Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 мамыр N 595. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ туристік саланы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 P000136_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:
      8-тармақтың 2) тармақшасындағы "рұқсаты" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "2-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіпке сәйкес шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша өтініштері".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года N 136

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2002 года N 595. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.01.2012 № 148 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В целях создания благоприятных условий по улучшению инвестиционного климата, а также развития туристской отрасли в Республике Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года N 136 P000136_ "Отдельные вопросы правового регулирования пребывания иностранных граждан в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 4, ст. 55) следующее дополнение:
      в Правилах въезда и пребывания иностранных граждан в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 8 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      "2-1) оформленные в установленном законодательством порядке письменные обращения юридических или физических лиц для приглашения в Республику Казахстан иностранных граждан в соответствии с порядком, определяемым Министерством иностранных дел Республики Казахстан по согласованию с Министерством внутренних дел Республики Казахстан и Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
         Премьер-Министр
      Республики Казахстан
 

(Специалисты: Склярова И.В.,

              Мартина Н.А.)