Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Түркістан қаласында орналасқан "Түркістан" қонақ үйі ғимаратын республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің ұсынысы қабыл алынсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны 1-тармағында көрсетілген
қонақ үй ғимаратын қабылдап алу жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын
жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.