
525-бабында
көзделген негiздемелер бар болғанда жүзеге асырылады:
1) салық төлеушi - заңды тұлғаны, оның iшiнде заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарылған заңды тұлғаны шығарып тастау туралы;
2) жеке тұлғаның қайтыс болғаны туралы немесе жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен салық төлеушiнi шығарып тастау кезiнде ол туралы мәлiметтер салық құпиясына қатысты салық заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, шығарылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады. Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн салық төлеушiлер туралы мәлiметтер уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жойылады.
16. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу бойынша операцияларды жүзеге асыру үшiн Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган тағайындаған лауазымды тұлғаларға рұқсат берiледi.
17. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен қызметтiк мақсаттарға пайдалану үшiн ақпаратты салық құпиясына қатысты салық заңнамасының талаптарын сақтай отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және жағдайларда көшiруге жол берiледi.
18. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiндегi ақпараттың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган оның электронды қорғалуына әр түрлi құралдар, оның iшiнде кодтау (шифрлау) қолдануға құқылы.
4. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру
19. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және енгiзу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк
тiзiлiмiн қалыптастыру
және жүргiзу ережесiне
қосымша
Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн салық төлеушiлер туралы мәлiметтер беретiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi;
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі;
6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;
7. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi;
8. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi;
9. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi;
10. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi.