"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Украинадан Тәжiкстан Республикасына 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 147 келiсiм-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатура мен мөлшерде "Химзауыт" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы (Исфара қаласы, Тәжiкстан Республикасы) үшiн "Заря" Рубежное қазыналық химия зауыты (Рубежное қаласы, Украина) жеткiзетiн тринитротолуолдың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнің Кеденкомитетi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi тринитротолуолдың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн заңнамада белгiленген тартiппен бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 5 шiлдедегi
N 728 қаулысына
қосымша
"Химзауыт" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы (Исфара қаласы,
Тәжiкстан Республикасы) үшiн "Заря" Рубежное қазыналық химия
зауыты (Рубежное қаласы, Украина) жеткiзетiн тауарлардың
мөлшерi
Р/с |
Тауардың атауы |
СЭҚ ТН коды |
Өлшем бір- |
Саны |
Бірлік үшін АҚШ долларымен бағасы |
АҚШ доллар-ымен құны |
Тран- |
1. |
Тринитротолуол |
290420100 |
тонна |
250 |
670 |
167500 |
ІІ |
2. |
Тринитротолуол |
290420100 |
тонна |
250 |
670 |
167500 |
ІІІ |
3. |
Тринитротолуол |
290420100 |
тонна |
500 |
670 |
335000 |
IV |
Жиыны: |
тонна |
1000 |
670 |
670000 |
Жөнелту бекетi: Рубежная станциясы, Дон темiр жолы (Украина).
Жеткiзу бекетi: Исфара станциясы, Тәжiк темiр жолы (Тәжiкстан Республикасы).
Шекаралық өтпелi бекеттер: Озинки станциясы - Шеңгелдi станциясы.