"Түркістан" қонақ үйі ғимаратын Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 маусым N 680

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Түркістан қаласында орналасқан "Түркістан" қонақ үйі ғимаратын республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің ұсынысы қабыл алынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының

 

заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны 1-тармағында көрсетілген

қонақ үй ғимаратын қабылдап алу жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын

жүзеге асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады