"Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 P020811_ Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 ақпандағы N 248 P020248_ қаулысының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған ЭНИ С.п.А., Аджип Қарашығанақ Б.В., БГ Групп п.л.к., Қарашығанақ Лимитед, Тексако Инк., Тексако Интернейшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi,
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы арасында
жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Өзара кепілдiктер туралы келiсiмді
Өзгерту туралы келiсiмнің жобасы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 21 маусымдағы
N 686 қаулысымен
мақұлданған
1997 жылғы 18 қарашада жасалған
ӨЗАРА КЕПIЛДIКТЕР ТУРАЛЫ КЕЛIСIМДI
ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
Осы ӨЗАРА КЕПIЛДIКТЕР ТУРАЛЫ КЕЛIСIМДI ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ 2002
жылғы _______ _________________ мыналардың арасында жасалды:
1. Италияда тiркелген ЭНИ С.п.А. (ENI S.р.А.) компаниясы ("Аджип бас
компаниясы");
2. Нидерландыда тiркелген Аджип Қарашығанақ Б.В. (Agip Karachaganak
В.V.) компаниясы ("Аджип");
3. Құрама Корольдiкте тiркелген БГ Групп п.л.к. (BG Group р.l.с.)
компаниясы ("БГ бас компаниясы");
4. Құрама Корольдікте тiркелген БГ Қарашығанақ Лимитед (ВG
Karachaganak Limited) компаниясы ("Бритиш Газ");
5. АҚШ, Делавэр штатында тiркелген Тексако Инк. (Texaco Іnс.)
компаниясы ("Тексако бас компаниясы");
6. АҚШ, Делавэр штатында тiркелген Тексако Интернейшнл Петролеум Компани (Texaco International Petroleum Company) компаниясы ("Тексако");
7. Ресей Федерациясында тiркелген "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы компаниясы ("ЛУКОЙЛ" бас компаниясы");
8. Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан әрекет етушi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi ("Республика");
9. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы ("ҚазМұнайГаз").
Жоғарыда санамаланған тараптардың әрқайсысы бұдан әрi жеке өз алдына "Тарап" және бiрлесiп "Тараптар" деп аталады.
Былай:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 U020811_ Жарлығына сәйкес "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" ("Қазақойл" ҰМК) және "Мұнай және Газ көлігі" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамдарының қосылуы жолымен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы құрылды және олардың құқықтық мұрагері болып табылады;
"Қазақойл" ҰМК ЭНИ С.п.А, Аджип Қарашығанақ Б.В., БГ Групп п.л.к., БГ Интернейшнл Лимитед, Тексако Инк., Тексако Интернейшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясы" ашық акционерлік қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет етуші Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі арасында 1997 жылғы 18 қарашада жасалған Өзара кепілдіктер туралы келісімнің ("ӨКК") тарабы болып табылады;
Аджип Қарашығанақ Б.В., Б.Г. Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед, Тексако Интернейшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясы" ашық акционерлік қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің (ӨБК) 1.1-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Уәкілетті органды белгілеуге құқылы және ӨБК-нің 23.7-бөліміне сәйкес ӨБК мен ӨБК-ге сәйкес ілеспе құжаттар бойынша цессионарий міндеттемелеріне кепілдік беретін болады;
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы N 248 қаулысына сәйкес ӨБК бойынша өкілетті органның функциясын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі тапсырды, ал ҚазМұнайГаз қабылдады;
ӨБК-нің 23.2 (а) бөліміне сәйкес БГ Интернейшнл Лимитед ӨБК мен ілеспе құжаттар бойынша өзінің құқықтары мен міндеттемелерін өзінің аффилиирленген тұлғасы - БГ Қарашығанақ Лимитедке толығымен берді, ал БГ Қарашығанақ Лимитед БГ Интернейшнл Лимитед компаниясының ӨБК мен ілеспе құжаттар бойынша құқықтары мен міндеттемелерін толық қабылдады.
СОНДЫҚТАН Тараптар мыналар туралы уағдаласады:
1. ӨКК-нiң кiрiспе бөлiгiнде көрсетiлген Тараптардың құрамы былайша
жазылатын болады:
1) Италияда тiркелген ЭНИ С.п.А. (ENI S.р.А.) компаниясы ("Аджип бас
компаниясы");
2) Нидерландыда тiркелген Аджип Қарашығанақ Б.В. (Agip Karachaganak
В. V.) компаниясы ("Аджип");
3) Құрама Корольдiкте тiркелген БГ Групп п.л.к. (BG Group р.l.с.)
компаниясы ("БГ бас компаниясы");
4) Құрама Корольдікте тiркелген БГ Қарашығанақ Лимитед (ВG
Karachaganak Limited) компаниясы ("Бритиш Газ");
5) АҚШ, Делавэр штатында тiркелген Тексако Инк. (Texaco Іnс.)
компаниясы ("Тексако бас компаниясы");
6) АҚШ, Делавэр штатында тiркелген Тексако Интернейшнл Петролеум Компани (Texaco International Petroleum Company) компаниясы ("Тексако");
7) Ресей Федерациясында тiркелген "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы компаниясы ("ЛУКОЙЛ" бас компаниясы");
8) Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан әрекет етушi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi ("Республика") және;
9) "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы ("ҚазМұнайГаз").
2. ӨКК-нiң мәтiнi бойынша "Қазақойл" деген сөз "ҚазМұнайГаз" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. Барлық Тарап мыналарды мойындайды және келiседi (және бұл ӨКК-ге қол қойған күнiнен бастап кез келген мақсаттарда жарамды):
(А) ҚазМұнайГаз ӨКК бойынша "Қазақойл" ҰМК-нің нақты бар, сондай-ақ шартты түрде болатын, сонымен қатар келешекте туындайтын барлық үлестерін, мiндеттерін, борыштары мен міндеттемелерiн өзiне қабылдады;
(Б) Республика ӨБК-нiң 23.7-бөлiмiне сәйкес ҚазМұнайГаздың мiндеттемелерiн орындауға кепiлдiк бередi;
(В) БГ Қарашығанақ Лимитед ӨКК бойынша БГ Интернейшнл Лимитедтiң нақты бар, сондай-ақ шартты түрде болатын, сонымен қатар келешекте туындайтын барлық үлестерiн, мiндеттерiн, борыштары мен міндеттемелерiн өзiне қабылдады, соған байланысты БГ Қарашығанақ Лимитед ӨКК-де "Бритиш Газ" деп аталады;
(Г) осы Келiсiмнiң жоғарыда көрсетiлген (В) тармағына байланысты БГ бас компаниясы БГ Қарашығанақ Лимитед ("Бритиш Газ") үшін - Бас компания - Кепiлгер болды.
4. Жоғарыда санамаланған 2 және 3-тармақтарда айтылған мiндеттемелердi өзiне қабылдауына және ауыстыруға байланысты Тараптар "Қазақойл" ҰМК-ның, БГ Қарашығанақ Лимитедтің ӨКК бойынша оларға жүктелген нақты бар, сондай-ақ шартты түрде болатын, сонымен қатар келешекте туындайтын кез келген және барлық борыштарды төлеуден мiндеттемелер мен мiндеттердi орындаудан босатылғанын мойындайды және келiседi және бұл ӨКК-ге қол қойған күнінен бастап кез келген мақсаттарда жарамды.
5. Осы ӨКК-нi Өзгерту туралы келiсiм бойынша туындайтын кез келген және барлық даулар ӨКК-нің 7-бөлiмiне сәйкес шешiлетiн болады.
6. Осы ӨКК-нi Өзгерту туралы келiсiмге Тараптардың саны бойынша даналарда қол қойылды және бiрге алынған барлық осындай даналар сол бiр құжат ретiнде қаралуы тиiс. Осы Келiсiмнiң орыс және ағылшын тiлiндегi даналарына қол қойылады және олардың екеуiнiң күшi бiрдей. Осы Келiсiм Тараптар үшiн мiндеттi болып табылады және мұнай-газ өнеркәсiбiнiң халықаралық практикасына сәйкес тәртiппен тек сол айтылғанмен түсiндiрiледi, алайда жоғарыда айтылғанға қарамастан, осы Келiсiм Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
7. Осы Келiсiмнiң бас әрiппен жазылған барлық терминдерi, басқаша
айтылғандарды қоспағанда, ӨКК-де белгiленген терминдер болып табылады.
8. Осы ӨКК-нi Өзгерту туралы келiсiм оған барлық Тараптар қол қойған
күнiнен бастап күшiне енедi.
ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ РАСТАУ ҮШIН осы Келiсiмге Тараптардың
уәкiлеттi өкiлдерi тиiстi түрде қол қойды.
ЭНИ С.п.А.
___________________
Аты:
Лауазымы:
Күні:
АДЖИП ҚАРАШЫҒАНАҚ Б.В.
___________________
Аты:
Лауазымы:
Күні:
БГ ГРУПП П.Л.К.
___________________
Аты:
Лауазымы:
Күні:
БГ ҚАРАШЫҒАНАҚ ЛИМИТЕД
___________________
Аты:
Лауазымы:
Күні:
ТЕКСАКО ИНК.
___________________
Аты:
Лауазымы:
Күні:
ТЕКСАКО ИНТЕРНЕЙШНЛ ПЕТРОЛЕУМ КОМПАНИ
___________________
Аты:
Лауазымы:
Күні:
"ЛУКОЙЛ" МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫ"
АШЫҚ АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМЫ
___________________
Аты:
Лауазымы:
Күні:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АТЫНАН ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКIМЕТIНIҢ
АТЫНАН ӘРЕКЕТ ЕТУШI
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ
РЕСУРСТАР МИНИСТРЛIГI
___________________
Аты:
Лауазымы:
Күні:
"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ"
ЖАБЫҚ АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМЫ
___________________
Аты:
Лауазымы:
Күні:
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қобдалиева Н.М.